2. Жер учаскесiн кейiнгi жер пайдалануға берген кезде бастапқы және кейiнгi жер пайдаланушылар жер пайдаланушының мемлекет алдындағы мiндеттерiн толық көлемiнде атқарады.
3. Кейiнгi жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уақытша өтeуciз пайдалану туралы шарт нысанында жасалады.
4. Кейiнгi жер пайдаланушы жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шартта белгiленген шарттарды сақтай отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтары мен мiндеттерiн (осы Кодекстiң 64 және 65-баптары) iске асырады.
5. Осы Кодекстiң 41-бабына сәйкес жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi тәртібімен берудi қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн кейiнгi жер пайдалануға беруге жол берiлмейдi.
39-бап. Мемлекеттік жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ осы учаскенiң нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметiнiң жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтарын iске асырады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға, сондай-ақ кепілге беруге құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерді қоспағанда, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға не кепілге беруге байланысты жер пайдалану құқығын иеліктен шығару не оны кепілге беру жағдайларына қолданылмайды.
3. Мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесiлi үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) кредиторлардың талап етуi бойынша өндiрiп алуға байланысты жер пайдалану құқығынан өндiрiлiп алынатын жағдайларды қоспағанда (осы Кодекстiң 78-бабының 3-тармағы), мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесiлi жер пайдалану құқығы кредиторлардың талап етуi бойынша өндiрiп алу нысанасы бола алмайды.
4. Мемлекеттік жер пайдаланушы өзiне тиесiлi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) белгiленген тәртiппен жалға берген жағдайда, осы Кодекстiң 52-бабының 3-тармағында белгiленген ережелер бойынша, олармен бiрге аталған мүлiк орналасқан және оны белгiленген нормаларға сәйкес пайдалану үшiн қажеттi жер учаскесi де жалға берiледi.
Үйдiң (құрылыстың, ғимараттың) өзiн тиiсiнше жалға бермей тұрып, үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiн басқа тұлғаға жалға беруге болмайды.
5. Жер учаскесi қызметтiк жер телiмi тәртібімен берiлетiн жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жер пайдаланушының өзiне тиесiлi жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалануға беруiне жол берiлмейдi.
40-бап. Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы
1. Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезiнде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығының туындауын бiлдiредi.
2. Жер учаскесiне ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы бap азамат қайтыс болған жағдайда, жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен мұраға қалдырылады. Егер уақытша жер пайдалану шартында өзгеше көзделмесе, қысқа мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы да осындай тәртiппен мұраға қалдырылады.
3. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, оған тиесiлi жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының нормаларына және осы Кодекске сәйкес құқық мирасқорына көшедi.
41-бап. Қызметтiк жер телiмi
1. Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады.
2. Қызметтiк жер телiмiне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Қызметтiк жер телiмi осы телiмге құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн мемлекеттік заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлiнедi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қызметтiк жер телiмi қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шөп шабу, мал жаю, сондай-ақ омарталар орналастыру үшiн берiледi.
5. Қызметтiк жер телiмi кейiнгi уақытша өтеусiз жер пайдалануға жатады және жұмысқа байланысты бөлiнген кезеңге берiледi. Қызметтiк жер телiмiне ауыл шаруашылығы дақылдары егiлген жағдайда, жұмыстан босатылған қызметкердiң қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығы өнiм жинап алынғаннан кейiн тоқтатылады.
6. Қызметтiк жер телiмi:
1) жасы немесе мүгедектiгi бойынша зейнеткерлiкке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлерде;
2) Қарулы Күштер қатарына мiндеттi мерзiмдi қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкерлердiң отбасында - бұл қызметкерлердiң мiндеттi қызметте немесе оқу орнында болған бүкiл мерзiмiне;
3) қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты қаза тапқан қызметкерлердiң отбасында: жұмысқа жарамсыз жұбайы мен қарт ата-аналары үшiн - өмiр бойы, балалары үшiн - олар кәмелетке толғанға дейiн сақталады.
7. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес қызметтiк тұрғын үй-жайда тұру құқығы сақталатындығына қарай, қызметтiк тұрғын үйді күтiп-ұстауға арналған учаске түріндегі қызметтiк жер телiмiне құқық та сақталады.
8. Қызметтiк жер телiмi тәртібімен жер учаскесiн беру қызметкер мен заңды тұлға әкiмшiлiгiнiң арасында жасалатын қызметтiк жер телiмiн беру туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
9. Қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын мәмiле жасасуға жол берiлмейдi.
5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының,
жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде
42-бап. Жер учаскесiне құқық шектерi
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады.
Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге және жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.
2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады.
