"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын
құрудың кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 981 қаулысы
(2005.25.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 наурыздағы № 311 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 22-25 желтоқсандағы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол жеткiзген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары 4-тармағының 1) тармақшасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын (бұдан әрi - "Қорғас" ШЫХО) құру туралы негiздемелiк келісімнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Болат Советұлы Смағұловқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" ШЫХО құру туралы негiздемелiк келісім жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Алматы облысының әкiмдiгiмен бiрлесiп, "Қорғас" ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiн салуға және игеруге қатысу үшiн ықтимал инвесторларды тарту жөнiнде жұмыс жүргiзсiн.
4. Алматы облысының әкiмдiгi 2004 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде "Қорғас" ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлесiн.
5. ҚР Үкіметінің 2005.25.08. № 878 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулыны үйлестіру мен оның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігiне жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |