Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 175 бірлескен бұйрығы
ҚР Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту туралы қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 6011 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2010 жыл, № 10 (07.07.2010));
2) «Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 08-1-1-1/24 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 45 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7416 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы | Қ. Сарыбай |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі | Қ. Қасымов |
«Келісілген»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
Н. Әбіқаев
2013 жылғы 04 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 7 наурыздағы № 175
және Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 5 наурыздағы
№ 08-1-1-1/71
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың
қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларына сәйкес әзірленген және шетелдіктерге Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың ережесі азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтығы жоқ адам - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзін басқа мемлекеттің азаматы болып табылатыны туралы дәлелі жоқ адам;
2) бизнес - көшіп келушілер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;
3) бұрынғы отандас - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;
4) визалық қолдау - бұл Қазақстанға келуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрі - ҚР СІМ) ресми ресімделген шетелдіктің шақыру қағазы;
5) жол жүру құжаты - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға құқық беретін Қазақстан Республикасы таныған мемлекет немесе халықаралық ұйым берген шетелдік паспорт немесе өзге де құжат;
6) көшіп келуші - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
7) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза) - осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;
8) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - ҚР-дың шет елдердегі мекемелері) - Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, содай-ақ консулдық мекемелері;
9) қолдаухат - виза беру туралы заңды тұлғаның немесе жеке адамның, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге ниет білдірген адамның жазбаша өтініші;
10) ҚР СІМ нұсқауы - нақты міндеттерді шешу мақсатында қабылданатын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және/немесе Үкіметінің тапсырмасына ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, шетелдік мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің өтінішіне негізделген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің лауазымды қызметкерлерінің жедел шешімі;
11) маусымдық шетелдік жұмыскерлер - бір жылдан аспайтын, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезеңнің (маусымның) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
12) миссионерлік қызмет - шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;
13) растаухат - осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда ресімделген шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды қабылдауға шақыруды растайтын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жолданған шақырушы тараптың жазбаша өтініші;
14) тұрақты тұруға арналған рұқсат - белгіленген талаптар сақталған кезде және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі беретін құжат;
15) форс-мажорлық жағдайлар - төтенше немесе болдырмайтын жағдайлардың салдарынан туындайтын, алдын алуға болмайтын кедергі күштер (дүлей апаттар, әскери әрекеттер және басқа да ұқсас жағдайлар);
16) халықаралық өзара түсіністік қағидаты - екі мемлекеттің азаматтары үшін визаларды ресімдеу кезінде тең жағдайлар ұсыну;
17) халықаралық ұйым - мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;
18) шақырушы адам - Қазақстан Республикасында тұратын және Заңға сәйкес отбасын біріктіру мақсатында өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуіне жәрдемдесетін жеке адам;
19) шақырушы тарап - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, облыстық әкімдердің аппараттары (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) дипломатиялық өкілдіктер, шетелдік мемлекеттердің консулдық мекемелері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар (бұдан әрі - заңды тұлға), сондай-ақ шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухатпен өтініш білдірген жеке адамдар;
20) шетелдік - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатыны туралы дәлелі бар адам;
21) этникалық қазақ - шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
3. Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда осы Қағидаларда қарастырылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық келісімнің нормалары қолданылады.
4. Визаны беруді:
1) шетелде - ҚР-дың шет елдердегі мекемелері;
2) Қазақстан Республикасының аумағында:
ҚР СІМ;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясының құрылымдық бөлімшелері, оның Астана, Алматы қалаларындағы және облыстардағы ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ҚР ІІМ) жүргізеді.
Қазақстан Республикасының визасы визалық қолдаудың, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген ережелердің негізінде ресімделеді.
5. Визалардың ұзартылуын осы Қағидалармен көзделген тәртіпте ҚР СІМ және ҚР ІІМ жүзеге асырады.
6. Виза беру, визалық қолдауды ресімдеу және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында болуы туралы шешімдерді (визаның санаты, мәртелігі және қолданыс мерзімі) қабылдар алдында шетелдік азаматы болып табылатын немесе тұрақты тұратын елдің саяси және көші-қон ахуалы есепке алынады.
7. Визалық құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі - ҚР ҰҚК) келісу ақпараттық жүйені пайдалану арқылы жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының визаларына:
1) ҚР СІМ-нің және шет елдердегі мекемелерінің уәкілетті қызметкерлері;
2) ҚР ІІМ-нің уәкілетті қызметкерлері қол қояды.
9. ҚР СІМ-нің, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және ҚР ІІМ-нің визаларға қол қоюға уәкілетті адамдардың қол қою үлгілерін ҚР СІМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК Шекара қызметтеріне 3 данада жолдайды.
10. Қазақстан Республикасының берілген визаларының есебі ақпараттық жүйе немесе осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес әрбір санаттағы виза үшін журналдар есебі немесе ақпараттық жүйеден берілген визаларды басып шығару жолымен журналды толтыру арқылы жүргізіледі. Журналдар нөмірленген, тігінделген, сондай-ақ ҚР СІМ, ҚР шет елдердегі мекемелерінің және ҚР ІІМ-нің уәкілетті қызметкерлерінің қолымен және мөртаңбасымен куәландырылуы тиіс.
ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК ресімделіп жатқан, берілген және келісілген визалар бойынша бірыңғай статистикалық деректерді ақпараттық жүйеге қалыптастырады.
11. Визалық жапсырмалардың бланкілері қатаң есептегі құжат болып табылады және бланкілер ҚР СІМ-нің тапсырысы бойынша жасалады. Визалық жапсырмалар бланкілерінің қозғалысы мен жұмсалуына бақылауды ҚР СІМ жүзеге асырады.
12. ҚР шет елдердегі мекемелері әр айдың 5-не ҚР СІМ-ге осы Қағидалардың 3-қосымшаларына сәйкес берілген визалар, консулдық алымды төлеу шотына түскен ақшалай қаражат туралы бекітілген үлгідегі статистикалық есепті тапсырады.
Астана және Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаментінің Көші-қон басқармалары ҚР ІІМ-ге осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес берілген визалар, визалардың қолдану мерзімдері, мемлекеттік бажды төлеу шотына түскен қаражат, визалық жапсырмалардың шығыны туралы статистикалық есепті тапсырады.
ҚР ІІМ тоқсан сайын ҚР СІМ-ге осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес берілген визалар, визалардың қолдану мерзімін ұзарту, мемлекеттік бажды төлеу шотына түскен қаражат, визалық жапсырмалардың шығыны туралы есепті жолдайды.
2. Визаның қолдану мерзімі, мәртелігі және болу мерзімі
13. Виза бір мәртелік, екі мәртелік, үш мәртелік және көп мәртелік болуы мүмкін.
14. Бір мәртелік визалар шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға (бұдан әрі - виза алушылар) бір мәрте Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге құқық береді. Екі мәртелік, үш мәртелік және көп мәртелік визалар виза алушыларға тиісінше екі, үш және көп мәрте Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге, немесе визаның қолдану мерзімінің шегінде Қазақстан Республикасына келуге құқық береді.
Бір мәртелік кету визалары тиісінше Қазақстан Республикасы аумағынан бір мәртелік шығуға құқық береді.
15. Виза алушыларға визаның қолдану мерзімі, мәртелігі және Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімі осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес айқындалады.
16. Осы Қағидалардың 6-қосымшасынан басқа халықаралық өзара түсіністік қағидатын ескере отырып, аталған санаттардағы көп мәртелік визалар ең ұзақ мерзімдерге берілуі мүмкін.
3. Визалардың түрлері мен санаттары
17. Визалар түрлері бойынша:
1) көшіп келуге жатпайтын;
2) көшіп келу;
3) кету болып бөлінеді.
18. Мыналар:
1) «А1», «А2» және «А3» - дипломатиялық;
2) «В1», «В2» және «В3» - қызметтік;
3)и «С1» және «С2» - инвесторлық;
4) «D1», «D2», «D4», «D5», «D6», «D7», және «D8» - іскерлік;
5) «Е1» «Е2» және «Е3» - миссионерлік;
6) «F1» - туристік;
7) «G1», «G2», «G3» және «G4» - жеке;
8) «H1» - транзиттік көшіп келуге жатпайтын визаларға жатады.
19. Мыналар:
1) «J1», «J2» және «J3» - тұрақты тұру;
2) «K1», «K2» және «K3» - отбасын біріктіру;
3) «L1» және «L2» - білім алу;
4) «M1», «M2», «M3», «М4» және «М5» - еңбек қызметін жүзеге асыру;
5) «N1» және «N2» - гуманитарлық уәждер көшіп келу визаларына жатады.
20. «P1», «P2», «P3», «P4», «P5», «P6», «Р7» және «Р8» кету визаларына жатады.
21. Визаның түрі мен санаты виза алушының Қазақстан Республикасына келу мақсатымен сәйкес келуі тиіс. Визалардың түрлері мен санаттары туралы сипаттама осы Қағидалардың 6-қосымшасында көрсетілген.
4. Көшіп келуге жатпайтын визалар
1-параграф. Дипломатиялық виза
22. «А1» және «А2» санаттарындағы визалар:
1) визалық қолдау;
2) вербалдық нота;
3) ҚР СІМ-нің нұсқауы негізінде беріледі.
«А3» санатындағы виза шақырылушы шетелдіктің тағайындалатын лауазымын, ал ротация жағдайында ол кімнің орнына тағайындалды, сол қызметкердің лауазымы, тегі мен аты көрсетілген шетелдік мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің, консулдық мекемесінің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің вербалдық нотасы негізінде ресімделген визалық қолдауы бар болған кезде беріледі.
«А1» және «А2» санаттарындағы бір мәртелік визалар осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бір мәртелік «А1», «А2», «В1», «В2», «D1» және «G1» санаттарындағы, сондай-ақ бір мәртелік және екі мәртелік «F1» санатындағы визаларын ресімдеу кезінде азаматтары визалық қолдау немесе шақыру қағазын міндетті түрде көрсетуден босатылатын мемлекеттер тізімінде (бұдан әрі - Мемлекеттер тізімі) көрсетілген елдердің азаматтарына шақырусыз және визалық қолдаусыз осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, жазбаша қолдаухаттары бойынша беріледі.
23. «А1», «А2», «А3» санаттарындағы визалар:
1) егер Қазақстан Республикасында дипломатиялық ісі танылмайтын елдің азаматы дипломатиялық паспортын ұсынған жағдайда;
2) егер дипломатиялық поштаны тасушы адамның дипломатиялық паспорты жоқ болса берілмейді.
2-параграф. Қызметтік виза
24. Қазақстан Республикасына қызметтік мақсатпен жіберілетін виза алушыларға «В1», «В2», «В3» санаттарындағы визалар беріледі.
25. «В1», «В2» санаттарындағы визалар:
1) визалық қолдау;
2) вербалдық нота;
3) қолдаухат негізінде беріледі.
«В3» санатындағы виза шақырылушы шетелдіктің тағайындалатын лауазымын, ал ротация жағдайында ол кімнің орнына тағайындалды, сол қызметкердің лауазымы, тегі мен аты көрсетілген шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің, консулдық мекемесінің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің вербалдық нотасы негізінде ресімделген визалық қолдауы бар болған кезде беріледі.
«В1» және «В2» санаттарындағы бір мәртелік визалар Мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарына шақырусыз және визалық қолдаусыз осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, жазбаша қолдаухаттары бойынша беріледі.
3-параграф. Инвесторлық виза
26. Қазақстан Республикасына инвесторлық мақсатпен жіберілетін виза алушыларға «С1» және «С2» санаттарындағы визалар беріледі.
27. «С1» санатындағы виза Қазақстан Республикасы инвестиция жөніндегі құзыретті органының қолдаухатының негізінде ресімделген визалық қолдауы болған кезде беріледі.
28. «С2» санатындағы виза шетелдік заңды тұлғалардың немесе Қазақстан Республикасының инвестиция жөніндегі құзыретті органының қолдаухаты бар болған кезде ҚР СІМ басшылығының нұсқауы немесе ҚР-дың шет елдердегі мекемелері басшылығының өтініш білдіруі бойынша үш жұмыс күніне дейін шақырусыз беріледі.
4-параграф. Іскерлік виза
29. Қазақстан Республикасына іскерлік мақсатпен жіберілетін виза алушыларға «D1», «D2», «D3», «D4», «D5», «D6», «D7», «D8» санаттарындағы визалар беріледі.
30. «D1» санатындағы визалар визалық қолдаудың, ҚР СІМ-нің нұсқауымен немесе Мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтары өтініштерінің негізінде беріледі.
«D1» санатындағы бір мәртелік визалар Мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарына шақырусыз және визалық қолдаусыз осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып жазбаша қолдаухаттары бойынша беріледі.
31. «D2» санатындағы визалар визалық қолдаудың негізінде немесе Қазақстан Республикасының аумағында бір жыл ішінде 30 тәуліктен көп емес мерзім аралығында шетелдіктің үзіліссіз болу қажеттігін растайтын құжаттар (нотариалды куәландырылған келісімшарттардың, келісімдердің, шарттардың көшірмелері қазақ немесе орыс тілдерінде) бар болған кезде ҚР СІМ-нің нұсқауымен беріледі.
32. «D3» санатындағы визалар визалық қолдаудың негізінде немесе Қазақстан Республикасының аумағына шетелдіктің көп мәрте келу қажеттігін (нотариалды куәландырылған келісімшарттардың, келісімдердің, шарттардың көшірмелері қазақ немесе орыс тілдерінде) растайтын құжаттар бар болған кезде ҚР СІМ-нің нұсқауымен беріледі.
33. «D4» санатындағы визалар визалық қолдаудың негізінде немесе ҚР СІМ-нің нұсқауымен беріледі.
34. «D5», «D6», «D7» санатындағы визалар визалық қолдаудың негізінде, ҚР СІМ нұсқауымен немесе халықаралық өзара түсіністік қағидаты негізінде беріледі.
35. «D8» санатындағы виза Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің растаухаты бар болған кезде ресімделген визалық қолдау негізінде беріледі.
36. Қазақстан Республикасына «D4», «D5» санаттарындағы визалардың негізінде виза алушылар Қазақстан Республикасының аумағына кіруді тек алынған визаның санатына сәйкес көлікте жүзеге асырады.
«D1», «D2», «D3» санаттарындағы визалар этникалық қазақтарға (олардың ұлттық қатыстылығын растайтын құжаттары бар болған кезде) шақырусыз, визалық қолдаусыз және «D2» и «D3» санаттарына арналған арнайы шарттары бойынша, осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, қолдаухаттар негізінде беріледі.
5-параграф. Миссионерлік (діни) виза
37. Қазақстан Республикасына миссионерлік мақсатпен жіберілген виза алушыларға «Е1», «Е2» және «Е3» санаттарындағы визалар беріледі.
«Е3» санатындағы виза визалық қолдау, «Е2» санатындағы визаны алуға ниет білдірген адамдармен туысқандығын растайтын құжаттары бар болған кезде, сондай-ақ «Е2» санатындағы визаның көшірмесін ұсына отырып беріледі.
Аталған санаттағы визаның қолданыс мерзімі «Е2» санатындағы визасы бар отбасының негізгі мүшесі визасының қолданыс мерзімінен аспауы тиіс.
38. «Е1», «Е2» және «Е3» санаттарындағы визалар діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген шақыру қағазының негізінде ресімделген визалық қолдауы бар болған кезде беріледі.
39. «Е1», «Е2» және «Е3» санаттарындағы визалар виза алушыларға шетелдік азаматы болып табылатын елде немесе тұрақты тұратын мемлекетте орналасқан ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінде, ал ол болмаған жағдайда қоса қызмет атқару бойынша аккредиттелген ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінде беріледі.
