3) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бірiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;
7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткізудi үйлестiредi;
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi;
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiк аумағында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi, сондай-ақ азаматтардың тұрғылықты жерінде және жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер
1. Қазақстан Республикасында спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер осы Заңға және Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс істейді.
2. Спорттың әрбiр түрi бойынша тек бiр республикалық қоғамдық бiрлестiк қана аккредиттелуге жатады, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бірлестіктерге қатысушы болуы мүмкін.
3. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын, оның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыруды және өткізуді дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып жүзеге асырады.
4. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібін сақтауын, сондай-ақ спортшылардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтінін білуін қамтамасыз етуге міндетті.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-2-бап өзгертілді
24-2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылауды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының спорт объектілерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырады.
2. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру, материалдық-техникалық жағынан және кадрлармен қамтамасыз ету
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
25-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерi
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Дене шынықтыруды және спортты қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
4. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
5. Халықаралық жарыстарға әзiрлену кезеңiнде және оларға қатысу кезiнде Қазақстан Республикасының құрама командаларының мүшелерi тегiн медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен қамтамасыз етiледi.
6. 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы демеушiлiк және кәсiпкерлiк қызмет
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, командаларының немесе спорт шараларының демеушілері бола алады. Демеушілер мен дене шынықтыру-спорт ұйымдары, командалар, шараларды ұйымдастырушылар) арасындағы қатынастар шарт негізінде белгіленеді. Демеушілер спорт шараларын қаржыландыра отырып, оларды демеушілердің немесе олардың өнімдерінің белгісімен (эмблемасымен) өткізу құқығына ие болады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру - спорт ұйымдарына және жеке адамдарға қызмет көрсету бойынша кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы, дене шынықтыру-спорт тауарлары мен ілеспе тауарлар шығаруы, дене шынықтыру мен спортты жарнама қызметiне пайдалануы мүмкiн. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің эмблемалары мен атаулы нышандары олардың меншiгi болып табылады және олардың келісімімен ғана пайдаланылуы мүмкiн.
3. Мемлекет материалдық-спорт базасын кеңейту, сондай-ақ спортшыларды, осы саланың мамандарын, дене шынықтыру-спорт қызметiнiң басқа да субъектiлерiн моральдық және материалдық жағынан көтермелеу арқылы дене шынықтыру мен спортты дамытуды ынталандырып отырады.
27-бап. Спорт ғимараттары
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасы әлеуметтiк инфрақұрылым объектілеріне жататын дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының барлық түрлерiнен құралады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Спорт ғимараттары орналасатын аумақтарды құзыреттi мемлекеттiк органдар аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жерлердi ағымдағы игеру және келешекте резервте ұстау үшiн нормативтiк бөлу арқылы айқындайды.
Тұрғын үй аудандарының спорт ғимараттарымен қамтамасыз етiлу нормативтерi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгiленедi.
3. Қамтамасыз ету нормативтерiнде, құрылыс нормалары мен ережелерiнде көзделген спорт ғимараттарынсыз тұрғын үйлер алабын, әкiмшiлiк, мектепке дейiнгi мекемелер мен оқу орындарының үйлерiн салуға жол берiлмейдi.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Мемлекеттік меншіктегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарды, соларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарын құрмай жоюға, олардың нысаналы және функционалдық мақсаттарын өзгертуге жол берілмейді.
28-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау және дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар
1. Дене шынықтыру оқу орындарында және дене тәрбиесi факультеттерiнде оқыту, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі педагогтiк қызметке жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар жiберiледi.
3. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілетiн арнаулы біліктiлiк нормаларымен анықталады.
4. Спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларының төрешілігіне дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен және белгіленген тәртіппен спорт түрлерінің төрешісі ретінде аттестатталған адамдар жiберiледi.
6-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы жеңілдіктер
және әлеуметтік кепілдіктер
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңiлдiкпен көрсетiлетiн қызметтер
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерiн тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайларда пайдаланатын азаматтар санаттарының тiзбесi, сондай-ақ жеңiлдiктердiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарымен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының және дене шынықтыру-спорт ұйымдары әкiмшiлiктерiнiң шешiмiмен белгiленедi.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Спортшылардың әлеуметтiк қорғалуы
1. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган, спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, жергілiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары құрамына кiрген немесе кiретiн «КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «КСРО-ның халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi» атағы бар аса көрнектi спортшыларға олимпиада чемпиондарына, әлем чемпиондарына, олардың «Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» немесе «КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» атағы бар жаттықтырушыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
2. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган, спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, жергілiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кiретiн спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлерi бойынша командалар құрамында өнер көрсететiн спортшыларға, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қаражаты және заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
2-1. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелеріне олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертіккен жағдайда бюджет қаражаты есебінен өтемақы төлеуді жүзеге асырады.
3. Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) немесе шетелдік дене шынықтыру-спорт ұйымына (шетелдік спорт клубына) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) өзара келісімімен ауысуға құқығы бар.
4. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 30-1-бап өзгертілді
30-1-бап. Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
1. Мемлекет спортшыларға, жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрі - материалдық қамсыздандыру) түрінде өмірлік әлеуметтік қолдау жасайды, ол осы бапқа сәйкес төлемдер алуға құқығы бар спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін ай сайынғы төлемдер болып табылады.
2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемінде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен төленедi және мынадай мөлшерде тағайындалады:
1) Олимпиадалық ойындардың чемпиондары және (немесе) жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алғандарға және «КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері» және (немесе) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы барларға - 24 айлық есептік көрсеткіш;
2) «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және (немесе) «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы бар және осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген спортшыларды даярлағандарға - 24 айлық есептік көрсеткіш.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген бірнеше негіздер бойынша материалдық қамсыздандыру алуға бір мезгілде құқығы бар адамдарға материалдық қамсыздандыру олардың қалауы бойынша сол негіздердің біреуі бойынша ғана төленеді.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II 31-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Спортшыларды сақтандыру
Жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезінде спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тиісті дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) және басқа да мүдделі заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға даярлау және қатысу кезінде бюджет қаражаты есебінен сақтандыруды жүзеге асырады.
7-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық қызмет
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Халықаралық спорт қызметi
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спортшыларының жарыстар ережелерiн және тиiстi халықаралық ұйымдардың жарғыларын сақтай отырып, мемлекет аумағында да, басқа елдерде де өткiзiлетiн халықаралық дене шынықтыру-спорт шараларына қатысуға құқығы бар.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті:
Қазақстан Республикасында олимпиадалық қозғалысты дамыту үшін құрылған қоғамдық бірлестік болып табылады және өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына және Олимпиадалық хартияға сәйкес жүзеге асырады;
Халықаралық олимпиадалық комитетте Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде жоғары жетістіктер спортын дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе, спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктермен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Олимпиада, Азия ойындарына және Халықаралық олимпиадалық комитет өткізетін басқа да халықаралық спорт шараларына қатысу үшін спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын құру мен қамтамасыз етуді үйлестіреді;
өзінің қаржыландыру көздері есебінен өз алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды іске асырады;
Олимпиадалық хартияға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық олимпиадалық комитеттің олимпиадалық нышандарын, ұранын, туын, әнұранын, «Олимпиадалық», «Олимпиада» деген атауларын пайдалануға меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
2. Олимпиада, Азия ойындарында және Халықаралық олимпиадалық комитеттің қамқорлығы аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорт шараларында Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының өнер көрсетуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзеге асырылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 34-баппен толықтырылды
34-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзуға кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының