166) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған уақытша өтемдік тарифті бекіту;
167) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
168) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері шикізат, материалдар, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;
169) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту;
170) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестесін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
171) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
172) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісуді жүзеге асыру;
173) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;
174) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
175) ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
176) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу және бекіту;
177) бөлінетін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
178) пайдалануға рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалар белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
179) депозитарий жүргізуді тексеру;
180) ақпараттандыру саласындағы және байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау;
181) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау;
182) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингісін жүзеге асыру;
183) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауын тексеруді жүргізу;
184) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып қолданылатын радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және алдын алу;
185) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
186) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысы желілері мен құрылыстары құрылғыларын техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі техникалық нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру;
187) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру;
188) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін және олардың көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
189) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
190) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
191) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
192) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеу;
193) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау мәніне ақпараттандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
194) ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;
195) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
196) орталық мемлекеттік органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
197) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарға сәйкестігін аттестаттау;
198) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
199) ақпаратты алу, көшіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;
200) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану;
201) Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерін және электронды ақпараттық ресурстарды тіркеуді жүзеге асыру;
202) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтілімдеріне пошта штемпелін қолдану қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
203) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатты Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия шешімінің негізінде беру;
204) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық сипаттамаларының және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
205) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптарды сақтау бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
206) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
207) азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), бірлесе пайдалану және бірлесіп орналасу әуеайлақтарын есепке алуды жүзеге асыру;
208) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексерулер ұйымдастыру жөніндегі сертификатын беру;
209) авиациялық оқу орталығының сертификатын беру;
210) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру;
211) әуежайдың және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері мен Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларын келісу;
212) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізу;
213) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;
214) мүдделі мемлекеттік органдар арасында авиациялық қауіпсіздік саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асыру, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерін тексеруде мемлекеттік органдарға жәрдемдесу, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
215) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
216) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;
217) байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;
218) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс құрылыстары, телекоммуникация желілері құрылысының жоспарларын келісуге және пайдалану үшін қабылдауға қатысу;
219) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргізу;
220) пошта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
221) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру.
222) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шаралар қабылдау;
223) сертификаттауды және әуе қозғалысына қызмет көрсететін органның және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беруді жүзеге асыру;
224) азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы ұшудың іздестіру-құтқарушылық және апаттық-құтқарумен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
225) авиациялық оқыту орталықтары және азаматтық авиация ұйымдары әзірлеген авиациялық персоналды кәсіптік даярлау бағдарламаларын келісу;
226) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес астананың және астаналық әуежайдың үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін белгілеу;
227) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуін тұрақты қадағалауды жүзеге асыру;
228) қызметі сертификатталуға жатпайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
229) тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы бағдарламаны қабылдау;
230) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының негізінде әзірленген шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерудің тексеру парақтарының нысанын бекіту;
231) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
232) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
233) теңіз көлігі аясындағы навигация және байланыс саласындағы қызметтерді ұсыну жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау;
234) шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуы, сондай-ақ шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтарын және әскери техникасын тасымалдауға арналған әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін ашылған әуежайларды айқындау;
235) азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайы туралы ақпараттың нысанын бекіту;
236) шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесін перрондық және жоспардан тыс перрондық тексеруді жүзеге асыру;
237) метрополитенде қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және техникалық құралдардың күтіп-ұсталуын бақылауды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
Министрліктің:
1) бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартуға;
2) өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті нұсқаулар беруге және нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін актілердің күшін тоқтатуға немесе оларды өзгерту туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;
5) өз құзыреті шегінде сарапшыларды, мамандарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін сараптама және консультациялар өткізу үшін тартуға;
6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікке иелік етуді және пайдалануды жүзеге асыруға;
7) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынуға;
8) мемлекеттік кәсіпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта құру, тарату және атауын өзгерту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
9) өз құзыреті шегінде Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік, қоғамдық және басқа мекеме ұйымдарында және шетелдік мемлекеттерде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге;
10) өз құзыреті шегінде көлік және коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді, оларды Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу үшін әзірлеуге;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Министрліктің міндеттеріне:
1) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беру;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен ресми сұрау салу жағдайында өз құзыреті шеңберінде және заңнаманың шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
3) Министрлік қызметкерлерінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидаларының нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
4) мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық оқиғалары туралы басшылыққа немесе құқық қорғау органдарының назарына жеткізу;
5) Министрліктің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау жатады.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі жүзеге асырады.
19. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің өкілеттігі:
1) заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
2) өз қызметінде оның бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
3) жауапты хатшымен келісім бойынша комитеттер басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
4) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік ету;
5) өз құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Министр өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мүлкі
24. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін
қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.01.02. № 79 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.04. № 339 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.23.07. № 736 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.08. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 975 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
Мемлекеттік кәсіпорындар
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдар комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
5. ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 736 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Семей су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Павлодар су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Орал су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Атырау су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Іле су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Балқаш су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Акционерлік қоғамдар
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы.
2. ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы.
4. ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 975 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы.
6. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы.
7. «ҚазАэроЖоба» ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» акционерлік қоғамы.
8. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1. «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. «Дара қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 828 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақтөбе облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Атырау облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Жамбыл облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қарағанды облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
9. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қызылорда облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
10. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
11. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
12. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Павлодар облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
13. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
14. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
15. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
16. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.