6-параграф. Туристік виза
40. Қазақстан Республикасына туристік мақсатпен келетін виза алушыларға «F1» санатындағы виза беріледі.
«F1» санатындағы визалар визалық қолдаудың негізінде немесе туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы қызметтерін көрсетуге лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік ұйымының шетелдікті қабылдау туралы растауы бар болған кезде ҚР СІМ-нің нұсқауымен, сондай-ақ Мемлекеттер тізімінде көрсетілген мемлекеттер азаматтарының қолдаухаттары негізінде шетелдіктерге беріледі.
«Ғ1» санатындағы бір және екі мәртелік визалар Мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарына шақырусыз және визалық қолдаусыз осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, жазбаша қолдаухаттары бойынша беріледі.
«Ғ1» санаттындағы визалар этникалық қазақтарға (олардың ұлттық қатыстылығын растайтын құжаттары бар болған кезде) шақырусыз, визалық қолдаусыз осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, қолдаухаттар негізінде беріледі.
7-параграф. Жеке виза
41. Қазақстан Республикасына жеке мақсатпен жіберілетін виза алушыларға «G1», «G2», «G3», «G4» санатындағы визалар беріледі.
42. «G1» санатындағы визалар мынадай құжаттардың біреуінің:
1) шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің нұсқауы;
2) олардың ұлттық тиістілігін және олардың отбасыларының мүшелері екендігін растайтын құжаттар бар болған кезде этникалық қазақтардың қолдаухаты;
3) Мемлекеттер тізімінде көрсетілген мемлекеттер азаматтарының қолдаухаты;
4) ҚР ІІМ-мен келісілген Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шақыруы;
5) Қазақстан Республикасы аумағындағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесу үшін жіберілген виза алушыларға ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шешімі негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің нұсқауы;
6) растайтын құжаттары бар болған кезде, Қазақстан Республикасына жерлеуге немесе туысқанының/жақындарының ауыруына байланысты жіберілген виза алушылардың қолдаухаттары;
7) олардың Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары бар болған кезде (ұлттық паспортында Қазақстан Республикасындағы туған жері туралы баған немесе Қазақстан Республикасының туу туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында туысқанының жерленгені туралы құжат, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуы туралы анықтама) виза алушылардың қолдаухаты;
8) жұбайы, балалары (соның ішінде асырап алған балалар) немесе ата-анасымен бірге Қазақстан Республикасына келуші Қазақстан Республикасы азаматының қолдаухаты негізінде беріледі.
«G1» санатындағы бір мәртелік визалар Мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарына 30 күнге дейін шақырусыз және визалық қолдаусыз осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып жазбаша қолдаухаттары бойынша беріледі.
«G1» санаттындағы визалар этникалық қазақтарға (олардың ұлттық қатыстылығын растайтын құжаттары бар болған кезде) шақырусыз, визалық қолдаусыз осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, қолдаухаттар негізінде беріледі.
43. «G2» санатындағы визалар мынадай құжаттардың біреуінің:
1) негізгі қызметі медициналық көмек көрсету (бұдан әрі-медициналық ұйым) болып табылатын Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйымдардың шақыруы бар болған кезде емделу, медициналық тексеру немесе консультациялар алу үшін Қазақстан Республикасына жіберілген виза алушыларға визалық қолдау немесе ҚР СІМ-нің нұсқауы;
2) медициналық ұйымдардың оларды стационарлық жағдайда емдеу қажеттілігі туындаған кезде ҚР-да жүрген виза алушыларға қатысты стационарлық жағдайда емделу қажеттілігін растайтын құжаттары бар болған кезде шақырушы тараптың немесе шақырушы адамның қолдаухаты;
3) Қазақстан Республикасының азаматтары - жақын туыстарын, немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын стационарлық жағдайда емделіп жатқан шетелдікті қарау мақсатында Қазақстан Республикасына жіберілген немесе Қазақстан Республикасында жүрген виза алушыларға медициналық ұйымдармен берілген аурудың стационарлық жағдайда емделіп жүргендігін растайтын құжаттар бар болған кезде қолдаухат немесе визалық қолдауды;