112. Өтініш берушіге виза беруден бас тарту себептері түсіндірілмейді. ҚР-дың шет елдердегі мекемелері бас тарту себебін көрсете отырып, виза беруден бас тарту дерегі туралы ҚР СІМ-ді хабардар етеді.
113. Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарылған адамдарға елден шығару туралы соттың шешім қабылдаған күнінен бастап 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
114. Виза алушыларға мына жағдайларда:
1) егер оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін негіздемелер бар болса - істің аяқталу мерзіміне дейін;
2) егер ол жасаған қылмысы үшін сотталса - жазасын өтегенге дейін немесе жазадан босатылғанға дейін;
3) егер ол соттың оған жүктеген міндеттемелерін орындаудан жалтарса - міндеттемелер орындалғанға дейін Қазақстан Республикасынан кету визасын беруден бас тартылады.
115. Виза алушының Қазақстан Республикасынан кетуі ҚР азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың айтарлықтай мүдделеріне қатысты мүліктік міндеттемелерін орындағанша кейінге қалдырылады.
13. Визаларды ұзарту тәртібі
116. Визаның қолдану мерзімі осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзарту қажеттілігін растайтын құжаттарды беру негізінде немесе форс-мажорлық жағдайларда 5 жұмыс күні ішінде ұзартылады.
117. Визаның қолдану мерзімін ұзарту «қосымша мәліметтер/additional information» бағанына қолдану мерзімі аяқталған визаның нөмірін көрсете отырып (мысалы: № 1140610729 визаны ұзарту) сол санаттағы визаны беру жолымен жүргізіледі.
118. ҚР СІМ визалардың мынадай санаттарын ұзартады:
1) «А1», «А2», «В1», «В2» - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктерінің шақыруы бойынша ҚР аумағына келген адамдар үшін - аталған ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде. Визаны қолдануды 1 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;
2) «С1» және «С2» - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің хаты негізінде. Визаны қолдануды 1 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;
3) «D1», «D2», «D3» - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы аумағына келген адамдар үшін - аталған ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде ұзартады. Визаны қолдануды 180 тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады.
119. ҚР ІІМ визалардың мынадай санаттарын ұзартады:
1) «Е1», «Е2» және «Е3» - діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші негізінде. Визаны қолдануды 180 тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;
2) «D8» - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жазбаша өтініші негізінде. Визаны қолдануды 1 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;
3) «K1», «K2», «K3» - шақырушы тараптың жазбаша өтініштері негізінде Заңмен белгіленген мерзімге жүзеге асырылады;
4) «L1» - Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе білім саласындағы уәкілетті органның жазбаша өтініші негізінде. Визаны қолдануды 1 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;
5) «M1» - бұрын алғашқы визаны алу үшін визалық қолдауды және жұмысқа орналастыру немесе шетелдік жұмыс күшін тартуды ресімдеген шақырушы тараптың жазбаша өтініші негізінде, егер осындай рұқсат беру «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына сәйкес талап етілетін болса, M1 визасының қолдану мерзімін ұзарту берілген рұқсаттың қолдану мерзімінде жүзеге асырылады;
6) «M2» - осы Қағидалардың 60-тармағы 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың «M1» санатында берілген визасының көшірмесі немесе ұзартылған визалардың көшірмесі бойынша шақырушы тараптың жазбаша өтініші негізінде «M2» санаты визасының қолданылуын ұзарту «M1» санаты визасының қолданылу мерзімінде жүзеге асырылады.
7) «P8» - алдын ала тергеу жүргізіп жатқан органның немесе қылмыстық іс қаралып жатқан соттың жазбаша өтініші негізінде, алдын ала тергеу не сот тыңдауын аяқтауға қажетті мерзімге беріледі, бірақ 180 тәуліктен аспауы тиіс.
120. ҚР СІМ және ҚР ІІМ визалардың мынадай санаттарын ұзартады:
1) «G2» - денсулық сақтау саласындағы уәкілетті органның немесе оның Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы аумақтық бөлімшелерінің жазбаша өтініші негізінде. Визаның қолдану мерзімін ұзарту емдеу үшін қажетті мерзімге жүзеге асырылады, алайда 1 жылдан аспауы тиіс.
2) «L2» - заңды тұлғалардың шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің жазбаша өтініші негізінде. Визаның қолдану мерзімін 1 жылға дейінгі мерзімге немесе оқу тәжірибесінен немесе тағылымдамадан өту мерзіміне дейін ұзарту жүзеге асырылады, бірақ 1 жылдан аспауы тиіс.
121. Осы Қағидаларда көрсетілген жағдайлардан басқа кезде визалардың қолдану мерзімі ұзартылмайды.
122. «Е1», «Е2», «E3» санатындағы визалардың қолдану мерзімі тек бір рет қана ұзартылады.
123. «Е1», «Е2», «E3», «G2», «K1», «K2», «K3», «L1», «L2», «M1», «M2» санатындағы визалардың қолдану мерзімін ұзарту ҚР ҰҚК-мен келісіледі.
ҚР ҰҚК бөлімшелері визаларды ресімдеуді келісуді 3 тәуліктің ішінде қамтамасыз етуі тиіс.
124. Визаларды ұзарту туралы қолдаухатты тек бұрын алғашқы визаны алуға арналған шақыруды ресімдеген шақырушы тарап бере алады. «L1» және «L2» санаттарындағы визаларды қоспағанда, басқа адамдардың өтініштері қаралмайды.
14. Қорытынды ережелер
125. Қазақстан Республикасына визасыз көшіп келу түріне жатпайтын виза алу мақсатында келген, алайда ресімделген шақыруы бар виза алушыларға ҚР СІМ басшылығының шешімімен 10 тәулікке дейін виза беріледі.
Қазақстан Республикасына визасыз және шақырусыз, көшіп келу түріне жатпайтын виза алу мақсатында келген виза алушыларға форс-мажорлық жағдайларда ҚР СІМ басшылығының шешімімен 3 тәулікке дейін виза беріледі.
126. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес визаны ресімдеу үшін, соның ішінде оның қолдану мерзімін ұзартуға және қалпына келтіруге консулдық алым немесе мемелекеттік баж алынады.
127. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда визалық қолдау мен виза ресімдеу үшін консулдық алым алынбайды.
128. ҚР СІМ және ҚР шет елдердегі мекемелерінің немесе ішкі істер органдарының қызметкерлерімен жіберілген қателік визада табылған кезде, сол санаттағы және сол мәртедегі виза консулдық алым немесе мемлекеттік бажсыз қайта беріледі.
129. Егер шетелдіктің Қазақстан Республикасында болуы кезінде жол жүру құжаты одан әрі қолдануға жарамсыз болған жағдайда, және оның иесі жаңа жол жүру құжатын ұсынса, бұрынғы визаның барлық деректемелерін көрсетілген жаңа визаға көшіру жүзеге асырылады.
ҚР СІМ ҚР СІМ-мен немесе ҚР-дың шет елдердегі мекемелері берген барлық санаттағы визаларды көшіреді.
ҚР ІІМ «А1», «А2», «А3», «В1», «В2», «В3» санаттарындағы визаларды қоспағанда, визаларды виза алушының уақытша тіркелген орыны бойынша көшіреді.
130. Жол жүру құжатына әлі жапсырылмаған визалық жапсырманы толтыру кезінде кеткен қателіктер табылған жағдайда ол жойылады.
131. Визалық жапсырманы толтыру кезінде кеткен қателіктер жол жүру құжатына жапсырылғаннан кейін табылған жағдайда, ол жойылады және келесі бетке жаңа виза жапсырылады.
132. Виза:
егер визаны беру кезінде визаны беру шарттары орындалмағаны анықталған жағдайда; егер виза алдау жолымен алынған деп есептеуге айтарлықтай негіздер бар болса;
егер беру шарттарының орындалуы немесе қолданылуы тоқтатылғаны анықталса жойылады.
133. ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР-дың шет елдердегі мекемелері осы Қағидалармен белгіленген өкілеттіктері шеңберінде визаны жоюды жүзеге асырады.
134. Әртүрлі себептер бойынша (мерзімдердің, санаттардың т.б. өзгеруі) жол жүру құжатындағы визалардың бүлінуі/жойылуы жағдайларында, құжаттан фотосурет және паспорттық деректері бар беттерінің, сондай-ақ бүлінген/жойылған визасы бар беттің көшірмесі алынады.
Әрбір бүлінген және жойылған визалық жапсырмаларға осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес акт жасалынады.
135. Одан әрі оны пайдалануға мүмкіндік бермеуге алып келген визаның еріксіз бүлінуі немесе ол жоғалған жағдайда оның беру деректерінің негіздері тексеріліп, расталғаннан кейін визаны қайта қалпына келтіруге болады.
Визаны қалпына келтіру шетелдіктің жазбаша өтініші бойынша немесе шақырушы тараптың жазбаша қолдаухаты бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
визаларын беру, сондай-ақ олардың
қолданылу мерзімдерін ұзарту
және қысқарту қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Растамахат
Шығыс №______
Мерзімі: «__»________20__жыл.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
__________________________________________________________________________шақыруды қабылдауды растайды:
(шақырушы тараптың толық атауы)
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):
2. Жынысы:
3. Туған жері және күні:
4. Азаматтығы (тиістілігі):
5. Ұлты:
6. Паспорт сериясы, №:
паспорттың берілген уақыты:
паспорттың жарамдылық мерзімі:
7. Жұмыс орны және лауазымы:
8. Тұрақты мекенжайы:
9. Виза алу орны:
10. Болу мерзімі:
11. Визаның мәртелігі:
12. Сапардың мақсаты:
13. Келу-кету көлік құралының түрі:
(тіркеу нөмірі және авто түрі, рейс нөмірі)
14. ҚР-дағы сапар бағыты және болу пункттері
15. ҚР-дағы тұрақты мекенжайы:
(қонақүй(лер)дің аты, мекенжайы, Қазақстан Республикасында
уақытша болатын мекенжайлары):
Жетекші (қолтаңба және мөр) Т.А.Ә.
Орынд. (шетелдікті қабылдауға жауапты адам): ______________________ тел.____________________,
ұялы телефон______________________________, электрондық мекенжай_______.
Ескерту:
1) Растамахат СТН, БСН, пошталық мекенжайы, телефоны, факс, электрондық мекенжайы, банктік деректемелері көрсетілген шақырушы ұйымның титулдық парағында ресімделеді (фирмалық бланкінде ресімделеді).
2) 1-жолда адамның тегі мен атының орысша транскрипциясын енгізу міндетті;
3) 6-жолда визаның қолдану мерзімі кемінде жүру құжатының қолданылу мерзімінен 3 ай бұрын бітуі тиіс.
4) 11-жолдағы визаның (бір, екі, үш, көп) мәртелігі көрсетілген болу мерзімі кезеңінде ҚР-ға келу санын білдіреді
5) 12-жолдағы «сапардың мақсаты» ҚР-да болу мерзімі мен сұралатын визаның мәртелігіне негізделіп толтырылады.
Қазақстан Республикасының
визаларын беру, сондай-ақ олардың
қолданылу мерзімдерін ұзарту
және қысқарту қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының визаларын беру журналы
№ р/н | Құжаттарды қабылдау мерзімі | Виз ның № | Азааттғы | ТАӘ | Туған кү ні | Паспорттың № және сериясы | Виза берудің негізі | Шақырушы тұлға | Визаның санаты | Мәртелігі | Визаның қолдану мерзімі | Консулдық алымдар/ мемлекеттік баж | Түбіртек № | Визаның берілу мерзімі | Алушының қолы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
Қазақстан Республикасының транзиттік визаларын (Н1) беру
журналы
№ р/н | Құжаттарды қабылдау мерзімі | Визаның № | Азаматтығы | ТАӘ | Туған күні | Паспорттың № және сериясы | Виза берудің негізі (бару елінің визасы, билеті) | Визаның қолдану мерзімі | Консулдық алымдар/ мемлекеттік баж | Түбіртек № | Визаның берілу мерзімі | Алушының қолы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
Қазақстан Республикасының
визаларын беру, сондай-ақ олардың
қолданылу мерзімдерін ұзарту
және қысқарту қағидаларына
3-қосымша
КҚД № 01 нысаны
ҚР ___________________ берілген визалар, консулдық алымдардан
төлем шотына түскен қаражаттар жөніндегі
20__ж. __________ айындағы статистикалық есебі
№ р/н | Берілген визалардың санаты | Жылдың басынан бастап ресімделген визалар | Есеп беру кезінде ресімделген визалар | Жылдың басынанбастап төленген консулдық алымдардың жиынтығы | Есеп беру кезінде төленген консулдық алымдардың жиынтығы |
Барлығы | 1-м | 2-м | 3-м | Км | барлығы | 1-м | 2-м | 3-м | Км | барлығы | 1-м | 2-м | 3-м | Км | барлығы | 1-м | 2-м | 3-м | Км |
I | II | III | IV | V | VI | VII | VIII | IX | X | XI | XII | XIII | XIV | XV | XVI | XVII | XVIII | XIX | XX | XXI | XXII |
1 | A1 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
2 | A2 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
3 | A3 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
4 | B1 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
5 | B2 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
6 | B3 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
7 | C1 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
8 | C2 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
9 | D1 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
10 | D2 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
11 | D3 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
12 | D4 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
13 | D5 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
14 | D6 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
15 | D7 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
16 | D8 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
17 | D9 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
18 | D10 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
19 | F1 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
20 | F2 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
21 | F3 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
22 | F4 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
23 | G1 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
24 | H1 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
25 | H2 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
26 | H3 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
27 | H4 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
28 | H5 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
29 | H6 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
30 | H7 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
31 | H8 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
32 | H9 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
33 | H10 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
34 | H11 | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
БАРЛЫҒЫ | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Қазақстан Республикасының
визаларын беру, сондай-ақ олардың
қолданылу мерзімдерін ұзарту
және қысқарту қағидаларына
4-қосымша
Берілген визалар, визалардың қолдану мерзімін ұзарту,
мемлекеттік баждардың төлем шотына келіп түскен қаражаттар,
визалық жапсырмалардың шығыны жөніндегі
20__ж. _________ айындағы статистикалық есебі
№ р/н | Виза санаты | Жұмсалған визалық жапсырмалар бланктерінің толық саны | Берілген визалар | Ұзартылған визалар | Бүлінген визалық жапсырмалардың бланктері | Виза ресімдегені үшін алынатын мемлекеттік баждың сомасы |
барлығы | 1-м | 2-м | 3-м | км | барлығы | 1-м | 2-м | 3-м | км |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
1. | | | | | | | | | | | | | | |
2. | | | | | | | | | | | | | | |
3. | | | | | | | | | | | | | | |
4. | | | | | | | | | | | | | | |
5. | | | | | | | | | | | | | | |
6. | Барлығы: | | | | | | | | | | | | | |
Берілген күні: «___»__________ 20__ж. Жауапты орындаушы _________
______________________________________________________________________
* Мәліметтер есептік кезеңінің соңына қарай өсу нәтижесі бойынша беріледі
Қазақстан Республикасының
визаларын беру, сондай-ақ олардың
қолданылу мерзімдерін ұзарту
және қысқарту қағидаларына
5-қосымша
Берілген визалар, визалардың қолдану мерзімін ұзарту,
мемлекеттік баждардың төлем шотына келіп түскен қаражаттар,
визалық жапсырмалардың шығыны жөніндегі
ҚР ІІМ 20__ж. __________ тоқсандағы статистикалық есебі
№ р/н | Берілген визалардың санаты | Есеп беру кезеңінде ресімделген визалар | Есеп беру кезеңінде төленген мем. баждың сомасы | Есеп беру кезеңінде ұзартылған визалар | Есеп беру кезеңіндегі төленген мем. баждың сомасы (ұзарту) |
Барлығы | 1-м | 2-м | 3-м | К м | Барлығы | 1-м | 2-м | 3-м | К м | Барлығы | 1-м | 2-м | 3-м | Км | Барлығы | 1-м | 2-м | 3-м | Км |
I | II | III | IV | V | VI | VII | VIII | IX | X | XI | XII | XIII | XIV | XV | XVI | XVII | XVIII | XIX | XX | XXI | XXII |
1. | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
2. | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
3. | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
4. | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
5. | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | | 0 | | | | |
БАРЛЫҒЫ | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Есеп беру кезеңінде ________ визалық жапсырмалар жойылды.
Жауапты орындаушы____________________________________
Берілген күні: «___»___20__ж.
Қазақстан Республикасының
визаларын беру, сондай-ақ олардың
қолданылу мерзімдерін ұзарту
және қысқарту қағидаларына
6-қосымша
Визаның қолдану мерзімі, мәртелігі және болу кезеңі
№ р/н | Визаның санаты | Виза алушылар | Визаның мәртелігі | Визаның қолдану мерзімі | Болу кезеңі |
I. Визаның түрі | КӨШІП КЕЛУГЕ ЖАТПАЙТЫН ВИЗАЛАР |
1. | А1 | Дипломатиялық виза. «А1» санатындағы виза: 1) шет мемлекеттердің, үкіметтердің басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне; 2) дипломатиялық паспорттары бар - шет мемлекеттер үкіметтерінің, парламенттерінің мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ дипломатиялық паспорттары бар - ресми шетелдік делегациялардың мүшелеріне және оларды алып жүретін адамдарға беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күнге дейін |
көп мәртелік | 3 жылға дейін | әр келген кезде 90 күнге дейін |
2. | А2 | Дипломатиялық виза. «А2» санатындағы виза: 1) дипломатиялық паспорттары бар, Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін адамдарға; 2) дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар, халықаралық ұйымдардың паспорттары бар адамдарға; 3) курьерлік парағы болған жағдайда дипломатиялық паспорттары бар - дипломатиялық поштаны тасымалдайтын курьерлерге; 4) Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күнге дейін |
көп мәртелік | 3 жылға дейін | әр келген кезде 90 күнге дейін |
3. | А3 | Дипломатиялық виза. «А3» санатындағы виза шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық агенттеріне, шетелдік консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдарына, Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі. | көп мәртелік | 180 күннің ішінде 90 күнге дейін | 90 күнге дейін, одан әрі ҚР СІМ-де аккредиттеу ҚР СІМ-нің аккредитациясы біткеннен кейін - Қазақстан Республикасынан шығу үшін қажетті 90 күнге дейін |
4. | В1 | Қызметтік виза. «В1» санатындағы виза: 1) ресми шетелдік делегациялардың мүшелеріне және оларды алып жүретін адамдарға; 2) мемлекеттік органдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдарға беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күнге дейін |
көп мәртелік | 3 жылға дейін | әр келген кезде 90 күнге дейін |
5. | В2 | Қызметтік виза. «В2» санатындағы виза: 1) дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі жоқ халықаралық ұйымдардың паспорттары бар адамдарға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорттары бар адамдарға; 2) Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін қызметтік паспорттары бар адамдарға; 3) егер дипломатиялық паспорты болмай, курьерлік парағы болған жағдайда дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық курьерлерге; 4) Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін шетелдік мемлекеттердің әскери қызметшілеріне; 5) шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің шақыруымен Қазақстан Республикасына іссапармен жіберілетін адамдарға; 6) Қазақстан Республикасында аккредиттелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күнге дейін |
көп мәртелік | 3 жылға дейін | әр келген кезде 90 күнге дейін |
6. | В3 | Қызметтік виза. «В3» санатындағы визалар дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетуші персоналының мүшелеріне, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлеріне, консулдық қызметкерлерге, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсететін персоналдың жұмыскерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне беріледі. | көп мәртелік | 180 күннің ішінде 90 күнге дейін | 90 күнге дейін, одан әрі ҚР СІМ-де аккредиттеу ҚР СІМ-нің аккредитациясы біткеннен кейін - Қазақстан Республикасынан шығу үшін қажетті 90 күнге дейін |
7. | С1 | Инвесторлық виза. «С1» санаттарындағы визалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буынының өкілдері мен басшыларына, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына (бұдан әрі - АӨҚО), сондай-ақ олардың жұбайлары мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларына беріледі. | көп мәртелік | 3 жылға дейін | визаны қолданудың барлық кезеңінде |
8. | С2 | Инвесторлық виза. «С2» санаттарындағы визалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буынының өкілдері мен басшыларына, АӨҚО қатысушыларына, сондай-ақ олардың жұбайлары мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларына беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күнге дейін |
9. | D1 | Іскерлік виза. «D1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына: 1) конференцияға, симпозиумге, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу; 2) лекциялар оқу және жоғары оқу орындарында сабақ беру мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күнге дейін |
екі мәртелікүш мәртелік | 90 күнге | әр келген кезде 30 күннен аспауы керек |
10. | D2 | Іскерлік виза. «D2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына 1) іссапар; 2) жабдықты монтаждау және техникалық жөндеу қызметін көрсету; 3) Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда, жастар, студенттік және мектепшілік алмасу бағдарламасына қатысу мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі. | көп мәртелік | 1 жылға | 180 күннің ішінде 60 күннен аспауы керек |
11. | D3 | Іскерлік виза. «D3» санатындағы виза Қазақстан Республикасына 1) гуманитарлық көмекті алып жүру; 2) келіссөздер жүргізу,келісімшарттар жасау, консультациялық немесе аудиторлық қызметтер көрсету мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі. | көп мәртелік | 3 жылға дейін | әр келген кезде 30 күннен аспауы керек, бірақ 180 күнде 60 күннен аспауы керек |
12. | D4 | Іскерлік виза. «D4» санатындағы визалар халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күннен аспауы керек |
көп мәртелік | 1 жылға | әр келген кезде 30 күннен аспауы керек |
13. | D5 | Іскерлік виза. «D5» санатындағы визалар пойыз бригадаларының құрамына енетін шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күннен аспауы керек |
көп мәртелік | 1 жылға | әр келген кезде 30 күннен аспауы керек |
14. | D6 | Іскерлік виза. «D6» санатындағы визалар Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ААХҰ) тиісті куәлігі жоқ, тұрақты әуе ұшақтарының және чартерлік авиарейс ұшақтарының экипаж мүшесі болып табылатын шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күннен аспауы керек |
көп мәртелік | 1 жылға | әр келген кезде 30 күннен аспауы керек |
15. | D7 | Іскерлік виза. «D7» санатындағы виза теңіз және өзен кемелерінің экипаж мүшелері болып табылатын шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күннен аспауы керек |
көп мәртелік | 1 жылға | әр келген кезде 30 күннен аспауы керек |
16. | D8 | Іскерлік виза. «D8» санатындағы виза Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери бөлімнің мүшесі болып табылатын шетелдіктерге беріледі. | көп мәртелік | 1 жылға | әскери қызметінің мерзімі бойынша |
17. | E1 | Миссионерлік (діни) виза. «Е1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына діни қызметпен келетін шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күннен аспауы керек |
екі мәртелік үш мәртелік | 90 күнге | әр келген кезде 30 күннен аспауы керек |
көп мәртелік | 180 күнге | 30 күннен аспауы керек |
18. | E2 | Миссионерлік виза. «Е2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін жіберілген шетелдіктерге беріледі. | көп мәртелік | 180 күнге | 180 күнге |
19. | E3 | Миссионерлік виза. «Е3» санатындағы виза «Е2» санатындағы визасы бар адамдардың асырауында болатын отбасы мүшелеріне беріледі. | көп мәртелік | отбасы мүшесінің «Е2» санатындағы визасының мерзіміне сәйкес беріледі | отбасы мүшесінің «Е2» санатындағы визасының мерзіміне сәйкес беріледі |
20. | F1 | Туристік виза. «F1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына турист ретінде жіберілетін шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күннен аспауы керек |
екі мәртелік үш мәртелік | 90 күнге | әр келген кезде 30 күннен аспауы керек |
21. | G1 | Жеке виза. «G1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына жеке жұмыстарымен жіберілетін шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік екі мәртелік үш мәртелік | 90 күнге | 1 жылда әр келген кезде 90 күннен аспауы керек |
көп мәртелік (тек қана этникалық қазақтарға) | 1 жылға | визаны қолданудың барлық кезеңінде |
22. | G2 | Жеке виза. «G2» санатындағы визалар: 1) емделу, медициналық тексеруге немесе консультациялар алу үшін Қазақстан Республикасына келушілерге; 2) стационарлық жағдайда емдеу қажеттілігі туындаған кезде Қазақстан Республикасында жүрген шетелдіктерге; 3) Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын жақын туыстарының стационарлық жағдайда емделіп жатқан шетелдікке немесе Қазақстан Республикасының азаматына қарау мақсатында Қазақстан Республикасына жіберілген немесе Қазақстан Республикасында жүрген шетелдіктерге беріледі. Туыстық дәрежесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады; 4) жағдайларды растайтын құжаттары бар болған кезде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды алып жүруші шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 180 күнге | 90 күннен аспауы керек |
