жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме жүргізушісінің немесе кеме иесінің көліктік бақылау органдарына шағын көлемді кемемен болған көлік оқиғасы туралы ақпаратты бермеуі -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Авариялық жағдайды немесе көлік оқиғасын тергеуді жүргізетін органның не лауазымды адамның сұрау салуы бойынша тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды, анықтамаларды, түсініктемелерді, кеме құжаттарынан үзінді көшірмелерді не басқа да ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
16) 459-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«459-бап. Көлiкте темекi шегу
1. Поездар мен теңiз және өзен көлiгі кемелерiнде белгіленбеген жерлерде темекi шегу -
айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында темекi шегу -
айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
17) 461-баптың 6-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат беру -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
18) 463-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«463-бап. Маршруттық көлік құралдарының тоқтау, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрісі қағидаларын басқа да өрескел бұзу»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы рұқсатсыз, оның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тіркелетін жүріп өтуі -
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - екі жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктермен толықтырылсын:
«3-1. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлердің бірін асыра отырып не маршруттан немесе мерзімнен ауытқи отырып, жүріп өтуі -
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-тармақтың 18) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-2. Барынша рұқсат етілген массасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген автокөлік құралының жол берілген жалпы массасынан асып түсетін өзі аударғышпен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары арқылы жүктерді тасымалдау -
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жетпістен екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-3. Автокөлік құралын тиеу процесінде жүк жөнелтушінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, рұқсат етілген салмақтық және көлемдік параметрлерді асыруы -
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
19) 480-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
20) 481-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жүктерді тасымалдауға арналған теміржол жылжымалы құрамын қоспағанда, контейнерлерді, жүзетін және басқа да көлік құралдарын, сондай-ақ тасымалдау құралдарын зақымдау -»;
21) 484-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын жүйелі түрде бұзушылық, яғни бір жыл ішінде осы Кодекстің 447-1 (екінші бөлігінде), 447-3, 447-5, 460, 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылған кезде, екінші, үшінші, 3-1 және 3-2-бөліктерінде), 467-1-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды үш және одан да көп рет жасау -
жеке тұлғаларды - көлік құралдарын басқару құқығынан алты ай мерзімге айыруға және көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
22) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1,» деген сөздер алып тасталсын;
23) 543-бапта:
бірінші бөлікте:
«электр көлiгiмен» деген сөздер «рельстік көлікпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«446 (бiрiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «446» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«485-487,» деген цифрлардан кейін «490,» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
2) тармақша «396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде)» деген сөздерден кейін «490,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) тармақша «441,» деген цифрлардан кейін «446,» деген цифрлармен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «электр көлiгiмен» деген сөздер «рельстік көлікпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 547-бапта:
тақырып пен мәтіндегі «Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу» деген сөздер «Азаматтық авиация» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік «446 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «446-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
25) 548-бапта:
бірінші бөлікте:
«453 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде)» және «454 (төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер тиісінше «453 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)» және «454 (төртінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«458,» деген цифрлардан кейін «458-1, 458-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«463 (бiрiншi бөлiгiнде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау ережелерiн бұзу болып табылатын кезде, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылатын кезде, екінші, үшінші, 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«479 - 481 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтарды қоспағанда)» деген сөздер «479 - 480 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 480-1, 481» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, 490» деген цифрлар алып тасталсын;
екінші бөліктің үшінші абзацында:
«463 (бiрiншi бөлiгiнде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау ережелерiн бұзу болып табылатын кезде, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылатын кезде, екінші, үшінші, 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«479, 480, 481 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтарды қоспағанда)» деген сөздер «479-480 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 480-1, 481» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, 490» деген цифрлар алып тасталсын;
26) 555-баптың екінші бөлігінде:
«461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, 6-1) бөлiктерiнде)» деген сөздер «461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, 6-1, сегізінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«463 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «463 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 629-бапта:
тақырып пен бірінші бөлік «Көлiк құралын,» деген сөздерден кейін «кемені, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацында:
«Көлiк құралын,» деген сөздерден кейін «кемені, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«медициналық емес» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлік «Көлiк құралын,» деген сөздерден кейін «кемені, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөліктегі «көлік жүргізуден» деген сөздер «көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 630-бапта:
тақырып «Көлiк құралын,» деген сөздерден кейін «кемені, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«463 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «463 (екiншi, үшiншi, 3-1, 3-2 және 3-3-бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көлiк құралдарын,» деген сөздерден кейін «кемелерді, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«(эвакуаторды),» деген сөзден кейін «кемені немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
«немесе тұрақтарға» деген сөздер «, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 447-2, 447-4, 463 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде)-баптарында көрсетілген құқық бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам шетелдіктерге немесе шетелдік заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын, оларды уақытша сақтау үшін арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға жеткізу арқылы, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып жеткізу арқылы әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалғанға дейін ұстауға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.»;
үшінші абзацтағы «немесе тұрақтарға» деген сөздер «, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші, үшінші және төртінші бөліктер «Көлiк құралын,» және «көлiк құралын,» деген сөздерден кейін «кемені, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
29) 634-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сертификатталған, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен автоматты режимде жұмыс істейтін және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсірілім арқылы көлік құралы қозғалысының жылдамдығы мен бағытын, жол жүрісіне басқа да қатысушылардың іс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлігі және жол жүрісі қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалуын тіркейтін бақылау аспаптарының көрсеткіштері себеп болып табылады.»;
30) 636-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасында:
екінші абзацта:
«446 (екiншi бөлiгi),» деген сөздер алып тасталсын;
«484» деген цифрлар «484 (бірінші және екінші бөліктер)» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма жетінші абзацтағы «446-1» деген цифрлар «484 (үшінші бөлігінде, әуе көлігінде бұзушылықтар жасағаны үшін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма тоғызыншы абзацта:
«356» деген цифрлар «317-1 (көлік саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша), 356» деген сөздермен ауыстырылсын;
«357-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«484» деген цифрлар «484 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының (175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451 (екінші бөлігі), 452, 453 (екінші және үшінші бөліктері), 454, 455 (үшінші бөлігі), 457, 477 (төртінші бөлігі), 478, 479, 480 (үшінші және төртінші бөліктері), 481 (автомобиль көлігінде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында);»;
31) 638-баптың екінші бөлігіндегі «және 188» деген сөздер «, 188, 357-2 (бірінші бөлігі), 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылған кезде, екінші және үшінші, 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктерінде) және 467-1» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 639-баптың 1-1-бөлігінің бірінші абзацы «жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында» деген сөздерден кейін «және автомобиль көлігі саласында» деген сөздермен толықтырылсын.
2-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
66-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнайы су пайдалану:
1) мынадай су тарту құрылыстарын: тереңдiгi жиырма метрге дейiнгi шахталы және құбырлы сүзгiлi құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшiн пайдаланылмайтын су тұтқыш қабаттың үстiңгi бетінің бiрiншiсінен тәулiгiне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейi мәжбүрлi төмендетiлмей жұмыс iстейтiн шегендеу құрылыстарын пайдалану;
2) кеменің және оның технологиялық жабдығының жұмысын қамтамасыз ету үшін су объектілерінен теңіз кемелерінің су тартуы кезiнде рұқсат талап етiлмейдi.».
3. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 25-2-тараудың және 240-2-баптың тақырыптарымен толықтырылсын:
«25-2-тарау. Азаматтық авиацияның авиация персоналына жататын қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері
240-2-бап. Азаматтық авиацияның авиация персоналына жататын қызметкерлердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі»;
2) мынадай мазмұндағы 25-2-тараумен толықтырылсын:
«25-2-тарау. Азаматтық авиацияның авиация персоналына жататын қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері
240-2-бап. Азаматтық авиацияның авиация персоналына жататын қызметкерлердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі
Ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты азаматтық және эксперименттік авиацияның авиация персоналына жататын қызметкерлердің еңбегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен және азаматтық авиация саласындағы халықаралық стандарттар мен нормативтер ескеріле отырып, жұмыс уақыты мен еңбек уақыты режимі ұзақтығының ерекше нормаларын белгілейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.».
4-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат):
49-баптың 1-тармағы 38) тармақшасындағы «алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.» деген сөздер «алым;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
«39) азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.».
