2) 4-бапта:
2-тармақтың 6), 7), 9), 10), 10-1), 13), 14), 15), 15-1), 17), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31) және 31-1) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақта:
9) тармақша алып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру және сыныптау;»;
31), 47), 50) және 55) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 55-2), 55-3), 55-4), 55-5), 55-6), 55-7), 55-8), 55-9), 55-10), 55-11), 55-12), 55-13), 55-14), 55-15), 55-16), 55-17), 55-18), 55-19), 55-20), 55-21), 55-22), 55-23), 55-24), 55-25) және 55-26) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-2) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту;
55-3) кемелер экипаждарының мүшелерiне диплом беру тәртiбiн айқындау;
55-4) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiту;
55-5) Қазақстан Республикасының теңiзшiсi жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгiсiн, оларды ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртiбiн бекiту;
55-6) шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетін кемелердiң каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру тәртiбiн бекіту;
55-7) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негiзiнде кемелердi техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау;
55-8) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын сертификаттау жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау;
55-9) теңiз кемелерiн жабдықтау жөнiндегi қағидаларды бекiту;
55-10) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
55-11) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекіту;
55-12) кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;
55-13) кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту;
55-14) жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту;
55-15) халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту;
55-16) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
55-17) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;
55-18) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту;
55-19) шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арнағлан базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту;
55-20) кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналының нысанын және оны жүргізу тәртібін бекіту;
55-21) Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту;
55-22) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту;
55-23) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру тәртiбiн айқындау;
55-24) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту;
55-25) мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын бекіту;
55-26) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне:
1) өздiгiнен жүзетін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;
2) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
3) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу жатады;»;
3) 4-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.»;
4) 5-баптағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-1-баптағы «Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 8-2-баптың 8-тармағындағы «уәкілетті органмен келісім» деген сөздер «жергілікті атқарушы органмен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 8-3-баптың 7-тармағының екінші бөлігі және үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруді, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде жергілікті атқарушы органға:»;
8) 14-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 23-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 24-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі», «қағидасына» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «қағидаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 32-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Жергілікті атқарушы органдар теңіз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекарасын айқындайды.»;
12) 35-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететін қызметтерінің тiзбесiн уәкілетті орган айқындайды. Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететін қызметтеріне баға (тарифтер) және олардың шектi деңгейiн белгілеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.»;
13) 39-бапта:
1-тармақтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) уәкілетті орган бекiткен Қағидаларға сәйкес уәкілетті органды авариялық жағдай туралы хабардар ету, кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру үшін қажетті ақпарат пен дәлелдемелерді жинау;»;
14) 45-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кемелердi лоцмандық алып өту уәкілетті орган бекiтетiн қағидаларға сәйкес жүзу қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелердiң оқиғаларға ұшырауын болғызбау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылады.»;
15) 110-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«110-бап. Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының нысаны
Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шарты - билетпен, ал багаж өткiзiлген кезде багаж квитанциясымен де ресiмделедi. Билет пен багаж квитанциясының нысаны Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекiткен Тасымалдау қағидаларында белгiленедi.»;
16) 149-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлiк экспедициясының шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және уәкілетті орган бекiткен Теңіз көлiгіндегi экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалады.»;
17) 212-баптың 6-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат беру тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.».
59. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;):
32-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі мекеменің персоналына теңестіру Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.».
60. «Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 55-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекiткен аса қауiптi аурулар тiзбесiне енгiзілген ауруларға қарсы күресу мақсатында ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етiлуге тиiс.».
61. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14,18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-бапта:
3) тармақша мынадай редкцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, құқықтық көмектi және заң қызметтерiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
7) және 9-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
«9-3) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:
«9-4) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Әділет органдары жүйесі
1. Әділет органдарының бірыңғай жүйесін мыналар құрайды:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін;
аумақтық әдiлет органдарын, бөлімдері мен мекемелерiн қамтитын әділет органдары;
2) мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар.».
3) 7-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;»;
4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Әділет жүйесінің ұйымдары
Әдiлет министрлiгiне жүктелген мiндеттердi шешу және функцияларды қамтамасыз ету үшiн Министрлiк жанында мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдар жұмыс iстейдi.»;
5) 11-1-бап алып тасталсын;
6) 14-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақша «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, әкімдердің» деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың» деген сөздер алып тасталсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұсынуды мемлекеттiк орган не жоғары тұрған органның лауазымды адамы заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға әсер ететін себептер мен шарттарды жою жөніндегі шараларды міндетті түрде қолдана отырып, әділет органдары белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қарауға тиiс.
Әдiлет органдары ұсынуды қарау кезінде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ұсыну қаралатын күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей ұсынудың қаралатын уақыты мен орны туралы әділет органын хабардар етуге тиіс.
4. Ұсынуды қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әділет органдарына хабарланады.»;
7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі саласындағы функциялары
Әділет органдары сот-сараптама қызметі саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;
2) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және сот-сараптама қызметін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялау;
3) мемлекеттік сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
4) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру.»;
8) 18-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталық мемлекеттiк органдардың, ведомстволардың, мәслихаттардың, әкiмдіктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;»;
9) 19-бапта:
1-тармақта:
4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;
«6) адвокаттардың, нотариаттардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметтерiнiң сапасын бақылау;»;
7) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
10) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы функциялары
Әдiлет органдары зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
2) зияткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарға қатысу;
3) зияткерлiк меншiк объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық;
4) уәкілетті органдар мен мүдделі ұйымдардың зияткерлiк меншiкті сақтау және қорғау саласындағы өзара іс-қимылдарын үйлестіру;
5) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын сақтауды қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;
6) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың, патенттік сенім білдірілгендердің қызметiн бақылау және олармен өзара іс-қимыл жасау;
7) ресми тізілімдерде авторлық құқықты тіркеу;
8) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдердi тiркеудi қамтамасыз ету;
9) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
10) патенттiк iс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың қызметiн бақылау;
11) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеудi қамтамасыз ету;
12) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу.»;
11) 21-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы функциялары
Әділет органдары атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды:
1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметін ұйымдастыруды (біліктілік, тәртіптік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау, олардың қызметін бақылау, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау);
3) шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.»;
12) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіру;
9-2) заңдарға сәйкес әділет органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру.».
62. «Өсiмдiктердi қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 4) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аса қауiптi зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;»;
«7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
2) 5-баптың 1), 3), 6), 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекіту;
3) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
4) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеу және бекіту;
5) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу және бекіту;
6) мынадай:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
7) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту;
8) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн беру;
9) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiн әзiрлеу, бекiту және жүргiзу;
10) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзірлеу және бекіту;
11) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн әзірлеу және бекiту;
12) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру;
13) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын жасау;
15) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және бекiту;
16) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастыру;
17) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндiрістік сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру;
18) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру;
19) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;
20) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;
21) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану тәртібін белгілеу;
22) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
23) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз кіруді, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
24) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындау;
25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу;
26) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
4) 14-6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тіркеу және өндірістік сынақтар қорытындылары бойынша жүргізіледі.»;
5) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндiрістік сынақтары Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.».
63. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):