«Тоқыма өнеркәсiбi» пилоттық кластерiн дамытудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 858 Қаулысы
(2005.25.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстанда өндiрiлетiн мақта талшығының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң мақта өсiру жөніндегі тиiмдi қызметiн ұйымдастыру, Қазақстанда өндiрiлетiн мақта талшығының сапасын арттыру, мақта шикiзатына тұрақты баға белгiлеудi қамтамасыз ету, мақта-тоқыма кластерiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн тиiмдi көлiк жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгiленген тәртiппен 2005 жылы "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн мақта талшығы сапасының халықаралық стандарттарын әзiрлеу және енгізу жөнiнде зерттеулер жүргiзуiн қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министрлiктерi мақта талшығы сапасының халықаралық стандарттарын енгізу мақсатында:
1) 2005 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде Қазақстанда өндiрiлетiн мақта талшығының сапасына мiндеттi сараптаманың, сондай-ақ мақта зауыттарына мақта шикiзатын өткізу кезiнде мақта шикiзатының сапасына ерiктi, тәуелсiз сараптаманың жүргiзiлуiн көздейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тиiстi жобаларын әзiрлесiн;
2) 2005 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бiрлесiп, халықаралық сапа стандарттарына (практикасына) сәйкес Қазақстанда өндiрiлетiн мақта талшығының сапасын бағалау жөнiнде қызмет көрсету үшiн тәжiрибесi және қажеттi біліктiлiгi бар халықаралық компанияны (тәуелсiз агенттiктi) тартуға конкурс ұйымдастыруды, бұл ретте меншiктi қаражаты есебiнен мақта талшығының сапасын бағалау жөнiнде зертханалар мен мақта талшығының сапасы бойынша ақпараттық дерекқор құруды мiндеттi шарт ретiнде белгiлей отырып, қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң мақта шикiзатының және мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі шығыстарын 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылдық кезең iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен өтеу схемасы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.25.08. № 878 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында (бұдан әрi - еншiлес акционерлік қоғам) мақта талшығын өндiру жөніндегі қазiргi заманғы моделдiк зауыт құру үшiн "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 500000000 (бec жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
4. Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрлiктерi "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бiрлесiп, зауыт пайдалануға берiлген сәттен бастап 1 (бiр) жыл iшiнде ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне еншiлес акционерлік қоғам акцияларының шектеушi пакетiн сатуды қамтамасыз етсiн.
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағында жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету үшiн еншiлес акционерлік қоғам акцияларын сатудың негiзгi шарттары мыналар болып белгiленсiн:
сатып алушыларға олар акцияларды сатып алған сәттен бастап 5 (бес) жыл кезеңге акцияларды иелiктен айыруға, кепiлге салуға немесе оларға билiк етудiң өзге тәсiлдерiне шек қою;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген акционердiң құқықтары мен мiндеттерi шегiнде сапалы шикiзаттың тұрақты жеткiзiлуiн және мақта талшығына баға деңгейiн қамтамасыз ету.
5. Көлiк және коммуникация, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерi Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Арыс станциясында мақтаны және басқа тауарларды контейнерлiк тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі көлiк-логистикалық орталығын дамыту мақсатында екi ай мерзiмде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" және "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамдарының:
1) Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Арыс станциясында көлiк-логистикалық орталығының қызметiн жүзеге асыру үшiн барлық қажеттi құжаттар алуын;
2) Арыс темір жол станциясының және көлiк-логистикалық орталықтың жылжымалы және локомотивтiк құрамды уақтылы бөлу, халықаралық порттарға дейiн баратын арнайы контейнерлiк пойыздарды ұйымдастыру, тарифтiк шаралармен және экспортқа шығарылатын контейнерлiк тасымалдарды ынталандыру бөлiгiнде келісілген өзара iс-қимыл тетiгiн әзiрлеу мен iс жүзiнде енгізудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |