қарыз алушының қаржылық жағдайы № 296 қаулының талаптарына сәйкес қанағаттанарлықтан төмен емес болып бағаланса, бұзушылық ретінде қарастырылмайтын болады.
38. Осы Нұсқаулықтың 37-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар мiндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретiнде қаралмай, соңынан солай болған жағдайларда қолданылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 4-тарау жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өтімділік коэффициенттері
2008.29.12. № 233 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:
банктің ағымдағы өтімділік коэффициентімен;
к4-1, к4-2 және к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;
к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерімен.
k4 - 0,3;
Мерзімді өтімділік пен мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің барынша төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
К4-1 - 1;
К4-2 - 0,9;
К4-3 - 0,8;
К4-4 - 1;
К4-5 - 0,9;
К4-6 - 0,8.
2008.29.12. № 233 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен ( бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 сәуірде қолданысқа енгізіледі); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 40 тармақ өзгертілді
40. Банктің k4 ағымдағы өтімділік коэффициенті банктің орташа айлық жоғары өтімді активтерінің есептелген сыйақыны ескергендегі талап етуге дейінгі міндеттемелердің орта айлық мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі.
Ағымдағы өтімділік коэффициентін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшеріне барлық талап етуге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері, оның ішінде:
өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жылдан кем емес, 50% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (к2) көбейтілгендер;
k4 нормативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерін қоспағанда, өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жыл және одан астам, 100% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (к2) көбейтілгендер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» зайымдары мен банкпен бір түнге тартылған салымдар және кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен мерзімді шартсыз міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін, тазартылған құнды металдарды қоспағанда банктердің мерзімді және шартты депозиттері кіргізіледі.
к4-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
(k4, k4-1, k4-2, k4-3) өтімділік коэфициенттерін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшерінен және жоғары өтімді активтердің мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.
41. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне шетел валютасындағы жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
42. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жиынтықта шетел валюталары және «Еуро» бойынша есептеледі, оларда алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, онда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43. Жоғары өтімді активтерді есептеуге мыналар енгізіледі:
1) қолма-қол ақша;
2) тазартылған қымбат металдар;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
4) Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі талап етуге дейінгі салымдар;
5) Қазақстан Республикасының банктерінде және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингісін белгілеу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7666 тіркелген) белгіленген (бұдан әрі - № 176 қаулы) деңгейден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
7) № 176 қаулымен белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары;
8) Ұлттық Банктегі 7 күнге дейінгі өтеу мерзімі бар мерзімді депозиттер;
9) Standard&Poor's рейтингілік агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент - банктерге және Қазақстан Республикасының резиденті еместерге берілген «овернайт» қарыздары.
Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу талаптарымен сатқан немесе кепілге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше түрде ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды қоспағанда, өтімділігі жоғары активтердің есебіне қосылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.31.01. № 8 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 44-тармақ өзгертілді
44. Өтімді активтер есебіне № 296 қаулыға сәйкес арнайы қалыптасқан провизияларды, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды алып тастап, жоғары өтімді активтерді қоса, барлық қаржылық активтер енгізіледі. Заемдар заем шартына сәйкес өтеу кестелері бойынша енгізіледі.
Жоғары өтімді активтерді есептеуге енгізілмейтін осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылады деген шартпен өтімді активтер есебіне кіреді.
Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізгенде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылатын міндеттемелердің өтеуге дейінгі мерзімі алынады.
44-1. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есепті жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер енгізіледі.
Талап ету бойынша міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» заемдар және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
44-2. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде жоғары өтімді активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықтар, әділ құнды оң/теріс түзетудің шоттары енгізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45. ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45-1. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының төлем және ақшаны аударым жасау туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактілері болған жағдайда, орташа айлық негiзде анықталатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қатыссыз өтiмдiлiк нормативтерi орындалмаған деп есептеледi.
46. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ашық валюталық позиция лимиттері
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 47-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 47-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47. Ашық валюталық позиция - бұл жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы банк талаптарының (міндеттемелерінің) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы міндеттемелерінен (талаптарынан) асып кетуі.
Ұзын валюталық позиция - бұл талаптардың (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы міндеттемелерінен (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасынан) асып кететін жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция - бұл міндеттемелердің (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талаптарынан (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) асып кететін жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбас бағамының (тазартылған қымбат металдар құнының) өзгеруімен айқындалатын, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) қосылады.
Мөлшері бір шетелдік валютадан артық айырбас бағамының өзгеруімен айқындалатын, теңгемен көрсетілген талаптар (активтердің, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгіленген ашық валюталық позицияның ең төменгі лимитін иеленетін шетел валютасындағы валюталық позициялар есебіне енгізіледі.
Әрбір шетелдік валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледі.
Жекелеген шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер тобының) валюталары (тазартылған қымбат металдары) бойынша ашық валюталық позицияларын есептеу кезінде бірінші кезекте № 296 қаулының талаптарына сәйкес қалыптастырылған арнайы провизияларды шегергендегі активтер шоттарында және банк міндеттемелері шоттарында ашылған әрбір шетелдік валюта (тазартылған қымбат металл) бойынша шоттардың сальдосы есептеледі. Содан кейін № 296 қаулының талаптарына сәйкес қалыптастырылған арнайы провизияларды шегергендегі шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдік валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша шоттар сальдосы айқындалады. Шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) талаптардың (міндеттемелердің) міндеттемелерден (талаптардан) асып кеткендігін көрсететін сальдо өзара қосылады, ал алынған қорытынды банктің шетел валютасы (тазартылған қымбат метал) бойынша ашық позициясының мөлшері мен түрін айқындайды.
Сегізінші абзац 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясы баланстық шоттар бойынша сол шетел валютасындағы банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясының 30 (отыз) пайызынан аспауға тиіс.
Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетелдік валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ұзын позицияларының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталар (тазартылған қымбат металдар) бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Шетел валютасымен көрсетілген талаптар мен міндеттемелер осы талаптар және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлігіндегі валюталық позиция есебіне енгізіледі.
Мәмілені жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күні бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмілені жасаған күннен бастап валюталық позиция есебіне енгізіледі.
48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерiн белгiлейдi:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 (бұр.ред.қара); 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1) тармақша өзгертілді
1) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен емес тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 процентiнен аспайтын мөлшердегi «Еуро», сондай-ақ тазартылған қымбат металл валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
2) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 25 процентiнен аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
49. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.30.04. № 58 Қаулысымен 50-тармақ жаңа редакцияда (жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
50. Ашық валюталық позицияның лимиттерi есептік апта бойы кез-келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттерi осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 (бес) проценттiк тармаққа кемуiмен айқындалады.
Жекелеген шетел валютасының (тазартылған қымбат металл) ашық валюталық позициясының лимиттерін бұзыуы болып келесі жағдайлар есептелмейді:
банк белгіленген лимиттерді 0,09 проценттiк шектен;
сот шешімі бойынша банкке қатыссыз себептермен, банк берген займның валютасының өзгеру бөлігінде асыруы.
Егер банкке қатыссыз, сот шешімі негізінде банк берген займның валютасының өзгеру бөлігінде банк ашық валюталық позицияларының лимиттерін асырған болса, банк ол туралы тез арада уәкілетті органға хабарлап, көрсетілген шектен асып кетуді айқындаған күннен бастап үш ай ішінде жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзiмде жойылмаған болса, онда валюталар бойынша ашық валюталық позиция лимиттерiнiң шектен асып кетуі осы шектен асып кету анықталған күннен бастап аталған нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.
51. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Банктің негізгі құрал-жабдықтарға және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының
ең жоғарғы мөлшерінің коэффициенті
52. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы инвестициясының мөлшерiнiң және басқа қаржылық емес активтердiң меншiктi капиталға (k6) қатысы 0,5-тен аспауы тиiс.
53. Негiзгi құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады:
1) жер, үй және ғимарат;
2) салынып жатқан (орнатылып жатқан) негiзгi құрал-жабдықтар;
3) банк жалға алған үйлер бойынша күрделi шығындар;
4) компьютерлiк жабдықтар;
5) көлiк құрал-жабдықтары;
6) жалға беруге арналған негiзгi құрал-жабдықтар;
7) қаржы лизингiне қабылданған негiзгi құрал-жабдықтар;
8) басқа да негiзгi құрал-жабдықтар;
9) банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн және сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;
10) басқа да материалдық қорлар;
11) күрделi салымдар бойынша дебиторлық берешек.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 6-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1. Банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-1-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-1. Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы к7, к8 және к9 коэффициенттерімен сипатталады.
к7 коэффициенті - Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимиті 1 мөлшерде белгіленеді және Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;
кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімді және шартты депозиттері.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталады:
өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына (бұдан әрі - № 388 қаулы) сәйкес экономиканың «басқа қаржы ұйымдары - коды 5», «мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар - коды 6», «мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар - коды 7» және «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар - коды 8» секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
Оныншы абзац 2013 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады
халықаралық есеп айырысу жүйелері (ClearstreamBanking S.A. және EuroclearBankSA/NV) болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 Қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (бұр .ред. қара ); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 ж. 27 тамыздағы № 224 Қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қазанда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-2-тармақ өзгертілді
53-2. k8 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k8 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдімелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5 тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k8 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде банк арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдары арқылы шығарған бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;