арнайы қаржы компаниясының секьюритилендірілген активтерді бергеннен кейін секьюритирлендірумен және арнайы қаржы компаниясы қызметімен байланысты шығыстарды көтеруге;
арнайы қаржы компаниясына қандай да бір нысанда жанама қолдау көрсетуге. Сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғаларға жанама қолдау көрсетуге жол берілмейді.
Оригинатор, сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар арнайы қаржы компаниясына ақшалай түрдегі талаптар (бұдан әрі-кредиттік қамтамасыз ету) бойынша көмекті не осындай қолдау ұсыну секьюритилендіру мәмілесіне қатысты сәйкесінше шарттармен немесе құжаттармен көзделмеген жағдайларда, өзге қолдауды көрсеткенде жанама қолдау туындайды.
Оригинатор немесе оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар секьюритилендірудің кейінгі мәмілелерін жасау барысында арнайы қаржы компаниясына жанама қолдау көрсету фактілері анықталған жағдайда, оригинатор секьюритилендірілген активтер бойынша капиталға қойылатын талаптарды төмендету мүмкіндігінен айырылады;
5) арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар
оригинатордың төлем міндеттемелерін білдірмейді;
6) тәуекелдер берілетін тарап секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы болып табылады;
7) егер, секьюритирлендіру мәмілесінде кері сатып алу опционы көзделсе, онда мынадай барлық талаптар орындалады:
кері сатып алу опционы оригинатордың қарауымен ғана іске асырылады;
кері сатып алу опционы секьюритирлендірілген активтер бойынша өтелмеген негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері не шығарылған бағалы қағазар бойынша негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері 10 процент мәніне жеткен және олардың бастапқы мөлшерінен төмен болған жағдайда ғана іске асырылуы мүмкін;
кері сатып алу опционы секьюритирлендіру позициясының кредиттік сапасын жақсарту мақсатында құрылымдалмауы мүмкін;
8) оригинатор секьюритилендірілген активтерді сатып алуы не оларды жиынтығымен мынадай талаптарды сақтағанда басқа активтерге ауыстыруы мүмкін:
секьюритилендірілген активтерді олардың әділ нарықтық құнынан аспайтын құн бойынша сатып алынады;
сатып алынатын секьюритилендірілген активтердің міндеттемелері жоқ, олар бойынша тиісінше міндетті тараптың дефолты орын алды, әділ нарықтық құн бойынша сатып алынатын активтерді қоспағанда;
ауыстырылатын секьюритилендірілген активтерде тиісінше (ұқсас) классификациялық санат болуы тиіс.
Оригинатор секьюритирлендірілген активтерге қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуі, сондай-ақ секьюритирлендірілген активтерге қатысты өтімділік құралдарын ұсынуы мүмкін, бұл құралдар осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.
31-10. Оригинатор тәуекелді беру қажеттілігі жағдайында банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценттерін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелдері деңгейі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритирленген активтерді алып тастайды.
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 117 Қаулысымен 31-11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.02. № 74 Қаулысымен 31-11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-11. Меншікті капиталдан банк ұстанатын және Standard&Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі не Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kzBB» төмен рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар не тиісінше рейтингілік бағасы жоқ секьюритирлендіру позициялары шегерілуге жатады, осы Нұсқаулықтың 31-13-тармағында санамаланған талаптарға сәйкес келетін позицияларды қоспағанда.
Шегерім бірінші деңгейдегі капиталдан елу пайыз және екінші деңгейдегі капиталдан елу пайыз мөлшерінде бөлінеді. Шегерілетін позициялар қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған арнайы резервтер сомасына азаяды.
31-12.Секьюритилендіру позициялары - бұл секьюритилендіру мәмілесіндегі тәуекелдер және ол секьюритилендіру мәмілесімен
байланысты банкте туындайтын баланстық және баланстан тыс активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді білдіреді. Секьюритилендіру позицияларына позицияның кредиттік сапасы негізінде тәуекелдің (тәуекелдің салмақтық коэффициенті) тиісінше деңгейі берілуі тиіс, ол осы Нұсқаулыққа сәйкес кредиттік рейтинг негізінде анықталуы мүмкін. Мұндай позицияларға оригинатордың арнайы қаржы компаниясына ұсынатын заемдары жатады; арнайы қаржы компаниясына қатысты оригинатордың шартты және мүмкін талаптары мен міндеттемелері; банктің арнайы қаржы компаниясының бағалы қағаздарын сатып алуы; ұсынылатын кредиттік қамтамасыз ету (credit enhancements); өтімділік құралдары; проценттік немесе валюталық своптар; кредиттік деривативтер; резервтік шоттар (ақшамен қамтамасыз ету шоты) үшін қаражаттарды ұсыну және басқалар. Секьюритилендіру позициясына аталған компанияның банктік шоттарын ашу сияқты банктің арнайы қаржы компаниясына банктік қызмет көрсетулерді ұсынуына байланысты туындайтын, арнайы қаржы компаниясына қатысты банктің активтері, шартты және мүмкін міндеттемелері енгізілмейді. Бұл ретте:
1) секьюритилендіру мәмілесінде түрлі транш бойынша тәуекелдердің болғанда, әрбір транш бойынша тәуекел секьюритилендірудің жеке позициясы сияқты мөлшерленеді;
2) секьюритилендіру позициялары бойынша кредиттік қамтамасыз етуді ұсынатын тұлғалар секьюритилендіру позицияларын ұстап қалатын тараптар ретінде қарастырылады;
3) сыйақы ставкаларын және валюта бағамдарын өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары бойынша позициялармен байланысты тәуекелдер секьюритилендіру мәмілесіндегі жекелеген позициялар сияқты мөлшерленеді;
4) баланста ұсталынатын секьюритилендіру мәмілесіндегі позиция тәуекелінің шамасы өзінің баланстық құнына тең;
5) секьюритилендіру мәмілесіндегі баланстан тыс позиция тәуекелінің шамасы конверсиялық факторға көбейтілген өзінің номиналдық құны 100 процентке тең, егер өзгесі осы Нұсқаулықпен белгіленбесе.
31-13. Кредиттік рейтингі жоқ секьюритилендіру позициясы тәуекелінің орташа алынған шамасын есептеу үшін банк осындай позицияға түсінілетін рейтингті қолдануы мүмкін.
Болжанатын рейтинг мынадай тәртіппен қолданылады:
1) кредиттік рейтингі бар секьюритилендіру позициясының ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланылады, ол рейтингі жоқ, секьюритилендіру позициясының реттелу деңгейі бойынша тең болып табылады, немесе
2) егер, рейтингі бар позициялардың ешқайсысы, рейтингі жоқ позициямен реттелу деңгейіне тең келмесе, секьюритилендіру позициясының (осындай бар болса) реттелу деңгейі бойынша ең жоғары ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланады, ол рейтингі жоқ осындай позицияға реттелу деңгейі бойынша кемдеу болып табылады.
Болжанатын рейтингті пайдалану барысында кредиттік рейтингі бар секьюритилендірудің барлық позициясы ескеріледі.
31-14. Егер, секьюритилендіру барысында арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар (бұдан әрі-өтімділік құралдары) бойынша инвесторларға секьюритилендірілген активтер және төлем мерзімдері бойынша қаражаттарды алу мерзімдері арасындағы ықтимал сәйкессіздіктерді жабу үшін банк қаржыландыруды ұсыну мақсатында арнайы қаржы компаниясымен шарттық қатынастарға түсетін болса, онда бір жылға дейін қоса алғанда бастапқы өтеу мерзімімен өтімділік құралдарының мөлшерінің 20 процентіне тең конверсиялық фактор немесе егер құралдың бір жылдан астам бастапқы өтеу мерзімі болса, 50 процентке тең конверсиялық фактор пайдаланылады.
31-15. Өтімділік құралдары - секьюритилендірілген активтердің өтімділігін көтеруге мүмкіндік беретін шаралар. Өтімділік құралдары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) өтімділік құралының шарттары оны пайдалануы мүмкін жағдайларда міндеттемелерді нақты айқындауы және шектеуі тиіс. Өтімділік құралы аясында қаражаттарды алу мүмкіндігі секьюритилендірілген активтерді иеліктен алу нәтижесінде толығымен өтелуі толығымен мүмкін сомамен шектелуі тиіс және кез келген қосымша кредиттік қамтамасыз ету, ол бойынша төлемдер өтімділік құралы бойынша төлемдерге қатынасы бойынша реттелген.
2) құралды пайдалану сәтінде келтіріліп қойған шығындарды өтеу арқылы кредиттік сапаны қамтамасыз ету үшін өтімділік құралы пайдаланылмауы мүмкін, құралды пайдалану сәтінде дефолт болып өткен тәуекелдерге қатысты өтімділікті ұсыну арқылы немесе олардың әділ құнынан жоғары баға бойынша активтерді сатып алу арқылы;
3) өтімділік құралы секьюритилендіруді тұрақты немесе тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін пайдаланылмауы мүмкін;
4) өтімділік құралын пайдалану барысында алынған қаражаттарды өтеу, сыйақы ставкасын және валюта бағамдарын, сыйақыларды, комиссияларды және секьюритилендіру мәмілесін орындауды қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаларға тиесілі басқа ұқсас төлемдерді өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары негізінде туындайтын талаптарды қоспағанда, инвесторларға қойылатын талаптарға қатынасы бойынша реттелмеуі тиіс. Қаражаттарды өтеу өзгермеуі немесе мерзімі ұзартылмауы мүмкін;
5) өтімділік құралы қосымша кредиттік қамтамасыз ету пайдаланылғаннан кейін пайдаланыла алмайды, ол осындай құралға қатынасы бойынша реттелген болып табылады;
6) өтімділік құралында дефолт болған тәуекелдердің шамасына
құралдарды пайдалану барысында алынуы мүмкін қаражаттар сомасын автоматты түрде кеміту туралы шарт немесе секьюритилендірілген тәуекелдердің жиынтығы рейтингі бар құралдардан тұрған жағдайда, егер жиынтықтың орташа сапасы инвестициялық деңгейден төмен түсірілсе, құралды пайдалануды тоқтату туралы шарт болуы тиіс.
31-16. Секьюритилендірілген активтерге қызмет көрсететін және өтімділік құралын беретін банк барлық төмендегі жағдайларды сақтаған жағдайда 0 процентке тең конверсиялық факторды пайдаланады:
1) қаражаттарды беру туралы келісімге сәйкес банктің қаражатты толық өтеуге сөзсіз құқығы бар;
2) банктің талап ету құқығы секьюритирленген активтерден алынған қаражаттарға қатысты қойылатын барлық талаптарға қатынасы бойынша реттелген деңгейі бойынша аса жоғары болып табылады;
3) банк алдын ала хабарламастан келісімді бұзуға сөзсіз құқығы бар;
4) осы келісім осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тәуекелдің бір қарыз алушыға келетін ең жоғарғы мөлшері
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
32. «Бір заемшы» деген терминді банктің талаптары бар немесе осы Нұсқаулықтың 34-тармағында көрсетілген талаптар оларға туындауы мүмкін әрбір жеке немесе заңды тұлға деп түсінуге болады.
Екi немесе одан да көп заемшылардан тұратын топтың тәуекел мөлшерi егер заемшылардың әр қайсысының тәуекел мөлшерi банктiң меншiктi капиталының 0,05 процентiнен асатын болса, бір заемшы үшiн жиынтықты түрде, сондай-ақ мынадай мiндеттемелердiң бірi болған жағдайда есептеледi:
1) заемшылардың бірi iрi қатысушы (акционерлік қоғамдағы, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктегi немесе қосымша жауапкершiлiктi серiктестiктегi iрi қатысушы; коммандиттiк серiктестiктегi толық жолдас; толық серiктестiкке қатысушы), аффилиирленген тұлға, жақын туыс (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, туған және туысқан бауыры немесе қарындасы (үлкен апасы) атасы, әжесi, немересi), ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы, басқа заемшының бірiншi басшысы, не басқа заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға;
2) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірiнiң бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады;
3) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірiнiң бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады не iрi қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туыстың, ерi/зайыбының, ерi/зайыбының жақын туысының немесе басқа заемшының бірiншi басшысының не басқа заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлғаның мәмiле жасауға мүдделi тұлғасы болып табылады;
4) заемшылардың бірi банктен заемға алған ақшасын басқаға пайдалануға заемшының меншiктi капиталынан асатын мөлшермен бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негіздеме бар болса;
5) заемшылар банктен банктiң заемшысы болып табылмайтын сол бір ғана үшiншi тұлғаға пайдалануға осы заемшылары жиынтығы меншiктi капиталынан асатын мөлшердегi заемды бірлесiп немесе жекелей бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негiздеме бар болса;
6) заемшылар бір-бірiмен мынадай байланыста, яғни заемшылардың бірiнiң (Қазақстан Республикасының банктерiнен басқа) ортақ не басқа заемшының мiндеттемелерi бойынша оның активтерiнiң он процентiнен асатын сомада субсидиарлық жауапкершiлiгi бар болса;
7) бір заемшының лауазымды тұлғасы банктiң басқа заемшыларының қызметiне қаржылық жағынан мүдделi болса;
8) заемшылар бір-бірiмен өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгiлерi бар өзге құжат арқылы байланысса;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 242 Қаулысымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) заемшылар:
мынадай мемлекеттердің: Андорра князьдігі, Лихтенштейн князьдігі, Либерия Республикасы, Монако князьдігі, Маршалл аралдары (Маршалл аралдары Республикасы) аумақтарында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не
Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не
ірі қатысушылары, аффилиирленген тұлғалары, жақын туыстары, бірінші басшылары не осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары болып табылатын немесе тіркелген, осы заемшылармен мәмілелер жасасуға мүдделі тұлғалары бар;
10) заемшылар өзара бір-бірiмен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негiздемелер бойынша байланысса;
11) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
11) заемшылар салынып жатқан объект құрылысына қатысушылар үлесiнiң және қатысушылар үлесiнiң кепiлдiктерiн қосқандағы жылжымайтын мүлiк құрылысы жөніндегі тапсырыс берушiнiң жобасының қатысушылары болып табылады. Осы тармақшада аты аталған заемшылар тобы құрған бір заемшының тәуекел мөлшерi жеке тұлғалардың қатысушылар үлесi кепiлдiктерiнiң және/немесе салынып жатқан объектiнiң құрылысына қатысушылар үлесiнiң - жеке тұлғалардың қатысуымен жасалған топ үшiн осы тармақтың 1)-10) тармақшаларына сәйкес бір заемшының тәуекел мөлшерiнiң жиынтық есебiне қабылданбауы тиiс.
33. Егер мемлекет (уәкiлеттi орган атынан) екi немесе одан да көп заңды тұлғалардың iрi қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшерi жиынтықты түрде алғанда егер басқа iрi қатысушылар болмаса, сондай-ақ бір заемшыға арналған тәуекел мөлшерi ретiнде есептелген жағдай бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағында белгiленген өзге де жағдайлар кездеспеген жағдайда осы топқа арналған тәуекелдiң мөлшерi бір заемшыға арналған тәуекелдiң мөлшерi ретiнде есептелмейдi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 Қаулысымен 33-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 33-1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен 33-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
33-1. Заемшылар тобын тану бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағының талаптары мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына төлем жасауға берілген заңды тұлғаларға таралмайды.