Жер учаскелерiне меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жерге құқықтары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген негiздер бойынша шектелуi мүмкiн.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Жер учаскелеріне меншік иелері немесе жер пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға міндетті.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен; 2007.06.07. № 275-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ); 2007.26.07. № 311-III (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 43-бап өзгертілді; 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртібі
1. Мемлекеттік меншiктегi жерлерден жер учаскесiне құқық беру мынадай ретпен жүргiзiледi:
1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
3) жер учаскесiн алдын ала таңдау (жер учаскесі объектілер салу үшін сұралған кезде);
4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы;
5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекіту;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;
8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
9) жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын дайындау және беру.
2. Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады.
Жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім комиссияның теріс қорытындысы негізінде қабылданады.
Комиссияны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілді органының депутаттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының, тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар болған кезде) өкілдері қатарынан құрады.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейiнде құрылатын комиссиялардың құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, жер ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органдардың тиiстi аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерi де мiндеттi түрде енгiзiледi. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгiзiлуi мүмкiн.
Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмi ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары құратын комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданады.
Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның теріс қорытындысы негiзiнде қабылданады.
Комиссия қорытындысы сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алу (жер учаскесі объектілер салу үшін сұралған кезде) мүмкіндігі туралы ұсыныстың комиссияға түскен кезінен бастап бес жұмыс күні ішінде екі данада хаттамалық шешім нысанында жасалады.
Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін өтініш берушіге жіберіледі.
3. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтiнiш бередi.
Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.
Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.
Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп) айқындау үшін жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде түседі.
Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды.
Өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары өтініш берушіге екі жұмыс күні ішінде оның өтінішін қараудан дәлелді түрде жазбаша бас тартуды береді.
Көрсетілген мерзiмге:
осы Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау;
осы Кодекстің 44-бабының 6-тармағында белгіленген келісу;
жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезеңдері кірмейді.
4. Жер учаскесi орналасқан жердегi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкiлеттi органдары (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды.
Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.
5. Нысаналы мақсатына қарай жер учаскелерiн беру ерекшелiктерi осы Кодекстiң 44 және 45-баптарына сәйкес айқындалады.
6. Осы Кодекстiң 84-бабына сәйкес жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiне құқық беруден бас тарту облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінiң шешiмiмен ресiмделедi және оның дәлелдi себептерi көрсетiлуге тиіс, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға тиiс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінiң жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның тиiстi қорытындысы келiп түскен кезден бастап жетi күнге дейiнгi мерзiмде қабылданады.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскелерiне тиiстi құқықтар беру не оларды беруден бас тарту туралы шешімінің көшірмесі шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тапсырылады (жіберіледі).
Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бiрге жоғары тұрған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиiстi уәкiлеттi органы бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейiнгi мерзiмде қабылданады.
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде, сол шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады.
Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады.
Жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындауды және беруді мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алты жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Жеке тұрғын үй құрылысына бөлiп берiлетiн алаңда жер учаскелерiн жайластырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда әрбiр жер учаскесi үшiн жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi.
8. Мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерi және сол жер учаскелерiн жалдау құқығы осы Кодекстiң 48-бабында белгiленген ережелер ескерiле отырып, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектiлерi болуы мүмкiн.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар беретін мынадай құжаттар:
жер учаскесi жеке меншiкте болған кезде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici;
тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi;
уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде - уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;
уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады.
Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі.
Жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді енгізу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.
10. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.
Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.
11. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлгенге дейiн азаматтар мен заңды тұлғаларға бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген жер учаскелерiне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жер учаскелерiне құқықтардың өзгеруi ескерiле отырып, заңдық күшiн сақтайды.
Осы Кодекске сәйкес мұндай құжаттарды жер учаскелерiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға ауыстыру құқық иеленушілердiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.
12. Жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлiк тәртібімен алған кәмелетке толмағандарға жер учаскелерiне құқықты ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға беріледі. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi бұл жер учаскелерiн мұрагерлер кәмелетке толғанға дейiн жалға беруге құқылы.
13. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқық беру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
14. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты тұрғындар үшін қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стендтерде тоқсанына кемінде бір рет орналастырып отыруға міндетті.
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-бап. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Объект салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде жер учаскесін таңдау алдын ала жүргiзiледi.
Объект салу үшiн, ал қажет болған жағдайларда және оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгiлеу үшiн жер учаскесін таңдау нәтижелерiн тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері жер учаскесiн таңдау туралы актiмен ресімдейді. Осы актiге әрбiр жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес оның шекараларының жобалары қоса беріледi.
Объект салуға жер учаскесін таңдау актісін беру үшін барлық қажетті келісулерді тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
Бұл ретте елдi мекеннiң бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және оларда құрылыс салудың осы жоспарларын алмастыратын схемасы) негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс жобалары, сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жер учаскесiн таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және қорытынды дайындау үшiн комиссияға жібере отырып, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi.
Жерге орналастыру жобасының құрамында: берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады.
Болжанып отырған, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару жағдайында, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсіндегі шығасының есептеулерi қоса берiледi.