«уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан ұйымдардың Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауын ұйымдастырады;»;
«уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, эвакуациялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;».
21. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 13-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
2) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;».
22. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 1-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - өсiмдiктер карантинi саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 7-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) өсімдіктер карантині саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
4) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өсімдіктер карантині жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн әдiстердi, әдiстемелердi, ұсынымдарды бекітеді;»;
3) 9-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;».
23. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 1-баптың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«29) уәкiлеттi орган - құзыретi шегiнде қатысушылардың қызметiн үйлестiру мен реттеудi, сондай-ақ мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) астық нарығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
3) 6-1-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
3) және 5) тармақшалар алып тасталсын.
24. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
1) 6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;»;
2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-2) тармақшамен толықтырылсын:
«19-2) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының штат санының ең төменгі нормативтерінен тыс жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi шегінде қосымша штат санын жылына бір реттен артық емес бөлуге құқығы бар;»;
3) 29-баптың 1-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бірлікті басқару схемасын тиістi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;»;
11) тармақшадағы «Республикасы» деген сөз «Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.»;
5) 33-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшілiк-аумақтық бірлікті басқару схемаларын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;»;
6) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-2), 12-3), 12-4), 12-5), 12-6), 12-7) және 12-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;».
25. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықты жұмыспен қамту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыруға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға;»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-8) және 5-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-8) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
5-9) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету;»;
3) 8-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi.»;
4) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдарда ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.»;
5) 22-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.».
26. «Қазақстанның Даму Банкi туралы» 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
20-баптың 3) тармақшасындағы «бюджеттiк» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын.
27. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 20-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) жобаларға сараптама (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) жүргізетін жеке және заңды тұлғалардың сарапшылық комиссияларды құруының қағидаларын әзірлеу мен бекіту және сараптамаға қатысу үшін мамандар тарту;»;
2) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
3) 25-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;».
28. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат):
1) 1-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) жол органы - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;»;
2) 9-баптың 1 және 3-тармақтарындағы «жол органдарының», «жол органдары» деген сөздер тиісінше «жол органының», «жол органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
4) 13-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
5) 18-бапта:
тақырыптағы «Жол органдарының және олардың» деген сөздер «Жол органының және оның» деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтардағы «Жол органдары», «автомобиль жолдарын пайдалану ережелерiнiң», «Жол органдарының» деген сөздер тиісінше «Жол органы», «Автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының», «Жол органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 19-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Жол органдарының», «Жол органдары» деген сөздер тиісінше «Жол органының», «Жол органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 23-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «жол органдарымен» деген сөздер «жол органымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 25-баптың 3-тармағындағы «жол органдарымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «жол органымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 1-баптың 17) тармақшасындағы «және мемлекеттiк саясатты iске асыруды» деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
3) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
4) 14-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсе отырып айқындайды.».
30. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 1-бапта:
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;»;
21) тармақшадағы «саласында басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды» деген сөздер «саласындағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) жануарлардың энзоотиялық аурулары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, белгілі бір жерде тұрақты немесе жиі қайталанатын көрінісімен, әлеуметтік-экономикалық залалымен сипатталатын жануарлар аурулары;»;
40) тармақшадағы «уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;
2) 5-бапта:
17) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-6) тармақшамен толықтырылсын:
«18-6) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;»;
3) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ветеринария саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
5) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
34) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидаларын бекіту;
35) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекіту;»;
4) 10-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
17-3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;»;
1-1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;
32-2) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн бекiту;»;
5) 11-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-баптың 6-тармағы алып тасталсын.
31. «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат):
1) 7-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;
2) 16-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын жергілікті өкілді органдардың шешімімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерлерде өндіріп алуға құқығы бар.».
32. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
1) 7-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;»;
2) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Баланың тұрып жатқан жерiндегі қорғаншы және қамқоршы органдар, босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерi ата-анасының не өзге де заңды өкілдерiнiң бар-жоқ екендігі және тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалық немесе бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.»;
3) 51-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
1-2) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;».
33. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 1-баптың 34) және 36) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«34) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор - жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;»;
«36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - тұқым шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 6-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
1-2) тұқым шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
3), 8), 9) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін - бірегей тұқымдар бойынша;
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқым бойынша айқындайды;»;
22), 23) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
3) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне (тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды қоспағанда) тиісті куәлік бере отырып, аттестаттауды жүргізеді;
5) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;
6) облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;
7) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
8) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
9) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
10) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;