19-6) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;»;
3) 9-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Радиожиілік спектрін бөліп беру Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекітетін Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлудің ұлттық кестесіне және Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде уәкілетті орган бекітетін радиожиілік спектрін перспективада пайдаланудың жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін Қазақстан Республикасының уәкілетті органы айқындайды.»;
6) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсiн құрайтын желiлер үшiн уәкілетті орган:
1) өзара іс-қимыл жасаудың, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ұйымдастыру-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарушы параметрлердi қалыптастыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтитын телекоммуникация желiлерiн орталықтандырып басқарудың бiрыңғай тәртiбiн айқындайды;
2) телекоммуникация желiсiнің санатына байланысты телекоммуникация желiлерiн құру, басқару, нөмiрленудi пайдалану, олардың жұмыс iстеуiн, тұрақтылығын және ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдастыру-техникалық тұрғыдан қамтамасыз eту, радиожиілік спектрiн пайдалану, трафиктi өткiзу тәртiбi, желiлердің өзара іс-қимыл шарттары, телекоммуникация қызметтерiн көрсету жөнiндегi талаптарды белгілейді;
3) арналарды коммутациялау технологиясын хабар беру және коммутациялаудың пакеттік технологиясымен ауыстыруға негізделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды аяқтағанға дейін техникалық қажеттілік туындаса, қызметтер көрсетуді ұйымдастырудың өздері таңдаған тәсіліне қарай тіркелген телефон байланысы қызметтерін көрсететін байланыс операторлары желілерінің қосылуы және өзара іс-қимылы шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді.»;
7) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосу шарты жария шарт болып табылады, оның үлгі нысанын уәкілетті орган бекітеді.»;
8) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбін және олардағы жұмыс режимiн уәкілетті орган айқындайды. Аталған аймақтардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.».
76. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 8-баптың 4), 5), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 15), 15-1), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28) және 28-1) тармақшалары алып тасталсын;
2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9), 26-10), 26-11), 26-12), 26-13), 26-14), 26-15), 26-16), 26-17), 26-18), 26-19), 26-20), 26-21), 26-22), 26-23), 26-24), 26-25), 26-26), 26-27), 26-28) және 26-29) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізу;»;
«26-6) ішкi су жолдарын пайдалану қағидаларын бекiту;
26-7) кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту;
26-8) порттың мiндеттi көрсететін қызметтерінің тiзбесiн бекiту;
26-9) жағалау белдеуiн пайдалану тәртiбiн айқындау;
26-10) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;
26-11) біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту;
26-12) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тізбесін бекiту;
26-13) қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларын бекiту;
26-14) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
26-15) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
26-16) кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларын бекіту;
26-17) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін айқындау;
26-18) ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту;
26-19) ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту;
26-20) ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;
26-21) кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту;
26-22) шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту;
26-23) ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту;
26-24) кемелердегі қызмет жарғысын бекіту;
26-25) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидаларын бекіту;
26-26) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту;
26-27) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
26-28) шағын кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
26-29) Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту;»;
3) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне:
1) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
2) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру жатады.»;
4) 15-4-баптың 6-тармағының екінші бөлігі және үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруді, кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды шағын көлемді кемені басқару құқығына кеме жүргізушілерді аттестаттау қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде жергілікті атқарушы органға:»;
5) 17-баптың 18) және 19) тармақшалары алып тасталсын;
6) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Лоцмандар ретiнде жұмысқа лоцмандық қызмет туралы ережеде белгiленген талаптарға, сондай-ақ кемелердi лоцмандық алып өтуге уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сай болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiлуi мүмкiн.»;
7) 23-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде берілуі және жүргiзілуі тәртiбiн уәкілетті орган айқындайтын мынадай кеме құжаттары:»;
8) 32-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
9) 33-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеме экипажының ең аз құрамын уәкілетті орган белгiлi бiр түрдегi кеменi пайдалану талаптарына сәйкес белгiлейдi.»;
10) 35-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеме капитанына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оны аттестаттау тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
11) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кемелердiң портқа кiруi және олардың порттан шығуы, кемелердiң порт акваториясының шегiнде жүзуi және портта тұруы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
12) 48-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган белгiлейтiн, порттың мiндеттi көрсетілетін қызметтер тiзбесiне кiрмейтiн көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттармен айқындалады.»;
13) 50-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртiбiн және түрлерiн (бұдан әрi - жолаушыларды тасымалдау қағидалары) уәкілетті орган айқындайды.»;
14) 51-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі су көлігімен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды.»;
15) 56-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Iшкi су көлiгiнде жүк тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн (бұдан әрi - жүк тасымалдау қағидалары) уәкілетті орган бекiтедi.»;
16) 59-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң iшкi су жолдарындағы кеме қатынасы тәртiбiн уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар айқындайды.»;
17) 61-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өткізілетін жүктерді есепке алу және олар үшiн есеп айырысу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
18) 63-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тiркеп сүйретiлетiн объектiлердi тiркеп сүйреу (бұдан әрi - тiркеп сүйреу) тiркеп сүйреу шартына және уәкілетті орган бекiтетiн Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу қағидалары:».
77. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат):
16-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру тарифі, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындаған объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ескеріле отырып белгіленеді.».
78. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат):
1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау туралы ережесiн бекiтедi;
3) есептiк тарифтi айқындау, шектi және жеке тарифтердi бекiту тәртiбiн бекiтедi;
4) үлгiлiк инвестициялық шартты, үлгiлiк келiсiмдi бекiтедi;
5) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
6) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
7) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
8) шекті тарифтерді бекітеді;
9) электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
12) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
14) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;
15) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
17) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
21) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
22) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді;
23) жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
24) электр энергиясын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүліктер (активтер) тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдайды;
25) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
26) электр желілік қағидаларын бекітеді;
27) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
29) энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
31) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
32) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
33) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
34) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
35) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
36) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
37) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
38) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
39) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
40) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
41) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
42) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43) жүйелік операторды айқындайды;
44) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;
45) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46) энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекітеді;
47) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
48) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
49) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылу және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекітеді;
50) энергия өндiрушi ұйымдар топтарын қалыптастырады;
51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 2), 4) - 8) тармақшаларында, 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
52) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
53) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторын айқындайды;
54) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
55) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ өңірлер үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;
56) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін бекітеді;
57) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
58) келiсiмдерде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндiрушi ұйымдардың орындауына мониторинг жүргiзедi;
59) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
60) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
61) инвестициялық бағдарламаны әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi және бекітеді;
62) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiмдер және инвестициялық шарттар жасасады;
63) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат сұратады және алады;
64) электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
65) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
66) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;
67) жүйелік операторға тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазын, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасын, көлемін және мерзімдерін айқындайды;
68) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;
69) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу тәртібін және мерзімдерін бекітеді;
70) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
71) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 5-1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электр энергетикасы саласындағы бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жергілікті атқарушы органдар мыналарды:
1) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін;
2) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Электр энергетикасы объектiсiнiң басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшiн орындау мерзiмдерi мен орындалуына жауапты адамдар көрсетiлген белгiленген үлгiдегi нұсқама берiледi немесе акт жасалады, оның негізінде объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзірлейді, ол мемлекеттiк энергетикалық бақылау жөніндегі органға және жергілікті атқарушы органға табыс етiледi.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Жергілікті атқарушы органдар:
1) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;
2) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
3) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын береді;
4) қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалауды және салуды келіседі;
5) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен кіші станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар береді.»;
5) 12-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шекті, есептік және жеке тарифтер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.»;