2) 16-баптың екінші бөлігіндегі «әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қолдану, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын» деген сөздер «төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат):
7-баптың 7) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 29-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 33-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша» деген сөздер «жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 35-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша» деген сөздер «жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
26-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар):
1) 29-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы (мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау, азаматтық қорғау саласындағы, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау саласындағы) мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына;»;
2) 31-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бөлігінде - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды;»;
3) 58-баптың 1-тармағындағы «әлемі», «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою» деген сөздер тиісінше «дүниесі», «азаматтық қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
51-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарына» деген сөздер «азаматтық қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның бөлiмшелерi» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттiк органдардың күштерi мен құралдары пайдаланылады.»;
4) 14-1-баптың 1-тармағы:
«жағдай кезінде» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
«үкiметтiк байланысты» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын» деген сөздермен толықтырылсын.
19. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
1) 4-1-баптың 5) және 7) тармақшаларындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы;»;
3) 15-баптың 2-тармағының сегізінші абзацындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 16-1-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқару
1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланылған жағдайда олар шеккен шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Байланыс желілері мен құралдарының иелері адамдар өмірінің теңіздегі, жердегі, әуедегі, ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау саласындағы кезек күттірмейтін іс-шараларды жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы хабарлармаларға абсолюттік басымдық беруге тиіс.
4. Байланыс операторлары өтеусіз негізде бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған кезде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде қызметтер көрсетуге міндетті.».
21. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
1) 1-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) уәкілетті орган - азаматтық қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 5-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» деген сөздер «Азаматтық қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сәйкес» деген сөзден кейін «өнеркәсіптік қауіпсіздігі» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторына», «өндірістік», «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторына», «өнеркәсіптік», «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттi қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң орындауын және олардың осы Заңда белгiленген талаптарды сақтауын мемлекеттiк бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдары, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.»;
4) 16-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
1) 1-баптың 11) тармақшасында:
«төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«азаматтық қорғанысты басқару органдары мен» деген сөздер «азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері
Қарулы Күштер мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.»;
3) 18-баптың 2-тармағындағы «төтенше жағдайлардың салдарларын» деген сөздер «төтенше жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 19-баптың екінші бөлігінде:
«төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқару органдары мен азаматтық қорғаныс», «қорғанысының» деген сөздер тиісінше «азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери», «қорғаныс» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 29-баптың 2-тармағында:
«төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқару органдары мен азаматтық қорғаныс» деген сөздер «азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 30-баптың 1-тармағындағы «халықты, шаруашылық жүргізу объектілерін және ел аумағын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халқын және аумағын» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери полициясы органдарының анықтау жүргiзу бөлiгiндегi өкiлеттiктері Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшiлерiне әскери бөлiмдердiң аумағынан тыс жерде қолданылады.»;
2) 9-баптың 9) тармақшасындағы «төтенше жағдайлар зардаптарын» деген сөздер «төтенше жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
6-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;».
25. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;».
26. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат):
12-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сатып алушылар бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;».
27. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
7-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне босқындарға көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады;
2) жергілікті атқарушы органдарға босқындарды қабылдауға арналған шатырлы лагерьлерді жайластыруда, стационарлық лагерьлерді дайындауда жәрдем көрсетеді;
3) босқындарды қабылдауға арналған шатырлы және стационарлық лагерьлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
28. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 64-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 65-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 66-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «саласындағы» деген сөз алып тасталсын;
2) 84-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 91-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға арналған арнаулы жабдық азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органда есепке қойылуға тиіс.»;
4) 92-баптың 1-тармағындағы «өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 93-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді бұрғылау, өндіру, дайындау және тасымалдау жұмыстарын жүргізу өзінің авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы, мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға арналған арнаулы жабдығы мен техникасы және (немесе) мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен шарты болған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.»;
6) 113-баптың 2-тармағындағы «құрылыстарын салу», «өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы», «өндіру» деген сөздер тиісінше «құрылыстарын орналастыру», «азаматтық қорғау саласындағы», «алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 115-баптың 3-тармағындағы «өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат):
99-баптың 2 мен 3-тармақтарындағы және 100-баптың 2-тармағындағы «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
30. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):