дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 447-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 447-1-бап өзгертілді
447-1-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы
1. Мыналарды:
1) қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушылар мен багажды облысаралық қаларалық автомобильмен тұрақты тасымалдауды;
4) жолаушылар мен багажды облысаралық қаларалық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде, жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ақауы жоқ осындай құрылғыларын ажыратып не толтырылмаған диаграммалық дискiлермен немесе бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолдана отырып не электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай, сол сияқты жүгiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн күнделiктi тiркеу парақтарын жүргiзбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) автокөлiк құралын пайдалану -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы, -
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 447-2-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 447-2-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 447-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
447-2-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаулардың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, шетелдіктердің немесе шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауларды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы -
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне - жиырма бес, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тасымалдаушының рұқсат карточкаларында көрсетілмеген автокөлік құралына отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсатты пайдалануы -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруі -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушінің келісілген жол жүру маршрутының схемасын бұзуы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдік тасымалдаушының Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста автомобильмен тасымалдауларға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес рәсімделмеген отандық рұқсатты пайдалануы -
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 447-3-баппен толықтырылды
447-3-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы
Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы, -
айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 447-4-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 447-4-бап өзгертілді
447-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалын шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 447-5-баппен толықтырылды
447-5-бап. Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы
Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 447-6-баппен толықтырылды
447-6-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау
1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында автокөлік құралдарымен жолаушыларды тасымалдау -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 448-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
448-бап. Теңiз көлiгiнде қозғалыс қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу
1. Теңiз көлiгiнде кемелердiң маневр жасауының және жүзуінің белгіленген тәртібін бұзу, нұсқалған қозғалыс жылдамдығын, дыбыс және жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүру талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе аялдату, кемелерді сүйретіп жүзу тәртібін бұзу, сондай-ақ диспетчердің міндетті талаптарын орындамау -
жетi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиiстi рұқсаттарсыз жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 449-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
449-бап. Теңiз көлiгіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру
Теңiз көлiгіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 450-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 450-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
450-бап. Теңiз және өзен көлiгi кемелерiнде жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
Құтқару және авариялық құралдар мен жабдықтардың болмауы, толық жинақталмауы немесе оларды куәландыру мерзімі өткен соң пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі түскіштер мен траптарды жабдықтау жөніндегі талаптарды бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 451-бап өзгертілді
451-бап. Кеменi жүзуге шығару ережелерiн бұзу немесе тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу
1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жағдайы қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөніндегі шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдықтарын басқаруға жiберу, -
лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу, -
лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстің 451 - 454, 457, 458, 458-2-баптарында шағын көлемді кемелер деп балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерді қоспағанда, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға болатын адамдар саны он екі адамнан аспайтын кемені түсіну керек.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 452-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
452-бап. Кемелердi, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығы жоқ адамның басқаруы
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап тексеруден (куәландырудан) өтпеген немесе борт нөмiрлерi мен белгiлерi жоқ немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған немесе жолаушылар сыйымдылығы нормаларының тиеу қағидаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi бұза отырып, кеменi, оның iшiнде шағын көлемді кеменi басқару -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемді кеменi басқаруға құқығы жоқ адамның осы кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруы, сол сияқты осы кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығын растайтын құжаты жоқ адамның кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруы немесе басқару құқығы жоқ адамға осындай кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруға беру -
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жоқ адамның жолаушылар кемесін басқаруы -
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені кеме құжаттары болмаған кезде, сондай-ақ кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып басқару -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені көрінеу жалған немесе қолдан жасалған борттық тіркеу нөмірлерімен және белгілерімен
басқару -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге көрінеу жалған немесе қолдан жасалған борттық тіркеу нөмірлері мен белгілерін салу -
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 453-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
453-бап. Кемелердің жүзу қағидаларын, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу
1. Өзен көлігі кемелеріндегі кеме жүргізушілерінің кемелер жүзуінің, дыбыстық және жарық сигналдарын берудің, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүрудің белгіленген тәртібін бұзуы -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты арттыруы, навигациялық белгілердің талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі аялдатуы немесе тоқтатуы, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме қатынасы мен навигациялық жағдай белгілерін зақымдауы, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгілерін алып жүру қағидаларын бұзуы -
ескерту жасауға немесе екі айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Кеме жүргізушілердің өзен көлігі кемелерін орналастыру мен тоқтатудың белгіленген тәртібін бұзуы -
ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің кеме билетінде көрсетілген кемені жинақтау және жабдықтау нормаларын бұзуы, навигациялық сигнал жарықтарымен жабдықталмай тәуліктің қараңғы уақытында жүзуге шығуы, жағажайлардағы суға түсу шекарасының қоршауына және басқа да ұйымдастырылған суға түсу орындарына елу метрден таяу жерге жақындауы -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 454-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) Заңымен; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 454-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
454-бап. Кеме жүргізушінің немесе өзге де адамның кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы
1. Кеме жүргізушінің кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сондай-ақ осындай кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі кеме жүргізушінің басқаруына беру -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан нақ сол әрекеттер -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе үш жылға дейінгі мерзімге кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Кеме жүргізушілердің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін белгіленген тәртіпке сәйкес куәландырудан өтуден жалтаруы -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдардың басқаруына жол беру -
жеке тұлғаларға - он бес, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 455-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
455-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу
1. Тиiстi рұқсатсыз суға сүңгу жұмыстарын жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, ағаш салдар тоқтайтын тосқауылдар мен айлақтар орнату мен құру тәртібін, тиiстi органдардың келісімiнсіз балық аулау мақсаты үшiн белгiленбеген орындарда балық аулауға бейiмделген шанышқы қондырғыларын және өзге де құралдар қою тәртібін бұзу, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Навигациялық жабдықтардың, байланыс пен сигнал берудiң жүзбелi және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық құралдарды күтiп-ұстау, пайдалану ережелерiн және олардың белгiленген жұмыс режимiн бұзу, тиiстi рұқсатсыз (келісімсіз) навигациялық белгiлер мен сигналдарды танып-бiлуге кедергi келтiретiн белгiлер, құрылыстар, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздер орнату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бірiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 456-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
456-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктерді тиеу, түсіру және қоймаға жинау қағидаларын бұзу
Өзен порттары мен кемежайларда жүктерді тиеудің, түсірудің және қоймаға жинаудың техникалық шарттарын, кемеде жүктерді бекiтудің техникалық шарттарын бұзу, жүкті тиеу (түсiру) актісін ресiмдемеу -
айлық есептiк көрсеткiштің екіге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 457-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 457-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
457-бап. Шағын көлемді кемелердің тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бұзу
1. Шағын көлемді кемелердің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) шағын көлемді кемелерді базаға қою нормаларын, базаларды (құрылыстарды) пайдалану қауіпсіздігіне арналған шарттар мен техникалық талаптарды бұзу, сол сияқты көрсетілген базаларда (құрылыстарда) белгіленген тәртіппен тіркелмеген шағын көлемді кемелерді ұстау -
жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға - он, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің жүзуге шығуын және базаға қайтуын бақылаудың белгіленген режимін сақтамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 458-бап өзгертілді
458-бап. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ кемелерді жасау, техникалық пайдалану қағидаларын бұзу
1. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді тіркеу қағидаларын бұзу, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кемелердi жасау, техникалық пайдалану ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 458-1-баппен толықтырылды
458-1-бап. Порттағы құрылыстарды пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу
Порттағы құрылыстарды тұрақты және кезеңдік техникалық қарап тексерулерден өткізу мерзімдерін бұзу немесе сақтамау, айлақтық құрылыстың арқандап байлау және кері итергіш құрылғыларының жарамсыз күйде болуы немесе өздерінің сипаттамалары бойынша сәйкес келмеуі, сондай-ақ порттағы құрылыстарды техникалық қарап тексеру журналының және теңіз порты паспортының болмауы -
лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 458-2-баппен толықтырылды
458-2-бап. Кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған авариялық жағдайлар мен көлік оқиғаларын тергеу қағидаларын бұзу
1. Кеме капитанының, кеме иесінің, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды адамының көліктік бақылау органдарына теңіз көлігі кемесімен болған авариялық жағдай туралы, өзен көлігі кемесімен болған көлік оқиғасы туралы ақпаратты бермеуі -
жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме жүргізушісінің немесе кеме иесінің көліктік бақылау органдарына шағын көлемді кемемен болған көлік оқиғасы туралы ақпаратты бермеуі -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Авариялық жағдайды немесе көлік оқиғасын тергеуді жүргізетін органның не лауазымды адамның сұрау салуы бойынша тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды, анықтамаларды, түсініктемелерді, кеме құжаттарынан үзінді көшірмелерді не басқа да ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу -