7. Шетелдік тауарлар сипаты, сапасы, саны және техникалық сипаттамалары бойынша балама тауарларға сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді қамтамасыз ету мұндай ауыстырудың міндетті шарты болып табылады.
8. Балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдері кері импорттың кедендік рәсімімен, ал әкелінетін шетелдік тауарлар кері импорттың кедендік рәсімімен әкетіледі.
9. Шетелдік тауарларды әкелу кезінде кеден органы балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерінің сапасымен, мөлшерімен және техникалық сипаттамаларымен салыстырады.
10. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
353-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерінің, қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған ұсақ-түйек қалдықтар мен қалдықтардың осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы арқылы аяқталады.
Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін, транзит кедендік рәсімін қоспағанда, қайта өңдеу өнімдерінің, қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған ұсақ-түйек қалдықтар мен қалдықтардың осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе өзге де кедендік рәсіммен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
2. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуы (тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі) қайта өңдеу өнімдерін кедендік қойма немесе уақытша әкелу кедендік рәсімдерімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру және қайта жаңғырту тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
3. Қайта өңдеу өнімдері кері экспорттың кедендік рәсімімен және (немесе) өзге де кедендік рәсімдермен бір немесе бірнеше партиялармен (жөнелтімдермен) орналастырылуы мүмкін.
Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
4. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырушы тұлға бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп беруге міндетті.
Кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
354-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
2. Декларанттың кедендік аумақта қайта өңдеу рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті:
1) қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу уақытында, кедендік әкелу баждарын салықтарды төлеу мерзімі туындаған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 347-бабының 1-тармағында белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі аяқталған кезде;
2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Мыналар:
1) шетелдік тауарлар кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат берілген тұлға және (немесе) қайта өңдеу жөніндегі операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берілген кезде - тауарлардың берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні;
2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылудың (қайтарымсыз жоғалудың) не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін шетелдік тауарлар жоғалған кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні;
3) осы Кодекстің 347-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі аяқталмаған кезде - тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткен күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
4. Кедендік әкелу баждары, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескерілмей, төленуге жататын, кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.
5. Кеден одағының кедендік аумағынан кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған қайта өңдеу өнімдері әкетілмеген кезде осы Кодекстің 404-бабының 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға төлеуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомаларынан пайыздар осы Кодекстің 134-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазылмайды.
355-бап. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері
1. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және олардың шығу нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары төленеді.
2. Қайта өңдеу өнімдерін және (немесе) қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждарының, салықтардың ставкалары, валюталардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін нарықтық бағамы кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады.
3. Қайта өңдеу өнімдерін және (немесе) қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомаларынан пайыздар осы Кодекстің 134-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазылмайды.
41-тарау. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі
356-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу, кейіннен қайта өңдеу өнімдері Кеден одағының кедендік аумағына әкеліне отырып, Кеден одағының тауарлары Кеден одағының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларды белгіленген мерзімде кедендік әкелу баждарын төлеуден шартты түрде толық босата отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай жасау мақсатында Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін кездегі кедендік рәсім болып табылады.
2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған және Кеден одағының кедендік аумағынан нақты әкетілген тауарлар Кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады.
357-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыруға:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 361-бабында айқындалған мәліметтер қамтылған тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат табыс етілген жағдайда жол беріледі.
Егер тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу рәсімімен орналастыру мақсаты оларды жөндеу болып табылса, осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген құжат ретінде кедендік декларация пайдаланылуы мүмкін;
2) осы Кодекстің 363-бабына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру жағдайын қоспағанда, кеден органдарында Кеден одағының тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігі болған жағдайда жол беріледі.
2. Кеден одағының комиссиясы кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.
3. Тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер беріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар оларды жөндеу жөніндегі операцияларды жасау үшін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
358-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялар
Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
1) тауарлар өзінің дара сипаттамаларын жоғалтатын кезде оларды қайта өңдеуді және өңдеуді;
2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеуді және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;
3) тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеуді қамтиды.
359-бап. Кеден одағының тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру
Кеден одағының тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер:
1) декларанттың, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды адамдарының кеден одағының бастапқы тауарларына мөрлерді, мөртабандарды, сандық және басқа да таңбаларды қоюы;
2) Кеден одағы тауарларын егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, ауқымында бейнелеу;
3) Кеден одағы тауарларының алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін және оларды қайта өңдеу өнімдерін салыстыру;
4) тауарлардың таңбалануын, соның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
5) тауарлардың сипатына және тауарларды қайта өңдеу жөніндегі жүзеге асырылатын операцияларға орай, оның ішінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияны жасаудың технологиялық процесінде Кеден одағының тауарларын пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы ұсынылған егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен қолданыла алатын өзге де тәсілдер пайдаланылуы мүмкін.
360-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі
1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі екі жылдан аспауға тиіс.
Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партиямен) кедендік декларациялау кезінде - осы кедендік рәсімге тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады.
2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің мерзімі:
1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) қайта өңдеу өнімдерін іс жүзінде әкелу үшін және оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталатын кедендік рәсімдерге орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды.
3. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
4. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін екі жыл шегінде ұзарту туралы мәселені шешу үшін декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей, қайта өңдеу мерзімін ұзартудың орындылығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы жазбаша өтініш береді.
Декларанттың қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы өтінішін кеден органы өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде кеден органы қарауға тиіс. Көрсетілген кезеңге қайта өңдеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Кеден органы қайта өңдеудің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілген мерзім осындай шешім қабылданған күнге қарамастан алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады.
Декларант осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулерді сақтамаған жағдайда тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзартудан бас тартылуы мүмкін.
Кеден одағының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы немесе осындай ұзартудан бас тарту туралы кеден органының шешімі декларанттың назарына жазбаша түрде жеткізіледі. Бұл ретте Кеден одағының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде кеден органындағы кедендік декларация данасының бірінші парағының келесі жағында мерзімді ұзарту туралы белгі және күні қойылады. Көрсетілген белгі кеден органының лауазымды адамының қол қоюымен, жеке нөмірлік мөрімен расталады.
361-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат
1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттің органы беретін тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кез келген тұлға ала алады.
2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:
1) құжат берілген тұлға;
2) қайта өңдеу операцияларын тікелей жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар);
3) Кеден одағы тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, сыныптамасы, олардың мөлшері мен құны;
4) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінен тыс тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
5) қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары;
6) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері;
7) тауарларды сәйкестендіру тәсілдері;
8) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі;
9) егер қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыруға жол берілсе, осындай ауыстыру;
10) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтер болуға тиіс.
3. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Кеден одағының тауарларын кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы, тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат берілген уәкілетті орган жүзеге асырады.
362-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары
1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы деп Кеден одағы тауарларының белгілі бір санын қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің саны немесе пайыздық құрамы түсініледі.
2. Егер кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялар сипаттамалары негізінен тұрақты болып қалатын, әдетте анық белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалса, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығу нормаларын белгілеуі мүмкін.
363-бап. Қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру
1. Егер қайта өңдеу жөніндегі операциялар жөндеу болып табылған жағдайда, сондай-ақ тауарлар құбыржол көлігімен өткізілген кезде кеден органының рұқсатымен өз сипаты, сапасы және техникалық сипаттамасы бойынша қайта өңдеу өнімдеріне сайма-сай келетін қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
2. Тауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыруға қайта өңдеу өнімдерін ауыстыратын тауарлар кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес жөндеуге арналған тауарларға қатысты ұқсас немесе біртекті болып табылған жағдайда жол беріледі. Бұл ретте тауарлардың ауыстырылатын бөліктері жаңа болуы да, бұрын қолданылған болуы да мүмкін.
3. Тауарларды жөндеу кезінде, мұндай жөндеу алынған өнімге бастапқы өнімнен елеулі айырмашылығы бар сипат беретін болса, қайта өңдеу өнімдерін ауыстыруға жол берілмейді.
4. Шарттың (келісімшарттың) тиісті ережелері және тауарларды жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаның кепілдік берілген міндеттемелері тауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыруға негіздеме болып табылады.
364-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда кері импорт немесе ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдерімен орналастыру арқылы аяқталады.
Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған тауарларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда кері импорт немесе экспорт кедендік рәсімдерімен орналастыру арқылы аяқталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының аумағына міндетті түрде қайтарылуға жатса, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі экспорттың кедендік рәсімімен аяқтала алмайды.
2. Қайта өңдеу өнімдері кері импорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдері арқылы бір немесе бірнеше партиялармен (жөнелтімдермен) орналастырылуы мүмкін.
3. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар, олар кейін коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйге қайта өңделетін жағдайларды қоспағанда, өзге де кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады. Бұл ретте тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлар қалдықтар деп түсініледі.
4. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік ысыраптар өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайды. Бұл ретте қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік ысыраптар өндірістік ысыраптар деп түсініледі.
5. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлардың қалдықтары шығу нормаларына сәйкес өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатады. Бұл ретте тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде пайдаланылмаған тауарлар тауарлардың қалдықтары деп түсініледі.
6. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырушы тұлға бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп беруге міндетті.
Есептің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
365-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
2. Декларанттың кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеті:
1) қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы уақытында кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі туындаған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 360-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі аяқталған кезде;
2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Мыналар:
1) тауарлар қайта өңдеу жөніндегі операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берілген кезде - тауарлардың берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды беру фактісі анықталған күні;
2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін тауарларды жоғалтқан кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды жоғалту фактісін анықтаған күні;
3) осы Кодекстің 360-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталмаған кезде - тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткен күн кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
4. Кедендік әкету баждары тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік әкету баждарының сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.
366-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері
Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар мынадай тәртіппен төленеді:
1) төленуге жататын кедендік әкелу баждарының сомасы тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны негізге алынып айқындалады.
Егер қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құнын белгілеу мүмкін болмаса, ол қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны мен кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың кедендік құнының айырмасы ретінде, осы тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру күні әкетілінгендей болып айқындалады.
Егер қайта өңдеу өнімдеріне кедендік әкелу баждарының ерекшелікті ставкалары қолданылса, төленуге жататын кедендік әкелу баждарының сомасы қайта өңдеу жөніндегі операциялар құнының қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құнының арақатынасына қайта өңдеу өнімдеріне қатысты ерекшелікті ставка бойынша есептелген кедендік баж сомасын көбейту ретінде, қайта өңдеу өнімдері ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғандай айқындалады.
2) төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құнын растайтын құжаттар болмаған кезде, қайта өңдеу өнімдерінің құны мен қайта өңдеу үшін әкетілген тауарлардың кедендік құны арасындағы айырма ретінде айқындалуы мүмкін осы операциялар құны негізге алынып айқындалады.
3) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операция әкетілген тауарларды жөндеу болып табылатын жағдайды қоспағанда, қайта өңдеу өнімдеріне қатысты акциздердің сомасы толық көлемде төленуге жатады.
367-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көрінісіндегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), кедендік әкету баждарының ставкалары, валюталардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін нарықтық бағамы кеден органының тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады.