Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің екінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
4. Әлеуетті өнім беруші осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген жағдайларда біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылады.
5. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Егер аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия бір ғана әлеуетті өнім берушіні аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сай келеді деп таныған болса, онда мұндай әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.
6. Егер аукционға қатысушы деп танылған және баға туралы ұсыныс берген бір де бір әлеуетті өнім беруші аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылады.
7. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционның қорытындылары туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
Аукциондық комиссияның хатшысы аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күні оны қалыптастырады және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.
8. Тапсырыс беруші аукцион қорытындылары туралы хаттама бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны аукцион жеңімпазына жібереді.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Аукцион жеңімпазы не осы баптың 10 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шарт өзіне берілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қол қоюға және оны ұсынуға тиіс.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың елеулі талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған аукцион жеңімпазы осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне енгізіледі.
10. Егер аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, тапсырыс беруші өзінің баға туралы ұсынысы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған аукцион жеңімпазының баға туралы ұсынысынан кейін ең төмен болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы.
11. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында көзделген, белгіленген мерзімде табыс етпеген жағдайда, тапсырыс беруші өзінің баға туралы ұсынысы мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты табыс етпеген, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткердің баға туралы ұсынысынан кейін ең төмен болып табылатын, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы.
Аукцион жеңімпазын қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында белгіленген мерзімде табыс етпеген, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлер, осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне енгізілмейді.
12. Аукциондық комиссияның шешіміне осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 35-9-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
35-9-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өтпеді деп танудың негіздері мен салдарлары
1. Аукцион:
1) егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға екеуден аз өтінім берілген жағдайда;
2) осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) егер аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса және тапсырыс беруші осы Заңның 35-8-бабының 10 және 11-тармақтарында көзделген құқықты пайдаланбаса;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) егер осы Заңның 35-8-бабының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасылмаса, өтпеді деп танылады.
2. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылған болса, тапсырыс беруші:
1) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36-бап. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
2. Егер, биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең аз мөлшерінен аспаған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды мемлекеттік сатып алудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.
7-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап өзгертілді; 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде үлгілік шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіге жібереді.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына олардың қорытындылары туралы хаттаманың бір данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жібереді.
Мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шарт жасасуға жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасының резидентi емеспен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
3. Осы Заңның 31-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмiн қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жiберген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта осы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны не тиісінше орындалмағаны үшін тұрақсыздық төлемі, сондай-ақ тапсырыс берушінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеме мөлшерінде тұрақсыздық төлемін өндіріп алуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеті көзделуге тиіс.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында не электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген жағдайларда, өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өзімен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiсті түрде орындайтынына кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
Қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері шартта тиісті қаржы жылында көзделген жылдық сома негізге алына отырып есептеледі.
Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) тапсырыс берушінiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiкті ақшалай жарнаны;
2) банктiк кепiлдiкті таңдауға құқылы.
Шарт бойынша мiндеттемелері толық орындалғанға дейiн өнім берушінің енгiзiлген кепiлдiкті ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiнде талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
Тапсырыс берушінiң өнім беруші енгiзген кепiлдiкті ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы, осы Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда оны берген өнім берушілерге, осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды.
6. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар:
1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарда) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;
2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса алады. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi;
5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда), қаржыландыру жоспарында белгiленген, орындалу (көрсетілу, берілу) мерзiмi орындау ұзақтығына байланысты келесi (кейiнгi) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
7. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шараларды орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.
8. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда, бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiледi.
10. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мынадай:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;
2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген көмек көрсету фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.
11. 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 11-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 11-2-тармақпен толықтырылды
11-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауға тиіс.
12. Тапсырыс беруші және өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледi.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиісті түрде орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші қаржы жылы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
38-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге осы Заңда белгіленген мерзімдерде бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, осы Заңның 37-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:
1) ол енгiзген конкурсқа не аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуетті өнім берушінi мемлекеттiк сатып алуға теріс пиғылды қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;
2) мұндай әлеуетті өнім берушінi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудан келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
39-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да жағдайлардың өзгермеу талабымен өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:
1) тараптардың бірі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасаса;
2) шарт жобасының сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізуге жол берілсе;
3) шарт сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса жол беріледі.
Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
2. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге берiлетiн бағаны және тиiсiнше шарттың сомасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуi бойынша;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;
4) егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау процесінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;
7) мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру жасалынған шарт сомасының өзгермеуі немесе сметалық жұмыстардың азаюы шартымен өзгерген жағдайда және кейіннен мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлiгiнде;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты шартты орындаумен байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстар бойынша шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылса, тауарды беру туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы жасасылған шартты осылайша өзгертуге өнім берушінің хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегінде он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі.
3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсыныстар енгізуге жол берілмейді.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі
1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
8-тарау. Арнайы ережелер
41-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
1. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Ерекше тәртіп қолданыла отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ерекше тәртіп қолданыла отырып мемлекеттік сатып алу мынадай:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше шарттарын белгілеу талап етілетін құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздіктің қажеттігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызмет көрсетулерді;
3) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2011.18.02. № 408-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2008.29.12. № 115-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) өздері туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді;
2008.29.12. № 115-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)
9) 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 41-1-баппен толықтырылды; 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 41-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-1-бап. Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Қару-жарақтарды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, сондай-ақ қорғаныс қажеттілігі мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.