32) 156-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды жүзеге асырады және кейіннен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды.»;
33) 157-баптың 10-тармағының бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
34) 159-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
35) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«187-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау
Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау:
1) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органның ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауын;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарауын;
3) бюджет комиссиясының бюджеттік өтінімді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысын қарауын;
4) бюджет комиссиясының бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына енгізу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауын қамтиды.».
9. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат):
1) 37-1-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар табыс етiлгеннен және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде, таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтер жiбередi.»;
2) 541-баптың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«25) ішкі істер органдары - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша арыз берген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.»;
3) 557-баптың 3-тармағында:
4) тармақшадағы «бюджеттік», «Бюджеттік», «лауазымды тұлғалардың» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік», «Мемлекеттік», «лауазымды адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) салық берешегінің, салық құпиясын құрайтын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер бөлігінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ ішкі істер органдарына береді;»;
4) 582-баптың 1) тармақшасында:
«және таратуды» деген сөздер алып тасталсын;
«құрылымдық бөлiмшелердiң тiркеу есебiне алуды, оларды қайта тiркеудi, тiркеу есебiнен» деген сөздер «заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептік тiркеуді, қайта тiркеудi, есептік тiркеуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 583-баптың 1-тармағында:
«және таратуды», «, таратылған» және «, таратылғаны» деген сөздер алып тасталсын;
«құрылымдық бөлімшелерді» деген сөздердің алдынан «заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді,» деген сөздермен толықтырылсын;
«құрылымдық бөлімше» және «құрылымдық бөлімшенің» деген сөздердің алдынан тиісінше «заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы мемлекеттік тіркелген,» және «заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуының мемлекеттік тіркелгені,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 598-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшада:
«және таратуды» деген сөздер алып тасталсын;
«құрылымдық» деген сөздің алдынан «заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылғандығын мемлекеттік тіркеуді,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ішкі істер органдарына - мұндай органның сұрау салуы бойынша;»;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ішкі істер органдарының сұрау салуы бойынша - сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.».
10. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) денсаулық сақтау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасау;»;
29) тармақша алып тасталсын;
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«49) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған стандарттардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
2) 9-баптың 2-тармағында:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:
«18-2) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;».
11. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат):
1) 114-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органына филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсынуға;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органын өз қызметінің басталғаны туралы бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;»;
2) 120-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.».
12. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
34-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы iстер министрлiгi және Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір арыз берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің орындылығы туралы, оның ішінде оны Қазақстан Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне дәлелді қорытынды береді.».
13. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
25-баптың екінші бөлігінің 16) тармақшасындағы «бақылауды;» деген сөз «бақылауды қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылып, 17) тармақшасы алып тасталсын.
14. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
28-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет билігінің өкiлiне ресми түрде беру үшін шығарып жіберілетін шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiне береді.».
15. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат):
1) 4-2-баптың бірінші бөлігіндегі «өз құзыретi шегiнде көшi-қон процестерiн реттеудi және халықтың көшi-қоны саласындағы жұмысты үйлестiрудi жүзеге асыру,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 10-баптың 1-тармағында:
25-1) тармақша алып тасталсын;
25-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25-2) босқындар мәселелерi жөнiндегi жұмысты үйлестiруге;»;
25-3) және 25-4) тармақшалар алып тасталсын.
16. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
1) 13-баптың үшінші бөлігінде:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«құзыреті шегінде уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi, оның ішінде мүлікті реквизициялау жөніндегі іс-шараларды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орындауды ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияларды құрады және олардың құрамын айқындайды. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың төрағалары болып, ал уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары комиссия төрағаларының орынбасарлары болып табылады;
бюджет қаражаты болған кезде уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес уәкілетті органның аумақтық органдарын, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруда, сондай-ақ үйлер мен ғимараттар салуда, оларды реконструкциялауда және жөндеуде уәкілетті органға жәрдемдесуге құқылы;»;
2) 20-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұрын бекiтiлген жоспарларға сәйкес төтенше жағдай аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын тарта отырып, уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп жергiлiктi атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегі бiрiншi кезектегі iс-қимылдарды ұйымдастырады.».
17. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
1) 7-1-баптың 6) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
2) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;»;
3) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1-бап. Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру
1. Халықаралық техникалық байқау сертификатын алу үшін механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі жергілікті атқарушы органға өтініш береді және оған мынадай құжаттарды:
1) халықаралық техникалық байқау сертификатын беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті;
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жылға көлік құралы салығын төлегенін немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
3) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмесін қоса береді.
2. Жергілікті атқарушы орган құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне халықаралық техникалық байқау сертификатын береді.
3. Осы баптың 1-тармағында санамаланған құжаттар болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне бас тарту себептерін көрсете отырып, халықаралық техникалық байқау сертификатын беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.
4. Халықаралық техникалық байқау сертификаты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес беріледі.
5. Халықаралық техникалық байқау сертификаты жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралы иесінің халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алуға құқығы бар.
Халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алу үшін көлік құралының иесі жергілікті атқарушы органға өтініш береді және халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті ұсынады.
Халықаралық техникалық байқау сертификатының жоғалған немесе бүлінген бланкісі жергілікті атқарушы органға оның жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтініш берілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.
6. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және үстіңгі оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын береді.
7. Көлік құралының иесі халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті ұсынбай өтініш берген жағдайда, жергілікті атқарушы орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беруден жазбаша нысанда бас тартады.
8. Халықаралық техникалық байқау сертификаты міндетті немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы куәлікте көрсетілген мерзімге сәйкес келетін мерзімге беріледі.»;
4) 19-3-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жергілікті атқарушы органдардың келісуімен қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін жасауға;».
18. «Өрт қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) халықты және ұйымдарды өрт қауіпсіздігі саласындағы шаралар туралы хабардар етеді;»;
2) 8-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын.
19. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 10-2-бап мынадай мазмұндағы 1-1), 10-8) және 10-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) тұрғын үй қатынастары саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
«10-8) тұрғын үй көмегін көрсету мониторингін жүзеге асырады;
10-9) тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсететін ұйымдарға басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізудің әдістемелік қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;»;
2) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;».
20. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат):
22-баптың екінші бөлігінің екінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: