«Аудитор» біліктілігін беру туралы шешім Біліктілік комиссиясы айқындайтын мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа реакцияда (бұр.ред.қара)
3. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң жіберіледі.
14-баптың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қара
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Біліктілік комиссиялары
1. Біліктілік комиссиясын саны он аудиторлық ұйымнан кем емес оның құрылтайшысы болып табылатын кәсіби ұйым құрады.
2. Біліктілік комиссиясы мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және ол ереженің (жарғының) негізінде жұмыс істейді.
3. Біліктілік комиссиясының филиалдар мен өкілдіктер қүруға қүқығы жоқ.
4. Біліктілік комиссияларының құрамына уәкілетті органнан бір-бір өкілден кіреді.
5. Біліктілік комиссияларының төрағалары болып олардың мүшелерінің қатарынан жай көпшілік дауыспен аудиторлық қызметпен айналысатын аудиторлар үш жыл мерзімге сайланады. Төраға болып бір адам екі рет қатарынан сайлана алмайды.
6. Біліктілік комиссияларының қызметін қаржыландыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді құрылтайшылар (қатысушылар) өз қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.
7. Біліктілік комиссиясы аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, ол Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің Қоры бекіткен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс.
8. Біліктілік комиссиялары шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға «аудитор» біліктілігі берілген адамдардың біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, отырыстың хаттамасын және олардың Біліктілік комиссиясына ұсынған құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін беруге міндетті.
9. Аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізудің тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган біліктілік комиссияларының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. «Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді уәкілетті орган кәсіби ұйымдарға хабарлайды және мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айырылған адамдар қайта аттестаттауға кемінде үш жыл өткеннен кейін жіберіледі.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау
1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда, аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.
Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.
17-бап. Аудит жүргізу шарты
1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негізінде қалыптасады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аудит жүргізу және (немесе) аудиторлық қызмет бейіні бойынша қызмет көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзімі, ақы төлеу мөлшері мен талаптары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделеді.
3. Міндетті аудит және аудиттелетін субъектінің ілеспе қызметін жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды
4. Аудитордың және (немесе) аудиторлық ұйымның аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде алған мәліметтері коммерциялық құпияны құрайды.
Коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді сақтау міндеттерін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.;
18-бап. Аудиторлық есеп
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аудиторлық есеп жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиіс.
Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігі және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі қамтылады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аудиторлық есепке біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзінің жеке мөрімен куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекітеді және аудиторлық ұйымның мөрімен расталады.
Аудиторлық есепте аудиторлық ұйым лицензиясының нөмірі мен берілген күні де көрсетіледі.
Аудитор өзінің жеке мөрін тиісінше пайдаланбағаны және сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
3. Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе нақты деректерге сай келмеген жағдайда мұндай есеп сот шешімімен жарамсыз деп танылады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 18-1- баппен толықтырылды
18-1-бап. Қаржы ұйымының аудитін жүргізу ерекшеліктері
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Ұлттық Банкке беру мерзімдері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қаржы ұйымының аудиторлық есебі бір мезгілде қаржы ұйымына және Ұлттық Банкке ұсынылады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қаржы ұйымының аудиторлық есебiн Ұлттық Банкке ұсынудың белгiленген мерзiмдерi бұзылған жағдайда Ұлттық Банк аудиторлық есепті белгіленген мерзімде ұсыну туралы жазбаша нұсқама жібереді.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Аудиторлық ұйым жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда Ұлттық Банк лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қажеттігі туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.
19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi
1. Сапаны бақылау аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауына бағытталған.
2. Сапаны ішкі және сыртқы бақылау сапаны бақылау түрлері болып табылады.
Сапаны ішкі бақылауды аудиторлық ұйым аудит стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.
Сапаны сыртқы бақылауды кәсіби ұйым өз мүшелеріне қатысты үш жылда бір рет жүзеге асырады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзудiң қағидаларын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті кәсіби ұйымдар әзірлейді.
Сапаны сыртқы бақылауды өз қызметін аудитор ретінде жүзеге асыратын аудиторлар ғана жүргізе алады.
4. Аудиторлық ұйым кәсіби ұйымның қорытындысына сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен міндеттерi
1. Аудиторлар:
1) аудиттелетін субъектінің аудит жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті бухгалтерлік және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) кәсіби ұйымға кіруге;
2) аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсіндірме алуға;
3) кәсіби ұйымдардың шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аудиторлар:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға;
2) коммерциялық құпияны жария етпеуге;
3) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге;
4) өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен міндеттерi
1. Аудиторлық ұйымдар:
1) аудит жүргізу әдістерін дербес анықтауға;
2) аудит жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті бухгалтерлік және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамаларын сұратып алуға және тексеруге;
3) осы Заңның 24-бабында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлі бейіндегі мамандарды аудит жүргізуге қатысуға шарттық негізде тартуға;
4) аудиттелетін субъект аудит жүргізуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит жүргізуден не аудиторлық есепті беруден бас тартуға;
5) аудиттелетін субъектінің қаржы-шаруашылық қызметтеріне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүліктің нақты бар-жоғын тексеруге құқылы.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Аудиторлық ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға;
2) сапаны сыртқы бақылаудың жүргізілуіне, уәкілетті орган жүргізетін тексерулерге кедергі жасамауға;
3) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе кәсіби ұйымнан ерікті түрде шыққан немесе одан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге;
4) өздері мүшелері болып табылатын кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;
5) коммерциялық қүпияны жария етпеуге;
6) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге міндетті.
Аудиторлық ұйымдар мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит жүргізген жағдайда аудиттелетін субъектіге бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге міндетті;
7) өздері үшін аудит жүргізу міндетті болып табылатын қаржы ұйымдарына, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетін субъектілерді хабардар ете отырып, Ұлттық Банкке хабарлауға;
8) уәкілетті органға лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етуге;
9) Ұлттық Банкке қаржылық ұйымдардың, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың аудиторлық есебін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етуге;
10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.
3. Мемлекеттік органдардың, аудиттелетін субъектілердің және кез келген үшінші тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуына жол берілмейді.
22-бап. Аудиторлық қызметті сақтандыру
1. Аудиторлық ұйымдар аудитті жүзеге асыру кезінде мүліктік зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
2. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігi
Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, сондай-ақ шарт талаптарын бұзғаны үшін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Аудит жүргізу құқығын шектеу
Аудиторлық ұйымдардың:
осы аудиторлық ұйым немесе осы аудитті жүзеге асырушы оның қызметкерлері өздерінің қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;
өздерімен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасқан ұйымдарға;
осы Заңның 3-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өзінің қызмет бейіні бойынша соңғы үш жылда қызметтер көрсеткен ұйымдарға;
орындаушылары аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ аудиттелетін субъекті акцияларының он және одан да астам процентін (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын аудиторлық ұйымдардың;
аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері бар орындаушылардың;
егер, аудит жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, оның аудиттелетін субъектінің алдында немесе аудиттелетін субъектінің оның алдында ақшалай міндеттемелері бар болса;
жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, мүдделер қақтығысының пайда болуына әкелетін немесе осындай қақтығыстың пайда болу қатерін туғызатын жағдайларда, аудит жүргізуіне тыйым салынады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттері
1. Аудиттелетін субъект:
1) аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңнамасының аудит жүргізуге қатысты талаптары туралы қажетті ақпаратты алуға;
2) аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындылары негізделетін нормативтік құқықтық актілермен танысуға;
3) аудитордан, аудиторлық ұйымнан бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты алуға;
4) шарттың талаптарын бұзған жағдайда, аудиторлық ұйымның қызметтерінен бас тартуға құқылы.
2. Аудиттелетін субъект:
1) уақтылы және сапалы аудит жүргізуі үшін аудиторлық ұйымға жағдай жасауға, қажетті құжаттаманы табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірулер мен түсінік беруге;
2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке жатқызылған мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;
3) аудиторлық ұйымның талабы бойынша қажетті ақпаратты алу үшін үшінші тұлғаның атына өз атынан жазбаша сауал жіберуге міндетті.
3. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетін субъектілер өз қызметтерінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат береді.
4. Аудиторлық ұйымның шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті.
26-бап. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27-бап. Аудиттелетін субъектінің жауапкершілігi
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аудиттелетін субъект аудиторлық ұйымға аудит жүргізу үшін берген қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараттың толымдылығы мен дұрыстығы үшін жауапты болады.
2. Міндетті аудит жүргізуден жалтарған не оны жүргізуге кедергі жасаған, не оны жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етпеген заңды тұлғаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Аудит жүргізу аудиттелетін субъектіні табыс етілген қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықтан босатпайды.
28-бап. Дауларды қарау
Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар арасында, сондай-ақ олар мен аудиттелетін субъектілер арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
29-бап. Өтпелі ережелер
1. Дара кәсіпкерлер болып табылатын аудиторлар Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыра алады.
2. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген лицензияларды қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың уәкілетті орган берген лицензиялары және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген «аудитор» біліктілік куәлігі жарамды болады.
30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
Осы Заң, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 9-баптың 4, 5-тармақтарын, 10, 12 және 14-баптарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының