3. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты, салмағы) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін: |
1.1. | ұшақтың ұшуға жарамдылығы |
1.1.1. | 136000 килограмнан астам | 450 |
1.1.2. | 75000 килограмнан астам, қоса алғанда 136000 килограмға дейін | 437 |
1.1.3. | 2 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін | 328 |
1.1.4. | 3 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін | 364 |
1.1.5. | 4 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін | 401 |
1.1.6. | 2 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін | 291 |
1.1.7. | 3 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін | 328 |
1.1.8. | 4 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін | 364 |
1.1.9. | 5700 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін | 54 |
1.1.10. | 2250 килограмнан астам, қоса алғанда 5700 килограмға дейін | 54 |
1.1.11. | 750 килограмнан астам, қоса алғанда 2250 килограмға дейін | 36 |
1.1.12. | 750 килограмнан төмен | 10 |
1.2. | тікұшақтың ұшуға жарамдылығы |
1. 2.1. | 10000 килограмнан астам | 145 |
1.2.2. | 1 қозғалтқышымен 5000 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін | 91 |
1.2.3. | 2 қозғалтқышымен 5000 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін | 127 |
1.2.4. | 1 қозғалтқышымен 3180 килограмнан астам, қоса алғанда 5000 килограмға дейін | 54 |
1.2.5. | 2 қозғалтқышымен 3180 килограмнан астам, қоса алғанда 5000 килограмға дейін | 72 |
1.2.6. | 1 қозғалтқышымен 2250 килограмнан астам, қоса алғанда 3180 килограмға дейін | 54 |
1.2.7. | 2 қозғалтқышымен 2250 килограмнан астам, қоса алғанда 3180 килограмға дейін | 72 |
1.2.8. | 1 қозғалтқышымен 2000 килограмнан астам, қоса алғанда 2250 килограмға дейін | 54 |
1.2.9. | 2 қозғалтқышымен 2000 килограмнан астам, қоса алғанда 2250 килограмға дейін | 72 |
1.2.10. | 750 килограмнан астам, қоса алғанда 2000 килограмға дейін | 54 |
1.2.11. | 750 килограмнан төмен | 10 |
2. | Азаматтық әуе кемесінің типін сертификаттау үшін: |
2.1. | ұшақ | 10 000 |
2.2. | тікұшақ | 5 000 |
2.3. | басқа да ұшу аппараттары | 1 000 |
3. | Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау: |
3.1. | ұшақ | 1000 |
3.2. | тікұшақ | 2000 |
3.3. | басқа да ұшу аппараттары | 500 |
4. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Қолданылу саласы | Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жекелеген типтегі әуе кемелеріне шұғыл техникалық қызмет көрсету, оның ішінде ағымдағы жөндеу, ақауларды жою, агрегаттар мен жабдықтаушы бұйымдарды ауыстыру: |
1.1. | | 10 адамға дейін | 346 |
1.2. | 11 адамнан 40 адамға дейін | 364 |
1.3. | 41 адамнан 70 адамға дейін | 382 |
1.4. | 71 адамнан 100 адамға дейін | 400 |
1.5. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 419 |
1.6. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 437 |
1.7. | 201 адамнан астам | 455 |
2. | Жекелеген типтегі әуе кемелеріне мерзімдік техникалық қызмет көрсету, оның ішінде авиациялық техниканың авиақозғалтқыштарын ауыстыру, оларды ағымдағы жөндеу, авиациялық техникаға маусымдық және арнайы қызмет көрсету, авиациялық техникаға сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету: |
2.1. | | 10 адамға дейін | 418 |
2.2. | 11 адамнан 40 адамға дейін | 436 |
2.3. | 41 адамнан 70 адамға дейін | 454 |
2.4. | 71 адамнан 100 адамға дейін | 472 |
2.5. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 491 |
2.6. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 509 |
2.7. | 201 адамнан астам | 527 |
3. | Зертханалар жағдайында әуе кемелерінің агрегаттары мен жабдықтаушы бұйымдарына техникалық қызмет көрсету | | 218 |
4. | Әуе кемелері мен олардың агрегаттарының және жабдықтаушы бұйымдарының жағдайын бұлжытпай бақылау әдісін қолдану | | 145 |
5. | Күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріне, авиақозғалтқыштары мен авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарына бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары): |
5.1. | | 10 адамға дейін | 236 |
5.2. | 11 адамнан 40 адамға дейін | 254 |
5.3. | 41 адамнан 70 адамға дейін | 272 |
5.4. | 71 адамнан 100 адамға дейін | 290 |
5.5. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 309 |
5.6. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 327 |
5.7. | 201 адамнан астам | 345 |
6. | Әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау) | | 145 |
7. | Әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттары бойынша пысықтауды орындау | | 218 |
8. | Әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жинақтаушы бұйымдарды (агрегаттарды), оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатып күрделі жөндеу: |
8.1. | | 10 адамға дейін | 528 |
8.2. | 11 адамнан 40 адамға дейін | 546 |
8.3. | 41 адамнан 70 адамға дейін | 564 |
8.4. | 71 адамнан 100 адамға дейін | 582 |
8.5. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 601 |
8.6. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 619 |
8.7. | 201 адамнан астам | 637 |
| | | | |
5. Әуеайлақты сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Әуеайлақ класы (санаты) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | А немесе Б немесе В класы/санатталмаған | 1349 |
2. | А немесе Б немесе В класы/І санат | 1604 |
3. | А немесе Б немесе В класы/ІІ немесе ІІІ санат | 2078 |
4. | Г класы/санатталмаған | 1203 |
5. | Д класы/санатталмаған | 948 |
6. | Е класы/санатталмаған | 692 |
6. Тікұшақ айлағын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Тікұшақ айлағының типі | Тікұшақ айлағының класы | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жер беті деңгейінде орналасқан | Жабдықталмаған I, II, III класс | 364 |
2. | Ішінара жабдықталған I, II, III класс | 419 |
3. | Жабдықталған I, II, III класс | 510 |
4. | Жерден сәл биікте | Жабдықталмаған I, II, III класс | 328 |
5. | Ішінара жабдықталған I, II, III класс | 382 |
6. | Жабдықталған I, II, III класс | 437 |
7. | Палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы | Жабдықталмаған I, II, III класс | 255 |
8. | Ішінара жабдықталған I, II, III класс | 309 |
9. | Жабдықталған I, II, III класс | 328 |
7. Авиациялық оқу орталықтарын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Қолданылу саласы | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Авиация персоналын даярлау | 547 |
2. | Авиация персоналын қайта даярлау | 510 |
3. | Авиация персоналының кәсіби деңгейін ұстау | 474 |
4. | Авиация персоналын даярлау, авиация персоналын қайта даярлау | 583 |
5. | Авиация персоналын даярлау, авиация персоналының кәсіби деңгейін ұстау | 583 |
6. | Авиация персоналын қайта даярлау, авиация персоналының кәсіби деңгейін ұстау | 547 |
7. | Авиация персоналын даярлау, авиация персоналын қайта даярлау, авиация персоналының кәсіби деңгейін ұстау | 619 |
8. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеріп қарауды ұйымдастыру бойынша сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі қызметінің тексеріп қарау бөлімшесінің штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | 251 және одан көп адам | 235 |
2. | 201 адамнан 250 адамға дейін | 224 |
3. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 213 |
4. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 202 |
5. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 191 |
6. | 50 адамға дейін | 180 |
9. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының (өкілдігінің, филиалының) штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | 201 және одан көп адам | 435 |
2. | 101 адамнан 200 адамға дейін | 324 |
3. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 313 |
4. | 21 адамнан 50 адамға дейін | 302 |
5. | 11 адамнан 20 адамға дейін | 190 |
6. | 10 адамға дейін | 180 |
10. Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерін сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Аэронавигациялық ұйымның (өкілдіктің, филиалдың) радиотехникалық жабдықтарды пайдалану және байланыс қызметтерінің штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | 201 және одан көп адам | 435 |
2. | 101 адамнан 200 адамға дейін | 324 |
3. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 313 |
4. | 21 адамнан 50 адамға дейін | 302 |
5. | 11 адамнан 20 адамға дейін | 190 |
6. | 10 адамға дейін | 180 |
476-4-бап. Есептеу және төлеу тәртібі
1. Алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган сертификаттаудан өткізгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
2. Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға тиісті өтінім бергенге дейін сертификаттаудан өтуден алымдарды төлеген адамдар бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды салық органы сертификаттауды жүргізуге аталған тұлғаның өтінім бермегенін растайтын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжатты оларға ұсынғаннан кейін алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша, осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен оларды төлеу орны бойынша жүргізеді.»;
10) 534-баптың 1-тармағы 15) тармақшасындағы «жасағаны үшін мемлекеттік баж алынады.» деген сөздер «жасағаны үшін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін мемлекеттік баж алынады.»;
11) 540-бап 10) тармақшасындағы «50 процент мемлекеттік баж алынады.» деген сөздер «50 пайыз;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін - 25 пайыз мемлекеттік баж алынады.»;
12) 547-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін - тиісті құжатты бергенге дейін;»;
13) 599-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «алынатын алым» деген сөздер «алынатын, азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алынатын алым» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
159-баптың 5-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында;».
7. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
121-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес қабылданған Кеден одағы органдарының шешімдерімен тарифтік жеңілдіктерді беру Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны анықталған жағдайларда, тарифтік жеңілдікті Қазақстан Республикасының Үкіметі береді.
Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
8. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдау - тарифтердің қолжетімді деңгейін және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;
2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билiк органдарының атынан);
3) көлік инфрақұрылымы объектілері - теміржол, трамвай жолдарын, жеңіл рельстік, монорельстік жолдар мен ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды, әуеайлақтарды, әуежайларды, байланыс, навигация және көлік құралдарының қозғалысын басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбырды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен;
4) көлiк кәсiпорны - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайтын, жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға;
5) көліктік логистика - тасымалдың (тасымалдаудың) әрбір кезеңінде жүктер қозғалысының мониторингін қамтитын, әртүрлі көлік түрлерін (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) пайдалана отырып, оңтайлы маршрут бойынша жүк жөнелтушіден (өндірушіден) жүк алушыға дейінгі тасымалды (тасымалдауды) жоспарлау және басқару жөніндегі тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара байланысты іс-қимылдарының жиынтығы;
6) Қазақстан Республикасының көлігі - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі, қалалық рельстік көлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлігі;
7) қалалық рельстік көлік - қала және қала маңындағы аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңілрельстік, монорельстік көлік);
8) метрополитен - көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
9) тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған лицензиясы немесе белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;
10) тiкелей аралас қатынас - бiрыңғай көлiк құжаты бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi, жолаушылар мен багажды тасымалдау;
11) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Көліктік логистика қағидаттары
Көліктік логистика қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану;
3) қауіпсіздік;
4) сақталу;
5) рәсімдердің тұтастығы;
6) тең қолжетімділік;
7) жаһандық көлік-логистика жүйесіне кірігу.»;
3) 3-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистральдық теміржол желісі жекешелендіруге жатпайды және кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекет меншігіндегі магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілері кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.»;
4) 6-баптың екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«республика экономикасы мен халқының тасымалдауларға, оның ішінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларға және соларға байланысты көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;»;
5) 8-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушылар көлiгінің республикаішілік тұрақты маршруттарында жолаушыларды тасымалдауларды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тиісті тасымалдауларды ұйымдастырған жергiлiктi атқарушы органдармен немесе олар уәкілеттік берген органдармен осы маршруттарға қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуы тиiс.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Метрополитенмен жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауларды ұйымдастыруды метрополитен орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.»;
6) 11-бапта:
бірінші бөліктің оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«арнайы және әскери тасымалдауларды жүзеге асыруға өздерінің құзыреттері шегінде мемлекеттік органдардың талаптарын орындауға (бұл тасымалдауларды жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі);»;
8-тармақтың 6) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Жолаушы тасымалдау қағидаларында белгіленген уақыттан кешікпей тасымалдау басталғанға дейін жөнелту пунктіне келуге міндетті. Жөнелту пунктіне келу уақыты билетте көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
7) 12-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Теміржол, теңіз, ішкі су, әуе және автомобиль көлігі көліктік логистика қағидаттарын қолдана отырып және көлік инфрақұрылымын пайдалана отырып, тікелей аралас қатынастар жүйесін құрайды.»;
8) 15-баптың үшінші бөлігіндегі «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.»;
10) 21-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ теміржол, әуе көлiгiнде, метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарларын жоюды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.»;
11) 23-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Метрополитеннің, станциялардың, порттардың, кемежайлардың, әуежайлардың, көлiк кәсiпорындары мен теміржол желілерінің көлiк құралдарының қозғалысы және тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын аумақтары, сондай-ақ су жолдары қауiптiлігі жоғары аймақтар болып табылады. Қауiптiлігі жоғары аймақта болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
8-тармақтың 12) тармақшасы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12) 4-бөлім мынадай мазмұндағы 24-1 және 24-2-баптармен толықтырылсын:
«24-1-бап. Тексеріп қарау
1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қатер деңгейіне байланысты, жолаушылар және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдар, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы тексеріп қарауға жатады.
Жолаушыларға және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарға, олардың алып жүретін заттарына, оның ішінде қол жүгі мен багажына тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды (бұдан әрі - келушілерді), олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды көлік қызметі субъектісінің қызметкерлері не күзет қызметтерін көрсету жөнінде шарт жасасқан кезде күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері жүргізеді.
Осы баптың мақсаттары үшін көлік қызметінің субъектілері деп көлік инфрақұрылымы объектілері меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын жеке және заңды тұлғалар түсініледі.
3. Тексеріп қарау кезінде техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Жолаушылар мен келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау алдында көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған, болуы ықтимал заттар мен құралдарды көрсету міндетті түрде ұсынылады.
5. Техникалық тексеріп қарау құралдарымен көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың болу мүмкіндігінің контурлары және өзге де белгілері табылған кезде, жолаушылар мен келушілердің алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды қоса алғанда, оларды жеке тексеріп қарау жүргізіледі.
Жеке тексеріп қарау көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдарды табу үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады.
Жеке тексеріп қарауды тексеріп қаралатын адаммен жынысы бір адамдар санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына жауап беретін арнайы бөлінген үй-жайларда жүргізеді.
Бір үй-жайда бір мезгілде бірнеше адамды жеке тексеріп қарауға тыйым салынады.
Жеке тексеріп қараудың нәтижелері тексеріп қарауды жүргізетін адам мен өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізілген адам қол қоятын актімен ресімделеді.
6. Тексеріп қараудан, жеке тексеріп қараудан жалтаратын адамдар көлік инфрақұрылымы объектілеріне жіберілмейді, бұл туралы тиісті акт жасалады.
7. Егер жолаушыны және оның алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдар табылмаса, осындай тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектісінің әкімшілігі жолаушының оған билеті бар қатынаспен немесе кезекті осындай қатынаспен жөнелтілуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолдануға, ал жолаушы тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, билеттің немесе оның пайдаланылмаған бөлігінің құнын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтеуге міндетті.
8. Тексеріп қарауды жүргізетін адамдар жолаушылар мен келушілерге қатысты ізетті және сыпайы болуға және олардың қадір-қасиетін түсіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге міндетті.