59. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына сәйкес талап етілетін, веб-порталды пайдалана отырып, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорға өтініш беру арқылы, не электрондық нысанды толтыру көмегімен алынатын жекелеген құжаттарды беруіне жол беріледі.
60. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға, осы Қағидалардың 58-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, оларды электрондық құжат нысанында берудің соңғы мерзімі өткенге дейін береді.
61. Конкурсқа қатысуға берілген өтінім конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушінің тиісті хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жіберу сәтінде қабылданған болып есептеледі.
62. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім беруге құқылы.
63. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай жағдайларда веб-порталдан автоматты түрде жойылады:
1) әлеуетті өнім беруші бұдан бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген болса;
2) конкурсқа қатысуға берілген өтінім осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен болса;
3) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) 3-1) 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдың автоматты түрде бас тартуына жатады.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік отыз бес күн болуы тиіс.
64. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурсқа қатысу өтінімдері веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
65. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өзі енгізген конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпастан, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
66. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдi қамтамасыз ету
67. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші Заңның 23-1-бабына сәйкес енгізеді.
Конкурста бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лот бойынша жеке-жеке ұсынуға құқылы.
68. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банк кепілдігі түрінде қағаз тасуышта енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың соңғы мерзіміне дейін конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес беріледі.
69. Егер әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар, бірыңғай ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдендірілген ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілдендірілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде беріледі. Бұл ретте, кепілдендірілген ақшалай жарна конкурстық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы күні мен мерзіміне дейін енгізілуі тиіс.
70. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуды қамтамасыз етуді енгізген жағдайда осы Қағидалардың 68-тармағына сәйкес ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға осындай қамтамасыз етуді алған фактіні банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.
Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы мен өткізілетін мерзімі;
2) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты-жөні;
3) банктік кепілдікті тіркеу күні мен уақыты.
Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және конкурстық комиссияның хатшысы әрбір бетіне бұрыштама қояды. Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
Бір қаржы жылы ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен барлық мемлекеттік сатып алу бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу
71. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды хатшы веб-портал арқылы жүргізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуға қолжетімділікті веб-портал конкурстық құжаттамада ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы көрсеткен өтінімдерді берудің соңғы күні мен уақыты басталғаннан конкурстық комиссия хатшысына автоматты түрде береді.
72. Конкурсқа қатысуға өтінімдер осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады. Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) берілген болса, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.
73. Конкурсқа қатысу өтінімдерді ашу хаттамасын хатшы веб-порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ашылған күні жариялайды. Бұл ретте конурсқа қатысуға өтінім берген конкурстық комиссия мүшелеріне, әлеуетті өнім берушілерге веб-портал хабарламаларды автоматты түрде жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердi қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
74. Конкурстық комиссия, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында, веб-порталды пайдалана отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
75. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы, оларды тартқан жағдайда, сараптау комиссиясына не сарапшыға әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың техникалық ерекшеліктерін олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұсынады, орнатылған тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған техникалық ерекшелік орнына конкурстық құжаттама бар мемлекеттік сатып алуды өткізуді есептемегенде.
76. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы, оларды тартқан жағдайда, сараптау комиссиясына не сарапшыға әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, қызметтердің техникалық ерекшеліктерін үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) анықтау мақсатында ұсынады.
77. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастыру нәтижелері бойынша мынадай:
1) осы Қағидалардың 78-тармағында көрсетілген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамалары ресімделеді.
78. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда ресімделеді.
79. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
2) конкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру үшін веб-порталдың көмегімен әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруі және ұсынуы қажет құжаттардың тізбесі.
80. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.
81. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
82. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Конкурстық комиссияның тиісті конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
83. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда ресімделмейді.
84. Осы Қағидалардың 58-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, конкурстық комиссияның хатшысы веб-порталдың көмегімен біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастама жасайды.
85. Конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың тізбесінде көзделген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірудің толықтығы мәніне қайта қарайды;
2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
3) конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарастыруды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
4) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратып алады.
Конкурстық комиссияның сұрауларына және конкурсқа қатысуға арналған өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға арналған өтінімде берілген құжаттарды ауыстыруға, ресімделген құжаттарды тиісінше түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған конкурстық комиссияның іс-әрекеттері конкурсқа қатысуға өтінімдерді осы Қағидалардың 58-тармағында көзделген біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру деп түсіндіріледі;
5) біліктілік және өзге конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушы деп таниды.
6) тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) анықтайды.
86. Конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қараған кезде мынадай әлеуетті өнім берушілерді өткізбеуге (конкурсқа қатысушылар деп танымауға) жол берілмейді:
конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында бар, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізбесіне кірмегендер;
конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының құжаттар тізбесінде жоқ, өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру үшін веб-портал арқылы құжаттар тапсырмағандар.
87. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта ұсынудың соңғы күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ресімделеді.
88. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі нысанында үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау туралы сараптамалық қорытынды не жұмыстардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды, болған жағдайда, сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі, қоса беріледі.
89. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.
Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Конкурстық комиссияның тиісті конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
90. Конкурстық комиссия мынадай:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) конкурстық комиссияға:
конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін берген тұлғаны;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын, оны беру шартын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету оның пайдасына енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3) конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Конкурстың барлық лоттарына өтінімдер толық берілмеген жағдайда, лоттардан тұратын конкурсқа бөлінген жалпы сомаға конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.
91. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында енгізілген конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тану себебін көрсетеді.
Әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімдерде веб-порталдың көмегімен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестікке келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынады.
Конкурсқа (лотқа) бөлінген сомадан кем дегенде бір пайыз мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген кезде, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомаларын конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында Заңның 23-1-бабының 3-тармағында көзделген түрлердің бірінде конкурсқа қатысуға өтінімді қосымша қамтамасыз етуді енгізуге құқылы.
92. Заңды тұлға болып табылатын (конкурсқа қатысушы болып танылған) әлеуетті өнім беруші егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай:
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;
конкурс жарияланған күннен кейін берілген, белгіленген тәртіпте қол қойылған және мөрмен расталған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзіндінің электрондық көшірмесін бермеуі;
әлеуетті өнім беруші өз қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыруын қоспағанда, мемлекеттік және (немесе) орыс тіл(дер)іне аудармасымен заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының не сауда-саттық тіркелімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесін бермеу;
конкурсты жариялау күнінен кейін берілген конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;
тиісті салық органының салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күнінің алдындағы кем дегенде бір ай бұрын берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болуы туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;
тиісті салық органының анықтамасында бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;
конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді бермеу;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі. Сонымен қоса, тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуі мүмкін. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық ресурстарды иеленуі банктің (банктердің), салық органының анықтамасымен расталады;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісінің анықталуы;
банкроттық не тарату рәсіміне жатса;
2) оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:
техникалық ерекшелігін бермеу, конкурстық құжаттама техникалық ерекшелік орнына орнатылған тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды есепке алмағанда;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу негіздемелері бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.
93. Жеке тұлға болып табылатын (конкурсқа қатысушы болып танылған), кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім беруші егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай:
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың не электрондық құжат түріндегі лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;
конкурсты жариялау күнінен кейін берілген конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;
конкурсты жариялау күнінен кейін берілген тиісті салық органының салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не конкурсқа қатысуға өтінімдердің ашу күнінің алдындағы бір ай бұрын бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болуы туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;