ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Екінші деңгейдегі капитал:
бөлінбеген таза пайданың мөлшері;
негізгі құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшері;
кастодиандық шарт талаптарында қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдығын шегергендегі тәуекелді ескере отырып мөлшерленуге жататын активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомадағы жалпы банктік тәуекелдерге арналған мөлшер;
бірінші деңгейдегі капитал есебіне енгізілмеген, ақы төленген мерзімсіз қаржы құралдары;
банктің құны төленген меншікті реттелген борышын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал сомасының елу пайызынан аспайтын сомадағы меншікті капиталға енгізілетін банктің екінші деңгейдегі реттелген борышы;
ағымдағы жылдың шығыстары есебінен қалыптастырылған, № 296 қаулының талаптарына және олардың салық базасына сәйкес жіктелуге жататын активтер мен міндеттемелердің баланстық құнындағы айырмаға байланысты туындаған, кейінге қалдырылған салық міндеттемесі.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауға жататын банк үшін реттелген борыш екінші деңгейдегі капиталға сот шешімімен айқындалған қайта құрылымдау жүргізу мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жыл ішінде банктің құны төленген меншікті реттелген борышын шегергенде бірінші деңгейдегі капитал сомасының жетпіс бес пайызынан аспайтын сомада енгізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 126 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Банктің екінші деңгейдегі реттелген борышы - бұл банктің мынадай талаптарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:
1) салым не ұсынушыға міндеттеме болып табылмаса;
2) банктің немесе оның үлестес тұлғаларының талаптары бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылмаса;
3) банк таратылған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес мерзімсіз қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін банк орындағанға дейін қанағаттандырса;
4) банк өтеуі (толық немесе ішінара), оның ішінде уәкілетті органның қорытындысына сәйкес мұндай өтеу кейіннен осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәндерін банктің сақтамауына әкелмеген жағдайда банктің бастамасымен ғана мерзімінен бұрын өтеуі мүмкін.
Екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталға енгізілген реттелген борышы - бұл өтеу басталғанға дейін бес жылдан астам тарту мерзімі бар реттелген борыш.
Екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы банктің меншікті капиталының есебіне былайша енгізіледі:
борышты өтеу басталғанға дейін бес жылдан астам мерзім ішінде - борыштың толық сомасында;
борышты өтеу басталғанға дейін қалған бес жыл ішінде;
1-ші жыл - реттелген борыш сомасының 100 пайызы;
2-ші жыл - реттелген борыш сомасының 80 пайызы;
3-ші жыл - реттелген борыш сомасының 60 пайызы;
4-ші жыл - реттелген борыш сомасының 40 пайызы;
5-ші жыл - реттелген борыш сомасының 20 пайызы.
Сондай-ақ Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен немесе Азия Даму Банкінен не Халықаралық Қаржы Қауымдастығынан тартылған, егер шартта қарыз алушының бастамасы бойынша қарызды мерзімінен бұрын өтеу (толық немесе ішінара) мүмкіндігі көзделіп, уәкілетті органның қорытындысына сәйкес мұндай өтеу банктің қаржылық жағдайының нашарлауына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының бұзылуына әкеп соқпаған жағдайда, 3) тармақшаны қоспағанда осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін банктің қарызы екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы болып табылады.
12. Банктiң 2002 жылғы 1 тамызға дейiн тартылған, бастапқы өтеу мерзiмi 5 жылдан кем емес және осы Нұсқаулықтың 11-тармағында белгiленген реттелген борышқа қойылатын талаптарға жауап бермейтiн реттелген борыштар мынадай тәртiппен банктiң меншiктi капиталының есебiне енгiзiледi:
борышты өтеу басталғанға дейiнгi бес жылдан артық мерзiм iшiнде:
реттелген борыш сомасының 80 процентi мөлшерiнде;
борышты өтеу басталғанға дейiн қалған бес жыл iшiнде:
1-шi жыл - реттелген борыш сомасының 60 процентi;
2-шi жыл - реттелген борыш сомасының 40 процентi;
3-шi жыл - реттелген борыш сомасының 20 процентi;
4-шi және 5-шi жыл - реттелген борыш сомасының 0 процентi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.30.04. № 58 Қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 126 Қаулысымен 12-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктер меншікті капитал есебіне банктің меншікті сатып алынған акцияларын шегергенде төленген жарғылық капиталының сомасынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын көлемдегі қайта құрылымдау шегінде шығарылған (сатып алынған) қаржы құралдарының есептелген амортизациясын ескергендегі әділ құндарының арасындағы теріс айырманы кіргізбеуіне болады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 117 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай үш коэффициентпен сипатталады:
Екінші абзац 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың екінші деңгейдегі капиталдың бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларының сомасына азайтылған банк активтерінің мөлшеріне қатынасымен (k1-1);
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі және екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың банк иелігіне берілген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен толық қамтамасыз етілгендерін қоспағандағы, сондай-ақ бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларының сомасына азайтылған және екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін, банк қамтамасыз етуге қабылдаған кепілдіктерді қоспағанда, активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасына қатынасымен (k1-1);
бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың мыналар сомасына қатынасымен:
екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің сомасына кемітілген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел (k1-2);
меншікті капиталдың мыналар сомасына қатынасымен:
екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген, жалпы резервтер (провизиялар) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша салмақталған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
активтер, шартты және ықтимал талаптар және нарықтық тәуекелді ескерумен есептелген міндеттемелер;
операциялық тәуекел (k2).
k1-1 коэффициентін есептеу мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер мен тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген, k1-1 және k2 коэффициенттері есебіне алынатын активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер № 296 қаулының талаптарына сәйкес қалыптастырылған арнайы резервтер ескеріле отырып баланстық құны бойынша енгізіледі.
14-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi (орыс тіліндегі мәтінін қара)
14. Үшiншi деңгей капиталы мынадай талаптарға сәйкес келетiн үшiншi деңгейдiң реттелген борышын бiлдiредi:
1) банк ұсынған, онымен айрықша байланысы бар немесе банктiң аффилиирленген тұлғасынан қамтамасыз ету алынбаса;
2) ұсыныс берушi үшiн депозит не мiндеттеме болып табылмаса;
3) банк мерзiмiнен бұрын (толық немесе iшiнара), сонымен бірге мерзiмiнен бұрын банктiң бастамасы бойынша ғана өтеуi мүмкiн, егер осы өтеу уәкiлеттi органның қорытындысына сәйкес осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң сақталмауына душар етпеген жағдайында;
4) өтелгенге дейiн екi жылдан асатын бастапқы мерзiмi бар. Екiншi деңгейдегi капиталға енгiзiлмеген екiншi деңгейдiң реттелген борышы оның амортизациялық бөлiгiн қоспағанда, банктiң үшiншi деңгейдегi капиталына енгiзiлуi мүмкiн.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілді); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді; ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 20 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда
15. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:
Екінші абзац 2014 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
k1-1 0,06-дан кем болмайды.
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап k1-1 0,03-тен кем болмайды;
k1-2 0,06-дан кем болмайды.
Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
k1-1 0,07-ден кем болмайды;
k1-2 - 0,07-ден кем болмайды.
Банк холдингі немесе бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан артығы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
k1-1 - 0,05-тен кем болмайды;
k1-2 - 0,05-тен кем болмайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен мазмұн 15-1-тармақпен толықтырылды
15-1. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен алып тасталды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 409 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілді); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.30.04. № 58 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 117 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 - 0,12-ден кем болмайды.
Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 - 0,14-тен кем болмайды.
Банк холдингі немесе бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан артығы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдинке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 - 0,10-нан кем болмайды.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебі осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшасына сәйкес жасалады.
Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер № 296 қаулының талаптарына сәйкес жасалған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азаяды.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес ол бойынша банк кредиттік тәуекелге ұшырайтын тәуекел деңгейіне туындысы ретінде анықталады.
Своптар, фьючерстер, опциондар және форвардтар аталған қаржы құралдарының рыноктық құнының және олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту жолымен кредиттік тәуекелді ескеріп, мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер есебіне енгізіледі.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының рыноктық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы рыноктық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы рыноктық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне кіргізілмейді.
Активтердің, шартты және ықтимал талаптардың және міндеттемелердің есебі рыноктық тәуекелді ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 17-30-тармағына сәйкес жасалады;
Операциялық тәуекелдің есебі осы Нұсқаулықтың 31-тармағына сәйкес жасалады.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін есептеу кезінде (kl-1, kl-2, k2) салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің мөлшерінен және активтер мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.
17-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17. Рыноктық тәуекелдi (валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамының өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелмен қаржы құралдары бойынша тәуекелді қоспағанда) ескергендегi активтердiң, шарттың және мүмкiн талап етулердiң және мiндеттемелердiң есебiне банктердiң рыноктық немесе әдiл құн бойынша (бұдан әрi - рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары) ескерген активтерi, шартты және мүмкiн талап етулері және мiндеттемелерi және мына талаптардың кез-келгенiне сәйкес келген жағдайда енгiзiледi:
1) аталған кезеңдегi сатып алу құны мен сату құны арасындағы айырма бойынша кiрiс алу үшiн сатып алынған жылдан кейiнгi 3 жыл iшiнде сату мақсатында сатып алынған;
2) рыноктық тәуекелi бар басқа қаржы құралы бойынша рыноктық тәуекелдердi хеджирлеу мақсатында сатып алынған.
18-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді
18. Нарықтық тәуекелді ескергендегі активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер 8,3-ке тең көрсету коэффициентін (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 10-ға тең коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 7,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) туындысы ретінде мына сомада есептеледі:
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;
рыноктық құнның өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;
валюталардың айырбас бағамдарының және қымбат металлдардың бағамдарының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен.
19-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
19. Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен есептесу айрықша проценттiк тәуекел мен жалпы проценттік тәуекел сомасын білдіреді.
20-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
20. Айырықша проценттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 21-тармағына сәйкес айрықша проценттiк тәуекел коэффициентi бойынша сараланған сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар сомасын ұсынады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары мынадай талаптарға сәйкес келетiн қаржы құралдары болып табылады:
бір эмитент шығарған;
тең кiрiстiлiк мөлшерi бар;
рыноктық құн сол бір ғана валютамен көрсетiлген;
өтелгенге дейiн теңдей мерзiмi бар.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзын немесе қысқа) мыналардың арасындағы айырманы көрсетедi:
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының сомасымен, оның iшiнде сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарын сатуға арналған талап етулердi бiлдiредi;
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының сомасы сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының сатуға арналған мiндеттемелердi бiлдiредi.
Опциондар есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнiң жай-күйi бойынша қалыптасқан опциондардың рыноктық құны мөлшеріндегі ашық позицияның (ұзын немесе қысқа) есебiне енгiзiледi.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзын немесе қысқа) аталған қаржы құралдарының рыноктық құны белгiленген валюталар бөлiгi шеңберiнде есептеледi.
21-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
21. Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар айрықша проценттiк тәуекелдiң коэффициентi бойынша мынадай тәртiппен сараланады:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 149 Қаулысымен (бұр .ред. қара ); 2008.26.02. № 20 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) 0 проценттiк коэффициент бойынша - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түріндегі сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары, тәуелсiз рейтингi Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА» рейтингiнен немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейiнен төмен емес шет мемлекеттердiң орталық банктерi және орталық Үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) 0,25 проценттiк коэффициент бойынша - Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдары 6 айдан кем емес өтеу мерзiмiмен шығарған сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары, тәуелсiз рейтингi Sta№dard & Poor's агенттігінің «А+»-дан «ВВВ-»-ге дейін немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық банктерi және орталық Yкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының ресми тiзiмiне енгiзiлген және халықаралық қор биржалары таныған, осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетiлген сауда-саттықты ұйымдастырушыларының тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар;
3) 1 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар, өтеу мерзiмi 6 айдан 24 айға дейiнгi қаржы құралдары;
4) 1,6 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар өтеу мерзiмi 24 айдан асатын қаржы құралдары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) 8 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлгеннен басқа жағдайдағы сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары.
Туынды қаржы құралдары айрықша проценттiк тәуекел есебiне енгiзiлмейдi.
22-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
22. Жалпы проценттiк тәуекел мынадай соманы көрсетедi:
әр уақыт интервалындағы сараланған жабық позиция сомасының 10 процентi;
1-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
2-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 30 процентi;
3-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 30 процентi;
1 және 2-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
2 және 3-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
1 және 3-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 100 процентi.
23-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
23. Сараланған позициялар мынадай тәртiппен есептеледi:
1) сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық позиция мөлшерiн айқындау.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң (бұдан әрi - сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдары) өзгеруiне байланысты ашық позицияның мөлшерiн айқындау кезiнде қаржы құралдары (фьючерстiк келісім-шарттар, форвардтық келісім-шарттар, проценттiк мөлшерлемедегi форвардтық келісім-шарт) тиiстi базистiк активтердiң рыноктық құнында көрсетiлетiн ұзын және қысқа позиция комбинациясы ретiнде қарастырылады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдарын өтеу мерзiмi туынды қаржы құралдарын орындау немесе жеткiзу мерзіміне дейінгі және олардың базистік активінің айналыс мерзімінің сомасы ретiнде есептеледi (туынды қаржы құралының базистiк активтi жеткiзу талабы жағдайында - ұзын позицияға енгiзiлетiн туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады, ал туынды қаржы құралының базистiк активтi жеткiзу мiндеттемесi жағдайында - қысқа позицияға енгiзiлетiн туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады).