Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтарының лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) спорттық мақсатта иемденіп алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға құқығы бар.
Белгі беру қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, пневматикалық қару тіркеуге жатпайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының рұқсат алмай-ақ оларды қару жеткізіп берушілерден — заңды тұлғалардан иемденіп алуға құқығы бар.
Осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында аталған тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары аңшы куәлігі болмаса да беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.
Тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруы мен аңшылық пневматикалық қаруды сақтау және алып жүру құқығымен иемденіп алуға аңшы куәлігі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы бар.
Тегіс те ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруын меншігінде кемінде үш жыл ұстаған, белгіленген тәртіппен аң аулау құқығы берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын иемденіп алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматы иемденіп алған ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруының жалпы саны - екі өлшемнен, тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруының жалпы саны екі өлшемнен аспауға тиіс, бұған аталған қару түрлері коллекциялау объектілері болып табылатын жағдайлар қосылмайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының газ пистолеттері мен револьверлерін, ұңғысыз, электрлi атыс қаруын ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сақтау және алып жүру құқығымен өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының азаматы иемденіп алған ұзын ұңғылы және ұңғысыз атыс қаруы, аңшылық пневматикалық қару, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды, сондай-ақ газ пистолеттері мен револьверлері иемденіп алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс.
Қорғануға арналған тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматына тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органы осындай қаруды сақтауға бес жыл мерзімге рұқсат береді, ал аңшылық және спорт қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерін, ұңғысыз атыс қаруын, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды тіркеу кезінде - оны сақтау мен алып жүруге рұқсат береді. Рұқсат бес жыл мерзiмге берiледi және ұзартылады. Рұқсаттың нысанын және оның қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қару иемденіп алуға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органына белгіленген нысанда өтініш, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлеген қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытынды және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат тапсыруға міндетті.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қару сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдарды қоспағанда, қорғануға арналған тегіс ұңғылы атыс қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерді, ұңғысыз атыс қаруын, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды бірінші рет иемденіп алатын адамдар тұрғылықты жерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі осындай құқық берген ұйымдарда қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бағдарлама бойынша қаруды ұстау қауіпсіздігі ережелерін білетіні жөнінде тексеруден өтуге міндетті.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат беру немесе сақтау мен алып жүру, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшілері, арнаулы органдардың арнаулы атақтары бар қызметкерлері азаматтық қару иемденіп алуға рұқсатты қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.
16-бап. Қару иелерінің құқықтары мен міндеттері
1. Қару иелерінің:
1) белгіленген тәртіппен сатып алынған қару мен оның патрондарын меншіктенуге;
2) қару алып қойылған немесе ол ерікті түрде тапсырылған жағдайда заңдарда белгіленген тәртіппен оның құнының өтемақасын алуға;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен қаруды сатуға, сыйға тартуға мұраға қалдыруға не уақытша пайдалануға беруге;
4) атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына рұқсаты болған жағдайда суық қаруды сақтауға және алып жүруге құқығы бар.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қару иелері:
1) 15-баптың 1-тармағының 3-абзацында келтірілгендерді қоспағанда, меншігіндегі қаруды ішкі істер органдарында тіркетуге және қайта тіркетуге;
2) қару мен оның патрондарын тасымалдаудың белгіленген тәртібін сақтауға;
3) қару мен оның патрондарының сақталуын қамтамасыз етуге;
4) заңдарға сәйкес бақылауындағы объектілердің аумағында және қару сақталатын орындарға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, танысу үшін оларға қажетті құжаттама беруге;
5) азаматтық қару иесі қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелері осы қаруды бір ай мерзімде қайта тіркетуге немесе комиссиялық саудаға өткізуге;
6) тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде қаруды iшкi iстер органдарының есебiнен шығаруға және он күн мерзiмде жаңа тұрғылықты жерi бойынша оны тиiстi есепке қоюға, ал бiр ауданның не аудандарға бөлiнбейтiн қаланың шегiнде тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде бес күн мерзiмде бұл туралы аумақтық iшкi iстер органдарын хабардар етуге міндетті.
17-бап. Қару пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Қару пайдаланушылардың:
1) өздеріне берілген құқыққа сәйкес қару сақтауға, сақтау мен алып жүруге;
2) қаруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша пайдалануға құқығы бар.
2. Қару пайдаланушылар:
1) қаруды арналған мақсатына сәйкес пайдалануға;
2) қару мен оның патрондарын тасымалдаудың белгіленген тәртібін сақтауға;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) пайдаланылып жүрген қару мен оның патрондарының сақталуын қамтамасыз етуге;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
4) қару мен оның патрондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті.
3. Қару пайдаланушылар - заңды тұлғалар заңдарға сәйкес бақылауындағы объектілердің аумағына және қару сақталатын орындарға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, танысу үшін оларға қажетті құжаттама беруге міндетті.
4. Қару пайдаланушылар - жеке тұлғалар заңдарға сәйкес ішкі істер органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша тексеру үшін қолда бар қаруды, оның патрондарын және олар сақталатын орындарды, сондай-ақ оларды ұстау ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында қажетті құжаттаманы көрсетуге міндетті.
18-бап. Қаруды қолдану құқығы
1. Өмірін, денсаулығын және меншікті қорғау үшін нақты қару түрін сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдардың қажетті қорғаныс, аса қажеттілік жағдайында және қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оны қолдануға құқығы болады.
2. Ерекше жарғылық міндеттері бар ұйымдардың қызметкерлері қаруды табиғатты, табиғи ресурстарды, меншікті күзету, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде өздеріне заңдарда жүктелген міндеттерді орындау кезінде және өзін қорғау үшін қолдана алады.
3. Қару қолданбас бұрын ол қарсы қолданылатын адамға бұл жайында нақты ескерту жасалуға тиіс.
4. Әйелдерге, мүгедектік нышандары айқын адамдарға, жас шамасы айқын немесе белгілі кәмелетке толмағандар қарулы немесе топтасып шабуыл (зорлықзомбылық) жасаған жағдайлардан басқа кезде оларға қарсы қару қолдануға тыйым салынады.
5. Қару қолданудың барлық жағдайларында маңайдағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық жәрдем көрсету үшін шаралар қолдану, ішкі істер және прокуратура органдарына хабарлау қажет.
6. Атыс қаруын қолданып аң аулау ережелерін, сондай-ақ спортпен шұғылдану кезінде және жаттығу мақсаттарында қару қолдану ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
19-бап. Рұқсаттар беруден бас тарту және олардың күшін жою
Ішкі істер органдары қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсатты мынадай жағдайларда бермейді, ал берілгендері мына жағдайларда:
1) рұқсаттардан ерікті түрде бас тартылғанда, не қару иесі қайтыс болғанда;
2) бір жыл ішінде қоғамдық тәртіпке немесе басқарудың белгіленген тәртібіне қауіп төндіретін әкімшілік құқық бұзушылық қайталап жасалғанда;
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 79-1, 79-5 және 355-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін жоққа шығаратын мән-жайлар туындағанда;
4) азаматтық немесе қызметтік қару иесі аталған қарудың конструкциясын қайта жасап, бұл оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққанда;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) егер адам:
қару ұстауға кедергi жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмаса;
қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болса;
тұрақты тұрғылықты жері болмаса;
қару сақтау үшін тиісті жағдайлар болмаса (сейф немесе темір шкаф немесе қаруға бөгде адамдар қол жеткізе алмайтын өзге де құрылғы болмаса);
ішкі істер органдарына қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білетіні жөнінде тексеруден өткенін растайтын құжаттарды тапсырмаса;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) азаматтық және қызметтік қару азаматтық және қызметтік қарулар мен олардың патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистік талаптарға сәйкес келмесе жойылады.
Адам қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда рұқсат сот шешім қабылданғанға дейін уақытша алып қойылады. Осы Заңда көзделген негіздер бойынша рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылданардан бұрын осы рұқсатты берген ішкі істер органы рұқсат иесіне алдын-ала жазбаша ескерту жасауға тиіс. Ескертуде нақты қандай құқықтық нормалар мен ережелердің бұзылғаны немесе орындалмағаны көрсетіледі және жол берілген тәртіп бұзушылықтарды жоюдың мерзімі тағайындалады.
Рұқсаттың күшін жою туралы шешімге сотқа шағым жасауға болады.
Рұқсаттың күші жойылған жағдайда оны алу үшін, олардың күші жойылған күннен бастап үш жыл өткен соң қайталап өтініш жасауға болады. Рұқсаттан өз еркімен бас тартқан жағдайда оны алуға қайталап өтініш жасау мерзімі белгіленбейді.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Қару мен оның патрондарын алып қою
Қару мен оның патрондарын:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ішкі істер органдары мынадай жағдайларда:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге және жөндеуге, олармен сауда жасауға, қаруды иемденіп алуға, коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензия, сондай-ақ қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат болмағанда;
аталған лицензиялар мен рұқсаттардан белгіленген тәртіппен айырылғанда;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен түпкілікті шешім қабылданғанға дейін заңды немесе жеке тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын, қаруды беру, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау, тіркеу, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, тасымалдау және қолдану ережелерін бұзғанда;
мүлікті мұраға қалдыру мәселесі шешілгенге дейін қару иесі қайтыс болғанда;
2) аң, балық аулау, табиғат және табиғи ресурстарды қорғау ережелерінің сақталуына мемлекеттік қадағалау жасайтын органдар өздерінің құзыреті шегінде азаматтардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын бұзуын тыйған жағдайларда, қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып;
3) кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа жағдайларда қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып алып қоюды жүргізеді.
Марапаттау қаруын азаматтардан сақтау, тасу және пайдалану ережелерін бұзуға жол бергені үшін ішкі істер органдары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес алып қояды.
Қару мен оның патрондарын алып қою тәртібін қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Техникалық жағынан пайдалануға жарамды алып қойылған, сондай-ақ тәркіленген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық және қызметтік қарумен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғалар арқылы сатылуға тиіс.
5-тарау. Жекелеген қару түрлерінің айналымы
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
21-бап. Қару мен оның патрондарын өндіру
Қаруды, оның негізгі бөліктерін өндіру, қарудың жойылған зақымдаушы қасиеттерін қалпына келтіру мақсатымен оны құрастыру, қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оның патрондарын жасау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.
Қару мен оның патрондарын өндіретін заңды тұлғалар өндіру қауіпсіздігін, оған бақылау жасауды, шығарылатын өнімнің тиісті сапасын, оның есебі мен сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақтандырылған механикалық бүркігіштерді, аэрозольдық және өзге де құрылғыларды қоспағанда, жасаған әрбір қарудың жеке нөмірі болуы тиіс.
Тәжірибелік үлгілерін қоспағанда, жауынгерлік қол атыс қаруы және оның патрондары Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға, арнаулы органдарға ғана беру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен басқа мемлекеттерге беру үшін жасалады.
22-бап. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасау
1. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасауды заңдарда белгіленген тәртіппен осы қызмет түріне лицензия алған ұйымдар жүзеге асырады. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасауға лицензияны қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган осы мақсаттар үшін арнайы құрылған ұйымдарға ғана береді.
2. Қарумен және оның патрондарымен сауда жасауды жүзеге асыратын ұйымдар:
1) сатылатын қаруға сәйкестілік сертификатына ие болуға;
2) иемденіп алынатын және сатылатын қарудың есебін, сондай-ақ 10 жыл бойы есептік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) иемденіп алуға лицензия талап етілмейтін қаруды қоспағанда, сатып алушыдан (заңды тұлғадан) қарудың сол түрін сатып алуға лицензиясын көрсетуді талап етуге;
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) сатып алушының лицензиясында немесе рұқсатында тіркелуге тиіс, сатылатын азаматтық және қызметтік қаруды тіркеуге, сондай-ақ аңшы куәлігінде аңшылық суық қаруды тіркеуге;
5) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарына сатылған қызметтік және азаматтық қару мен оның сатып алушылары туралы ай сайын мәлімет беріп отыруға;
6) олардың сақталуын және сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
7) сатылған қызметтік және азаматтық қарудан атылған оқтар мен гильзаларды мемлекеттік оқ-гильза қоймасына табыс етуге;
8) қызметкерлердің қару айналымы туралы заңдарды білуін қамтамасыз етуге міндетті.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қарудың белгілі бір түрін сатып алуға рұқсатын көрсетпеген заңды және жеке тұлғаларға қарумен сауда жасауға, сондай-ақ нөмірсіз және таңбасыз қару не азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестік белгісі жоқ патрондар сатуға тыйым салынады.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатумен айналысатын заңды тұлғаның осы қару түрлерін әзірлеу, өндіру, жөндеу, иемденіп алу, экспонаттау, әкелу және әкету, оның қосалқы бөлшектерін, спорт тауарларын, аң және балық аулау құрал-жабдықтарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарды иемденіп алу, әкелу, әкету және сату жөніндегі, сондай-ақ атыс тирлерін, стендтер мен атыс орындарын ашу және олардың жұмыс істеуі жөніндегі қызметті қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға лицензиялары бар заңды тұлғалардың спорттық, аң және балық аулау құрал-жабдықтары мен осы қарудың қосалқы бөлшектерін қоспағанда, бір сауда залында қаруды және өзге де тауар түрлерін қатар сатуына тыйым салынады.
5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға берілген лицензия азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату үшін құрылған заңды тұлғалардың филиалдарын ашуға құқық бермейді.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға лицензиялары бар заңды тұлғалардың оларды осы Заңның 12-бабында көрсетілген субъектілерден иемденіп алуға құқығы бар.
23-бап. Қаруды сату немесе беру
1. Осы Заңға сәйкес қару иемденіп алуға құқығы бар субъектілер өздері заңды негізде иеленіп отырған азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын қару есепке алынған жердегі ішкі істер органдарына алдын ала хабарлай отырып, азаматтық және қызметтік қару сатуға лицензиясы бар заңды тұлғаларға сата алады.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, арнаулы органдардың өздері қаруланған жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен сатуға құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері заңды негізде жеке меншік құқығында иеленіп отырған қаруды азаматтық және қызметтік қаруды сатуға немесе коллекциялауға немесе оны экспонаттауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға не қаруды есепке алған жердегі ішкі істер органдарында қару қайта тіркелгеннен кейін қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат берген ішкі істер органдарына алдын ала хабарлай отырып, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға, арнаулы органдарға, сондай-ақ қаруды иемденіп алуға рұқсаты бар азаматтарға сатуға құқығы бар.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның 12-бабының 2) - 8) тармақшаларында көрсетілген субъектілер қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы кезінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын соларды иемденуге лицензиялары бар субъектілерге бере алады.
24-бап. Қаруды марапаттап беру
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары алған қару марапаттық қару болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер үкіметтерінің басшылары мен мүшелерінің марапаттау құжаттары негізінде марапаттық қару алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсатты қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган береді.
Түйдектете атуға мүмкіндік беретін, сыйымдылығы 10 патроннан асатын оқжатары (барабаны) бар, сондай-ақ осы Заңмен Қазақстан Республикасы аумағында айналымға тыйым салынған қару марапаттық қаруға жатпайды.
2. Марапаттық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда аталған қару ішкі істер органына өткізіледі.
3. Марапаттық қару ішкі істер органдары қаруды тиісінше қайта тіркеп, қайта жасағаннан кейін сақтау үшін мұражайларға берілуі мүмкін.
25-бап. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
1. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
3. Азаматтық және қызметтік қарудың жеке даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету осы Заңның талаптары ескеріле отырып, ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша жүргізіледі.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Шетелдіктердің азаматтық қару мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағында иемденіп алуы, Қазақстан Республикасына әкелуі және Қазақстан Республикасынан әкетуі
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен кемінде бір жыл мерзімге тіркелген шетелдіктердің Қазақстан Республикасында газ пистолеттері мен револьверлерін, ұңғысыз атыс қаруын өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде иемденіп алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдіктер қару жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық тозаңдатқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды рұқсат алмай-ақ иемденеді.