652-3-бап. 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33-тарау. Мемлекеттiк билiк институтына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
653-бап. Сотты құрметтемеушілік
1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) -
ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
Ескертпе. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.
2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 653-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
653-1-бап. Конституциялық Сотқа құрметтемеушілік
1. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың, өтінішті қарау кезінде тартылатын өзге де адамдар мен органдардың, олардың өкілдерінің қатысуынсыз өтінішті одан әрі қарау мүмкін болмаған жағдайларда хабардар ету немесе шақыру бойынша Конституциялық Сотқа дәлелсіз себептермен келмеуінен, отырыста төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, Конституциялық Сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген Конституциялық Сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ Конституциялық Сотты және (немесе) Конституциялық Соттың судьясын құрметтемеушілік туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) -
ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы
Iс жүргізуге қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға (лауазымды адамға) iс бойынша талқылауды кейiнге қалдыруға себепшi болған дәлелді себепсіз келуден бас тартуы немесе келмеуі -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
655-бап. Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа келмеу
Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн азаматтың шақыру бойынша дәлелді себептерсіз сотқа келмеуi -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
656-бап. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiн жасау үшiн ақпарат бермеу
Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiн жасау үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға қажеттi ақпарат бермеу, сол сияқты бұрыс ақпарат беру -
ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
657-бап. Алқабидiң сот талқылауында iстi қарауға байланысты міндеттерді орындамауы, сондай-ақ шектеулердi сақтамауы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Алқабидiң сот талқылауында iстi қарауға байланысты, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ шектеулердi сақтамауы -
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттетуге әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
658-бап. Куәнiң айғақтар беруден бас тартуы немесе жалтаруы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) куә ретiнде сауал қоюға жататын адамның айғақтар беруден дәлелді себептерсіз бас тартуы немесе келмеуі -
екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
659-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе көрінеу дұрыс емес аударма
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу барысында органға (лауазымды адамға) куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы, сондай-ақ сондай жағдайларда аудармашы жасаған көрiнеу дұрыс емес аударма -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу кезiнде әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған дәл сол іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Егер куә, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында осыған уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) iс бойынша шешiм шығарғанға дейiн өздерi берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы немесе дұрыс емес аударма туралы ерiктi түрде мәлiмдесе, олар әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 660-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
660-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адам жасаған, құқық бұзушылық құрамы бар болған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуді қозғау жөніндегі шараларды мерзiмiнiң өтуі ішінде қасақана қолданбауы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау, егер бұл әрекет адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе елеулі залал келтiруге әкеп соқпаса, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
661-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе жалтаруы
Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жiберiлген лауазымды адамның сараптама жүргiзуден не бақылау жүргiзуге, құжаттар ресiмдеу ісін жүргiзуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн маманды шақыру туралы талаптан не оларды орындаудан дәлелді себептерсіз бас тартуы немесе жалтаруы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
662-бап. Айыпталушының (күдіктінің) келетiндiгi туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу
Айыпталушының (күдіктінің) анықтауды жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа келуi туралы жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны айыпталушының (күдіктінің) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соққан бұзуы немесе орындамауы -
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
663-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының (күдіктінің) келуiн қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi бұзу
Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамағына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (күдіктінің) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемені айыпталушының (күдіктінің) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соққан бұзушылығы -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
664-бап. Соттың жекеше ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынуы бойынша шаралар қолданбау
Лауазымды адамның соттың жекеше ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынуын қараусыз қалдыруы не оларда көрсетiлген заң бұзушылықтарды жоюға шара қолданбау, сол сияқты жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынуға уақтылы жауап қайтармау -
сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңымен 664-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
664-1-бап. Прокурордың қаулысын орындамау
1. Прокурордың қаулысын орындамау, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
665-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу
1. Прокурордың, тергеушiнің, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшін, сот орындаушысына, сот приставына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу, сол сияқты айғақтар беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокурордың, тергеушiнің, анықтаушының заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен қойған талаптарын орындамау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
666-бап. Прокурорды хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу
Мемлекеттiк органның заңнамалық актiлерге сәйкес мұндай хабардар етуді талап ететiн әрекеттерді жүргiзуі туралы прокурорды хабардар етпеуі немесе уақтылы хабардар етпеуі -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 667-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңымен 667-баптың тақырыбы өзгертілді (2021 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, сол сияқты олардың заңды қызметіне кедергі келтіру -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 668-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 668-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
668-бап. Адвокаттың заңды қызметіне кедергі келтіру
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің заңды қызметін жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажетті құжаттарды, олардың кәсіптік міндеттерін жүзеге асыру үшін талап етілетін материалдарды немесе мәліметтерді заңнамада белгіленген мерзімдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрінген кедергі келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2021.29.12. № 92-VII ҚР Заңымен 668-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 668-1-бап өзгертілді (2023 ж. 7 қаңтардан бастап бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
668-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру, оның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы өкілінің заңды қызметіне кедергі келтіру
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның заңды қызметін жүзеге асыруына араласу не кедергі келтіру, оның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы өкілінің заңды қызметін жүзеге асыруға «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген ұйымдар мен мекемелердегі адамдарға кедергісіз баруын және олармен қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етпеуден көрінген кедергі келтіру - лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 669-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 669-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
669-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау
1. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау -
жеке тұлғаларға - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2023.20.04. № 227-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу -
он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2023.20.04. № 227-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2023.20.04. № 227-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды; 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен ескертпе өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ескертпе. Соттың әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілетін адамның бақылау жасала отырып, өздігінен кетуі үшін соттың шешімінде көрсетілген мерзім өткен кезден бастап отыз тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде анықталған жағдайда, ол осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.
670-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның iшiнде борышкердiң жұмыс орны мен оның кірістері, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалудың жүргiзілгені және өндiрiп алынған соманың өндiрiп алушыға жіберілгені туралы, борышкердiң өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомалары мен мүлкiне өндiрiп алудың қолданылғаны туралы мәліметтерді ол тағайындаған мерзімде ұсыну туралы қаулыларын және заңды талаптарын орындамау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына көрінеу анық емес, оның iшiнде борышкердiң кірістері мен мүлiктiк жағдайы туралы мәлiметтер ұсыну -
жеке тұлғаларға - жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
671-бап. Атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерiнiң ауысқаны туралы сот орындаушысына хабарламау
Атқарушылық құжат бойынша ұстап қалуды жүргiзетiн тұлғаның сот орындаушысына және алимент алатын адамға төлем төлейтiн адамның жұмыстан босатылғаны туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жерi туралы, егер бұл оған белгiлi болса, дәлелсiз себептермен бiр ай мерзiмде хабарламауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 672-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
672-бап. Атқарушылық құжатты жоғалту
Орындауына берiлген атқарушылық құжатты тұлғаның жоғалтуы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
673-бап. Сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергi келтiру
Сот орындаушысының, сот приставының мүлiкке өндiрiп алуды қолдану (тiзiмдеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткiзу) әрекеттерiн жасауына жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың кедергi келтiруi немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тарту -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
674-бап. Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру
1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның орденiн, медалін, құрметтi атаққа берілетін төсбелгiсiн, ерекшелік белгiсiн немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi -
Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның орденi, медалі, құрметтi атаққа берілетін төсбелгiсі, ерекшелік белгiсi немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары тәркiлене отырып, үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау -
белгiлер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
675-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану)
1. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) -
айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бес, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға осы қызметтi жүзеге асыруға байланысты жасаған дәл сол әрекет -
айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды
3. Жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерінің арнаулы киімін заңсыз киiп жүру (пайдалану) -
арнаулы киім тәркіленіп, жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
34-тарау. Әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
677-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, -
алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
679-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы -
осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 680-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 680-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы
Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы, не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы -