2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 23-1- баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті
Аудандық мәслихаттардың тиісті аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) аудандық маңызы бар қалалардың және кенттердің бас жоспарларын, сондай-ақ халқының есептік саны бес мың тұрғынға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларын) бекіту;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ инженерлік жағынан қамтамасыз ету және коммуникациялар схемаларын бекіту кіреді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
24-бап. Облыс әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Облыс әкiмдiктерiнiң облыс қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекітілген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2-1) облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) ведомстволық бағынысты, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды
2-3) құрылыс салудың, аумақты абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау ережелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
3) аумақтарда құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлiк жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де үйлердi және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттарды, инженерлiк коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау мен күтiп ұстау ережелерiн облыстық мәслихаттың бекітуiне ұсыну;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
4) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгізу;
5) республикалық маңызы бар қалалардың оларды облыс аумақтары, резервтiк аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ заң арқылы қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебiнен дамыту бөлiгіндегі бас жоспарларының жобаларына келісім беру;
6) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келісім беру;
7) облыстық мәслихатқа тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөніндегі комиссиялар құруға ұсыныстар енгізу;
8) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістерi туралы халыққа хабарлап отыру;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
11) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
15) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
16) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 17) тармақша өзгертілді
17) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) халықаралық және республикалық деңгейлердегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісу;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-2), 17-3), 17-4), 17-5), 17-6) және 17-7) тармақшалармен толықтырылды
17-2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс объектілері бойынша міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
17-3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
17-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
17-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
17-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
17-7) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
18) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); орыс тіліндегі мәтінде 2-тармақтың бірінші абзацында - «әкiмдерiнiң» деген сөз «әкiмдiктерiнiң» деген сөзбен ауыстырылды; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдары жөнінен облыстардың бас сәулетшілері болып табылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 25- бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
25-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті
1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
3) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ қаланың әкімшілік бағыныстылығына берілген аудандардың және елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
4) қаланың бас жоспарының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) қала құрылысы құжаттамасын қалалық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
6) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген қалалық ережелерін қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) қала шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
7) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының қалалық маңызы бар объектілерін сақтау мен күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
8) қалалық мәслихатқа тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиялар құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
10) қаланың және қала маңы аймағының бекітілген бас жоспарын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын бекіту және іске асыру;
10-1) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
14) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
15) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
17) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18) тармақша өзгертілді
18) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісу;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6) және 18-7) тармақшалармен толықтырылды
18-2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс объектілері бойынша міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
18-3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
18-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
18-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
18-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
18-7) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
19) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді))
21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Астана әкімдігінің қала аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне, осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа:
1) астана аумағында қолданылатын мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын әзірлеуге қатысу;
2) мыналарды:
астана аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік (мемлекеттік нормативтік құжаттар) жобаларын;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ астана аумағында және қала маңы аймағында қала құрылысын регламенттеудің ережелерін;
бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, соның ішінде тұрғын үйлерде мансардалық және типтік қабаттар салу процесін реттеу ережелерін келісу;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) қазіргі бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, оның ішінде тұрғын үйлерде мансардалық және типтік қабаттар салу процесін реттеу қағидаларын бекіту;
3) реконструкцияланатын объектілерді жобалау, салу және пайдалануға беру мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асыру жатады.
2. Халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің қағидаларын осы Заңның 21 және 22-баптарына сәйкес тиісті мәслихаттарға бекітуге ұсыну;
4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
6) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
8) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3. Халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;