5-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 68-1-тараудың және 476-1, 476-2, 476-3 және 476-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«68-1-тарау. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым
476-1-бап. Жалпы ережелер
476-2-бап. Алым төлеушілер
476-3-бап. Алым мөлшерлемелері
476-4-бап. Есептеу және төлеу тәртібі»;
2) 55-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым;»;
3) 244-1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасы төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады;»;
4) 366-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы «көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.» деген сөздер «көлік құралдары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасы халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері салық салу объектiлерi болып табылмайды.»;
5) 367-баптың 1-тармағында:
кестенің 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
8. | Мыналар: кез келген санаттағы поездарды магистральдық жолдармен жүргiзу үшiн; магистральдық, станциялық және тар табанды және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн; өнеркәсiптiк теміржол көлiгi жолдары мен магистральдық және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамы | көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы |
Тар табанды және кең табанды магистральдық және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын моторлы-вагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ қалалық рельстік көліктің көлік құралдары | көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы |
»;
6) 456-бап мынадай мазмұндағы 6.1.7., 6.1.8., 6.2.6., 6.2.7., 6.3.7. және 6.3.8.-жолдармен толықтырылсын:
«
6.1.7. | қалалық рельстік көлік | 0,25 |
6.1.8. | теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам | 0,25 |
»;
«
6.2.6. | қалалық рельстік көлік | 0,25 |
6.2.7. | теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам | 0,25 |
»;
«
6.3.7. | қалалық рельстік көлік | 0,25 |
6.3.8. | теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам | 0,25 |
»;
7) 461-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «2 еселенген» деген сөздер «3 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «10 еселенген» деген сөздер «20 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 471-бап мынадай мазмұндағы 1.22-1.-жолмен толықтырылсын:
«
1.22-1. | Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет | 6 |
»;
9) мынадай мазмұндағы 68-1-тараумен толықтырылсын:
«68-1-тарау. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым
476-1-бап. Жалпы ережелер
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысын, авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды, әуеайлақты, тікұшақ айлағын, авиациялық оқу орталығын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеріп қарауды ұйымдастыру бойынша, аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымдарын, аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттауы үшін алынады.
2. Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын салық органдарына өзінің орналасқан жері бойынша алым төлеушілер туралы және салық салынатын объектілер туралы ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.
476-2-бап. Алым төлеушілер
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің мүдделеріне орай азаматтық авиация саласында сертификаттауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Құрылымдық бөлімшелер осындай құрылымдық бөлімшенің мүдделерінде азаматтық авиация саласында сертификаттауды жасаған кезде дербес алым төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
476-3-бап. Алым мөлшерлемелері
1. Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып, штат санына, сертификаттау түріне және (немесе) қызмет саласына, әуе кемесінің салмағына және (немесе) оның қозғалтқыштарының санына, азаматтық авиация саласындағы сертификатталатын объектілердің класына (санаттарына) байланысты белгіленеді.
2. Азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с№ | Сертификат-тау түрі | Пайдаланушының штат (адам) саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін: |
1.1. | | қоса алғанда 50 адамға дейін | 1144 |
1.2. | | 51 адамнан қоса алғанда 200 адамға дейін | 1232 |
1.3. | | 201 адамнан қоса алғанда 400 адамға дейін | 1272 |
1.4. | | 401 адамнан қоса алғанда 600 адамға дейін | 1319 |
1.5. | | 601 адамнан қоса алғанда 1 200 адамға дейін | 1363 |
1.6. | | 1201 адамнан қоса алғанда 2000 адамға дейін | 1407 |
1.7. | | 2001 адамнан астам | 1458 |
2. | Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін: |
2.1. | | қоса алғанда 50 адамға дейін | 743 |
2.2. | | 51 адамнан қоса алғанда 200 адамға дейін | 831 |
2.3. | | 201 адамнан қоса алғанда 400 адамға дейін | 871 |
2.4. | | 401 адамнан қоса алғанда 600 адамға дейін | 918 |
2.5. | | 601 адамнан қоса алғанда 1 200 адамға дейін | 962 |
2.6. | | 1201 адамнан қоса алғанда 2000 адамға дейін | 1006 |
2.7. | | 2001 адамнан астам | 1057 |