9) құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына жүзеге асырылады.
2. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) ішкі сауда объектілерінде;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
3) ветеринарлық препараттарды өндіруді қоспағанда, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
4) экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
5) экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
6) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
7) экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері тексеру нысанында және өзге де нысандарда, оның ішінде ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарау жолымен жүзеге асырады.
4. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
5. Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын, таралуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау күн сайын жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына тексеру тағайындалмай, тұрақты түрде жүргізіледі.
7. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру актісін жасайды.
Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіпті жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
8. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай өз құзыреті шегінде нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
9. Тексеру актісі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
Тексеру актісі үш (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринариялық дәрігері қол қояды.
Тексеру актісінің бірінші данасын тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екінші данасы тексерілетін адамға қолын қойғызып, беріледі, үшінші данасы тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерде қалады, ал төртіншісі сотқа талап қоюды ұсыну үшін тиісті аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына, мемлекеттік ветеринариялық дәрігеріне беріледі. Тексерілетін адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда, актінің тиісті данасы оған поштамен жіберіледі.
10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісі нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекемделген тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркеледі.»;
8) 15-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметі;»;
9) 16-бапта:
3-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;»;
4) тармақша алып тасталсын;
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;»;
4) тармақшадағы «табыс ету;» деген сөздер «табыс ету кіреді.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
10) 17-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің құқықтары»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына, жергілікті атқарушы органдарға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.»;
11) 18-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің актiлерi»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер құзыреті шегінде мынадай актiлер:»;
12) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тәуелсiздiгi
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.»;
13) 20-бапта:
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган белгiлейтiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына эпизоотикалық тұрғыдан қолайлы басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуiне, сондай-ақ транзитiне жол берiледi.»;
«4. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн уәкілетті орган шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырады.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган бекітеді.»;
14) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
15) 22-бапта:
3-тармақтың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру;»;
«5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеудi ұйымдастыру кiредi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде, ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.»;
16) 23-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшіліктері жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде қызметтік үй-жай беруге міндетті.
4. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
17) 24-6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Зертханалық зерттеу нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен олардың бұдан әрi пайдаланылуы немесе кәдеге жаратылуы, жойылуы тұрғысынан сараптама жасалуға тиiс.»;
18) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эпизоотика ошақтарын жою және уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзілген жануарлардың аса қауiптi ауруларының таралу қаупінің алдын алу кезiнде пайдаланылатын, үнемi жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың белгiлi бiр көлемi ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.»;
19) 30-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзат, олардың қауiптілік дәрежесiне қарай, уәкілетті орган бекiткен тәртiппен мiндеттi түрде алып қоюға және жойылуға не алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандырылуға (зарарсыздандырылуға) және өңделуге тиіс.
2. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда:»;
20) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауыл шаруашылығы жануарлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті сәйкестендіруге жатады.»;
21) 35-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы;»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларын және жануарлардың энзоотиялық ауруларын қоспағанда, инвазиялық ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;».
65. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
1) 5-баптың 4), 5), 7-1), 8), 9) 10), 11), 12) және 13) тармақшалары алып тасталсын;
2) 6-бапта:
4), 6), 7-1) және 8-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұқымның мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды жүзеге асырады;»;
«6) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
«8-1) сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-2) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, тұқымдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тізбесін және оларға бөлінетін субсидиялардың нормативтерін айқындайды;
8-3) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8-4) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8-5) мемлекеттiк тұқым ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын, олардың құрылымы мен көлемiн әзірлейді және бекітеді;
8-6) тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1) техникалық регламенттердi әзiрлейдi және бекітеді;»;
20) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз кіруді және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасының анықталған бұзылушылықтарын жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады.»;
3) 6-1-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;»;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) осы Заңның 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
12) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін - бірегей тұқымдар бойынша;
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;»;
16) тармақша алып тасталсын;
4) 8-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау мақсатында тұқым шаруашылығының субъектілеріне баруға және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;»;
5) 13-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агент өзіне жүктелген функцияларды уәкілетті орган айқындаған құзыреті шегінде уәкілеттік органмен шарт негізінде және Мемлекеттік тұқым ресустарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.»;
6) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың жергілікті атқарушы органы белгiлейтiн квоталардан кем болмайтын көлемдерде тұқым өндiрудi қамтамасыз етуге тиiстi аттестатталған тұқым өндiрушiлердi қоспағанда, тұқым өндiрушiлер тұқым өндiру көлемдерiн өз бетiнше белгiлеуге құқылы.»;
7) 23-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-3-бап. Сұрыптардың патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау
Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының патент қабілеттілігі және шаруашылыққа пайдалылығы уәкілетті орган бекітетін өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік сынақ және (немесе) өтініш берушінің деректері бойынша бағаланады.».
66. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қолайсыз табиғат құбылысының фактісі бойынша зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі - зерттеп-қарау актісі) - талаптары уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осы Заңда көзделген, егістің ішінара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат (құбылысының) құбылыстарының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;»;
2) 4-1-бап алып тасталсын;
3) 5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң осы Заңда белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттерiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
3), 6), 7), 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4), 12-5) және 12-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
12-2) мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алқаптың бiр гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерiн әзірлейді және бекітеді;
12-3) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн ақшаны пайдалану тәртiбiн және агент көрсететiн қызметтерге төленетiн ақының мөлшерiн әзірлейді және бекітеді;
12-4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынуы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
12-5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия құруының және оның жұмысын ұйымдастыруының тәртiбiн және зерттеп-қарау актiсiнiң нысанын әзірлейді және бекітеді;
12-6) гидрометеорология қызметi органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгi нысанын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
3) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;
4) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады;
5) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлейдi.»;