көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағында:
30-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;»;
33) тармақша алып тасталсын.
31. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат):
15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне атыс қаруы мен арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде беріледі. Атыс қаруы мен арнаулы құралдарды қолдану тәртібі осы Заңда айқындалады.».
32. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 3) тармақшасындағы «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» деген сөздер «Азаматтық қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) жұмылдыру мұқтаждары, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану туралы шешім қабылдайды;»;
3) 42-баптың 4-тармағындағы, 43-баптың 4-тармағындағы және 46-баптың 2-тармағындағы «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 81-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда сақталады.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтаумен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.»;
5) 91-баптың 2, 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару:
1) жаңарту;
2) қарызға алу;
3) броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«6. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету кезінде пайдаланылған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.»;
6) 107-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және тиісті орталық атқарушы органдарға көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде хабарлайды;»;
7) 134-бапта:
2-тармақтың 23) тармақшасындағы «жүргізу саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару, профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ өртті сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жұмыстарды және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын орындау саласында жүзеге асырады.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
33. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерін, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізіп беру жөніндегі қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлға;»;
2) 3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру шеңберінде туындайтын мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.»;
3) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;
12-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекітеді;
12-3) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға беретін мұнай өнімдерінің тізбесін бекітеді;»;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын әзірлейді;
21-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға беретін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді;»;
5) 9-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:»;
6) 13-баптың 4-тармағындағы «өрт қауіпсіздігі» деген сөздер «азаматтық қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 18-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор баға белгілеу тәртібін қамтитын, мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларына сәйкес мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.».
34. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 15-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган - азаматтық қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 24-баптың 2-тармағында:
7) тармақшадағы «салдарларының» деген сөз алып тасталып, «даярлау», «қаупі» деген сөздер тиісінше «дайындау», «қатері» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «басқа да» деген сөздер алып тасталсын.
35. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат, 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 27-баптың 5-тармағындағы «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 28-баптағы «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
7-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:».
37. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат):
16-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысқан;».
38. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат):
1) 1-баптың 9) тармақшасы екінші бөлігінің төртінші абзацындағы «салдарларын» деген сөз «мен олардың салдарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысқан;».
39. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат):
7-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы» деген сөздер «Азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» деген сөздер «Азаматтық қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Мемлекеттік шекара туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат):
9-тарау мынадай мазмұндағы 68-1-баппен толықтырылсын:
«68-1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.».
2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 3), 4), 5), 14) тармақшаларын, 30-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы сәуірдің 11-і.
№ 189-V