5) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың қызметiн бақылау;
6) ресми тiзiлiмдерде авторлық құқықты тiркеу;
7) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алыа тасталды (бұр.ред.қара)
8) туындыларды пайдалану құқықтарының импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
9) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдердiң тiркелуiн қамтамасыз ету;
10) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
11) патенттiк iс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметiн бақылау;
12) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттардың, ашық лицензиялардың және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарының тiркелуiн қамтамасыз ету;
13) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2009.10.07 № 179-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу.
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың орындалуын, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету саласындағы функциялары
Әділет органдары атқарушылық құжаттардың орындалуын, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету саласында мынадай:
1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметін ұйымдастыру (біліктілік, тәртіптік комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау, бақылау, олардың қызметін бақылау, жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау);
3) атқарушылық құжаттарды орындау саласында шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;
4) жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті (тәркіленген мүлікті) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады.
22-бап. 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 22-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-1-бап. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау
1. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.20.01. № 239-ІV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары
1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
2) өздерiне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;
4) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы заңдарын қолданылу практикасын талдау және қорыту және оларды жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгізу;
5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету;
7-1) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) зияткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруді жүзеге асыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
3. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары
Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:
1) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) орталық мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмдіктерде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөніндегі қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;
8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;
10) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
13) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 24-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 24-1-бап өзгертілді
24-1-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 24-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 4-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Әділет органдарының кадрлары және олардың құқықтық жағдайы
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, сондай-ақ олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.
26-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
27-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
28-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
29-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
30-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру
1. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен бiрыңғай еңбекке ақы төлеу жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Әдiлет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары берiледi.
3. Әдiлет органдарының «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттік қызметшiлер мәртебесiнен ерекшеленетiн құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiнiң материалдық қамтамасыз етiлуi мен әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
31-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5-тарау. Әділет органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің өзге де мәселелері
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 34-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді)
34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.24.06 № 46-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2002 жылғы наурыздың 18-і.
№ 304- ІІ