Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуді бөлшек сауда арқылы сауда қызметі субъектілері жүзеге асырады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 96-1-баппен толықтырылды
96-1-бап. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару ерекшеліктері
1. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беруге, сақтауға және шығаруға осы бапта белгіленген ерекшеліктермен бірге осы Заңның ережелері қолданылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртібімен оларды шығару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді.
3. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беруді, сақтауды және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртібімен оларды шығаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.
4. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару тәртібі мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.
97-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды қамтамасыз ету
1. Төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгiзiлген жағдайларда мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлiк ұйымдары бiрiншi кезектегі тәртіппен жүзеге асырады.
2. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтен шығарылатын материалдық құндылықтарды көлік ұйымдары жүкті тасымалдауға ұсыну бойынша алдын ала төлемсіз қабылдайды.
Жүкті тасымалдау шығындарын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 98-бап өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
98-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептілік
Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының қозғалысы және оларды сақтау бойынша есепке алу мен есептілік олар жүзеге асыратын өзге қызмет бойынша есепке алу мен есептіліктен бөлек жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 99-бап жаңа редакцияда
99-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
99-баптың екінші бөлігі 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бөлім. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ, ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ, ОЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 18-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ, ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ, ОЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 100-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
100-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің мәртебесі
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерден, әскери қызметшілер мен жұмыскерлерден жасақталады.
2. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Азаматтық қорғау органдарындағы әскери лауазымдар мен оларға сәйкес әскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық қорғау органдарында әскери қызмет өткереді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекеттік қызметтің ерекше түріне жататын азаматтық қорғау органдарында қызмет өткереді, оған түсу, өткеру және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Лауазымға орналасуы азаматтық қорғау органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын тікелей орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар беру құқығын беретін азаматтық қорғау органдары лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Азаматтық қорғау органдарының жұмыскерлеріне мемлекеттік әкімшілік қызметшілер және азаматтық қызметшілер жатады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Азаматтық қызметшілердің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
6. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері әскери және арнаулы атақтарға сәйкес айырым белгілері бар белгіленген үлгідегі нысанды киім мен арнаулы киім-кешек киеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізген кезде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік және жедел кезекшіліктерде, оқу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника сабақтарында, арнайы міндеттерді орындаған кезде арнаулы киім киіп жүреді.
9. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 101-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін жұмыс өтіліне қарай ай сайын лауазымдық жалақысына пайызбен мынадай мөлшерлерде еңбек сіңірген жылдары:
1) үш жылдан асқанда - он бес пайыз;
2) бес жылдан асқанда - жиырма пайыз;
3) он жылдан асқанда - отыз пайыз;
4) он бес жылдан асқанда - қырық пайыз;
5) жиырма жылдан асқанда - елу пайыз үстемеақы төленеді.
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы төлеу үшін өтіл уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептеледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері тегін нысанды киіммен және арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Азаматтық қорғау органдарының қызметкері мен әскери қызметшілерінің әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында не табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындауы кезінде қызмет мерзімінің бір күні үш күн болып есептеледі және үш есе мөлшерде ақшалай қаражат төленеді.
Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында не табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері казармалық жағдайда болған кезде және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тамақпен қамтамасыз етіледі.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 102-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
102-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды медициналық қамтамасыз ету
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызмет (жұмыс) орны немесе тұрғылықты жері бойынша тиісті бөлімшелері бар медициналық ұйымдар, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда медициналық көмекке құқығы бар.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде аталған адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша медициналық ұйымдар көрсететін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері медициналық көрсетілімдері болған кезде бюджет қаражаты есебінен санаторийлік-курорттық емделуге жіберіледі.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің осы бапта көрсетілген құқықтары мен жеңілдіктері қызметтен шекті жасқа толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған, қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма және одан көп жылды құрайтын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне қолданылады.
Азаматтық қорғау органдары жұмыскерлерінің осы тармақта көрсетілген құқықтары мен жеңілдіктері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты жұмыстан шығарылған, азаматтық қорғау органдарындағы жалпы жұмыс ұзақтығы жиырма және одан көп жылды құрайтын азаматтық қорғау органдарының жұмыскерлеріне қолданылады.
Азаматтық қорғаныстың шақыруы бойынша әскери қызметшілердің, уәкілетті органның білім беру ұйымдары курсанттарының медициналық көрсетілімдері болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда тегін медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсетілу құқығы сақталады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық қорғау органдарына қызметке (жұмысқа) тұратын азаматтар міндетті түрде медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығы деңгейін тексеруден, кәсіби қасиетін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өтеді, солардың нәтижелері бойынша олардың қызметке (жұмысқа) жарамдылығы айқындалады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің емделуде үзіліссіз болып, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында жекелеген аурулар бойынша емделуде болудың бұдан да ұзақ мерзімдері көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиіс. Қызметкердің емделуде үзіліссіз болуының белгіленген мерзімі өткеннен кейін ол одан әрі қызметке (жұмысқа) жарамдылығы туралы мәселені шешу үшін медициналық куәландыруға жатады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануына, контузия алуына немесе мертігуіне байланысты емделуде болу уақыты мерзіммен шектелмейді. Аталған адамдар медициналық куәландыруға ем аяқталғаннан кейін немесе аурудың нәтижесі белгілі болған кезде жіберіледі.
103-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi
1. Құтқарушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Құтқарушылар мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан шарттар негізінде түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн.
3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда, асырауындағыларға оның соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде мертігуінің, жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, ауыруының салдарынан мүгедектiк белгiленген кезде оған мынадай мөлшерлерде:
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға - жалақысының бес еселенген жылдық мөлшерінде;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға жалақысының екі еселенген жылдық мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде еңбекке қабiлеттілігінен тұрақты айырылып мертіккен, жарақаттанған, жараланған, контузия алған, ауырған жағдайда, оған мүгедектiк белгiленбей, жалақысының жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
6. Егер құтқарушының қаза табуы (қайтыс болуы), мертігуі, жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, ауыруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты емес мән-жайларға қатысты болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында айқындалған бiржолғы жәрдемақы төленбейдi.
7. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан құтқарушысын жерлеуге арналған жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін мөлшерде беріледі.
8. Осы баптың 3, 4, 5 және 7-тармақтарына сәйкес жәрдемақылар авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың қаражаты есебінен төленеді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың шығындары зиян (нұқсан) келтірушінің есебінен толық көлемде өтеледі.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру- әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Еңбек жағдайы зиянды әрi қауiптi ұйымдарға қызмет көрсететiн кәсiби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында осы ұйымдардың жұмыскерлері үшiн белгiленген құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi қолданылады. Олардың жалақысының мөлшері өздері қызмет көрсететін қауіпті өндірістік объектілердегі тиісті санаттардағы жұмыскерлердің жалақысының мөлшерінен төмен болмауға тиіс.
11. Осы бапта көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушыларына, сондай-ақ құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға оларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартқан кезде қолданылады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 103-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
103-1-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері
1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкері бір елді мекеннен елу километрден асатын екінші елді мекенге көшуіне байланысты қызметі бойынша ауысқан кезде оған бюджет қаражаты есебінен қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге көшкен отбасының әрбір мүшесіне оның айлық ақшалай қаражатының жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкері қызметі бойынша ауысқан кезде оған бюджет қаражаты есебінен өз мүлкін он тоннаға дейін тасымалдауға, сондай-ақ онымен бірге көшкен отбасы мүшелерінің жол жүруін қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігімен жол жүруге жұмсалған шығындары өтеледі.
Азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша ауысқан кезде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүргені және өз мүлкін тасымалдағаны үшін жұмсалған шығындарының өтелуіне құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығымен шығарылған азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақат алған, контузия алған) және қызметке жарамсыз деп танылған қызметкерлердің салтанатқа және салтанатқа шығуға арналған нысанды киім киіп жүруге құқығы бар.
3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-тарауына сәйкес азаматтық қорғау органдарының тұрғынжайға мұқтаж қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері қызметін өткеру кезеңінде мемлекет есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қызметтік тұрғынжай берудің орнына бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдері төленеді.
9-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
19-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
104-бап. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру
1. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) ұйымдардың қаражаты;
3) азаматтардың, қорлардың және қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қаражат көздері есебінен жүзеге асырылады.
105-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.