21) мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдар бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды жүзеге асыру;
22) кірме жолды одан әрі пайдалануды тоқтату және кірме жолды пайдалануды қайта бастау туралы шешім қабылдау;
23) темір жол көлігінде пайдаланылатын бірыңғай есепке алу-есеп беру уақытын белгілеу;
24) жер учаскелерін берудің нормативтерін келісу;
25) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;
26) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27) сертификаттауды және үлгілік сертификатын беруді жүзеге асыру;
28) халықаралық рейстерді қамтамасыз етуге рұқсат етілмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерін қабылдауға, ұшуға шығаруға және оларға қызмет көрсетуге уақытша рұқсаттарын беру;
29) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұру;
30) азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықты есепке алудың жүргізілуін жүзеге асыру;
31) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттауды және оның жарамдылығы сертификатын беруді жүзеге асыру;
32) сериялық өндіріске арналған жаңа конструкциялық (жаңа үлгідегі) азаматтық әуе кемесі зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін оған үлгі сертификатын беру;
33) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (бір жолғы) ұшуына рұқсат беру;
34) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетілуін, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен оның сапасын тексеруді жүзеге асыру;
35) авиациялық персоналға жататын тұлғаға оның қажетті білімі мен дағдылары бар екенін, сондай-ақ денсаулығының белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын кәсіптік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін авиациялық персонал куәлігін беру, куәліктің қолданыс мерзімін ұзарту, қайтарып алу, мұндай куәліктің қолданысын тоқтата тұру, куәлікке біліктілік және арнайы белгілер енгізу;
36) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру;
37) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38) ішкі әуе трассалары, жергілікті әуе желілері, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауға келісу;
39) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті беру;
40) ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификаты жоқ әуе кемесіне ұшу сынақтарын жүргізу немесе оның техникалық қызмет көрсетілетін және жөндеу жүргізілетін жерге ұшып баруы үшін арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру;
41) халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру;
42) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншігіндегі азаматтық әуе кемелеріне құқықтарды және аталған әуе кемелерімен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ қайтарылмайтын өкілеттіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
43) аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына сертификаттауды жүзеге асыру;
44) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген қолданыстағы сертификаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, иеленушілер сертификаттау талаптарын сақтамаған жағдайда сертификаттар беруден бас тарту, қайтарып алу, олардың қолданысын тоқтата тұру;
45) шетел мемлекеті Қазақстан Республикасының азаматына берген авиация персоналының куәлігін не тиісті куәлікті бере отырып, жұмысқа жалдану үшін Қазақстан Республикасына келген шетел азаматының авиация персоналының куәлігін тану;
46) азаматтық әуе кемесін сертификаттауды және оған дана сертификатын беруді жүзеге асыру;
47) сертификаттауды және азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беруді жүзеге асыру;
48) азаматтық әуе кемелерімен әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтың жолын кесу;
49) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсат ету;
50) егер әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларынан уақытша ауытқу белгіленген ұшу қауіпсіздігі деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізумен өтелсе, мұндай ауытқуларға келісу;
51) авиация персоналына жататын тұлғалардың «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген талаптар мен нормаларды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
52) шетел мемлекеті берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану;
53) тасымалдаушылардың магистральды теміржол желісінің қызмет көрсетулеріне кемсітусіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру;
54) шет мемлекеттердің әскери құрылымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін пайдаланушының халықаралық ұшуына келісу;
55) әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерді не заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге мүлік пен заттарды тексеріп қарауды жүргізу кезінде табылған, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған, заңды тұлғаға тиесілі құжаттарды, тауарларды, өзге де мүліктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;
56) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру;
57) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар толтыру, іс жүргізуді жүзеге асыру;
58) өз құзыреті шегінде тексеру нәтижелері бойынша актілер жасау және көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және нормалардың талаптарын бұзушылық анықталғанда, оларды жою туралы ұйғарымдар енгізу;
59) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізу;
60) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркелуі тиіс кемелердің командалық құрамының тұлғаларына диплом беруді жүзеге асыру;
61) тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің, контрагенттердің және басқа да тұлғалардың бәсекелес кірме жолдары жоқ кірме жолдардың қызметтеріне кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру;
62) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
63) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге тиіс кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
64) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге тиіс кемелердегі көлік оқиғаларын тексеру;
65) су көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы бөлігінде қызметін тексеру;
66) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;
67) авариялық жағдайларды және көлік оқиғаларын, су көлігін пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
68) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
69) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру;
70) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат беру;
71) бербоут-чартер шартымен жалға алынған шет мемлекеттің кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік беру;
72) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметін басқару;
73) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
74) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
75) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бланк өнімін өткізу қызметтері үшін бюджет кірісіне түсетін төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру;
76) шағын кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
77) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
78) көліктің жұмыс істеу тәртібін, олардың бұзушылықтарын анықтауды және жолын кесу бойынша шаралар қабылдауды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
79) көлік қызметтерін тұтынушылар құқықтарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
80) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
81) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау кезінде сапаны талап ететін жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету;
82) ақылы автомобиль жолдарын құру мен пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;
83) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін жолдың көліктік-пайдаланылу сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзімді жер пайдалануға беру;
84) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
85) жолаушылар мен багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарына рұқсат құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асыру және жолаушылар мен багаждың тұрақты емес халықаралық автомобильдер тасымалдары кезінде қозғалыс бағыты мен кестесінің сақталуын, сондай-ақ жолаушылар тізімінің болуын бақылау;
86) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік тасымалдаушылардың каботаждық тасымалдауын анықтау және жолын кесуді жүзеге асыру;
87) шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгіленбеген өткізу пункттері арқылы кіру фактілерін анықтау;
88) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
89) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
90) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу;
91) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
92) жүргізушілердің белгіленген еңбек және тынығу режимін сақтауы, оның ішінде тахографтармен жабдықталуға тиіс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тасымал түрлерін жүзеге асыратын автобустарда, жүк, оның ішінде мамандандырылған (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) автомобильдерде тахографтардың болуын бақылауды жүзеге асыру;
93) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;
94) жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласындағы автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамы нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
95) автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
96) автокөлік құралын жарақтандырудың, автокөлік құралында тахографтың болуы және жарамдылығы бөлігінде халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған отын бактарының жасаушы зауыт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
97) Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шет мемлекеттер тасымалдаушыларының автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
98) қозғалыс қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жай-күйі жауап бермейтін магистральдық темір жол объектілерін, темір жолдар мен жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұру және тоқтатуды жүзеге асыру;
99) тасымалдаушылардың халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асыру;
100) тасымалдаушылардың жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
101) темір жол көлігіндегі, соның ішінде магистральдық, станциялық және кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
102) жылжымалы темір жол құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;
103) магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыру;
104) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ұшудың негізгі қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелермен ұшуларды орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
105) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдың кәсіби дайындығы мен денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
106) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларын қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
107) азаматтық, эксперименттік авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігінің және авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін және азаматтық және эксперименттік авиацияның өзге де қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
108) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеуді жүзеге асыру;
109) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауын мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
110) әуе кемесі, оның компоненттері, қосалқы бөлшектері мен қосымша аспаптары жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
111) сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік беру;
112) басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, қағидалар мен рәсімдердің сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
113) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
114) әуеайлақ (тікұшақ айлақ) объектілерінің, қону алаңқайларының күтіп-ұсталуын және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 1-тармағының 1)-7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген әуежай қызметінің сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
115) азаматтық авиация әуеайлағы ауданында объектілерді таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
116) халықаралық әуе тасымалдарын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
117) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
118) азаматтық әуе кемесі данасы конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру;
119) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
120) порттық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
121) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асыру;
122) кемелерді, салдарды және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзбелі объектілерді және құрылыстарды олардың қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігіне қарап тексеруді жүргізу;
123) кемелермен, соның ішінде шағын көлемді кемелермен ішкі су жолдарында болған көлік оқиғаларын тергеуді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу;
124) алкогольден, есірткіден және уытқұмарлықтан мас күйдегі шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін басқарудан шеттету және оларды медициналық тексеруге жіберу;
125) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүргізуді жүзеге асыру;
126) порттың теңіз әкімшілігі жүргізетін теңіз кемелерімен болған авариялық жағдайларды сыныптауды, тергеуді және есепке алуды бақылауды жүзеге асыру;
127) жеке және заңды тұлғалардың Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;
128) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
129) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, ішкі су көлігінің жұмыс істеу тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
130) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
131) кемелерде техникалық пайдалану қағидаларының, қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
132) ішкі су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кеме иелерінің, кеме экипажы мүшелерінің, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
133) кемені пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін кемелерді (соның ішінде шағын көлемді), салдар мен өзге де жүзу объектілерін ұстауды жүзеге асыру;
134) кеме қатынасы қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қауіп болған кезде кемелердің (соның ішінде шағын көлемді), салдар мен өзге де жүзу құрылыстарының қозғалысын тоқтата тұру және тыйым салуды жүзеге асыру;
135) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз кемелерін және шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды, теңіз кемелерінде және шағын көлемді кемелерде тексеру жүргізуді жүзеге асыру;
136) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті қарау, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
137) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
138) қысқы тұрақта тұратын, пайдаланудағы теңіз кемелеріне уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің байқау жүргізуін бақылауды жүзеге асыру;
139) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
140) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру;
141) кеме қатынасы су жолдарының және навигациялық жабдық құралдарының тиісті күтіп-ұсталуын бақылауды жүзеге асыру;
142) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
143) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
144) ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
145) сервис орталықтарын (шеберханаларды) бақылауды жүзеге асыру;
146) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беру;
147) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау және қадағалау, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;
148) өз құзыретінің шегінде тексерулер нәтижелері бойынша актілер жасау және су көлігінің қызмет ету тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарымдар енгізу;
149) кемеде кеме құжаттарының бар болуын тексеруді жүзеге асыру;
150) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
151) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) бекіту;
152) азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру;
153) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру;
154) теңгерімінде жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару;
155) техникалық байқау орталықтарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
156) міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәлік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
157) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
158) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту;
159) телекоммуникация және пошта байланысының жалпыға бірдей қолжетімді қызметі аясындағы табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау;
160) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысы қызметтері нарығында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеу;
161) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды шарттық негізде беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;
162) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
163) телекоммуникация және пошта байланысының жалпыға қолжетімді қызметтері саласындағы табиғи монополиялар аясында тарифті (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту;
164) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлеу және бекіту;
165) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;