екі мәртелік үш мәртелік | 180 күнге | әр келген кезде 90 күннен аспауы керек |
23. | G3 | Жеке виза. «G3» санатындағы визалар Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін шетелдіктерге визалық қолдаудың негізінде беріледі. | бір мәртелік | 180 күнге | 120 күннен аспауы керек |
екі мәртелік үш мәртелік | 180 күнге | әр келген кезде 120 күннен аспауы керек |
24. | G4 | Жеке виза. G4» санатындағы визалар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша шетелге шығатын кәмелетке толмаған шетелдікке беріледі. | екі мәртелік | 60 күнге | 60 күнге |
25. | Н1 | Транзиттік виза. «Н1» санатындағы виза визасыз транзит жасауға құқығы жоқ шетелдіктерге үшінші елге келуге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өту үшін беріледі. | бір мәртелік екі мәртелік үш мәртелік | 90 күнге | бір бағытта 5 күннің ішінде |
II. Визаның түрі | КӨШІП КЕЛУ ВИЗАЛАРЫ |
26. | J1 | Тұрақты тұруға арналған виза. «J1» санатындағы визалар Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында жіберліген этникалық қазақтарға беріледі. | көп мәртелік | 1 жылға | 1 жылға |
27. | J2 | Тұрақты тұруға арналған виза. «J2» санатындағы визалар тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келушілерге беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 90 күнге |
28. | J3 | Тұрақты тұруға арналған виза. «J3» санатындағы визалар Қазақстан Республикасында келген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы қолдаухат білдірушілерге беріледі. | бір мәртелік екі мәртелік үш мәртелік | 90 күнге | 90 күнге |
29. | К1 | Отбасын біріктіруге арналған виза. «K1» санатындағы виза Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келген Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын адамдарға беріледі. | көп мәртелік | 1 жылға | 1 жылға |
30. | К2 | Отбасын біріктіруге арналған виза. «K2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келген этникалық қазақтар және бұрынғы отандастар немесе Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алған (екі жылға дейінгі мерзімде) бұрынғы отандастардың отбасы мүшелері болып табылатын адамдарға беріледі | көп мәртелік | 1 жылға | 1 жылға |
31. | К3 | Отбасын біріктіруге арналған виза. «K3» санатындағы виза Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың отбасы мүшелері болып табылатын адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келген бизнес - көшіп келушілерге беріледі. | көп мәртелік | 1 жылға | 1 жылға |
32. | L1 | Білім алуға арналған виза. «L1» санатындағы визалар: 1) Қазақстан Республикасына орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын, соның ішінде білім алушылармен алмасу және дайындық курстарынан өту ұйымдастырылған бағдарламаларды іске асыратын білім беру мекемелеріне оқуға, оқуға түсу үшін жіберілетін шетелдіктерге; 2) Қазақстан Республикасына уақытша келген және Қазақстан Республикасының оқу орындарына түскен этникалық қазақтарға (ұлттық тиістілігін растайтын құжаттары бар болған кезде) беріледі. | бір мәртелік екі мәртелік үш мәртелік | 90 күнге | 90 күнге |
көп мәртелік | 1 жылға дейін | 1 жылға дейін |
33. | L2 | Білім алуға арналған виза. «L2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына оқу тәжірибесінен немесе тағылымдамадан өту үшін жіберілген шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік екі мәртелік үш мәртелік | 90 күнге | 90 күнге |
көп мәртелік | 1 жылға дейін | оқу тәжірибесінің немесе тағылымдамадан өту мерзіміне сәйкес |
34. | М1 | Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза. «М1» санаттағы виза: 1) шетелдік жұмыскерге немесе шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге берілген еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат қағазының негізінде рәсімделген Қазақстанға жұмысқа бара жатқан шетелдіктерге; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасына жұмысқа бара жатқан және жұмысқа орналасуға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алуға қажеттілігі жоқ шетелдіктерге беріледі. | көп мәртелік | 1 жылға дейін мерзімге немесе рұқсаттың қолдану мерзіміне арналған | 1 жылға дейін мерзімге немесе рұқсаттың қолдану мерзіміне арналған |
