Бiр мемлекеттiк мекеменiң кодынан екiншi мемлекеттiк мекеменiң кодына ақша аударуға жол берiлмейдi.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде демеушiлiк, қайырымдылық көмек түрiнде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күні 0900НП «Анықтауға дейiнгi шетел валютасындағы сомалар» шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етiледi.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында және жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 102-тармақ жаңа редакцияда
102. Мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, тиiстi бюджеттерiнiң, ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарды/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргiзудi аумақтық белгiсi бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi жүзеге асырады. Орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жақын тұрған басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкке қызмет көрсететiн мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, тиiстi бюджеттерiнiң, ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарын/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргiзуге сол аумақтық қазынашылық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатымен жол берiледi.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 103-тармақ жаңа редакцияда
103. Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ ақшасына билiк етушiлер бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар болып табылады, ақылы қызметтердiң, демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарына - мемлекеттiк мекемелердiң басшылары, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарына - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ - аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 104-тармақ жаңа редакцияда
104. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының пайдаланылмаған қалдықтарына және ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы ақшаға иелік етудi шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Тиісті бюджеттердің ҚБШ шоттарында ақшаның қозғалысы және ҚР ББС-ға сәйкес шығыстар жөніндегі есептерді беруді мынадай нысандар бойынша күн сайын аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады:
осы Ереженің 41-қосымшасына сәйкес магниттік (электрондық) тасығышта 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп»;
осы Ереженің 42-қосымшасына сәйкес электрондық тасығышта 5-52 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп»;
осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 106-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 106-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 106-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
106. Ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы және шетел валютасындағы шоттарда ақша қозғалысы жөнiндегi есептердi берудi аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады және:
мемлекеттiк мекемелерге:
1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргiзiлуiне қарай:
осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме» 5-20-нысаны бойынша;
осы Ережеге 44-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп» 5-33-нысаны бойынша;
осы Ережеге 46-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттары бойынша үзінді» 8-17-нысаны бойынша;
2) ай сайын:
осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдық» 5-30-нысаны бойынша;
осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес «Шетел валютасындағы шоттардағы қалдықтар туралы есеп» 8-07-нысаны бойынша;
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға есептi тоқсаннан кейiнгi 3-шi күнге дейiн тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы қалдықтар туралы есеп» 5-34А-нысаны бойынша;
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне төлемдерді жүргізу және ақшаны аудару шамасына қарай:
осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» 5-20-нысаны бойынша берiледi.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 107-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
107. 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды ай сайынғы салыстыруды жүзеге асыру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның арасында аумақтық қазынашылық бөлімшесі бір ай аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде 2 данада 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысанындағы есепті қалыптастырады, жауапты атқарушының мөртабан бедерімен ресімдейді, оған аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы және жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беріледі. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өз кезегінде 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысына және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты атқарушысына қол қойдырады, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырады және бір данасын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.
Қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме мен аумақтық қазынашылық бөлімшесінің арасында кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшін тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде 2 данада осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны қалыптастырылады, олар жауапты атқарушының мөртабан бедерімен ресімделеді, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы мен жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекемелер есептерді алғаннан кейінгі 2 жұмыс күні ішінде есептердің деректерін өзінің бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстырады.
Мемлекеттік мекеме деректерінің 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны есебінің деректерімен алшақтығы болған кезде соңғысы алшақтық себебін анықтау үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жазбаша өтінім жасайды.
Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтері не мемлекеттік мекеменің басшысы уәкілеттік берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады. Есептің бір данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қайтарылады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекеменің және (немесе) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жазбаша өтініші бойынша жоғарыда көрсетілген есептерді қалыптастырады, қол қояды және салыстыруды жүзеге асыру үшін соңғысына береді.
ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 793 Қаулысымен Ереже «Құпия» 11-1-тараумен толықтырылады
12-тарау. Кодтарды, қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды жабу
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 108-тармақ жаңа редакцияда
108. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын тексерудi жүргiзедi және 12 ай iшiнде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге/квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы ҚБШ жабу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы хабарлайды.
Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылу туралы хабарлама бере отырып, өзі жабады.
109. Тиісті бюджеттердің ҚБШ шоттары әкімшілік-аумақтық бірлікті тарату кезінде жабылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 110-тармақ жаңа редакцияда
110. Мемлекеттiк мекеменiң коды осы Ережеге 50-қосымшаға сәйкес бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмi бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты осы Ережеге 50-1-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар осы Ережеге 51-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмi бойынша:
1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
2) мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық акті жойылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi ҚБШ мен шотты ашуға рұқсат беру үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;
4) тиiстi ҚБШ мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;
5) ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған жағдайларда жабылады.
111. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 112-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
112. Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 51-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтінім береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тиісті ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ немесе шетел валютасындағы шоттарын жабу туралы жазбаша өтінімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесін жапқаннан кейін жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 112-1-тармақпен толықтырылды
112-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтату және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 50-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді 2 данада жібереді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтатуға және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабуға осы Ереженің 50-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жапқаннан кейін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі жабылғаны туралы белгісі бар өтінімнің бір данасын квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 113-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 113-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
113. Жабылатын ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотында немесе шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттiк сектор субъектiсi жабылатын:
1) ақылы қызметтердің ҚБШ:
құқықтық мирасқордың ақылы қызметтердің ҚБШ (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелiк ету құқығы берiлсе);
мынадай жағдайларда:
құқықтық мирасқор болмаған;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берiлмеген құқықтық мирасқор анықталған;
құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) коды болмаған жағдайда тиiстi бюджет кiрiсiне;
2) демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ:
құқықтық мирасқордың демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ;
құқықтық мирасқор болмаған жағдайда, салымшыға;
құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиiстi бюджеттiң кiрiсiне;
3) уақытша ақша орналастырудың ҚБШ:
салымшыға;
құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ;
4) шетел валютасындағы шотта - бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған валютаны демеушілік, қайырымдылық және/немесе ақшаны шетелдік валютада уақытша орналастыру ҚБШ есептеумен;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:
құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына;
квазимемлекеттiк сектор субъектiсi құрылтайшысының шотына;
6) жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ:
құқықтық мирасқордың жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ есептеу арқылы төлеуге берiлетiн шотты, пайдаланылмаған ақша қалдығын аударуға төлем тапсырмасын немесе шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімді («Қазынашылық-клиент» АЖ-де электронды түрiн қалыптастырады) ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 113-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 113-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 113-1-тармақ жаңа редакцияда
113-1. Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалық мөр жойыған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар адамдардың болмау себебімен жабылатын ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары ақша қалдығын құқықтық мирасқордың тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шотына аудару үшін төлеуге арналған шотты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, осы Ереженің 113-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша, құқық мирасқоры қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемеге қызмет көрсеткен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылатын ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары ақша қалдығын аудару туралы қолдаухат жібереді. Құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ақша қалдығын аударған жағдайда қолдаухатқа құқық мирасқорлығын растайтын құжаттар қосымша қоса беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме мен құқықтық мирасқор - мемлекеттік мекеменің деректемелерін: мемлекеттік мекеменің атауын, БСН, кодын, ҚБШ нөмірін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттары аударуға жататын ақша қалдығының сомасын және аудару үшін барлық қажет деректемелерді қамтуы тиіс. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қолдаухатты алған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде осы Ереженің 113-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ақша қалдығын құқықтық мирасқордың тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына аударуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 114-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ жаңа редакцияда
114. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларды жапқан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi тиiстi салық органдарына мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодтарын және ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу туралы жазбаша хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 793 Қаулысымен Ереже «Құпия» 12-1-тараумен толықтырылады
13-тарау. Екінші деңгейдегі банктердегі немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу және жабу
115. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелерге бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотын, бюджеттік инвестициялық жобасының арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашу тәртібі банктік заңнамада белгіленеді.
116. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатының негізінде осы Ереженің 52-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотын, бюджеттік инвестициялық жобасының арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға үш данада рұқсат қалыптастырады, олардың екеуін республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшісіне, ол өз кезегінде бір данасын мемлекеттік мекемеге, екіншісін екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беру үшін беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 117-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
117. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотын, бюджеттік инвестициялық жобасының арнайы шотына шоттар ашуға рұқсат Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі - қарыз/грант туралы келісім) немесе байланысты гранттар жөніндегі келісімнің қолданылу мерзіміне беріледі.
118. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға рұқсат бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңіне беріледі.
119. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты қарыз/грант туралы келісімде айтылған шетел валютасында беріледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына шот қарыз/грант туралы келісімде аталған шетел валютасында беріледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты қарыз/грант туралы келісімде және кредиттік шарттар аталған шетел валютасында беріледі.
120. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотына қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу есебінен төлем сомалары есептеледі.
121. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотынан төлемдерді жүзеге асыру қарыз/грант беру туралы келісімде айтылған шарттар мен мақсаттарға сәйкес жүргізіледі.
122. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотынан қаражат алу кредит шартының ережелерінде көзделген кредиттік қаражатты беруге жүргізіледі.
123. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты, бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына шот, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және оларды жаңарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі. Екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үш күндік мерзімде шығыс операцияларын тоқтату туралы Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға хабарлайды.
124. Мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған шоттарын жабу шотты ашуға және рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты жүргізіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын қайтарып алу осы Ереженің 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Шоттарды жабу Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында және екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және мемлекеттік мекеме арасындағы банктік шот шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
125. Бюджетті атқару орталық (жергілікті) уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шот ашуына рұқсатын қайтарып алуы:
1) мемлекеттік мекемені таратқан немесе қайта ұйымдастырған;
2) қарыз/грант туралы келісімнің қолданылу мерзімі аяқталған. Мемлекеттік мекеме келісімде көзделген рәсімдерге сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарызды/грантты аванстау қаражатын жұмсау туралы шетелдік кредит берушіге/донорға есеп жібереді, ал бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотында, бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына шотта пайдаланылмаған қалдықты үкіметтік сыртқы қарызды/грант шотына аударады;
3) төлемдерді жүзеге асыру тәртібі бұзылған;
4) есеп айырысу кезінде корпоративтік төлем карточкаларын пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына өзгерістер енгізілген;