Банктермен ерекше қарым-қатынаспен байланысты бір заемшы және (немесе) тұлға ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік ету (банктер бойынша - жанама) нәтижесінде аффилиирленген болып табылатын екі және одан астам ұйым (оның ішінде банктер) танылмайды.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың бірімен аффилиирленген немесе көрсетілген банктердің бірімен ерекше қарым-қатынаспен байланысты заңды және (немесе) жеке тұлғалар сонда-ақ бір заемшы басқа ұйымның аффилиирленген тұлғаларының бір зайымшысы немесе көрсетілген банктердің басқаларымен ерекше қарым-қатынаспен байланысты тұлғалар ретінде танылмайды.
Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының және (немесе) «Стресстік активтер қоры» акционерлік коғамының қаржы компаниясының көрсетілген заемшылардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуі нәтижесінде аффилиирленген болып табылатын заемшылар бір заемшы ретінде танылмайды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамы құратын ұйым «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясы деп танылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 33-2-тармақпен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді)
33-2. Банктің екі және одан артық еншілес ұйымдарынан тұратын тобы мынадай жағдайларда заемшылар тобы деп танылмайды, егер:
олар банкта ірі қатысулары арқылы банктің жарғылық капиталымен байланысты болса;
банктің лауазымды тұлғалары осындай еншілес ұйымдардың лауазымды тұлғалары болып табылса.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 Қаулысымен (бұр .ред. қара ); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.28.02. № 20 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.22.10. № 211 Қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
34. Бір қарыз алушыға тәуекел мөлшері (Р), оның ішінде банктің, мынадай талаптар сомасы түрінде есептеледі:
1) қарыздар, салымдар, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар (осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген банк инвестицияларын қоспағанда);
2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;
3) қарыз алушыларға қатысты секьюритирлендірілген активтер, олар бойынша банкте секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ;
4) секьюритилендіру позициялары;
5) аталған қаржы құралдары мен ондағы кредиттік тәуекелдің нарықтық құнының сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы нарықтық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы нарықтық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды келісім-шарт құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне көрсетілген қаржы құралдарының құны болып табылады. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды келісім-шарт құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар бір қарыз алушының тәуекел мөлшеріне енгізілмейді;
6) «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясымен секьюритизация мәмілелері бойынша кредиттер;
7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған арнайы резервтер сомасын, сондай-ақ мынадай түрдегі қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде:
осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банк өкімімен ұсынылған салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша банктің кепілдіктері;
Бір қарыз алушы тәуекелінің есебіне мыналар кірмейді:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына қойылатын талаптар, банктің қарыз алушыға қоятын, балансынан есептен шығарылған талаптары, банктің қарыз алушыға қоятын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 100% (жүз пайыз) резервтері қалыптастырылған талаптары және Standard&Poor's агенттігінің «ВВВ»-дан төмен емес ұзақмерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар;
банктің еншілес банкке қоятын талаптары;
банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды және активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде бас банкке беру жөніндегі операцияны жүзеге асырған, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға қоятын талаптары.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 35-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 35-тармақ жаңа редакцияда
35. Банктің меншікті капиталына қатысты міндеттемелері бойынша оның бір заемшыға келетін банк тәуекелінің мөлшеріне қатысы:
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденуші еншілес ұйымдарды (кЗ.1) қоспағанда, банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар қарыз алушылар үшін - 0,10 аспауы тиіс. Банкпен айрықша қатынастармен байланысты қарыз алушылар бойынша, күмәнді және үмітсіз активтерін иемденуші еншілес ұйымдарды қоспағанда, тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс;
басқа қарыз алушылар үшін (кЗ) - 0,25 (оның ішінде бланктік қарыздар, қарыз алушы алдындағы не банктің ағымдағы және содан кейінгі екі ай ішінде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы үшін қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша, осы Нұсқаулықтың 35-1-тармағында көрсетілген тиісті қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің бір тармағынан темен болмайтын Standard&Poor's агенттігінің рейтингісі немесе одан басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard&Poor's агенттігінің «А» рейтингінен төмен емес рейтингісі немесе одан басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент еместерге талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының оффшор аймақтарда тіркелген немесе азаматтары болып табылатын резидент еместерінің міндеттемелері бойынша 0,10 аспайды) аспайды.