36. Егер форс-мажорлық оқиға Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс берушi Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердiгер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейiн қысқа мерзiмде Объектiнi консервациялауды қамтамасыз етедi және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс берушi Мердiгерге Объектiнi тоқтатқан күнге дейiн орындалған жұмыстардың барлық көлемi үшiн және Объектiнi консервациялауға байланысты жұмыстар үшiн ақы төлеудi жүргiзедi.
10. Даулы мәселелерді шешу
37. Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
38. Егер осындай ресми емес келіссөздер басталғанынан 21 (жиырма бір) күн ішінде Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуі мүмкін.
11. Хабарлама
39. Бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама Шартқа сәйкес кейін түпнұсқаның ұсынылуымен хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
40. Күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
12. Басқа да шарттар
41. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуі тиіс.
42. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша жасалса және Тараптардың құзыретті өкілдері қол қойса және мөрмен бекітілсе ғана күші бар есептеледі.
43. Өнім жеткізушінің таңдауы үшін негіз болып табылатын сапаның өзгермеуі мен басқа жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге болады:
1) жұмыстардың құнын және сәйкесінше шарттың сомасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісім бойынша;
2) мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қабылданған бұндай өзгерістердің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса шарттың сомасын көбейту бөлігінде;
3) осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген жұмыс бірлігінің құны өзгермеген жағдайда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстардан басқа сатып алынатын жұмыстар көлемінің қажеттілігін азайтумен немесе арттырумен байланысты шарттың сомасын азайту немесе көбейту бөлігінде. Осы жұмыстарды сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында қарастырылған сомалар шегінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты өзгертуге болады.
4) Қазақстан Республикасының салық, кеден және басқа да заңнамасының өзгеруінен болған келесі жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен жұмысты орындауға шарттың сомасын азайту немесе арттыру бөлігінде;
5) келесі жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен жұмысты орындауға шарттың сомасын азайту бөлігінде;
6) жасалған шарттың сомасы өзгермесе немесе жұмыстардың сметалық құны азаймаса және сәйкес өзгерістер одан кейін мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілсе мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыруды өзгерту жағдайында жұмыстарды орындау туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;
7) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім жеткізушінің лауазымдық тұлғасына қатысты шартты орындамауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда жұмыстар бойынша шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде.
44. Шарт бойынша бір Тарап міндеттемелерді екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана бере алады.
45. Шарт бірдей заңдық күші бар «дана саны» данада, қазақ және орыс тілдерінде әр Тарап үшін бір данадан жасалды
46. Шартпен реттелемеген бөліктерде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа алады.
13. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші: < Тапсырыс берушінің толық атауы> < Тапсырыс берушінің нақты толық мекенжайы> Тапсырыс берушінің БСН <БСН> Тапсырыс берушінің БСН<БСН > Тапсырыс берушінің ЖСК<ЖСК> <Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны > <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> | Өнім беруші: <Өнім берушінің толық атауы> <Өнім берушінің нақты толық мекенжайы> Өнім берушінің БСН/ЖСН/ТЕН Өнім берушінің БСН> Өнім берушінің ЖСК> <Банктің атауы> Тел.: <Өнім берушінің телефоны> <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ > |
Электрондық мемлекеттiк сатып
алуды жүргiзу қағидаларына 21-қосымша
Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы
үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі > <шарт карточкасының нөмірі>
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
«Тапсырыс берушінің лауазымы» тұлғасынан әрекет ететін тапсырыс беруші деп аталатын тапсырыс берушінің толық атауы> «Тапсырыс берушінің негіздемесі» негізінде әрекет ететін тапсырыс берушінің ТАӘ> бір тараптан және «Өнім берушінің лауазымы» атынан әрекет ететін бұдан әрі «Мердігер» деп аталатын «Өнім берушінің толық атауы» > екінші тараптан «Өнім берушінің негіздемесі» негізінде әрекет ететін Өнім берушінің ТАӘ, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) және «қорытындылардың күні» № «қорытындылардың нөмірі» «сатып алу тәсілі» мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіту туралы шешімнің негізінде тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:
1. Шарттың мәні
1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шартқа-қосымшаларға сәйкес (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметтер) қызметтерді көрсетуге, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Көрсетілетін қызметтерді қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі (1-қосымша);
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
2. Шарттың құны және ақы төлеу шарттары
3. Шарттың жалпы сомасы «шарттың сомасы» (сома жазу үлгісімен) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған барлық салықтар мен алымдар, соның ішінде ҚҚС/ҚҚС есебінсіз (бұдан әрі - Шарттың сомасы) енеді.
4. Қазынашылықтың аумақтық органында Шартты «бағдарлама», «қосымша бағдарлама, ерекшелік, ҚҚС есебінсіз шарттың сомасы (сома ҚҚС қоспағанда жазу үлгісімен), ҚҚС ерекшелігі, шарттың сомасындағы ҚҚС сомасы (шарттың сомасындағы ҚҚС сомасы жазу үлгісімен)» бюджеттік бағдарламасы бойынша тіркеуден өткізу керек.
5. Тапсырыс беруші бюджеттік қаражаттың бөлуіне қарай және Шарт күшіне енгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес көлемде аванстық төлем жүргізеді.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бюджеттік қаражаттың бөлінуіне қарай Мердігер орындаған Жұмыстардың «ақы төлеу шарты» үшін аудару жолымен және бұрын төленген авансты тепе-тең шегере отырып, орындалған Жұмыстарды қабылдап алу-беру актісіне тараптар қол қойғаннан кейін төлейді.
6. Соманы Тапсырыс беруші бюджеттік қаражаттың бөлінуіне қарай Мердігер орындаған Жұмыстар «ақы төлеу шарты» үшін және орындалған Жұмыстар актісіне Тараптар қол қойғаннан кейін төлейді.
Жұмыстарды қабылдап алу-беру актісінің нысанын Мердігер алдын ала Тапсырыс берушімен келіседі.
7. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген/қол қойылған Шарт;
2) орындалған Жұмыстардың актісі;
3) Мердігер тапсырыс берушіге ұсынған төлем шоты.
9. <N. Жаңа тармақ>
3. Тараптардың міндеттемелері
10. Мердігер мыналарға:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Заңның 8-бабының 8-тармағына сәйкес Мердігер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, Шартқа қол қойған күннен он жұмыс күні ішінде «қамтамасыз ету сомасын» құрайтын (қамтамасыз ету сомасы жазба үлгісінде) Шарттың 2.1-тармағында көрсетілген Шарттың сомасынан 3 пайыз көлемінде/ пайызбен аванс көлемінде төмендегідей түрде Шарттың орындалуын қамтамасыз етілуін енгізуге міндеттенеді:
банк шотына кепілдікті ақшалай жарнасы: № «қала» қаласы бойынша «БСН» БСН «банктің атауы» Тапсырыс берушінің кепілдікті жарнасы үшін шот немесе:
электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларының 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік;1
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа (техникалық ерекшелік) 2-қосымшасында көрсетілген талаптарға көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз етуге;
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Мердігер тарапынан жұмысқа тартылған персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға міндеттемелерді орындауға қажетті шамада құпия түрде ұсынылуы тиіс;
5) көрсетілген ақпаратты бұл персоналға Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада құпия түрде ұсынуға;
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
8) Мердігердің Шарттың талаптарын тиісті деңгейде орындамауымен және/немесе басқа да құқықсық іс-әрекеттерімен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
<n) жаңа тармақша>
11. Тапсырыс беруші міндетіне алады:
1) Қызметтерді көрсету үшін Мердігер мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2) Шарттың талаптарына сәйкес Мердігердің Шарт бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдап алуға және төлеу;
<n) жаңа тармақша>
4. Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру
12. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікте (Шарттың 2-қосымшасы) көрсетілген талаптарға сәйкестілік затына бақылау мен тексеруді өткізуге құқылы. Сонда осы тексерістер бойынша барлық шығындарды Өнім беруші өтейді. Тапсырыс беруші жазбаша түрде және уақытылы Өнім берушіге осы мақсаттарға анықталған өз өкілдері жайлы хабарлауы тиіс.
13. Берілген Шарт шегінде жеткізілетін Қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы қажет.
14. Егер тексеріс кезінде Қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шарттың 2-қосымшасы) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан еш қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеріс сәтінен <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.
15. Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттерден босатпайды.
5. Қызметтерді көрсету және құжаттама
16. Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
17. Көрсетілген қызметтерді есептеу үшін Өнім беруші мынадай құжаттарды ұсынуы керек:
18. құны мен әр қызметтің толық мәліметімен екі данада көрсетілген Қызметтер актілері;
19. көрсетілген Қызметтердің жалпы сомасы, бірлік бағасы, санын көрсете отырып сипаттайтын шот-фактура;
20. <n) жаңа тармақ >
6. Кепілдік
21. Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақытылы Қызмет көрсетуді кепілдік етеді.
22. Өнім беруші техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) Қызметтерінің қателерін, жете өңдеулері мен басқа сәйкессіздіктерін ақысыз түзетуді кепілдендіреді.
23. Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауы міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған байланысты барлық шығындармен бірге, ақаулықтарды жою бойынша шараларды Тапсырыс беруші хабарламасында көрсеткен мерзім ішінде қолдануы қажет.
24. Егер Өнім беруші, хабарламаны алып, ақаулықтарды жою бойынша шараларды уақытылы қолданбаған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірмей, қажетті ықпалшаралар мен ақаулықтарды жою бойынша шараларды Өнім беруші есебінен қолдануға құқылы.
7. Тараптардың жауапкершілігі
25. Мердігер тарапынан Жұмыстарды орындаудың Шартпен белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды тоқтатуға құқылы.
26. Форс-мажорлық жағдайларды есептемегенде, Өнім беруші Шартпен қаралған мерзімдерде Қызметті көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей Шарттың шеңберінде мерзімі кешіктірілген әр күн үшін өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда шарттың соммасынан 0,1 (нөл бүтін бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді немесе мерзімі кешіктірілген әр күн үшін тиісті түрде орындалмаған міндеттеменің сомасына 0,1 (нөл бүтін бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді.
27. Тұрақсыздық айыбын төлеу Мердігерді Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындаудан босатпайды.
28. Кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кесетіс, немесе екеуіне де сәйкес түрде түзетулер енгізіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Мердігердің түзетулерді жүргізу туралы барлық сұранымдары Мердігер Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
29. Мердігер Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай немесе ішінара табыстамауы тиіс.
30. Мердігер Тапсырыс берушіге осы Шарт аясында жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынуы тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
31. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
8. Шарттың күшінде болу мерзімі және бұзу талаптары
32. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап күшіне енеді және «жыл» жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады.
<N. Жаңа тармақ>
33. Тапсырыс беруші кез келген уақытта біржақты ретте егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болып қалған жағдайда, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп Шарттың талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмесе немесе артынан Тапсырыс берушіге қойылатын санкцияларды қолдану немесе әрекеттерді жасауға қандай-да бір құқықтарға тиіспесе, Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттілікті көтермейді.
34. Тапсырыс берушi Мердiгерге тиiстi жазбаша хабарлама жiберiп, Шартты одан әрi орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiледi, Шарттың күшi жойылған жұмыстарының көлемi, сондай-ақ Шартты бұзудың күшiне енетiн күнi айтылады.
35. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негiзiнде Шарт жойылған кезде, Мердiгер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана ақы талап етуге құқылы.
36. Қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші Шарт талаптарын бұзғаны үшін, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
1) егер Өнім беруші Тауарды Шарттар көзделген мерзімде немесе Тапсырыс берген Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде жеткізе алмаса;
2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұза алады.
37. Мемлекеттік сатып алу туралы Шарты Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ Заңмен қарастырылған Өнім берушіге қолдау көрсетудің мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысымен көрсету кез келген кезеңде бұза алады.
38. Шартты тараптардың келісімі бойынша бұзуға болады.
9. Форс-мажор
39. Тараптар Шарттың талаптарының орындалмауына жауапкершілік көтермейді, егер ол форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса.
40. Өнім беруші Шарт орындалуының өз қамтамасыз етілуінен айырылмайды және айып төлем өтеу үшін немесе Шарттың талаптарын орындамау себебінен оны бұзу үшін жауапты болмайды, егер Шарт орындау бойынша кідіріс форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса.
41. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптар бақылауымен биленбейтін және күтпеген мінезге ие оқиғаны білдіреді. Ондай оқиғалар мынадайлерді қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе стихиялық апаттар және басқалар.
42. Форс-мажорлық жағдайлардың пайда болуы кезінде Өнім беруші Тапсырыс берушіге ондай жағдайлар мен себептері туралы жазбаша хабарламаны жедел жіберуі тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға байланысты емес, Шартты орындаудың баламалы әдістерін іздейді.
10. Даулы мәселелерді шешу
43. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді тікелей келіссөз жүргізу барысында шешу үшін барлық күштерін салулары тиіс.
44. Егер осындай келіссөз басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша мәселені шеше алмаса, Тараптардың кез келгені осы мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.
11. Хабарлама
45. Шартқа сәйкес бір жақ екінші жаққа жіберген кез келген хабарлама мынадайде түпнұсқасын ұсынумен, хат, телеграмма, телекс немесе факс арқылы жіберіледі.
46. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күнінен (хабарламада көрсетілсе) бастап, осы екі мерзімнің қайсысы кеш келетініне байланысты өз күшіне енеді.
12. Басқа да шарттар
47. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
48. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар тек олар жазбаша нұсқада және Тараптардың осыған өкілетті өкілдері қол қойған және олардың мөрлерімен бекітілген жағдайда ғана шынайы деп танылады.
49. Мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан Шартқа өзгерістерді сапасын өзгертпеу және өнім беруші таңдауының негізгі басқа жағдайларында:
1) жеткізілетін Қызметтер көлемінде қажеттіліктің ұлғаюы немесе азаюымен байланысқан Шарт соммасының ұлғаюы немесе азаюы бөлігінде, Шартта белгіленген Қызметтер бірлігі үшін бағаның өзгермеу шартын орындау бөлігінде;
2) Тараптардың өзара келісуімен Қызметтер үшін бағаның төмендеуі және сәйкесінше Шарт соммасының төмендеу бөлігінде енгізуге рұқсат етіледі.
50. Тараптардың біреуімен Шарт бойынша міндеттерін тапсыру тек басқа Жақтың жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
51. Шарт бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде екі нұсқада құрастырылған, әр Жақ үшін бір нұсқадан.
52. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сүйенеді.
13. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші: < Тапсырыс берушінің толық атауы> < Тапсырыс берушінің нақты толық мекенжайы> Тапсырыс берушінің БСН <БСН> Тапсырыс берушінің БСН<БСН > Тапсырыс берушінің ЖСК<ЖСК> <Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны > <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> | Өнім беруші: <Өнім берушінің толық атауы> <Өнім берушінің нақты толық мекенжайы> Өнім берушінің БСН/ЖСН/ТЕН Өнім берушінің БСН> Өнім берушінің ЖСК> <Банктің атауы> Тел.: <Өнім берушінің телефоны> <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ > |