2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау, жобаларды сараптамадан өткізу, құрылыс өнiмiн стандарттау және сертификаттау органдары (қызметтерi, лауазымды адамдары), тапсырысшылар, құрылыс салушылар, iзденушiлер, жобалаушылар, құрылыста пайдаланылатын өнімдi дайындаушылар (өндiрушiлер) мен жеткiзiп берушiлер, жұмыс жүргiзушiлер, аталған өнімнiң (объектілердiң) меншiк иелерi (пайдаланушылары, жалдаушылары, жалға алушылары) өз мiндеттерiне сәйкес құрылыс өнiмiнiң (объектiлерiнiң) сапасын қамтамасыз етушi субъектiлер болып табылады.
71-бап. Объектілердiң сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етудегi меншiк иелерiнiң мiндеттерi
Меншiк иелерiне объектiлердi пайдалану кезiнде олардың тиісінше сапасын қамтамасыз ететін негізгі сипаттамаларын сақтауға бағытталған мынадай міндеттер:
1) объектiнi қалпына келтiру, күшейту, қайта салу, қайта жобалау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, түрлендіру және кейін кәдеге жарату, сондай-ақ объектінің сәулеттік келбетiн және (немесе) қала құрылысы қырларын өзгерту жөніндегi жұмыстарды тек рұқсат ету рәсiмдерiнен өтудiң заңдарда белгiленген тәртібіне, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, экологиялық және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыру;
2) пайдаланушылардың (жалдаушылардың, жалға алушылардың) объектiнi қиратуына және (немесе) бүлдiруiне жол бермеу жөнiнде шаралар қолдану;
3) объектiнi кейiн кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру жүктеледi.
72-бап. Объектiлердiң сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етуде пайдаланушылардың мiндеттерi
Пайдаланушыларға (жалдаушыларға, жалға алушыларға) объектiлердi пайдалану кезiнде олардың тиiсiнше сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi сипаттамаларын сақтауға бағытталған мынадай мiндеттер:
1) тұтас алғанда объектiнi не оның жалға алынған бөлiгiн пайдалану жөнiнде оларды заңдарда белгiленген ережелерге (тәртiпке, нұсқаулықтарға) не жалдау (жалға алу) шартының талаптарына сәйкес пайдалану;
2) жалдау (жалға алу) шартының талаптары бойынша пайдаланушыға (жалдаушыға, жалға алушыға) жүктелген күтiп ұстау мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды уақтылы және тиiсiнше жүзеге асыру;
3) объектiнi қалпына келтiру, күшейту, қайта салу, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникамен қайта жарақтау, түрлендiру, жаңғырту, сондай-ақ объектiнiң сәулеттiк келбетiн және (немесе) қала құрылысы қырларын өзгерту жөніндегі жұмыстарды тек меншік иесінің келісімімен және құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыру;
4) меншiк иесiн объектiнi пайдалану кезiнде болған оның сипаттамасындағы өзгерістер немесе техникалық авариялар туралы хабардар ету жүктеледi.
11-тарау. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау
73-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдаудың жалпы тәртібі
1. Салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiмен, осы Заңмен реттеледi.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы оның бекітілген жобаға сәйкес толық әзiрлiгi және жұмыс комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда жүргiзедi.
Осы Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды меншiк иесi (тапсырысшы, инвестор, құрылысты салушы) дербес жүргiзедi.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
2-1. Салынған объектіні қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдауы кезінде жұмыс комиссиясы талап етілмейді.
3. Осы Заңның 74-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қабылдау комиссиясының немесе қабылдау комиссиясының оң шешiмi болмайынша, салынған объектiнi пайдалануға жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау туралы актiсi (ал мемлекеттік нормативтерде белгiленген жағдайларда - қабылдау комиссиясының актiсi) дайын құрылыс өнімiне мүлiктiк құқықты тiркеу кезiнде бастапқы ерекше құжат болып табылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы қол қойған, салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi бекітуге жатпайды.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Объектiнiң пайдалануға берілгендігі туралы актiге қол қойылған күн мемлекеттік қабылдау комиссиясы немесе қабылдау комиссиясы қабылдаған объектiнiң пайдалануға берілген күні деп есептеледi.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының немесе қабылдау комиссиясының нақты объект бойынша өкiлеттiктерi олардың тағайындалған күнінен басталады және мемлекеттік қабылдау комиссиясының немесе қабылдау комиссиясының объектiлердi пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қойған күнінен бастап тоқтатылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-1-тармақпен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектіні пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін), салынған объектінің күрделілігіне және функционалдық арналуына, оның технологиялық және пайдалану сипаты мен параметрлеріне қарап тағайындаған кезде мемлекеттік басқару органы белгілейді.
Бұл ретте азаматтық тұрғын үй мақсатында салынған объектілер бойынша қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған қорытынды келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын, ал ірі (техникалық жағынан күрделі) қоғамдық үйлер мен құрылыстарды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету саласына жататын өндірістік циклдағы өзге де объектілерді - жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асыруға міндетті.
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 8-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Жұмыс комиссиясының нақты объект бойынша өкiлеттiктерi оның тағайындалған кезiнен басталады және пайдалануға қосылған объектiнi кешендi бағалау жөнiнде заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген қорытынды тапсырысшыға берiлген кезден бастап тоқтатылады.
74-бап. Меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлер
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімі болған кезде меншік иесі (тапсырысшы, инвестор, құрылыс салушы) құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделі емес объектілерді, атап айтқанда:
1) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертпей қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды);
2) уақытша құрылыстарды, соның iшiнде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрмыстық үй-жайларды;
3) жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, бау-бақша серiктестiктерi (қоғамдары) учаскелеріндегі құрылыстарды, үй жанындағы немесе үй iргесіндегі (саяжай) учаскелердегi абаттандыру элементтерiн;
4) контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлердi (ғимараттарды);
5) автомашиналар саны елуден аспайтын ашық үлгiдегi автотұрақтарды, сондай-ақ саны екеуден аспайтын автомашинаға арналған жайы бар көлiкжайларды;
6) жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстарды салуды;
7) шағын сәулеттiк нысандарды және аумақтардың қоршауын;
8) үйлер (ғимараттар) маңындағы ашық спорт алаңдарын, тротуарларды, тас төсенiштерiн пайдалануға қабылдауды дербес жүзеге асыруға құқылы.
2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған үй-жайларды (үйдiң жекелеген бөлiктерiн) өзгерту, сондай-ақ техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi салу мен пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтiрсе не мемлекеттік және (немесе) қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, бұл баптың нормаларын қолдануға болмайды.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың нормалары:
1) құрылысы мемлекеттік инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, сейсмикалық қауiптілігi жоғары не өзге де геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары ерекше аудандарда, сондай-ақ ерекше реттелетiн аймақтарда орналастырылатын (орналастырылған) объектiлерге қолданылмайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4. Объект иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау тәртібін, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
75-бап. Мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын объектiлер
1. Мемлекеттік инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен салынып жатқан (салынған) барлық объектiлер мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдауына жатады.
2. Қаржыландыру көздерiне қарамастан, мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын азаматтық (қоғамдық) және коммуналдық мақсаттағы жеке тұрған объектiлер. Техникалық жағынан күрделі емес, мемлекеттік инвестицияның қатысуынсыз қаржыландырылатын жеке тұрған объектілер пайдалануға осы Заңның 76-бабында белгіленген тәртіппен қабылданады;
2) шағын бизнес (жеке кәсiпкерлiк) кәсiпорындарын қоспағанда, өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер;
3) көп пәтерлi тұрғын үйлер (ғимараттар);
4) автомобиль жолдары мен темір жолдар;
5) көпiрлер, жол желiлерi, тоннельдер, азық-түлiк желiлерi мен инженерлiк құрылыстары бар электр беру желiлерi;
6) ғарыштық байланыс объектілерi;
7) атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика объектiлерi;
8) су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы объектiлер;
9) темір жол және автомобиль разъездерiнде, қорықтарда, заказниктерде, балық питомниктерiнде, орман, аңшылық және басқа алқаптарда тұруға арналған объектiлер (тұрғын және қосалқы үй-жайлар) жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз салынып жатқан (салынған), бiрақ мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қатысы бар объектiлердi мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға тиiс.
Көрсетілген талапты аудандардың, қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру кезінде белгiлейдi және ол осы тапсырмада көрсетілуге тиіс.
76-бап. Қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын объектiлер
1. Осы Заңның 74 және 75-баптарында көзделген нормалар қолданылатын объектiлердi қоспағанда, мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз салынып жатқан (салынған) объектiлер қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына жатады.
Осы Заңның 75-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған объектiлер санатын шығарылатын өнiмнiң және көрсетiлетiн қызметтiң жылдық көлемiне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын объектiлер де, егер олар:
1) тұрғын және тұрғындық емес үй-жайларды тұрғын үйлер етiп қайта бейiндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) байланысты болса;
2) үй-жайлардың (үйдiң бiр бөлiгiн) тiреу және (немесе) қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертудi талап ететiн реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) байланысты болса;
3) салу және (немесе) пайдалану кезiнде басқа меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғаса;
4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) сейсмикалық қауiптілiгi жоғары не өзге де геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары ерекше аудандарда, сондай-ақ өзге де ерекше реттелетiн аймақтарда салынып жатса (салынса);
6) адамдар мен қоршаған ортаға ықтимал қаупi бар өндiрiстiк процестерге байланысты болса, қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына жатады.
Көрсетілген шектеулердi жергiлiктi атқарушы органдар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру кезінде белгiлейдi және олар осы тапсырмада көрсетілуге тиіс.
77-бап. Қабылдау және жұмыс комиссиялары
1. Қабылдау комиссиясы мен жұмыс комиссиясы тапсырысшының шешiмiмен тағайындалады және объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсiмiне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алынғаннан кейiн он бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей құрылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қабылдау және жұмыс комиссиясының өкілеттіктерін, міндеттемелерін, міндетті құрамын, объектіні қабылдау тәртібін, сондай-ақ бұл үшін қажетті комиссия қорытындысы мен актісінің нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Қайта қабылдауды қоса алғанда, қабылдау және жұмыс комиссияларының жұмыс процесiнде жасалған шығындарын тапсырысшы өтейдi.
78-бап. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы
1. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы - салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша немесе тұрақты алқалы орган.
Тұрақты мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамын, қажет болуына қарай, комиссияны тағайындаған мемлекеттік басқару органы өзгертедi.
2. Пайдалануға қабылданатын объектiнiң маңыздылығына немесе құрылыс құнына қарай мемлекеттік қабылдау комиссиясын:
1) орталық атқарушы органдардың немесе облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкiмдерi;
4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi тағайындайды.
3. Мемлекеттік қабылдау комиссиялары:
1) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн үш айдан кешiктiрмей;
2) тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей алдын ала тағайындалады.
Бұл орайда осы объект бойынша комиссия жұмысының басталу және аяқталу мерзiмдерi белгiленедi.
4. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының мiндетiне:
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жұмыс комиссиясы анықтаған шалағайлықтардың, жобадан, құрылыс нормалары мен ережелерiнен ауытқушылықтардың орындалуын белгілеу;
2) сәулет-құрылыс, инженерлiк және технологиялық шешiмдердiң, сондай-ақ тұтас алғанда объектiнiң iлгерiшiлдiгiн бағалау;
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қолданысқа енгiзiлетiн объектiнiң (кешеннiң) жобалық қуатының (сыйымдылығының) сәйкестiгiн белгілеу;
4) қажет болған жағдайда, технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылаушылық байқау және сынақ жүргiзу;
5) комиссияны тағайындаған инстанция объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы туралы дәлелдi қорытынды берiп, жобалау-iздену және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасыз орындалуына жол берген лауазымды адамдарды заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiнде ұсыныс жасау кiредi. Бұл орайда қорытындының көшiрмелерi тапсырысшыға (құрылыс салушыға) және бас мердiгерге жiберiлуге тиiс.
5. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау фактiсi Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген бiрыңғай нысандағы актiмен ресiмделедi.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелерi қол қояды.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясы мүшесiнiң объектiнi пайдалануға қабылдау жөнінде ерекше пiкiрi болған жағдайда ол актіге қол қоймайды және ерекше пікірін комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынады.
Ерекше пікірді мемлекеттік қабылдау комиссиясы пікір ұсынушы комиссия мүшесінің және комиссияны тағайындаған мемлекеттік басқару органы өкілінің қатысуымен қабылдау актісіне қол қойылғанға дейін қарауға тиіс.
7. Өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына:
1) комиссияны тағайындаған мемлекеттік басқару органының комиссия төрағасы тағайындайтын жауапты өкiлi;
2) комиссия төрағасының орынбасары тағайындайтын бас жобалау ұйымының өкiлi;
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының), пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердің), бас мердiгердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, орындарының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өкілдерi кiредi.
8. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi қабылдаған кезде мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына:
1) жергiлiктi атқарушы органның комиссия төрағасы тағайындайтын жауапты өкiлi;
2) комиссия төрағасының орынбасары тағайындайтын мемлекеттік құрылыс инспекторы;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 3) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының), пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң), бас мердiгердiң, бас жобалау ұйымының (жоба авторларын қоса алғанда), мемлекеттік өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерiнiң өкiлдерi енгiзiледi.
10. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Қайта қабылдауды қоса алғанда, мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмыс процесiнде жасалған шығындарын тапсырысшы өтейдi.
79-бап. Салынған объектілердi пайдалануға өткізуге және қабылдауға қатысушылардың жауапкершiлiгi
Салынған объектiлердi пайдалануға, өткізуге және қабылдауға қатысушылар, соның iшiнде тапсырысшылар (инвесторлар, құрылыс салушылар), iздену, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарына мердiгерлiктiң жауапты орындаушылары, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын дайындаушылар мен берушiлер, сондай-ақ құрылыстың және жабдықтарды монтаждаудың барысын оралымды қадағалау қызметтері, мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының және жұмыс комиссиясының мүшелері, басқа да қатысушылар азаматтардың өміріне немесе денсаулығына төнген қауіп, сондай-ақ жіберілген жолсыздықтар не міндетті нормативтік талаптардан (ережелерден, шектеулерден) ауытқушылық салдарынан мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүдделерге келтірілген залал (зиян) үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленгендей жауапты болады.
Қазақстан Республикасының