35. | М2 | Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза. «М2» санаттағы виза осы Қағидалардың 34-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың асырауындағы жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне беріледі. | көп мәртелік | негізгі отбасы мүшесінің «M1» санатындағы визасының қолдану мерзімінен аспауы керек | негізгі отбасы мүшесінің «M1» санатындағы визасының қолдану мерзімінен аспауы керек |
36. | М3 | Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза. «М3» санатындағы виза Қазақстан Республикасына жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасуға рұқсат алу үшін құжат тапсыру мақсатында келген шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге | 30 күннен аспауы керек |
37. | М4 | Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза. «М4» санаттағы визалар бизнес-көшіп келушілерге беріледі. | көп мәртелік | 1 жылға дейін | 1 жылға дейін |
38. | М5 | Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза. «М5» санаттағы виза шетелдік маусымдық жұмыскерлерге беріледі. | бір мәртелік екі мәртелік үш мәртелік | 1 жылға дейін мерзімге, бірақ жұмыс күшін тарту рұқсатының жарамдылық мерзімінен аспауы тиіс | 1 жылға дейін мерзімге, бірақ жұмыс күшін тарту рұқсатының жарамдылық мерзімінен аспауы тиіс |
39. | N1 | Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша ҚР-да болуға арналған визалар. «N1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету саласында ақысыз қызмет көрсету үшін келуші волонтерлерге беріледі. | бір мәртелік екі мәртелік үш мәртелік | 90 күнге | 90 күнге |
көп мәртелік | 1 жылға | 1 жылға |
40. | N2 | Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша ҚР-да болуға арналған визалар. «N2» санатындағы виза Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың негізінде қайырымдылық, гуманитарлық көмек көрсету және гранттарды беру мақсатында Қазақстан Республикасына келуші шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелікекі мәртелікүш мәртелік | 90 күнге | 90 күнге |
көп мәртелік | 1 жылға | 1 жылға |
III. Визаның түрі | КЕТУ ВИЗАЛАРЫ |
41. | Р1 | Кету визасы. «Р1» санатындағы виза Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және басқа жаққа тұрақты тұру үшін кететін кезде шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 90 күнге дейін | 90 күнге дейін |
42. | Р2 | Кету визасы. «Р2» санатындағы виза Қазақстан Республикасы аумағында жол жүру құжатын жоғалтып алған шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 30 күнге дейін, бірақ қайтуға арналған куәліктің мерзімінен аспауы керек | 30 күнге дейін, бірақ қайтуға арналған куәліктің мерзімінен аспауы керек |
43. | Р3 | Кету визасы. «Р3» санатындағы виза оларға қатысты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы шешім қабылданған шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 30 күнге дейін, немесе Қазақстан Республикасының аумағынан шетелдікті шығарып жіберу туралы сот қаулысында көрсетілген мерзімде | 30 күнге дейін, немесе Қазақстан Республикасының аумағынан шетелдікті шығарып жіберу туралы сот қаулысында көрсетілген мерзімде |
44. | Р4 | Кету визасы. «Р4» санатындағы виза егер олардың Қазақстан Республикасында бұдан әрі болуына негіз жоқ болса, шығарып жіберумен байланысты емес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданған шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 15 күнге дейін | 15 күнге дейін |
45. | Р5 | Кету визасы. «Р5» санатындағы виза егер олардың Қазақстан Республикасында бұдан әрі болуы үшін негіз жоқ болса, Қазақстан Республикасына визасыз кіру және болу тәртібі туралы келісімнің негізінде Қазақстан Республикасына келген шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 30 күнге дейін | 30 күнге дейін |
46. | Р6 | Кету визасы. «Р6» санатындағы виза Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінен босаған шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 15 күнге дейін | 15 күнге дейін |
47. | Р7 | Кету визасы. «Р7» санатындағы виза Қазақстан Республикасы аумағынан визаның жарамдылық мерзімі немесе визасыз болуға рұқсат етілген мерзім аяқталғанға дейін кетуге кедергі жасайтын форс-мажорлық жағдайдың, пойыздың немесе өзге көлік құралының жүру рейсінің тоқталуы және кідіруі дәлелін ұсынған шетелдіктерге беріледі. | бір мәртелік | 15 күнге дейін | 15 күнге дейін |
48. | Р8 | Кету визасы. «Р8» санатындағы виза белгіленген заң тәртібінде Қазақстанның Қылмыстық кодекске сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылған, оларға қатысты істерді жасағаны туралы хабарлаған адамдарға беріледі. | бір мәртелік | 30 күнге дейін | 30 күнге дейін |