7) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
8) 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) осы Заңда айқындалған отандық әлеуетті өнім берушілер санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды;
10) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекітеді;
11) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды;
12) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді;
13) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша өгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын айқындайды;
15) мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың тәртібін айқындайды;
16) арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімдерін берушілерді айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекітеді;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлiк тауарларын сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн бекiтедi;
18) түзету мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушілер сатып алатын, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін бекітеді;
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді, сондай-ақ олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі мен олардың көлемін айқындайды;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындайды;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен бап 23) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді)
23) 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен бап 24) тармақшамен толықтырылды
24) отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 24-1), 24-2) және 24-3) тармақшалармен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
24-1) аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
24-2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
24-3) конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер бір көзден сатып алатын күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
25) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
14-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік сатып алу саласында салааралық үйлестіру мен әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
3) осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
4) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер жасауды және жүргізуді жүзеге асырады;
5) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакция
6) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, енгізуге және пайдалануға қатысады;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсету тәртібін айқындайды;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпараттың сақталу тәртібін айқындайды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды;
қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алу субъектілері ұсынған есептілік деректерінің, материалдар мен ақпараттың дұрыстығын тексереді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерінен қажетті ақпаратты және материалдарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар және консультациялар жүргізуге тартуға құқылы.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өкілеттігі
Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:
1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді, ақпараттық - техникалық сүйемелдеуді және пайдалануды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс істеуін және оны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
4) осы Заңға сәйкес өтеусіз негізде міндетті түрде жариялануға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;
5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсетеді;
6) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне өтеусіз негізде консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
7) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакция (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың көлемі туралы есептілікті техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара іс-қимыл жасайды.
15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды мына органдар:
1) Қазақстан Республикасының бюджет кодексінде белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік қаржы бақылау органдары;
2) уәкілетті орган бақылау объектілерін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді орындау арқылы жүзеге асырады.
2. Мыналар:
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, аукциондық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысушы, аукционға қатысушы, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету үшін бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар;
3) 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар бақылау объектілері болып табылады.
3. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау объектілеріне осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар жатады, олар бір мезгілде мемлекеттік қаржы бақылау объектілері болып табылады.
4. Бақылау объектілеріне қатысты жоспарлы тексерулер күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық жүзеге асырылмайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті орган жоспардан тыс тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдана отырып, жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырады;
2) бақылау объектілерінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны туралы ақпарат келіп түскенде;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік сатып алуды жинау, қорыту және талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Уәкілетті орган бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бақылау объектісіне орындауға міндетті ұсыну жібереді;
2) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
7. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде тиісті бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бақылау объектілеріне орындауға міндетті қаулылар, ұсынулар жібереді;
2) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің қылмыс құрамы белгілері бар іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасасу фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік қаржы бақылау органдары осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.
9. Мемлекеттік қаржы органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады
3-тарау. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу
16-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушы деп таныған әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу:
1) конкурстық комиссия екіден кем әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысушы деп таныған;
2) осы Заңның 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екіден кем конкурстық баға ұсыныстары бағалануға және салыстыруға жатқызылған;
3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайлардың бірі болғанда өтпей қалды деп танылады.
17-бап. Конкурстық құжаттама
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған үлгілік конкурстық құжаттаманың негізінде немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.
2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгіленген жалпы және арнайы біліктілік талаптарынан басқа мынадай мәліметтер:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзіндік ерекшеліктерін қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;
5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;
6) төлем жасау шарттары және елеулі шарттары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) бағадан басқа критерийлер, солардың негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай критерийлердің салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеудің әдістемесі айқындалады;
8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларынан басқа, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеуді көрсету;
9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрінетін валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам;
10) конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жасалатын және табыс етілетін тілге қойылатын талаптар;
11) конкурсқа қатысуға өтінімді енгізудің талаптары, өтінімді қамтамасыз етудің мазмұны мен түрлері;
12) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өз өтінімін оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті сілтеме жасау;
13) конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті табыс етудің тәртібі, тәсілі, орны мен соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданыста болуының талап етілетін мерзімі;
14) әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер сұрата алатын тәсілдер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесулер өткізу орны, күні және уақыты;
15) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні және уақыты;
16) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаттамасы;
17) алда болатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атынан уәкілеттік ететін олардың өкілдері туралы мәліметтер;
18) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі;
19) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
3. Конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің болуына:
1) негізгі (белгіленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
2) тауарды лизингке беру жөнінде қызметтер көрсетушіні айқындау және лизинг нысанасын толық сипаттау қажеттігінің туындауы үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жол берілмейді.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлерді:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) әлеуетті өнім берушіде:
өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауар өндірушілер үшін ұсынылатын тауарларды ерікті түрде сертификаттауды растайтын құжаттың;
ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);
ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакция (бұр.ред.қара)
3) жергілікті қамтуды көздеуге міндетті.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Конкурстық құжаттамада осы Заңда белгіленген жағдайларда жариялануға тиісті ақпаратты орналастыру жоспарланып отырған интернет-ресурстың электрондық мекенжайы (бұдан әрі - тапсырыс берушінің интернет-ресурсы) көрсетілуге тиіс. Тапсырыс берушінің интернет-ресурсы тұрақты жұмыс істеуге және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын тұлғаға тиесілі болуға тиіс.
Осы тармақтың талаптары конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен конкурстық құжаттама сараптама жасауға жатады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)