Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы
2002 ж. 3 сәуірдегі № 314-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен мәтіндегі «мен қадағалау» деген сөздер алып тасталды, «бақылау мен қадағалауды» деген сөздер «бақылауды» деген сөзбен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қадағалау», «қадағалауды» деген сөздер тиісінше «бақылау», «бақылауды» деген сөздермен ауыстырыды (бұр.ред.қара)
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді
Осы Заң қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың, инциденттердің салдарынан туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алуға, аварияларды, инциденттерді және олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, олардың жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау, экологиялық, өрт қауіпсіздігі саласындағы, атом энергиясын пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану мен кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен жүзеге асырылады.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы;
2) инцидент - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестің режимінен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) мемлекеттік инспектор - Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуының жай-күйі;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) техникалық басшы - ұйымның технологиялық процесіне басшылықты жүзеге асыратын, жоғары білімі бар маман;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) техникалық құрылғылар - машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар басқа да конструкциялар (есепке алу аспаптары, ысырмалар, крандар және басқалар).
2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап жаңа редакцияда; 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Қауіпті өндірістік объектілер және техникалық құрылғылар
Қауіпті өндірістік объектілерге:
1) мынадай:
тұтанғыш - қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;
жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын зат;
жанғыш - өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын зат;
тотықтандырғыш - жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;
уытты - тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейін келетін;
теріге енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейін келетін;
ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейін келетін;
жоғары уытты - тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын;
теріге енгізген кезде өлтіретін дозасы бір килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын;
ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын;
қоршаған орта үшін қауіп тудыратын, су ортасында мынадай өте уытты көрсеткіштермен сипатталатын зат:
балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында өлтіретін орташа дозасы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;
дафнияға қырық сегіз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;
балдырларға жетпіс екі сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтін шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;
құрамында адамның денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпті заттар бар өндіріс қалдықтары;
радиоактивті және ионды сәулелену көздері;
2) 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;
4) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;
5) 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;
8) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;
9) 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қауіпті техникалық құрылғыларға:
1) 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;
2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды
3-1-бап. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау
1. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау:
1) жазатайым оқиғалардың жиілігі;
2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы;
3) өлімге әкеп соғатын жарақаттанудың жиілігі;
4) кәсіптік ауру;
5) негізгі қорлардың тозуы;
6) негізгі қорларды ауыстыру;
7) қауіпті өндірістік объектінің авариялылығы коэффиценттері бойынша жүзеге асырылады.
Өндірістік объектілер қауіптілігінің деңгейін, оның ішінде орташа салалық көрсеткіштерін уәкілетті орган айқындайды.
Қауіпті өндірістік объектілердің иелері мен сақтандыру ұйымдары өздері ұсынатын қосымша материалдар негізінде өндірістік объектілер қауіптілігінің есептелген деңгейін өзгертуді талап етуге құқылы.
2. Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі осы Заңға қосымшаға сәйкес жыл сайын айқындалып отырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті талаптарын белгілеу және орындау;
2) қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сәйкестігін растау рәсімдерінен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға жіберу;
3) қауіпті өндірістік объектінің қауіпсіздігін декларациялау;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ өндірістік қадағалау;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жасау;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге ұйымды аттестаттау;
7) өнеркәсіптік қауіпсіздікке мониторинг жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары өнеркәсіптік қызметкерді, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті талаптары уәкілетті органның нормативтік актілерімен белгіленеді.
Нормативтік актілер нормативтік актіде көрсетілген қызмет аясында орындалуға міндетті өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтиды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркеуді және есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
5-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ақпарат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалар қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымның әкімшілігінен қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға құқылы.
2-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 6-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) техникалық регламенттерді бекітеді;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) уәкілетті органның ведомстволары жанында екі немесе бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде арнайы бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелер құрады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2008.26.05. № 34-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;
2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2008.26.05. № 34-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2) тармақша жаңа редакцияда; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3) тармақша жаңа редакцияда; 2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) техникалық регламенттерді бекітуді қоспағанда, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, оның ішінде мамандандырылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту арқылы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, аталған нормативтік құқықтық актілерді бекітеді немесе келіседі;
4) қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі авариялардың себептерін тексеруді ұйымдастырады;
5) 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталда (бұр.ред.қара)
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметіне басшылық жасайды, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;
7) ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады;
8) 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталда (бұр.ред.қара)
9) әскерилендірілген тау-кен құтқару, газдан құтқару және фонтандарға қарсы қызметтер мен құралымдар қызметіне басшылық жасайды;
10) қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу ісін жүзеге асырады;
11) қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендірудің - объектіні ұйымдардың құрамында қауіпті өндірістік объектілер санатына жатқызудың негізгі талаптарын белгілейді;
12) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдік ұйымдар мен шетелдіктердің қызметін реттейді;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) қауіпті өндірістік факторлардың өндіріс персоналына, халыққа, қоршаған ортаға сөзсіз зиянды әсер ету қаупі бар қызметті Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұруға құқығы бар.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, олардың құзыреті шегінде авариялардың себептерін тексеруді жүргізеді;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды; 2006.29.12. № 659 ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асырады;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир беру тәртібін айқындайды;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды
16-2) қызметтік куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир үлгісін белгілейді;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды
16-3) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен 17) - 27) тармақшалармен толықтырылды
17) техникалық регламенттерді әзірлейді немесе келіседі;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды белгілейтін нормативтік актілерді бекітеді;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды келіседі;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды
17-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркейді және олардың есебін жүргізеді;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) өндірістік бақылау тиімділігін, ұйымдардың аварияларды және оның салдарын жоюға дайындығын, қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды және олардың салдарын оқшаулау және жою жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) жұмыстың қауіпті түрлерін жүргізген кезде технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның ішінде шетелдік) қолдануға рұқсаттар береді;
20) өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізеді;
21) 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталда (бұр.ред.қара)
22) қауіпті өндірістік объектілерде ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазіргі заманғы техникалық растаудың жүргізілуін бақылайды;
23) ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттауды және олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
24) 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталда (бұр.ред.қара)
25) техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдап алу сынақтарын жүргізуді келіседі;
26) 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталда (бұр.ред.қара)
27) өзінің жекелеген өкілеттіктерін жүзеге асыруды аумақтық бөлімшелерге береді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды
29) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндетті қауіпті өндірістік объектілер иелерінің орындауын бақылайды;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
30) халықты және ұйымдарды қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етеді;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
30-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiгі міндетті декларациялануға жататын өнеркәсіп объектiлерінің электрондық тізілімін жүргізеді және декларацияланған объектiлер туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсына орналастырады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 31) тармақшамен толықтырылды
31) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9-бап. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өздерінің өкілеттігі шегінде:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері болған жағдайларда қолда бар күшті, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, салдарын шектеу, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншікті күзету, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларды орындау жағынан қажетті көмек көрсетеді;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталлы (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жерлерді қауіпті өндірістік объектілерге беруді сараптамалық қорытынды негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келіседі.
3-тарау. Заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Жұмыскерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыскерлер:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ұйымның әкімшілігін қауіпті өндірістік объектідегі авариялар, инциденттер туралы дереу хабардар етуге;
2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуға және нұсқама алуға, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өтуге;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) авариялар, инциденттер себептерін тексеру кезінде көмек көрсетуге міндетті.
2004.20.12. № 13-III ; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді; 2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Қауіпті өнеркәсіптік объектіге ие жеке және заңды тұлғалардың міндеттерi
Қауіпті өнеркәсіптік объектілердің иелері:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында белгіленген мерзімдерде немесе мемлекеттік инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізілуін, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келісілуін, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргізілуін қамтамасыз етуге;
5) әрі қарай пайдаланудың ықтимал мерзімін анықтау үшін пайдаланудың нормативтік мерзімінен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргізуге;