Жоғары тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган төмен тұрған бюджеттер кiрiстерiнiң мөлшерi мен ай сайынғы болжамдық көлемi негiзiнде бюджеттік алуларды айға сайынғы бөлуді айқындайды және жоғары тұрған бюджеттiң түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың қаперіне жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 147-тармақ өзгертілді
147. Төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде бюджеттік алулар сомасын төмен тұрған бюджеттiң түсiмдерiнің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген айлық сома шегiнде жоғары тұрған бюджет түсiмдерi бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодын көрсете отырып, ағымдағы айдың жиырма бесінші күнiне дейiн аударады.
Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде штаттан тыс персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақыны төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жәрдемақыларды, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулардың сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Тиісті бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беру кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылған төлеуге берілетін шоттың негізінде нысаналы трансферттер сомасын төмен тұрған бюджеттің түсімдерінің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджет түсімдері бюджеттік сыныптамасының тиісті кодын көрсете отырып, аударады.
Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде штаттан тыс персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақыны төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жәрдемақыларды, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген нысаналы трансферттердің сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
ҚР Үкіметінің 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен 148-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
148. Бюджеттік алуларды аударудың толықтығын бақылауды бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Бюджеттік алуларды аударудың уақытылылығын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғары тұрған деңгейге берген кезде нысаналы трансферттерді аударудың толықтығына бақылауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады, сондай-ақ нысаналы трансферттердің уақтылы аударылуына бақылауды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады.
6-бөлім. Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы
17-тарау. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауы
149. Мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарымен бекітілген сомалар шегінде шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сомалар және мыналармен:
1) іске асыру мерзімі бір жылдан астам бюджеттік бағдарламалармен;
2) технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (жылдары) беруге себепші болатын активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалармен;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан астам қызмет көрсетумен;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын, аяқталу мерзімі келесі қаржы жылында басталатын қызметтерді көрсетумен;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан асатын іс-шараларды өткізумен байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары шегінде олар әрекет еткен барлық мерзім ішінде тіркелуге жатады.
Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 150-тармақ өзгертілді
150. Міндеттемелер шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелердi (бұдан әрi - шарт) жасасу арқылы, сол сияқты оларсыз да қабылданады.
Жасасқан шарттарды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыстардың, оның ішінде шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң қорытындысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жасасуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеменің шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі мыналардың:
1) тауарларды сатып алған, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайларда, орындалған жұмыстардың шот-фактурасының, хабарлама шотының, шотының, актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттың;
2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақылардың, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және әлеуметтік есептеулер, бюджетке жүргізілетін есептеулер, жеке тұлғаларға стипендиялар және төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың;
3) бюджеттен трансферттер бөлінген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің міндеттемелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарының;
4) инкассолық өкімнің;
5) осы тізбеген енбеген ерекше шығыстар мен басқа да шығыс түрлері бойынша төлемдер жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттың негізінде қабылданған болып есептеледі.
18-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелердi қабылдауына қойылатын талаптар
151. Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды, сондай-ақ шарттағы келтірілген деректердiң шынайылығын қамтамасыз етедi және оларды сақтамағаны үшін жауап бередi.
152. Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.
Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың шеңберіндегі немесе байланысқан гранттар бойынша шарттарды (бұдан әрi - қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі шарт) қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі азаматтық- құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысқан грант халықаралық шарттың қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 153-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
153. Мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шартты жасасуға мынадай:
мемлекеттік мекеме шартты қарыз/грант туралы шарт (келісім-шарт) шеңберiнде жасасқан;
мемлекеттік мекеме бюджеттік даму бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (одан да кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) басталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын қызметтерді ұсыну шеңберінде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан аспайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар жүргізу шеңберінде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме автокөлiк құралдарын иеленушiлердiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға шарттар жасасқан жағдайларда жол берiледi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 154-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
154. Қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шартта тиiстi қаржы жылдары бойынша соманы шартты түрде бөле отырып жалпы сомасын көрсетеді. Шарттың жалпы сомасы, жылдар бойынша оның бөлiнуi өзгерген кезде оларды түзету қосымша келісімдердi жасасу жолымен түзетіледі.
155. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда міндеттемелер бойынша қаржылық жоспардың шегінде бір бюджеттік бағдарлама аясында шарт жасасады.
Мемлекеттік мекеме ақша алушының бiреуiмен бюджеттік кiшi бағдарламалардың немесе шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiрнеше ерекшелiктерi бойынша шарт жасасқан жағдайда шартта жалпы соманы әрбір бюджеттік кiшi бағдарлама немесе шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбiр коды бойынша бөле отырып көрсетедi.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.06. № 667 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.11. № 1281 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.04. № 466 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 156-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 156-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 156-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
156. Шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының әрбiр коды бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан артық емес мөлшерде шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi бойынша жол берiледi:
141 «Тамақ өнiмдерiн сатып алу»;
142 «Дәрі-дәрмектер мен өзге де медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу».
Осы Ереженiң 157-160, 160-2-тармақтарында көрсетiлген ерекшелiктер мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша шығыстар түрлерiн қоспағанда, шығыстардың экономикалық сыныптамасының көрсетiлген тiзбеге енбейтiн ерекшелiктерi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
Республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру кезiнде негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу үшiн мемлекеттiк мекеме ағымдағы жылы осы мақсаттарға көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлемдi шығыстардың экономикалық сыныптамасының 418 «Мемлекеттiк мекемелердi материалдық-техникалық жарақтандыру» ерекшелiгi бойынша жүзеге асырады.
Мемлекеттiк кәсiпорындар қайта жасасқан және бұрын жасасқан ұзақ мерзiмдi шарттар бойынша күрделi жөндеу мен қалпына келтiруден басқа, жаңа объектілерді салу және қолданыстағыларын реконструкциялау үшін республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру үшiн мемлекеттiк мекеме экономикалық шығыстар сыныптамасының 435 «Мемлекеттiк кәсiпорындардың жаңа объектілерін салу және қолданыстағы объектілерін реконструкциялау» ерекшелiгi бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 423 «Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу» ерекшелігі бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтіруді және күрделі жөндеуді жүргізу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлемді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 156-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2011.07.06. № 637 Қаулысымен 156-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 156-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
156-1. Шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберiнде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуiн ұйымдастыру мақсатында экономикалық шығыстар сыныптамасының 164 «Стипендиаттардың шетелде оқуына төлеу» ерекшелiгi бойынша ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелде кадрлар даярлау мен қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру халықаралық бағдарламаларын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясын iске асыру жөнiндегi қызметтердi берушi етiп айқындаған заңды тұлғаның (бұдан әрi - Халықаралық бағдарламалар орталығы) өтiнiмiн қоса бере отырып, төлеуге берiлген шоттың негiзiнде жүзеге асырылады.
Халықаралық бағдарламалар орталығы өзінің банктік шотына ақшалай қаражат түскен сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде шетелдің жоғары оқу орындарына (әлемнің ғылыми орталықтары мен зертханаларына), стипендиаттарға, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысында көзделген қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан ұйымдарға шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру үшін ақшалай қаражатты аударуды жүзеге асырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірі күніне Халықаралық бағдарламалар орталығымен шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру үшін ақы төлеуге бөлінген ақшалай қаражатты өздерінің пайдалануы жөнінде салыстыру актісін жасайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.08. № 780 Қаулысымен (2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 157-тармақ өзгертілді
157. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының мынадай:
2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік тапсырма шеңберіндегі іс-шаралар бойынша шығыстарға ақы төлеу үшін 100 пайыздан;
ауруларды шетелде емдеудi көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн 70 пайыздан;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуiн көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн 50 пайыздан;
осы тармақта көзделген шығыстардың тiзбесiне енбейтiн шығыстарды төлеу үшiн 30 пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 155 «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiндегi қызметтердi төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге тек үкiметтiк емес ұйымдарға ғана мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орындаған кезде ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.15.09. № 1382 Қаулысымен 157-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.03.08. № 780 Қаулысымен (2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 157-1-тармақ жаңа редакцияда
157-1. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 431 «Жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау» ерекшелiгi бойынша:
1) мердiгерлiк ұйым төлеу сомасына жабдықты жеткiзу бойынша шарттық мiндеттемелердi уақтылы орындауға екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн берген жағдайда инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде дайындаудың технологиялық мерзiмi бiр жылдан асатын күрделi энергетикалық жабдықтар құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде;
2) әскери мақсаттағы жаңа объектілерді салуға және қолданыстағы бар объектілерді реконструкциялауға жұмсалатын шығындарға ақы төлеу үшін аванстық (алдын ала) төлем жасауға рұқсат етiледi.
Әскери мақсаттағы заттар мен материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеуге бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 149 «Өзге қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Әскери мақсаттағы көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 413 «Көлік құралдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеуге бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 414 «Машиналар, жабдықтар, құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалын сатып алу» ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 157-2-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 157-2-тармақ өзгертілді
157-2. Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан аспайтын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді және коммуналдық қызметтерді қоспағанда, құрылыспен, не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды реконструкциялаумен, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекемелердің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарға ақы төлеу тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Қолдану мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар бойынша шарттың жалпы сомасынан бес пайызды ұстауды мемлекеттік мекеме объектіні аяқтаудың соңғы жылында жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлінген жағдайда, сондай-ақ қаражат объектіні салуды бастауға бөлінгенде, ағымдағы қаржы жылына аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарттар бойынша бес пайызды ұстау жүргізілмейді. Бұл ретте көрсетілген жағдайларда объектілер бойынша ағымдағы қаржы жылына түпкілікті төлем аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме ұсынатын орындалған жұмыстардың актісі негізінде жүргізіледі.
Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан және тапсырыс беруші аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік қабылдау комиссиясының қол қойылған актісін ұсынғаннан кейін жүргізіледі.
158. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемақы жасау жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.21.11. № 1909 Қаулысымен 158-1-тармақпен толықтырылды
158-1. Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
ҚР Yкіметiнің 2012.09.10. № 1280 Қаулысымен 158-2-тармақпен толықтырылды
158-2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруды және пайдалануды жүзеге асыру кезінде мамандандырылған ұйымға ақша қаражатын аудару 100 (жүз) пайыз мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
159. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру және мерзiмдi баспасөздi сатып алу кезiнде шарт сомасының 100 пайызы мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға жол берiледi.
ҚР Үкіметінің 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен 159-1-тармақпен толықтырылды
159-1. ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.07.12. № 1323 Қаулысымен 159-2-тармақпен толықтырылды
159-2. Қаражатты Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталын ұлғайтуға аударған кезде ағымдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспары сомасының 100 пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлем жасауға жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 160-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен екінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
160. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі үшін аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етілмейді.
Егер жалға алу шартына сәйкес депозиттiк соманы төлеу туралы банк кепiлдiгiн беру туралы талап көзделсе, шығыстардың экономикалық сыныптамасының 154 «Үй-жайды жалдауға ақы төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) ақы төлеуге Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнiң жалға алу сомасын төлеуге ғана рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 160-1-тармақпен толықтырылды
160-1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қорытындысы бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1281 Қаулысымен 160-2-тармақпен толықтырылды
160-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы шеңберінде жасалған шарттар бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының 75 пайызынан аспайтын мөлшерде жол беріледі.
161. Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы шарт шеңберіндегі шарттарда (келісім-шарттарда) осы шартта (келісім-шартта) көзделген аванс беру тәртібі белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен 161-1-тармақпен толықтырылды
161-1. Standard&Poor's, Moody's және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктермен (оның ішінде олар басқа заңды тұлға болып қайта ұйымдастырылған жағдайда) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу олармен жасалған шарттарда немесе келісімдерде көрсетілген талаптар мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 161-1-тармақпен толықтырылды