2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) кемелердің (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылыстарының кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай болуын тексеріп қарауды жүргізу;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің талаптарына сай келмейтін кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді), салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстау;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қатер төнген кезде кемелердің (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және оларға тыйым салу;
6) кеме иелерінің, кеме экипаждары мүшелерінің, ішкі су жолдарындағы кеме қатынасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылау және қадағалау;
7) кемелерді (соның ішінде шағын көлемді кемелерді) мемлекеттік тіркеу және Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында сәйкес жүзеге асырылатын тиісті құжаттарды беру;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) кемелердiң командалық құрамының адамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес аттестаттау арқылы жүргізіледі. Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау әрбiр келесі бес жыл өткен соң жүргiзiледi. Тиiстi мамандық бойынша оқу орнын кезектi аттестаттау жылында бітірген, сондай-ақ сол жылы диплом алған адамдар аттестаттаудан босатылады;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) кемелердiң командалық құрамының адамдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес диплом беру арқылы жүргізіледі. Диплом беру кезінде жұмыс дипломын алу үшін тиісті білімі бар, аумақтық бөлімшеге мынадай құжаттарды:
еркін нысандағы өтінішті;
жеке куәлігін немесе паспортын;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім туралы құжатты (дипломды);
жүзу өтілін растайтын құжат;
медициналық комиссияның кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы қорытындысын табыс еткен адамдар жіберіледі.
Диплом беру туралы өтінішті уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл жөнiнде құжаттар ұсынған адамға құжаттар табыс етілген кезден бастап жетi жұмыс күнінен кешiктiрілмей жазбаша хабарланады;
10) анықталған ішкі су көлігінің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің) жұмыс істеуін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
11) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын тасымалдаушының жасасуын бақылау және қадағалау;
13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүргiзу;
15) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
16) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) меншік иесінің тұрақты тұратын жері өзгерген, қайта жабдықтау салдарынан кеменiң техникалық деректерi өзгерген жағдайда шағын көлемдi кемелердi қайта тiркеудi жүргiзу;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
19) шағын көлемді өздігінен жүзетін кемелерді басқару құқығына куәліктер беру;
20) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) тиісті мамандарды шағын көлемді көлік мәселелері жөніндегі сараптамаларға қатысуға тарту;
22) алкогольдік, есірткілік және уытты мас күйінде болған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін басқарудан шеттету және оларды медициналық куәландыруға жіберу;
23) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
24) паромды өткелдердi мемлекеттік тiркеудi жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің кемелерді қарап шығуды жүргізуi
1. Кемелерді қарап шығу кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қатыссыз) және экипаждың кемелерді пайдаланудың қауіпсіздігін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кемелерді қарап шығу капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның аға көмекшісінің) және шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта да, қозғалыс кезінде де жүргізілуі мүмкін.
Ішкі суларда жүзетін кемелерді қарап шығу навигацияаралық кезеңнен кейін, ал «өзен - теңіз» жүзу кемелерін - теңізде пайдаланғаннан кейін, олар ішкі су жолдарына кірген кезде жүргізіледі.
Кемелерді бақылап қарап шығу навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиі емес немесе көлік оқиғасы болған кезде жүргізіледі.
2. Өздігінен жүзетін кемелерді қарап шығу кезінде мыналар тексеруге жатады:
1) осы Заңның 23-бабында көрсетілген кеме құжаттары (болуы, жарамдылық мерзімдері, оларды жүргізу тәртібі);
2) штат кестесі мен кемені пайдалану режимі мен экипаждың жұмысы туралы кеме иесінің бұйрығы (немесе басқа құжат);
3) ішкі су жолдарының навигациялық карталары;
4) вахталық, штурмандық, жалпы кеме қызметтерін, адамдарды құтқаруды ұйымдастыру жөніндегі кеме іші құжаттамасы (саны, жүргізу сапасы):
вахталар кестесі;
дабылдар бойынша кесте және экипаж мүшелерінің жеке карточкалары;
ауа-райы болжамдарының журналы (тігіні);
жол ақпараттарының және кеме жүргізушілерге берілген хабарламалар журналы (тігіні);
магниттік компастың девиациясының кестесі;
кеменің маневр элементтерінің кестесі;
адамның борт сыртына құлауы кезіндегі маневрлеу сызбасы;
радиолокациялық станцияның көлеңкелі секторларының сызбасы;
5) Мемлекеттік тудың, мұржадағы марканың, кеменің атауының (нөмірінің) және борттарда тіркеу нөмірлерінің, корпустағы жүк маркасының болуы мен жай-күйі;
6) кеменің (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың және жолдар габариттерінің үлгілік сызбаларына сәйкестігі;
7) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтергіштік, борттың су бетіндегі биіктігі (жүк маркасы бойынша) нормаларын сақтау, кемені басқару постынан көруді қамтамасыз ету;
8) жарықтық, көрінетін және дыбыстық белгі берудің болуы мен іс-әрекеті;
9) навигациялық, штурмандық және электрлі радионавигациялық приборлардың өзен кеме қатынасы нормалары бойынша болуы мен іс-әрекеті;
10) ұжымдық және жеке құтқару құралдары, пиротехникалар, авариялық жабдықтау санының кеме қатынасы тіркелімі нормаларына сәйкестігі, олардың маркировкаларының, орналасуы мен сақталуының дұрыстығы;
11) экипаждың штаттық кестеге және ішкі және аралас «өзен - теңіз» жүзу көліктік кемелері экипажының ең аз құрамы туралы ережеге сәйкес жасақталуы;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) командалық құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы;
13) ағымдағы және алдыңғы рейстерде (вахталық журналдағы жазбалар бойынша) құрамдарды қалыптастырудың үлгілік сызбаларын, жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, тіркеу құжаттарында көрсетілген жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулерді, вахталарды атқару режимін, оқу дабылдарын және басқару құрылғысы істен шыққандағы іс-әрекет бойынша жаттығулар жүргізудің кезеңдігін сақтауы;
14) экипаж мүшелерінің басқару құрылғысы істен шыққан кезде дабыл бойынша іс-әрекет етуді білуі мен игеруі;
15) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің ұйғарымдарының орындалуы тексеріледі.
3. Қарап шығу нәтижелері бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкері анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың тізбесін және ескертулерді жою мерзімдерін көрсете отырып акт жасайды. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкері кеменің (құрамның) қозғалысына тыйым салу туралы шешім қабылдайды, бұл туралы кеменің капитаны кеме иесіне хабарлайды.
Қарап шығу актісі екі данада жасалады және оған уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкері мен капитан (немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (капитанның аға көмекшісі) қол қоюдан бас тартқан жағдайда актіде бас тартудың мәлімделген себептері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Актінің бірінші данасы кемеде, екіншісі - уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде кеме ісінде сақталады.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің кемені қарап шығуды жүргізген қызметкерлері кемені қарап шығу жөніндегі актідегі жазбалардың дұрыстығына жауапты болады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
18-бап. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19-бап. Экологиялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылау
1. Кемелердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi органмен бірлесе отырып:
1) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) кеменiң меншiк иелерiне, кеме иелерi мен кеме капитандарына экологиялық қауiпсiздiкке байланысты мәселелер бойынша ақпараттық қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Iшкi су көлiгiнде санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды және қадағалауды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган жүзеге асырады.
20-бап. Кеменi лоцмандық алып өту
1. Кемелердi лоцмандық алып өту iшкi су жолдарындағы кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелер ұшырауы мүмкiн көлiк оқиғаларын болғызбау мақсатында жүзеге асырылады.
Кемелердi лоцмандық алып өту жөніндегі қызметтер ақылы негiзде көрсетiледi.
2. Лоцмандар ретiнде жұмысқа лоцмандық қызмет туралы ережеде белгiленген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын кемелердi лоцмандық алып өту талаптарына сай болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiлуi мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайда, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман кеменi лоцмандық алып өтудi кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн мән-жайлар туындағанға дейiн тоқтата тұруға құқылы.
4. Кемеде лоцманның болуы кеме капитанын кеменi басқару жауапкершiлiгiнен босатпайды.
Кеме капитаны кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күмәнi болған жағдайда, оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы, бұл ретте, егер кеменi лоцмандық алып өту мiндеттi болса, кеме капитаны мұндай лоцманды алмастыруды талап етуге мiндеттi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне лоцманның кiнәсiнен келтiрiлген зиян үшiн кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне зиян келтiрiлген кезде лоцман жұмыс iстейтiн ұйым жауапты болады.
Егер лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмаудың салдарынан келтiрiлген залал лоцманның немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйымның қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғандығы дәлелденсе, лоцман немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйым толық көлемде жауапты болады.
Кеменi лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмауға кiнәлi лоцман Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда мамандығынан айырылуы мүмкiн.
6. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi кеме iшкi су жолдарымен бүкiл жүзу жолында, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жатқызылады.
7. Кеменi лоцмандық алып өту кезiнде лоцман аумақтық бөлiмшеге:
1) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн кеме жолының кез келген өзгерістерi;
2) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеме және iшкi су жолдарында өзi қызмет көрсететiн учаскеде басқа да кемелер ұшыраған кез келген оқиғалар;
3) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеменiң капитаны кеменiң жүзу ережелерi мен iшкi су жолдарының кемелерден аққан сарқынды және құрамында мұнайы бар сулармен ластануын болғызбау ережелерiн орындамауы туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Лоцмандық қызметтiң жұмысын бақылауды және қадағалауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
21-бап. Кемелер қозғалысын шектеу немесе оған тыйым салу
1. Дүлей зiлзалалар, әскери iс-қимылдар туындаған жағдайларда, сондай-ақ портта жүктер мен кемелердiң шамадан тыс шоғырлануы кезiнде аумақтық бөлiмше кеме қатынасы қауiпсiздiгi, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, жүктердiң сақталуы мақсатында кемелер қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол туралы мұндай шектеудiң қолданылу мерзiмдерi жөнiнде шешiм қабылдайтын уәкiлеттi органға дереу хабарлайды.
Кемелер қозғалысына бес күннен астам мерзiмге шектеу енгiзiлген немесе тыйым салынған жағдайда уәкiлеттi орган ол жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкіметін дереу хабардар етедi.
2. Аумақтық бөлiмше қабылданған шешiм туралы кемелер қозғалысына шектеу енгiзудiң немесе тыйым салудың себептерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыларды, жүк жөнелтушiлердi және жүк алушыларды хабардар етуге мiндеттi.
5-тарау. Кеме
22-бап. Кеменi бірдейлендiру құралдары
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кеменiң атауының, тiркелiмге алынған пунктiнiң, тіркеу нөмiрiнiң, шақыру сигналының және кеменiң техникалық жарақтандырылуына қарай кемедегi жерсерiктiк байланыс станциясының бірдейлендiру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрiнiң болуы мiндеттi.
2. Кеменiң атауын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен оның меншiк иесi бередi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кеменiң тіркеу нөмiрiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган бередi.
4. Шақыру сигналы, кемедегi жерсерiктiк байланыс станциясының бірдейлендiру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.
23-бап. Кеме құжаттары
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында тіркелген және ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде олардың нысандарын, оларды беру және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мынадай кеме құжаттары болуға тиіс:
1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайтын кеме куәлігі;
2) шетелдік кемеге (жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде тіркелген кемелер үшін) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлік;
3) кеменің жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлігі көрсетілген куәлігі;
4) өздігінен жүзетін кемелер үшін кеме журналы (вахталық журнал);
5) кеме рөлі (өздігінен жүзетін кемелер үшін) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерінің тізімі;
6) радиожурнал (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
7) кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
8) машина журналы (механикалық қозғағышы бар кемелер үшін);
9) кемені қарап шығудың бірыңғай кітабы;
10) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және кемеге санитарлық паспорт;
11) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлік;
13) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік.
2. Көшiрмесiн кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi берген орган растауға немесе нотариус куәландыруға тиiстi осындай куәлiктi қоспағанда, кеме құжаттары кемеде түпнұсқа түрiнде болуға тиiс.
3. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өтуге байланысты кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде, осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
4. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi, iшкi су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
5. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi әрi Қазақстан Республикасының портына кірушi немесе iшкi су жолдарымен жүзiп өтушi кеменiң кеме құжаттарын тану Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
24-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы
1. Кемелердiң iшкi су жолдарында тек қана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуiне жол берiледi.
2. Кемелердiң шет мемлекеттің туын көтеріп, оның iшiнде iшкi су жолдары арқылы транзит мақсатында жүзуi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы:
1) мемлекеттің;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге беріледі.
3) 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен жүзуге мiндеттi.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемені мемлекеттiк тiркеген кезден бастап туындайды.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiктi уәкiлеттi орган бередi.
7. Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне мемлекеттік тiркеу кезiнде уәкiлеттi орган кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiк бередi.
8. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты растаған және кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркелгенге дейiн күшi болатын уақытша куәлiк берген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзiмде пайдаланады.
9. Кеменiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда уәкiлеттi орган меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған куәлiктiң дубликатын бередi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiктiң дубликатын беру тәртібі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен белгiленедi.
10. Кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығарылған күннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын жоғалтады.
11. Уәкiлеттi орган шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнде тiркелген, қазақстандық тұлға экипажсыз жалға алған (бербоут-чартер) кемеге:
1) жалға алушы осы баптың 3-тармағына сәйкес кеменiң меншiк иесiне қойылған талаптарға сай келетiн;
2) кеменiң меншiк иесi кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауысуына жазбаша нысанда келісім берген;
3) кеменiң меншiк иесi мемлекетiнiң заңдары кемеге шет мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығын беруге тыйым салмайтын жағдайда уақытша берiлуi мүмкiн.
12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы осы баптың 11-тармағында көрсетiлген кемеге екi жылдан аспайтын мерзiмге, одан әрi қарай әрбір екi жыл сайын, бірақ жалға алу шартының қолданылу мерзiмiнен аспайтын уақытқа ұзарту құқығымен берiлуi мүмкiн.
13. Кеме шетелдiк тұлғаға экипажсыз жалға берiлген (бербоут-чартер) жағдайда кеменiң меншiк иесi осындай беруге жазбаша түрде келісім беру және кеменi жалға алушы мемлекеттің заңдары кемеге мұндай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығына жол беру шартымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Кеменi шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге ауыстыру мүмкiндiгi туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды. Кеменi шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге ауыстыру мерзiмi кеменi жалға алу шартының қолданылу мерзiмiмен айқындалады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-тарау. Кемеге меншік құқығы. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Кеме кепілі. Кеме ипотекасы
25-бап. Кемеге меншiк құқығы
1. Кемелер:
1) мемлекеттің;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
2. Кемеге немесе кеменiң бір бөлiгiне меншiк құқығы осындай құқықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркеу сәтiнен бастап туындайды және уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi берген куәлiкпен расталады.
Кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда уәкiлеттi орган кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың дубликатын беруге құқылы. Кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктiң дубликатын беру тәртібі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен белгiленедi.
3. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Кемеге арналған тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер құқықтық кадастрға енгізілуге тиіс.
4. Кеменiң меншiк иесi, егер шартта өзгеше көзделмесе, оны меншiк иесiнiң мүддесiнде сыйақы алу арқылы кеменi басқаруды жүзеге асыру үшiн оны сенiмгерлiк басқару шарты бойынша сенiмгерлiк басқарушыға беруге құқылы.