Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеменің коды ашылғаннан кейін ұсынылатын осы Ереженің 91-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, осы Ереженің 10-тарауында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім жібереді.
Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінімде көрсетілген деректемелердің шынайылығын қамтамасыз етеді.
70. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей кодтар беріледі.
71. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кодтар берген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрдегі хат арқылы берілген кодтар туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және аумақтық қазынашылық бөлімшелесіне хабарлайды.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан хат алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы жерлікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне хабарлайды.
72. Мемлекеттік мекемелердің берілген кодтарын тіркеу ҚБАЖ-да қалыптастырылатын мемлекеттік мекемелер анықтамалығында жазылады.
73. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің кодтарын ашқаны туралы тиісті салық органына салық қызметінің тиісті органдарына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды ашқаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
9-тарау. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік мекемелерге қолма-қол ақшаны бақылау
шоттары мен шетел валютасындағы шоттар ашуы
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 74-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
74. Мемлекеттік мекемелердің мынадай қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шоттары болуы мүмкін:
1) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелік етуінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан қалған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ақылы қызметтердің ҚБШ);
2) демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ);
3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ);
4) нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - нысаналы қаржыландырудың ҚБШ);
5) шетел валютасындағы шоттар;
6) жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ).
75. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ны ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және жергілікті уәкілетті орган осы Ереженің 33-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат береді;
76. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашуға рұқсат тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатының негізінде беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мынаны қамтуы тиіс:
ҚБШ ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
ашу талап етілетін ҚБШ-ның атауы;
мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрі;
мемлекеттік мекеменің заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы;
қаржыландыру көздері;
баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге қаржыландыру көздеріне жол беретін заңнамалық актінің атауы және күні.
77. Мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашуға рұқсат бір рет беріледі және осы Ереженің 12-тарауында көзделген жағдайлардағы олар жабылғанға дейін әрекет етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 78-тармақ өзгертілді
78. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге шетел валютасындағы шоттарды ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 34-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат береді.
Шетел валютасындағы шотты ашуға рұқсат валюта түрлері және шығыстар түрлері бойынша рұқсаттың әрекет ету мерзімі ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін көрсетілген, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде валюта түрлері және шығыстар түрлері бойынша беріледі.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдаухаты мынаны қамтуы тиiс:
шот ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
БСН;
шоттың атауы;
валюта түрi (Ұлттық Банк олар бойынша айырбастау және қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын валюталар түрлерінің тізбесіне сәйкес);
шығыстарды бағыттау мақсаттары;
шетел валютасында шот ашу үшін негіз.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 79-тармақ жаңа редакцияда
79. Мыналар:
1) халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген нормативтік құқықтық актілері;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент еместерімен жасалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы шарт;
4) мемлекеттік мекемелерде оларға сәйкес шетел валютасында міндеттемелер туындаған халықаралық соттардың шешімдері бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шетел валютасында шот ашуына қолдаухат беруге негіз болып табылады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі шетел валютасында шот ашуға қолдаухат беру негізділігін қамтамасыз етеді.
80. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарды ашуға жазбаша рұқсат үш данада ресімделеді, олардың екеуі кейіннен мемлекеттік мекемеге және мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілетін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берілу үшін бағдарламалар әкімшісіне беріледі, үшінші данасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда қалады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 81-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
81. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер ҚБШ-сын ашу үшiн мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтiнiм бередi.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеден алынған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға өтінімнің негізінде осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
82. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға өтiнiм бередi, ол:
1) ақылы қызметтердің ҚБШ үшін - мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуден түскен түсiмдер жоспарының және ақшаның жұмсалуының;
2) демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ үшін - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган берген рұқсаттар негізінде жасалады.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 82-1-тармақпен толықтырылды
82-1. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері аппараттарына жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашу үшін соңғылары аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуға өтінім береді.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 83-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 83-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 83-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
83. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратынан алған қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімнің негізінде осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына өтінім белгіленген нысанға сәйкес келмеген не мыналар:
1) ашылатын қолма-қол ақшаны бақылау шотының түрі;
2) мемлекеттік мекеменің атауы немесе коды;
3) бюджет түрі;
4) қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу үшін негіз болмаған немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда орындаусыз қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
84. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын шетелдік валютада шот ашуға жазбаша рұқсатының және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ақылы қызметтердің қолма қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жазбаша рұқсаттар берілген күні және аумақтық қазынашылық бөлімшелерден қолма қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдері түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей республикалық бюджеттен;
аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен ҚБШ ашуға өтінім түскеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотын ашуға рұқсаттың берілген күні, аталған рұқсаттың және аумақтық бөлімшелерінің ҚБШ ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар ашуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 84-1-тармақпен толықтырылды
84-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуға өтінімдер түскеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері аппараттарына өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
85. Мемлекеттiк мекеменiң атауы өзгерген жағдайда республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн қоса бере отырып, осы Ережеге 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң атауын өзгертуге өтiнiм бередi.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 86-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86. Мемлекеттiк мекеменiң атауы өзгерген жағдайда жергiлiктi уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн қоса бере отырып, осы Ережеге 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң атауын өзгертуге өтiнiм бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 87-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
87. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшесінен осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерткеннен кейін оған осы тарауда белгіленген тәртіппен жаңа рұқсат беріледі, бұл ретте бұрын берілген ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ немесе шетел валютасындағы шот өзгеріссіз қалдырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.04.08. № 793 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 88-тармақ өзгертілді
88. Нысаналы қаржыландыру ҚБШ-сын, шетел валютасындағы шоттарды және ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу, жүргізу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, анықталады.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 89-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
89. Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ашылған ҚБШ тіркеу осы Ережеге 38-қосымшаға сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттер, ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі» нысаны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде көрсетіледі.
Шетел валютасында ашылған шоттарды тіркеу осы Ережеге 39-қосымшаға сәйкес 8-08 «Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі» нысаны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесінің есебінде көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 90-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
90. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері тиісті салық қызметі органдарын оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашқаны туралы хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 793 Қаулысымен Ереже «Құпия» 9-1-тараумен толықтырылады
10-тарау. Құжаттар жинағын қалыптастыру және құжаттар жинағын қалыптастырған кезде құжаттарға қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 91-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң құжаттар жинағы мынадай құжаттарды қамтиды:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды расталған көшірмесі;
2) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттiк сектор субъектiсi ережесiнiң (жарғысының) көшiрмесi;
3) қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi;
4) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бiрiншi басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшiрмелерi және қаржылық құжаттардағы бiрiншi және екiншi қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;
5) демеушiлiк, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды ашуға рұқсат.
Мемлекеттік мекемеге/квазимемлекетік сектор субъектісіне «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде қосымша мыналар:
1) қазынашылық пен мемлекеттік мекеме/квазимемлекетік сектор субъектісі арасындағы Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісімнің түпнұсқасы (бұдан әрі - ЭЦҚ туралы келісім);
2) ЭЦҚ кілттерінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда ЭЦҚ пайдалану туралы келісімге Қосымша келісімнің түпнұсқасы беріледі.
Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген кезде оларға сәйкес мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгертілген нормативтік құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжаттың көшірмесін бір мезгілде ұсына отырып, жоғарыда санамаланғандарға ұқсас жаңа құжаттар ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 92-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
92. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі әр мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне бір құжаттар жинағын қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 93-тармақ жаңа редакцияда
93. Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағын қалыптастырған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктегі/анықтамадағы, ережедегі (жарғыдағы) және мөр бедерінде (ММ үшін - елтаңбалы) мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісі атауының бірдейлігін, сондай-ақ бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрықтардың, қол қою құқықтарын және мөр бедері үлгілерін қоюды жүктеу туралы бұйрықтардың сәйкестігін тексереді. Алшақтықтар анықталған жағдайда сәйкестендіру үшін мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Қолдар мен мөр бедерінің үлгілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 40-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада ұсынылады. Бір данасы мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағында сақталады, екіншісін қаржылық құжаттардағы қолдар мен мөр бедерінің (ММ үшін - елтаңбалы) шынайылығын тексеру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі пайдаланады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 95-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
95. Бірінші қол қою құқығы мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы және/немесе ол уәкілеттік берген тұлғалар ие. Екінші қол қою құқығы бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына және/немесе мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы уәкілеттік берген бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 96-тармақ жаңа редакцияда
96. Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерінің үлгісі бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен расталады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөр бедерімен (ММ үшін - елтаңбалы) бекітіледі не нотариалды куәландырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерінің үлгілері нотариалды куәландырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 97-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
97. Қолдар мен мөр бедерінің үлгілері өшпейтін төзімді сиялармен орындалуы тиіс, мөрдің бедері (ММ үшін - елтаңбалы) дәл және анық болуы тиіс. Ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Мөр бедерін (ММ үшін - елтаңбалы) қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады.
Арнайы мақсаттарға арналған мөрлерді қолдануға жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-тармақ жаңа редакцияда
98. Қайта құрылған мемлекеттік мекемеде/квазимемлекеттік сектор субъектісінде мөр уақытша болмаған, мөрдің атауы өзгерген, ескірген немесе жоғалған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне оның өтінішінің негізінде жаңа мөр дайындауға уақыт (күнтізбелік 10 күннен аспайтын) береді және осы жағдайға байланысты құжаттарды сол елді мекенде орналасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөр бедерімен бекітуге немесе құжаттарды мөр бедерінсіз беруге рұқсат бере отырып, мөр болмаған уақытта қаржылық құжаттарды ресімдеу тәртібін айқындайды. Қолдар мен мөр бедерінің үлгілері мөрдің (ММ үшін - елтаңбалы) дайындалу уақытында оның әрекет ету мерзімі көрсетіліп, «Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мөр табанының үлігісі» ашық жолағында «уақытша мөрсіз» деген белгімен елтаңбалы мөрдің бедерінсіз (ММ үшін - елтаңбалы) ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 99-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 98-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99. Ең болмағанда бір қол ауыстырылған немесе толықтырылған немесе мөр ауыстырылған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы тараудың 96-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылған қол қою және мөр бедерінің үлгілерімен жаңа құжат ұсынылады.
Бірінші немесе екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың бірінің қолын уақытша ауыстырған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тұлғаны тағайындау және уақытша міндетін атқарушыға қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін оның қолданылу мерзімін көрсете отырып, уақытша міндетін атқаратын тұлғалардың қолдарының үлгілерін қамтитын уақытша құжат ресімделеді. Жаңадан ұсынылған құжаттар мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынына тігіледі.
Екінші қол қою құқығы бар тұлға уақытша болмаған (демалыс немесе науқастанған) кезде төлем құжаттарына қол қою мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатта көрсетілген екінші қол қою құқығы бар тұлғалар қол қояды. Бұл жағдайда қол қою мен мөр бедерінің үлгілері бар уақытша құжат толтыру талап етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
100. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне құжат жиынын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарда көрсетілген деректердің шынайлығы үшін жауап береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін құжаттау туралы заңнамаға сәйкес тексерілген құжаттарды құжат жиынына тігеді және сақтайды.
11-тарау. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды жүргізу
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ жаңа редакцияда
101. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерінің мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргiзу тиiстi бюджеттердiң, ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан және шетел валютасындағы шоттарынан төлемдер жүргiзудi және ақша аударуды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептердi қалыптастыру мен ұсынуды қамтиды.