4) осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды растайтын осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды алып жүруші виза алушыларға қатысты құжаттар негізінде беріледі.
44. «G3» санатындағы визалар балалардың құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органынан қолдаухаты болған кезде визалық қолдаудың негізінде беріледі.
45. «G4» санатындағы визалар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын виза алушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары (қамқоршылар немесе қорғаншылар) - кәмелетке толмаған адамдарға ата-аналарының өтініштерінің негізінде беріледі.
8-параграф. Транзиттік виза
46. Қазақстан Республикасына транзитпен жіберілген виза алушыларға «H1» санатындағы визалар беріледі.
«H1» санатындағы виза бару еліне келуге құқық беретін жол жүру құжаттары бар болған кезде қолдаухат негізінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өту үшін беріледі.
47. «H1» санатындағы виза шекаралас елге Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жеке көлік құралымен өтетін шетелдікке осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес құжаттардың, сондай-ақ аталған адамда жүргізуші куәлігі мен көлік құралын иелену туралы тиісті құжаттар бар болған кезде беріледі.
5. Көшіп келу визасы
1-параграф. Тұрақты тұруға арналған
48. Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына жіберілген немесе Қазақстан Республикасына келуші виза алушыларға «J1», «J2» және «J3» санаттарындағы визалар беріледі.
49. «J1» санатындағы визалар ҚР СІМ-нің нұсқауы немесе Заңның 19-бабында қарастырылған комиссияның оралмандарды иммиграциялық квотаға қосу туралы оң шешімі болған кезде, осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізімінің 7-тармақшасында көрсетілген құжаттар (бұдан әрі - Құжаттар тізімі) негізінде беріледі.
50. «J2» санатындағы визалар визалық қолдау, ҚР СІМ-нің нұсқауы немесе ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК келісімі бойынша, Құжаттар тізімінің 8) тармақшасында көрсетілген құжаттар негізінде беріледі.
51. «J3» санатындағы визалар Мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының және этникалық қазақтардың (олардың ұлттық қатыстылығын растайтын құжаттары бар болған кезде) оларды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы қолдаухаты негізінде беріледі.
«J1» және «J2» санатындағы визалар шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына және тұру ықтиярхатын ресімдеуіне негіз болып табылады.
2-параграф. Отбасын біріктіру
52. Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында жіберілетін виза алушыларға «K1», «K2» және «K3» санатындағы визалар беріледі.
53. «K1» санатындағы виза ҚР СІМ-нің нұсқауымен немесе ҚР ІІМ келісілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарының шақыруы негізінде беріледі.
54. «K2» санатындағы виза ҚР СІМ-нің нұсқауымен немесе ҚР ІІМ-мен (екі жылға дейінгі мерзімге) келісілген этникалық қазақтардан басқа бұрынғы отандастардың Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алған шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың шақыруы негізінде беріледі.
55. «K3» санатындағы виза ҚР СІМ-нің нұсқауымен немесе шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан, және де бизнес - көшіп келушілердің ҚР ІІМ келісілген қолдаухатының негізінде беріледі.
56. Мына адамдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұрып жатқан этникалық қазақтар және бұрынғы отандастар;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан көшіп келушілер, және бизнес-көшіп келушілер шақырушы адам болып табылады.
Шақырушы адам Заңға сәйкес отбасын біріктіру мақсатында өз отбасының мүшелерін - виза алушыларды Қазақстан Республикасы аумағына келуі туралы қолдаухат береді.
3-параграф. Білім алу
57. Қазақстан Республикасына білім алу мақсатында жіберілетін виза алушыларға «L1» және «L2» санаттарындағы визалар беріледі.
58. «L1» және «L2» санаттарындағы визалар визалық қолдау немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының өтініші бар болған кезде ҚР СІМ-нің нұсқауы негізінде беріледі.
4-параграф. Еңбек қызметін жүзеге асыру
59. Қазақстан Республикасына еңбек қызметін жүзеге асыруға жіберілген виза алушыларға «M1», «M2», «M3», «M4» және «M5» санаттарындағы визалар беріледі.
60. «M1» санаттағы виза:
1) виза алушы жұмыскерге немесе шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге берілген еңбек қызметін жүзеге асыру рұқсат қағазының негізінде ресімделген визалық қолдауы бар шетелдікке;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасына жұмысқа бара жатқан және жұмысқа орналасуға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу қажеттілігі жоқ виза алушыларға беріледі.
61. «M2» санаттағы виза «М1» санатындағы визаны алуға ниет білдірген адамдармен туыстығын растайтын құжаттардың, сондай-ақ оларға «М1» санатта берілген визалардың көшірмелері, заңды тұлғаның растаухаты негізінде ресімдеген визалық қолдауы бар болған кезде беріледі.
Аталған санаттағы визаның қолдану мерзімі негізгі отбасы мүшесінің «M1» санатындағы визасының қолдану мерзімінен аспауы тиіс.
62. «M3» санатындағы виза визалық қолдаудың негізінде беріледі.
63. «M4» санаттағы визалар осы Қағидалардың 1-қосымшасының нысанына сәйкес астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы облыстарының жергілікті атқарушы органдарының растаухаттарының негізінде ресімделген визалық қолдауы бар болған кезде беріледі.
«M4» санаттағы визаны алуға ниет білдірген адамдарға визаны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері береді.
Этникалық қазақтар қатарындағы, оның ішінде келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілердің келуіне виза және уақытша тұруына арналған рұқсат үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.
64. «М5» санаттағы виза заңды тұлғаның растаухатының негізінде және жұмысқа орналасуға шетелдік қызметкерге немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге берілген рұқсаттың қолдану мерзіміне ресімделген визалық қолдау бар болған кезде беріледі.
65. Қазақстан Республикасының аумағына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында (бұдан әрі - АӨҚО) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келетін шетелдік жұмыскерлерге виза Алматы қаласының халықаралық әуежайында АӨҚО-ның қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның растаухаты негізінде ресімделген визалық қолдау бар болған кезде беріледі.
5-параграф. Гуманитарлық уәждер бойынша көшіп келу визасы
66. Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін немесе Қазақстан Республикасына келуші виза алушыларға «N1» және «N2» санатындағы визалар беріледі.
67. «N1» және «N2» санаттарындағы визалар Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың немесе болу елінде сол елдің заңнамасына сәйкес ресми түрде тіркелген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымның (қор) қолдаухаты бар болған кезде визалық қолдаудың негізінде беріледі.
6. Кету визасы
68. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен өзге тәртіп белгіленбесе, шетелдіктерге Қазақстан Республикасынан кету үшін бір мәртелік «Р1», «Р2», «Р3», «Р4», «Р5», «Р6», «Р7» және «Р8» санаттарындағы визалар беріледі.
69. «Р1» санатындағы визалар ішкі істер органдары рұқсатының негізінде беріледі.
70. «Р2» санатындағы визалар қолдаухаттың немесе тұрақты тұратын еліне қайту туралы куәліктің, немесе Қазақстан Республикасының аумағына келгендігін және ішкі істер органдарында тіркелгендігін растайтын деректер бар болған кезде, адамның жеке басын куәландыратын құжат негізінде беріледі.
71. «Р3» санатындағы визалар Қазақстан Республикасында шетелдіктің бұдан әрі болуына негіз жоқтығы туралы ішкі істер органдары қорытындысының негізінде беріледі. Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту шетелдіктің қолындағы визаның күшін жою және оған кету визасын ресімдеу арқылы жүргізіледі.
72. «Р4» санатындағы визалар Қазақстан Республикасында шетелдіктің бұдан әрі болуына негіз жоқтығы туралы ішкі істер органдарының қорытындысы мен сот қаулысының негізінде беріледі.
73. «Р5» санатындағы визалар егер істің жағдайлары әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға себеп болмаса, Қазақстан Республикасында шетелдіктің бұдан әрі болуына негіз жоқтығы туралы ішкі істер органдарының қорытындысының негізінде беріледі.
74. «Р6» санатындағы визалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өтініштері негізінде беріледі.
75. «Р7» санатындағы визалар Қазақстан Республикасы аумағынан визаның жарамдылық мерзімі немесе визасыз болуға рұқсат етілген мерзім аяқталғанға дейін кетуге кедергі жасайтын форс-мажорлық жағдайлардың, пойыздың жүруі немесе өзге көлік құралы рейсінің тоқталуын және кідіруінің пайда болуын дәлелдейтін құжаттар негізінде беріледі.
76. «Р8» санатындағы виза қылмыстық іздестіру органымен берілген өтініштің тіркелгені туралы хабарлама талоны бар болған кезде қолдаухат негізінде рәсімделеді.
7. Визалардың орнына жүретін құжаттар
77. Мыналар:
1) дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшыларына, персоналдар мүшелеріне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген консулдық мекемелердің жұмысшыларына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген аккредитациялық куәлік;
2) ҚР ІІМ берген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат (тұру ықтиярхаты);
3) ҚР ІІМ берген азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
4) жол жүру құжатында шығарып жіберу туралы мөртабан болған кезде шетелдікті шығарып жіберу туралы соттың қаулысы;
5) ҚР ІІМ берген босқынның жол жүру құжаты.
6) ҚР ІІМ баспана іздеген адамға берген куәлігі визаны ауыстыратын құжаттар болып табылады.
8. Топтық визалар
78. Шетелдіктер тобы ұйымдасқан түрде Қазақстан Республикасының аумағына кіргенде немесе Қазақстан Республикасының аумағынан кеткенде немесе Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өткен кезде топтық визалар ресімделеді.
79. Топтың барлық мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағына келу және Қазақстан Республикасы аумағынан кету кезінде шекарадағы бақылау-өткізу пунктіне (бұдан әрі - өткізу пункті) бір уақытта келуі және өтуі, қандай да бір пунктте және Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүргенде топ құрамында болуы осындай визаларды беру үшін шарттар болып табылады.
80. Топтық визалар осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әліпбилік тәртіпте құрылған атаулы тізімдер түрінде ресімделеді.
Бұл ретте виза жеке параққа жапсырылады.
«Паспорттың №/passport №» деген визалық бағанда «топтық» деп жазылып, «қосымша мәліметтер/additional information» деген бағанда келуші/кетуші адамдардың тізім бойынша саны көрсетіледі (мысалы: «25 адамның тізімі қоса беріледі»).
Визасы бар парақтың астыңғы жағында мынадай жазу жазылады:
«Қоса беріліп отырған тізімде көрсетілген әрбір адам (______ тегінен басталатын және ________ тегімен аяқталатын) өткізу пунктінде жеке басын куәландыратын, фотосуреті бар, жол жүру құжатын көрсеткен кезде ғана осы виза жарамды».
Визасы бар парақ тізіммен бірге үстіңгі сол жақ бұрышы бүгіліп тігіледі, оған виза беруші ҚР СІМ-нің, ҚР шет елдердегі мекемесінің, ҚР ІІМ-нің елтаңбалық мөрі қойылады.
Визаны берген консулдық лауазымды адам (ҚР ІІМ-нің лауазымды адамы) тізімнің төменгі жағына (лауазымын және тегін көрсетіп) қол қояды, қойылған қол ҚР СІМ-нің, ҚР-дың шет елдердегі мекемесінің немесе ҚР ІІМ-нің мөрімен куәландырылады.
Жабыстырылған визасы бар тізім бір данада жасалынады, түпнұсқа топ жетекшісіне беріледі, бір көшірмесі - Қазақстан Республикасына келу (кету) кезінде өткізу пунктіне тапсырылады, екіншісі - визаны берген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінде, ҚР СІМ немесе ҚР ІІМ-де қалады. Тізімге түзетулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
9. Визалық қолдауды ресімдеу
81. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері виза алушыларды шақыру үшін ҚР СІМ-ге растамахат ұсыну жолымен визалық қолдауды ресімдейді.
82. Шақырушы тарап ҚР СІМ-ге осы Қағидалардың 10-қосымшасында көрсетілген құжаттармен бірге растамахат ұсынады.
Визалық қолдауды ресімдеуге арналған құжаттарды шақырушы тарап ақпараттық жүйені пайдалану арқылы ҚР СІМ-ге жолдай алады.
83. Растамахат Қазақстан Республикасына болжанған сапарының басталған күніне дейін екі аптадан кешіктірілмей беріледі.
84. Растамахат үш данада дайындалады, оның екеуі ҚР СІМ-ге тапсырылады, үшіншісі визалық қолдау ретінде виза алушыға жолданады.
Екі немесе одан көп адамдарды шақырған жағдайда, шақырылған адамдар туралы ақпарат электрондық тасығышта ұсынылады және осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес ресімделеді.
85. ҚР СІМ-ге визалық қолдауды ресімдеу үшін ұсынылған қате деректері бар құжаттар қарауға қабылданбайды және олар шақырушы тараптың түзетуінен кейін ҚР СІМ-ге қайта тапсырылады.
86. Визалық қолдауды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Ұсынылған визалық құжаттарды өте мұқият зерделеу немесе қосымша құжаттарды тапсыру қажет болған жағдайда аталған мерзім ең ұзақ уақыт кезеңге ұзартылуы мүмкін.
Бұл ретте, ҚР ҰҚК оң келісімін алғанға дейін көрсетілген мерзім ұзартылады.
87. ҚР СІМ осы Қағидаларды басшылыққа ала отырып, ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша визалық қолдауды ресімдеу, визаның қолданыс мерзімі және болу мерзімі және шетелдіктің Қазақстан Республикасының визасын алу орыны туралы немесе визалық қолдауды ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
ҚР СІМ Қазақстан Республикасы аумағына келуге шектеуі бар адамдарға бас тарту уәжін мәлімдеместен виза беруден бас тартады.
88. Шақырушы тарап шетелдіктерге олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары мен міндеттерін уақытылы түсіндіру жөнінде міндеттерді өзіне алады.
Бұрын Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдарын мен көші-қон заңнамаларын шақырылған шетелдіктермен сақталуын бірнеше мәрте қамтамасыз етпеген жеке және заңды тұлғалар тарапынан Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыру жөніндегі қолдаухаттары қаралмайды.
10. Визаны ресімдеу
89. Барлық санаттағы визалар жалған көшірмелерден қорғайтын өзіндік ерекшелігі бар өздігінен желімделетін арнайы жапсырма түріндегі тасығыш-қағазда жасалады. Визалық жапсырма визаның өзінен (тұпнұсқа) және оның сондай нөмірі бар түбіртегінен тұрады. Толтырылған виза шетелдіктердің жол жүру құжаттарына, ал визалық жапсырманың түбіртегі - визалық сауалнамада арнайы белгіленген орынға жапсырылады.
Виза мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) визаны берген мекеменің коды;
2) визаның мәртелігі;
3) визаның санаты және Қазақстан Республикасының аумағында болатын мерзімі;
4) визаның берілген күні;
5) виза алушының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жүру құжатының нөмірі;
7) виза қолданысының басталу күні;
8) виза қолданысының аяқталу күні;
9) шақырған жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы;
10) қосымша ақпарат;
11) консулдық алымдарды немесе мемлекеттік баждарды төлеу туралы мәлімет;
12) алып жүретін адамдар туралы мәліметтер;
13) визаны берген адамның тегі.
Жоғарыда аталған мәліметтер осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес толтырылады.
90. Визаларды түзетуге жол берілмейді. Түзетілген визалар жарамсыз болып саналады.
91. Қазақстан Республикасы аумағында «G2», «J3», және «L1» санаттарындағы визалардан басқа санаттағы визаларды біреуінен екіншісіне өзгертуге жол берілмейді.
92. Визалар виза алушыларға жол жүру құжаттарын көрсеткен кезде, егер олардың түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмейтін болса беріледі.
Жол жүру құжатында кем дегенде екі бос бет болуы тиіс.
93. Визаны ресімдеу үшін ҚР СІМ-ге, ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріне Құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттарды, ал ҚР ІІМ-ге визаларды ресімдеу үшін ҚР ІІМ-не ұсынылатын құжаттардың тізіміне сәйкес осы Қағидалардың 13-қосымшасында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
Ұсынылған деректерді анықтау және растау мақсатында консулдық лауазымды адамның сұранысы бойынша бір немесе бірнеше құжаттарды Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу үшін қажетті қосымша құжаттардың тізіміне сәйкес, осы Қағидалардың 14-қосымшасында көрсетілген қосымша құжаттарды ұсыну талап етіледі.
Қолдаухатты қарастыру барысында виза алушыны ҚР-дың шет елдердегі мекемесінің уәкілетті қызметкері әңгімелесуге шақырады.
94. Визаның қолданыс мерзімі жол жүру құжатының қолданыс мерзімі аяқталуына кем дегенде 3 ай қалғанда аяқталуы тиіс.
95. Жол жүру құжатында ескертілмеген тазартулар мен түзетулер, мөр басылмаған фотосуреттер және түптелген парақтар табылған жағдайда, бұл құжаттардың иелеріне виза берілмейді. Жарамсыз немесе жалған жол жүру құжаттарын ұсыну себебі бойынша виза беруден бас тартқан кезде ҚР-дың шет елдердегі мекемелері және ҚР ІІМ міндетті түрде ҚР СІМ-ді хабардар етулері қажет.
96. Шетелдіктер визалық сауалнаманы қолмен анық жазу немесе техникалық құралдарды пайдалану арқылы болу елінің мемлекеттік тілінде, болмаса қазақ немесе ағылшын тілдерінде осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырады.
Визалық сауалнаманың сұрақтарына жауаптар толық болуы тиіс. Визалық сауалнамаға шетелдіктің тек өзі қол қояды.
Фотосурет (қара түсті көзілдіріксіз және бас киімсіз беті алдынан қарағанда адам анық бейнеленген ақ-қара немесе түрлі-түсті (бас киімді күнделікті кию олардың ұлттық немесе діни қатыстылығының міндетті белгісі болып табылатын шетелдіктерден басқа, шетелдік осындай бас киіммен жол жүру құжатындағы фотосуретте бейнеленген жағдайда) 3,5х4,5 см. көлемінде болуы тиіс.
11. Визаларды беру тәртібі
97. ҚР СІМ және ҚР-дың шет елдердегі мекемелері осы Қағидаларда қарастырылған негіздер болған кезде шығу визаларынан басқа, барлық санаттағы бастапқы визаларды береді.
98. Қазақстан Республикасы аумағында:
1) ҚР СІМ - кету визаларынан басқа, барлық санаттағы бастапқы визаларды;
2) ҚР ІІМ - «G2» санаттағы визаларды - осы Қағидалардың 43-тармағы 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдарға, «G4», «J3», «L1» - Қазақстан Республикасының оқу орындарына түскен және Қазақстан Республикасына уақытша келген этникалық қазақтарға, сондай-ақ кету визаларының барлық санаттарын береді.
99. Визалық қолдауда белгіленген визаны алу орыны өзгерген жағдайда, ҚР СІМ-нің келісімі бойынша, өтініш жасаған орыны бойынша ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінде виза беріледі.
Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері жоқ шет мемлекеттердің азаматтарына Қазақстан Республикасының визалары визалық қолдау негізінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларындағы ҚР СІМ консулдық пункттерінде ҚР СІМ нұсқауы бойынша ресімделеді.
100. Шетелдіктің Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне кедергі жасайтын негіздер болған жағдайда, соның ішінде визалық қолдауы бар болған жағдайда да визалар берілмейді, ал ресімделген виза Қазақстан Республикасына кіруге негіз болып табылмайды.
101. ҚР ҰҚК-нің бөлімшелері визаларды ресімдеуді келісуді 3 тәулік ішінде қамтамасыз етуі тиіс. Кету визаларын және «J3» санаттағы визаларды қоспағанда, басқа визалар ҚР ҰҚК-ның келісуінсіз берілмейді. Визаларды беру үшін негіздемелерді анағұрлым міндетті зерделеу қажет болған жағдайда көрсетілген мерзім 7 тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
102. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген адамның қолдаухатын зерделеу кезінде:
1) бұрын Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын шақырылған шетелдіктердің сақтауын қамтамасыз етпеген заңды және жеке адамдардың тізімі бойынша шақырушы тарап пен жеке адамды тексереді;
2) шетелдіктің жеке қатысуы кезінде онымен болған әңгіме барысында немесе басқа да көздерден алынған мәліметтерді және визалық сауалнамадағы сұрақтарға берілген жауаптардың мазмұнын жол жүру құжатының деректерімен салыстырады;
3) Қазақстан Республикасында болғаннан кейін жол жүру құжаты шетелдікке тұрақты тұратын еліне қайтып оралуына немесе басқа елге шығуына құқық беретіндігін тексереді.
103. Қолдаухатты қарастыру барысында ҚР-дың шет елдердегі мекемесінің уәкілетті қызметкері шетелдіктің елінде немесе тұрғылықты тұру жерінде саяси және көші-қон ахуалында тұрақтылық байқалмайтын шетел азаматын міндетті түрде әңгімелесуге шақырады.
104. Қолдаухатты зерделеу нәтижесінде лауазымды адам виза беру, оның қолданыс мерзімдері мен болу ұзақтығы немесе виза беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
105. «J1» және «J2» санаттағы визалардан басқа визаларды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Халықаралық өзара қағидатты ескере отырып, виза ресімдеу мерзімін ұзақ уақыт кезеңіне ұзартуға болады.
Ұсынылған визалық құжаттарды өте мұқият зерделеу немесе қосымша құжаттарды тапсыру қажет болған жағдайда аталған мерзім күнтізбелік 30 күнге ұзартылады.
106. ҚР СІМ және ҚР-дың шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы аумағына кіруіне шектеуі бар шетелдіктерге бас тарту уәжін хабарламастан виза беруден бас тартады. ҚР-дың шет елдердегі мекемелері бір уақытта бас тарту себебін көрсете отырып, виза беруден бас тарту дерегі туралы ҚР СІМ-ді хабардар етеді.
107. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес визалар консулдық алымдар және мемлекеттік баж төленгеннен кейін ғана беріледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.
108. Шетелдіктің жол жүру құжатында пайдаланылмаған визасы болған жағдайда, немесе оның қолданыс мерзімі аяқталмаса, жаңа виза бұрынғы визаны жою шартымен беріледі.
109. Қазақстан Республикасы танымайтын жол жүру құжатын ұсынған адамға виза беретін жағдайда, виза қағаздың жеке парағына жапсырылуы мүмкін, осы парақты визаның қолданыс мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кету кезінде одан әрі ҚР СІМ-ге табыстау үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері алуы тиіс.
110. Мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің шетел азаматтарының жол жүру құжаттарын тіркеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерінде жүзеге асырылады.
12. Визаны беруден бас тарту негіздері
111. Виза алушыға:
1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті және/немесе тұрғындардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүдделерінде;
2) егер оның іс-әрекеттері конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге бағытталса;
3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
4) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздырса;
5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
6) егер оның Қазақстан Республикасында осының алдында болған уақытында Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамаларын бұзғаны туралы деректері анықталса;
7) егер ол кіру туралы қолдаухаты өтініш берген кезінде өзі туралы жалған мәліметтерді хабарласа немесе осы Қағидаларда көрсетілген толық құжаттарды ұсынбаса;
8) егер ол лаңкестік әрекеті үшін сотталса немесе сот оны аса қауіпті қылмыскер деп таныса;
9) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшін қажетті қаражатының бар екендігі туралы растауды ұсынбаса;
10) визаларды алу үшін осы Қағидалармен көзделген шарттарды орындамаған жағдайда виза беруден бас тартылады.