1) 5-баптың 4) және 6-1) тармақшалары алып тасталсын;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 15-3) және 15-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-3) республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тiзбесiн бекiту;
15-4) геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтiк құқықтық актiлерді бекіту.»;
3) 12-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.»;
4) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидаларды уәкілетті орган бекітеді.».
64. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 9), 10), 39-2) және 45-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ветеринариялық құжаттар - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат; мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
10) ветеринариялық паспорт - уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;»;
«39-2) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау - өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігін айқындау үшін уәкілетті орган кезеңділікпен жүргізетін рәсім;»;
«45-1) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі - эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат;»;
2) 5-баптың 3), 4), 5), 6), 7), 9), 9-1), 9-2), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 18), 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17) және 18-18) тармақшалары алып тасталсын;
3) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
4), 9), 10), 12), 21), 22), 29), 30), 32), 34), 37), 38), 38-1), 38-2), 42), 45), 46-1), 46-2), 46-3) және 46-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тiзбесiн әзірлеу және бекіту;»;
«9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
10) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;»;
«12) эпизоотиялық мониторинг жүргізу;»;
«21) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
22) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;»;
«29) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
30) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«32) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«37) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;
38) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлеу және бекіту;
38-1) процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
38-2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«42) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«45) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«46-1) жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
46-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
46-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
46-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;»;
46-7) тармақша алып тасталсын;
46-8), 46-10), 46-11), 46-13), 46-14), 46-15), 46-16), 46-17), 46-18), 46-19), 46-21), 46-22) және 46-23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«46-8) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«46-10) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлеу және бекіту;
46-11) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«46-13) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-14) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-16) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-17) жануарларды карантиндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-18) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-19) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«46-21) жануарларға қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-22) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-23) мемлекеттік органдардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
4) 10-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5), 11-6), 11-7) және 11-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
11-2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
11-3) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
11-4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
11-5) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
11-6) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
11-7) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
11-8) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;»;
1-1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5), 11-6), 11-7), 11-8) және 11-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
11-2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
11-3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
11-4) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
11-5) тиісті әкімшілік-аумақтың бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
11-6) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
11-7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
11-8) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
11-9) жеке және заңды тұлғаларға қатысты орындалуы міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5), 11-6) және 11-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
11-2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
11-3) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
11-4) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
11-5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
11-6) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
11-7) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;»;
5) 11-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;»;
2) тармақшаның екінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;»;
«Уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасына және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотикалық ауруларының диагностикасына технологиялық байланысты қызметке:»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
6) 14-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау - уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерінің жиынтығы.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:»;
1), 5), 6-1) және 6-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды және қадағалауды;»;
«5) құзыреті шегінде ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды және қадағалауды;»;
«6-1) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуын және өткізілуін, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру бойынша дерекқордың жүргізілуін және ондағы ақпараттың жаңартылуын бақылауды және қадағалауды;»;
«6-2) тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын бақылауды және қадағалауды;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндірумен, өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің импортымен, экспортымен, транзитімен байланысты қызметті қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі қызметін бақылауды және қадағалауды;
2) республикалық қорды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлуді, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды;
3) ветеринарлық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуды;
4) ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды;
5) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын айқындауды және анықтауды;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жүргізілуін бақылауды және қадағалауды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер жүзеге асырады.
4. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереженi уәкілетті орган әзiрлейді және бекiтедi.»;
7) 14-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
1. Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
2) ветеринариялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларда;
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
4) шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектілерді тасымалдау кезінде;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты (импорты) және транзиті кезінде оларды тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
6) экспорты (импорты) және транзиті кезінде жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
7) экспорт (импорт) және транзит кезінде тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
8) экспорт (импорт) және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;