«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы»
акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы № 878 Қаулысы
(2006.14.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкiметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келісімдi (бұдан әрi - Келісім) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қазақстандық бөлігінiң инфрақұрылымын құру, дамыту және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
оны құру мақсаттарына қол жеткiзу мақсатында қызметiн "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігiнің аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен және шаруашылық жүргiзушi субъектілермен өзара iс-қимыл жасау;
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын дамытудың ағымдағы, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінің аумағында Келісімде айтылған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға әлеуетті инвесторларды тарту;
Келісімде айтылған және "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлiгiн басқару жөніндегi уәкілетті органмен келісiлген шаруашылық қызмет түрлерiн жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 200000000 (екi жүз миллион) теңге бөлсiн.
4. Алматы облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен географиялық координаттары, орналасу схемасы және шекаралары Келісімде келтірілген алаңы 120 (бiр жүз жиырма) гектар жер учаскесін қайтарымды ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында Қоғамға берсін.
5. Қоғам ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджетке өтеуден босатылсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бiрлесіп:
1) Қоғамның жарғылық капиталын осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттан 200000000 (екi жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
2) Қоғамды Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2006.14.03. № 164 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Сыртқы істер, Көлік және коммуникация, Қаржы министрліктерiнің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келісім бойынша), Алматы облысы әкiмдiгінің өкiлдерiнен және Қоғамның атқарушы органының басшысынан Қоғамның директорлар кеңесiн қалыптастырсын.
8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2005 жылғы 25 тамыздағы
№ 878 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
"Алматы облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 38-3-жолмен толықтырылсын:
"38-3. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" AҚ".
2. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнің және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесi:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-18-жолмен толықтырылсын:
"237-18. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АҚ (Алматы облысы)".
3. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құрудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 981 қаулысында:
5-тармақ алынып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелepi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiмен толықтырылсын.
5. "Тоқыма өнеркәсібі" пилоттық кластерін дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 19 тамыздағы № 858 қаулысында:
3-тармақта "1000000000 (бiр миллиард)" деген сөздер "500000000 (бec жүз миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2005 жылғы 25 тамыздағы
№ 878 қаулысымен Бекiтілген
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен Бекiтілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлік қоғам
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамы, Алматы облысы.