ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін қозғамайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне және бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларына қатысты міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістерді дербес енгізеді.
Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу үшін әкімші осы Ереженің 26 және 27-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша 3 данада анықтама қалыптастырады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Ереженің 26-1, 27-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша анықтамалар қалыптастырады.
Анықтамалардағы өзгерістер сомасы үтірден кейін бір белгіден аспайтын бөлшек қалдығы бар сандармен мың теңгемен көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-тармақ өзгертілді
34. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекемелердің өтінімдері негізінде төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтама және мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама (бұдан әрі - қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама) қалыптастырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы қалыптастырғанға және мемлекеттік мекеменің өтінімін қарағанға дейін өзі орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық органына тиісті шығыстарды оқшаулауды жүзеге асыру және осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанын беру қажеттілігі туралы қағаз тасығышта хатпен өтініш жасайды. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөніндегі рәсімдер аяқталғанға дейін жоспарлы тағайындауларды өзгерту жоспарланған бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер бойынша мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін тіркеуді және оның төлемдерін жүргізуді тоқтата тұрады.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша операцияларды тоқтата тұрған кезде өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелерге қаржыландырудың жеке жоспарына жоспарланған өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Бұл ретте мемлекеттік мекемелерге шығыстардың бюджеттік сыныптамасының өзгертiлетiн кодтары бойынша операцияларды қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу рәсiмi аяқталғанға дейiн жүргiзуге тыйым салынады.
Мемлекеттік мекеменiң өтiнiмi мыналар ескеріле отырып қалыптастырылады:
ерекшелік сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше аударуға тыйым салынады;
жоспарлы тағайындаулар мен жасалған кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестiктi сақтауды;
төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңiне мiндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан асып кетпеуi тиiс болған кезде мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы;
қабылданған, бiрақ ақы төленбеген мiндеттемелердi;
инкассолық өкiмдердiң болуын;
шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы соманы қабылданған мiндеттемелердi шегере отырып, жоспарлы тағайындалулардың сомасына азайту жасалуы мүмкін;
жоспарлы соманы бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiктерi бойынша ұлғайту (азайту) қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша айдың қорытынды сомасы шегiнде басқа ерекшелiктер бойынша жоспарлы соманы азайту (ұлғайту) есебiнен, бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылуы мүмкін;
бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасындағы қаражатты қайта бөлу бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық сомалар шегінде жүргізіледі;
Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысы бюджеттік даму бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының жылдық көлемі шеңберінде сыртқы қарыздар және грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет қаражатын қайта бөлу үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік мекеменiң өтiнiмiне басшы немесе өзі өкілеттік берген тұлға, оларды жасауға міндетті мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғысы болмаған кезде - тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және өзгерістерге есептемелер мен бірге олардың негiздемесi ағымдағы айдың 10 күнінен кешіктірілмей тиiстi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне беріледi.
35. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi қоса берілген өзгерістер бойынша негіздемені және осы Ереженің 33-34-тармақтарында белгіленген талаптардың сақталуын тексереді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 36-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 36-тармақ өзгертілді
36. Осы Ережеде көзделген талаптар сақталған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекітеді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы 3 данада бекітеді, олардың біреуін мемлекеттік мекемеге, екіншісін өзінің орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тізіліммен бірге жібереді, үшіншісін өзінде қалдырады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы 4 данада бекітеді, олардың біреуін мемлекеттік мекемеге жібереді, екіншісін өзінде қалдырады, үшіншісін және төртіншісін осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тізіліммен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жібереді, мұнда осы анықтаманы орындауы туралы аумақтық қазынашылық бөлімшесінің белгісі соғылған төртінші дана бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға олар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде пайдалануы үшін жіберіледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ереженің 26-1, 27-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың қалыптастырылған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және қаржыландырудың жеке жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық үлгілерін осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді.
Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген пішімдегі қағаз және магниттік (электрондық) тасығыштарда немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде мынадай тәртіппен береді:
қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізілетін өзгерістерге қатысты қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама бекітілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі;
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысты жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі;
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысты емес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар ағымдағы айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей айына кемінде бір рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - ағымдағы айдың оныншы күнінен кешіктірілмей беріледі. Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері жоқ жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы өзгерістерге қатыссыз дербес қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу бойынша анықтамалар айына бір реттен асырмай ағымдағы айдың он бесінші күнінен кешіктірілмей ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - ағымдағы айдың оныншы күнінен кешіктірілмей беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ҚБАЖ-ға жеке қаржыландыру жоспарларына қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерге қатысты емес өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды жүктегеннен кейін «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне, сондай-ақ соңғысының бюджеттік мониторинг жүргізуі үшін тиісті жергілікті бюджет атқару жөніндегі уәкілетті органға ҚБАЖ-ға аталған анықтамаларды жүктегенін растағаны туралы хабарлама жібереді.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекіткеннен кейінгі кезеңде мемлекеттік мекеме міндеттемелерді қабылдауы немесе кассалық шығыстарды жүргізуі және Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкессіздігі, жоспарлық тағайындаулардың дұрыс бөлінбеуі себептері бойынша жоспарлы тағайындаулар жеткіліксіз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі:
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтаманы - бюджеттік бағдарлама әкімшісіне;
2) түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтаманы - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға орындаусыз қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебін көрсете отырып қайтарады).
Осы Ереженің 34-тармағы үшінші бөлігінің оныншы абзацында көрсетілген нормативтік құқықтық актісі болмаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындамай бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебін көрсете отырып қайтарады).
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен пайдаланушы нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресімделмеген жоспарлардың/анықтамалардың тізілімі мен электрондық үлгілерін аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтару себептерін көрсете отырып қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 38-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
38. Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлеміне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Ереженің 30-тармағының талаптарын сақтай отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінім (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі) қалыптастырады, оны ол енгізілетін өзгерістердің тиісті негіздемелерімен бірге бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өтінімді қалыптастырған кезде осы Ереженің 34-тармағында жазылған ережелерді сақтайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
39. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдеріне өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша көзделген сомалар шегінде мемлекеттік мекемелердің өтінімдеріне сәйкес қалыптастырады.
Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді, оның негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы бөлімде белгіленген тәртіппен жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өтінім ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
40. Ағымдағы айдың қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған өтінімді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын өзгерістердің негіздемелерін қоса бере отырып, мынадай тәртіппен береді:
аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері жоқ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың бесінші күніне дейін береді;
аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері бар республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың он бесінші күніне дейін береді;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың он бесінші күніне дейін ұсынады, жоғары тұрған бюджеттен алынатын нысаналы трансферттердің қаражаты және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар жөнінде шығыстардың айлар бойынша көлеміне өзгерістер енгізілген жағдайда ағымдағы айдың жиырмасыншы күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 41-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41. Қаржыландырудың жиынтық жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері айына кемінде бір рет ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын өзгертуге, сондай-ақ өкілдік шығындарға қаражат бөлуге немесе атқарушы парақтарды орындау үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі - ағымдағы ай ішінде, ал соңғы айда - ағымдағы қаржы жылының аяқталуына үш жұмыс күні қалғанда қабылданады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органға бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен өтеуді, бағамдық айырманы, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінің мөлшерін азайтуды бағаның өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыс беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтуды, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы ставкасын өзгертуді қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып беруге жол берілмейді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға азайтылатын айларға қатысты айлардың жоспарларын ұлғайту жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы және алдағы азайтуға арналған өтінімдер беруге жол беріледі, бұл ретте осы өзгерістер өткен есепті кезеңді қозғамауы тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға арттыру жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы айдың жоспарларын ұлғайту жолымен алдыңғы айлардың міндеттемелері бойынша жоспарларды азайтуға арналған өтінімдер беруге жол беріледі, бұл ретте осы өзгерістер өткен есепті кезеңді қозғамауы тиіс.
Бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын азайту бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға азайтылатын соманы ағымдағы немесе келесі айлардан ағымдағы жылдың желтоқсан айына көшіру бойынша міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінім енгізеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінімді қағаз және магнит (электрондық) тасығыштармен береді.
Қаржыландыру жоспарларын өзгертуге бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініміне орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал олар болмаған кезеңде - тиісті бұйрықтармен олардың міндеттерін орындау жүктелген тұлғалар қол қояды және ол бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөрімен куәландырылады.
42. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарайды және олар мақұлдаған жағдайда, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қалыптастырады.
Анықтаманы қалыптастыру осы Ереженің 34-тармағында көзделген тәртіппен, сондай-ақ мынадай шарттарды ескере отырып жүргізіледі:
осы Ереженің 19-тармағына сәйкес түсімдердің жиынтық жоспарының және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерімділігін сақтау;
жиынтық жоспардың «Республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімінде түсімдер мен өтеудің көлемін өзгерту бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитiн пайдаланудың) бекітілген (нақтыланған) көлемін сақтау шартымен ғана жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 43-тармақ өзгертілді
43. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың өтінімдерін жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган олар түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарайды.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған өзгерістер бойынша негіздемені және осы Ереженің 34-41-тармақтарында белгіленген шарттардың сақталуын тексереді.
Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінімдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылының басынан бастап түзетілетін кезең бойынша төлемдер бойынша шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден асып кетуіне әкеп соқтырса, сондай-ақ бұл ретте осы Ереженің 34-41-тармақтарында айқындалатын басқа да шарттар бұзылса, онда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімін қабылдамайды.
Өтінімді қабылдамаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бір жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ескертулерін есепке ала отырып, түзетілген өтінімді ұсынады.
44. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекіткеннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны қағаз тасығышта тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаперіне жеткізеді.
45. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органнан алған төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманың негізінде дәл сол күні бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді және қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бекітеді.
46. Өзгертілген заңнамалық актілерді іске асыруға қажетті өзгерістерді қоспағанда және Бюджет Кодексінде көзделген бюджет түзетілген жағдайда, өткен айлардағы (қалыптасқан есепті кезең үшін) бекітілген түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47. Бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтамалардың негізінде салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға республикалық бюджет кірістері түсімдерінің жоспарын жібереді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 48-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
48. Салықтық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомасының, қарыздардың бюджетке түсетін түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кредиттік шарттарға, қарыз шарттарына, борышты қайта құрылымдау келісіміне енгізілген өзгерістердің негізінде және осы Ереженің 30-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттің қаржы активтерін сату жоспарын өзгертудің негізінде аталған түсімдер тізбесі бойынша оларға өзара қатынасы бар органдардың өтінімдері бойынша жүзеге асырады.
Түсімдердің болжамдық жылдық сомасын өзгертуге кезекті қаржы жылына арналған бюджетті нақтылаған кезде ғана жол беріледі.
Түсімдердің жиынтық жоспарына және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылардың, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін бюджеттік кредиттерді өтеу сомасының жоғары тұрған бюджетке түсетін түсімдер жоспарына өзгерістер енгізуді төмен тұрған бюджеттер кірістерінің жоспарын асыра орындаудың, кредит шарттарының талаптарын өзгерту негізінде және жоғары тұрған бюджет түсімдерінің бірдей ай сайынғы сомасын және төмен тұрған бюджеттердің тиісті шығыстарының сомасын сақтап қалу мақсатында төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың өтінімі бойынша жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
49. Кірістердің түсімдері, кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді, қарыздарды өтеу жоспарларын өзгертуге өтінімдер қабылданбаған кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептері мен негіздемесін көрсете отырып, өтінім берген мемлекеттік органға, төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоспарларды өзгертуден бас тартатыны туралы хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 50-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50. Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы Ереженің осы бөлімінде белгіленген тәртіппен төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 29-30-қосымшаларына сәйкес жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы негізінде қалыптастырады.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар береді.
Төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттерге трансферттерді беруіне, борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуге байланысты шығыстар бойынша төмен тұрған бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы Ереженің осы бөлімінде белгіленген тәртіппен және жоғары тұрған бюджеттің уәкілетті органы ұсынған жоғары тұрған бюджет түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама негізінде төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 51-тармақ жаңа редакцияда
51. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманың бір данасын оларды бекітілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде бір мезгілде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз және магнит (электрондық) тасығыштарда ұсынады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша берген кезде - осы Ереженің 19-1, 29-1, 30-1-қосымшаларына сәйкес түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық үлгілерін, осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылады.