2. Қала маңындағы аймақтардың шекарасын белгiлеу осы Заңға және Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес бекітілген қала құрылысы құжаттамасы негiзiнде жүзеге асырылады.
58-бап. Санитариялық-қорғаныш аймағы
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы объектілерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі халыққа қатер төндіруі және (немесе) қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін болған жағдайда, тиісті санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс. Санитариялық-қорғаныш аймағының мақсатына қарай оның параметрлері және оған қойылатын талаптар көрсетілген объектілердің жұмыс істеуінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламенттермен, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және жануарлар әлемі, қоршаған ортаны қорғау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.
2. Санитариялық-қорғаныш аймағында оның параметрлерi мен кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, тұрғын үйлердi, білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерiн, спорт-сауықтыру құрылыстарын орналастыруға бау-бақшаға арналған жер учаскелерiн орналастыруды қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерiн өндіруге жол берiлмейдi.
3. Санитариялық-қорғаныш аймағын күтiп ұстау жөніндегi мiндеттер ол арналған объектiлердiң меншiк иелерiне жүктеледi.
59-бап. Резервтегi аумақтар
1. Резервтегi аумақтар елдi мекендердi дамытуға немесе қонысаралық аумақтарды игеруге (жайғастыруға) арналған қала құрылысының ресурстары болып табылады.
2. Резервтiк аумақтар (қала құрылысы ресурстары) аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары мен елдi мекендердiң және олардың функционалдық аймақтарының бас жоспарлары құрамында белгiленедi және бекітіледi.
3. Елдi мекеннiң қала құрылысы ресурстарында белгiленген аумақтары олардың мақсатына сәйкес елдi мекендер мен олардың бөліктерiнiң дамуына қарай ғана резервке алынуға және пайдаланылуға тиiс.
4. Резервтегi аумақтар, егер мұндай пайдаланудың әдiсi мен режимi елдi мекендi немесе оның бөлiгiн жоспарланған перспективалы дамытуға кедергi жасамайтын болса, бекітілген қала құрылысы құжаттамасында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн.
5. Қала құрылысының ерекше реттелетiн аймақтары шекараларындағы резервтегi аумақтарды пайдалану аталған аймақтар үшiн белгiленген режимге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Резервтегi аумақтарды уақытша пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
9-тарау. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы
60-бап. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жобалау (жобалау-смета) құжаттамасынсыз не оңайлатылған нобайлық жобалар бойынша құрылыс салуға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Объектілерді және олардың кешендерін бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салған (кеңейткен, жаңғыртқан, техникалық қайта жарақтандырған, реконструкциялаған, қалпына келтірген, күрделi жөндеуден өткізген) жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тоқтатыла тұрады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта бастау белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлген тиісті жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы болған кезде ғана жүргізіледі.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша тапсырысшы (меншiк иесi) жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларынсыз не нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша:
1) сейсмикалық қауiптілігi жоғары немесе iске асыру кезiнде арнаулы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аймақтарда құрылыс салуды қоспағанда, жеке тұрғын үйлер салуды;
2) өз билiгіндегі үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серiктестiктерiнiң учаскелерiнде уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшiн тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызуды;
3) қосымша жер учаскесiн (аумақ телiмдерiн) бөліп берудi талап етпейтiн, тiреу конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен коммуникацияларды қандай да болсын өзгертуге байланысы жоқ, сәулеттiк-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаларды нашарлатпайтын, пайдалану кезiнде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтiн тұрғын ғимараттардағы (үйлердегi) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды);
4) азаматтардың жеке пайдалануына арналған, техникалық жағынан күрделi емес басқа да құрылыстарды өзгертудi жүзеге асыра алады.
Осы баптың 3) және 4) тармақшаларында аталған үй-жайларды немесе құрылыстарды техникалық жағынан күрделi емес өзгерістер тобына жатқызу туралы шешiмдi республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
Өз үйiнiң жанындағы учаскелерде, бау-бақша серiктестiктерiнiң (қоғамдарының) учаскелерiнде бар құрылыстарға шаруашылық-тұрмыстық қосымша құрылыстар тұрғызу, оларды абаттандыру, сондай-ақ сол учаскелерде контейнермен және блокпен орындалатын ықшам кешендердi монтаждау, егер аталған объектiлер басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң мүдделерiне қатысы болмаса, жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен келiспей-ақ жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Жобалаудың сатылылығы сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн нормативтiк талаптарға сәйкес құрылысқа арналған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеу тапсырмасымен белгiленедi.
4. Алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеу мен келiсу тәртібі, оның мiндеттi құрамы мен мазмұны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен мемлекеттік нормативтермен белгiленедi.
5. Бекіту тәртібі, сондай-ақ бекітілген алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамасына өзгерістер енгізу осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
6. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын iске асыру кезiнде мердiгерлiк жұмыстарды жүргiзудiң ережесi мен тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiне сәйкес белгiленедi.
7. Әзiрлеу аяқталғаннан кейiнгi үш және одан да көп жыл iшiнде құрылыс басталмаған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы ескiрген деп саналады және жаңа сараптама өткізiлiп, заңдарда белгiленген тәртiппен қайта бекітілгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
8. Алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізу, аталған құжаттарға меншік иесі құқығына, сондай-ақ пайдалану және оларды пайдалануды шектеу құқығына кепілдік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлердi және (немесе) құрылысты игеру үшiн шетелдiк заңды тұлғалар немесе жекелеген мамандар орындаған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, осы Заңда, мемлекеттiк нормативтерде және жобалауға берілген тапсырмада белгiленген жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарының талаптарымен және сатылары бойынша, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамы мен көлемiнде әзiрленуге тиiс.
Тапсырысшының (инвестордың) шешiмi бойынша тапсырысшы (инвестор) мынадай мiндеттi жағдайлардың жиынтығын орындау:
1) мемлекеттік жобалар сараптамасымен расталуға тиiс, Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік нормативтiк құжаттарында белгiленген өрт және жарылыс қауiпсiздiгiнiң, конструкциялар берiктiгiнiң, объектiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығының және еңбек қорғаудың нормаларын сақтау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік нормативтiк құжаттарға сәйкес тауар жеткiзiп берушiлердi (жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушiлердi) оларға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету кезiнде осы ережеден ауытқуға жол берiледi.
61-бап. Қала құрылысы жобалары
1. Қазақстан Республикасының аумағына және жекелеген аймақтарға өндiргiш күштердi жайластыру мен орналастыруды кеңiстiкте ұйымдастыру, қонысаралық аумақтарды игеру мен жайғастыру, елдi мекендердiң, аумақтарын немесе елдi мекеннiң жекелеген бөлiктерiн дамыту мен оған құрылыс салуды, олар әсер ететiн аймақтарды қоса алғанда, жоспарлау қала құрылысы жобаларының негiзiнде кешендi түрде жүзеге асырылады.
2. Жобалау мен құрылысқа конкурстар (тендерлер, мердiгерлiк сауда-саттық) өткізудiң ережелерiн, сәулет жобалары мен құрылыс жобаларын жобалауға (сәулеттiк-жоспарлау тапсырмасын қоса алғанда) және әзiрлеуге тапсырмаларды жасау кезiнде бекітілген қала құрылысы жобаларында белгiленген қала құрылысы шешiмдерiнiң сақталуы мiндеттi.
62-бап. Сәулет жобасы
2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр. ред. қара)
1. Сәулет жобасы ғимаратты (монументтi) жасаудың дербес жобасы ретiнде, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бiр бөлігi ретiнде құрылыс жобасын немесе құрылысқа арналған өзге де құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажеттi көлемде объектiге қойылатын әлеуметтiк, экономикалық, функционалдық, инженерлiк, техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, сондай-ақ энергия тиімділігі және өзге де талаптар кешендi түрде ескерiлетiн сәулеттік-көркемдiк, композициялық және көлемдiк-жоспарлау шешiмдерін қамтуға тиіс.
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сәулет жобасы:
1) тапсырысшы (инвестор) бекiткен, жобалауға арналған тапсырмалар және алаңдарды (трассаларды) таңдау жөніндегi материалдар, инженерлiк iзденулер нәтижелерi, объектiнi инженерлiк қамтамасыз етудiң техникалық талаптары негiзiнде;
2) бекітілген қала құрылысы жобалары мен алдын ала жобалау құжаттамаларына сәйкес;
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді
3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша әзірленеді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша сәулет жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді
3. Құрылыстың жобасын әзiрлеу кезiнде сәулет жобасының шешiмдерiнiң сақталуы мiндеттi.
Сәулет жобаларын өзгерту автордың (авторлардың) келісімiмен не оның (олардың) қатысуымен жүргiзiлуi мүмкiн. Егер бұл орайда сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқушылық пайда болса, тапсырма берген органмен келiсу талап етiледi.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді
4. Техникалық жағынан күрделi емес объектiлердiң құрылысына (реконструкциялауға, қайта жобалауға, қайта жабдықтауға) арналған жобалық құжаттаманы әзiрлеудi оңайландыру қажет болған жағдайда, сәулет жобасы сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес нобай (нобайлық жоба) түрiнде орындалуы мүмкiн.
Жобаланған объектiнi техникалық жағынан күрделi емес объектiлердiң қатарына жатқызу туралы шешiмдi республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
63-бап. Құрылыс жобасы
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр. ред. қара)
1. Құрылыс жобасында (құрылыстық жобада) құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының негiзгi бөлігi ретiнде объектiнiң орналасқан жерiнiң қала құрылысы тұрғысынан негiзделуi, құрылыс жүргiзу және объектiнi пайдалануға беру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау, энергия үнемдейтін және өзге де шешiмдерді қамтуға тиiс.
2. Заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген құрылыс жобасының жобалық шешiмдерi мен көрсеткiштерi оны iске асыру кезiнде мiндеттi болып табылады.
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Құрылыс жобасы:
1) тапсырысшы бекiткен, жобалауға берілген тапсырмалар, жер учаскесiн (алаңдарды, трассаларды) таңдау мен бөлу (пайдалануға берiлген рұқсат) жөніндегi материалдар, объектiнi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етудiң техникалық талаптары, инженерлiк iзденулердiң, тапсырысшының жобалау алдындағы қызметiнiң нәтижелерін қоса алғанда, өзге де бастапқы деректердiң нәтижелері негiзiнде;
2) құрылыстағы инвестициялардың заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген негiздемелерiне (техникалық-экономикалық негiздемелерге, техникалық-экономикалық есептерге), ал қажет болған жағдайда жобада қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлiк жабдықтар мен құрылғылардың мердiгермен келісілген тiзбесiне сәйкес;
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша әзірленеді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша құрылыс жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.
Бекiтiлген қала құрылысы және (немесе) сәулет жобалары болған жағдайда құрылыс жобасын әзірлеуге арналған бастапқы құжаттама оларда қабылданған шешімдерге сәйкес келуге тиіс.
4. Осы Заңның 62-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда нобай (нобайлық жоба) құрылыс жобасы болып табылады.
5. Бекiтiлген құрылыс жобасына құрылыс-монтаж жұмыстары барысында өзгерістер енгізу тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган заңдарда белгiлеген тәртiппен бекiтетiн мемлекеттік, авторлық және техникалық қадағалау жүргiзу жөніндегі мемлекеттік құрылыс нормаларымен және ережелерiмен белгiленедi.
64-бап. Жобалар сараптамасы
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда; 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жобаларға сараптаманы тиiстi аттестаты бар сарапшылар жүзеге асырады.
Жобаларға (жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға) мемлекеттік сараптама жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Мемлекеттік сараптаманың айрықша құзыретіне жатпайтын жобалар сараптамасын сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Сараптама, жобалау алды құжаттамасының, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының жекелеген түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-2. Әр түрлі деңгейдегі қала құрылысы жобалары осы Заңда, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді. Кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындылары тиісті деңгейдегі қала құрылысының жобаларын бекіту және оларды одан әрі іске асыру үшін негіз болып табылады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жобалардың сараптамасы міндетті емес.
2. Тапсырысшы (меншiк иесi) қабылдайтын шешiммен мыналардың жобалары бойынша сараптама жүргiзiлмеуi мүмкiн:
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді
1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиясы бар адамдар орындаған жеке тұрғын үйлер. Бұл ереже сейсмикалық қауiптілігi жоғары немесе iске асыру кезiнде арнаулы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандардағы (аймақтардағы) жеке тұрғын үй құрылысына қолданылмайды;
2) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар, тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар;
3) жеке үй жанындағы учаскелердiң аумағындағы, сондай-ақ бау-бақша серiктестiктерiнiң (қоғамдарының) учаскелеріндегі шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;
4) жұмыс iстеп тұрған инженерлiк тораптарды өзгертудi қажет етпейтiн үй жанындағы және саяжай учаскелерiн абаттандыру;
5) контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын ықшам кешендер, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi керек етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлер (ғимараттар);
6) саны елуден аспайтын автомашинасы бар ашық үлгiдегi автотұрақтар, сондай-ақ екеуден аспайтын автомашинаға арналған бокстерi бар көлікжайлар;
7) бар үйлерде жүзеге асырылатын және тiреу конструкцияларын өзгертудi қажет етпейтiн өндірiстiк емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
8) инженерлiк тораптарды электр коррозиясынан қорғау;
9) желiлi инженерлiк тораптар мен оларға арналған құрылыстарға олардың жағдайын, салыну белгiлерiн, трубалардың диаметрiн өзгертудi қажет етпейтiн күрделi жөндеу жүргiзу;
10) шағын сәулеттiк нысандар және аумақтардың қоршаулары;
11) үйлердiң (ғимараттардың) маңындағы ашық спорт алаңдары, тротуарлар, төселген тастар;
12) технологиялық ресурстары таусылған және кәсiпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейiндеудi қажет етпейтiн бiрлi-жарым технологиялық немесе инженерлiк жабдықтарды жөндеу және ауыстыру.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2-тармақ 13) тармақшамен толықтырылды
13) лицензиясы бар тұлғалар орындаған және қосымша жер учаскесін (аумақ кесіндісін) бөлуді талап етпейтін, конструкцияның есептік беріктігін төмендетпейтін, сәулеттік-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапасын нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін, ол жөнінде жоба авторының (жобаның бас инженерінің, жобаның бас сәулетшісінің) тиісті жазбасы бар, тұрғын үй ғимараттарындағы (үйлеріндегі) тұрғын үй және тұрғын үй емес үй-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау);
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2-тармақ 14) тармақшамен толықтырылды
14) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық жағынан күрделі емес басқа да құрылғылар;
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді
3. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретiне инвестициялардың негiздемелерiне, техникалық-экономикалық негiздемелер мен есептерге және:
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бюджеттік инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылған, сондай-ақ бюджеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бiрақ заңда белгiленген тәртiппен өнiм шығару немесе көрсетiлетiн қызметтер көлеміндегі мемлекеттік меншiк үлесi көзделетiн;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 2 тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2) тармақша өзгертілді
2) санитариялық, экологиялық, өрт және жарылыс қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау конструкциялардың сенiмдiлiгi, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы, мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткізуiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормативтiк талаптарға сәйкестiгi бөлігiнде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, бірегей және сирек кездесетін ландшафтарды, тарихи-мәдени мұра объектілерін пайдалану белгіленетін бөлігінде, құрылысты қаржыландыру көздерiне қарамастан, объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасына сараптама жасау жатады.
Техникалық жағынан күрделі құрылыс объектілерінің тізбесі ғимараттар мен құрылыстарды техникалық күрделі санатқа жатқызудың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жалпы тәртібіне сәйкес айқындалады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне қолданылмайды. Бұл объектілер сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асыратын сараптамаға жатады.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)