2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ нақ сол әрекет, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, осы баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 285-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 285-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
285-бап. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың белгiленген тәртібін бұзу
1. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың белгiленген тәртібін бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 286-бап өзгертілді
286-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың уақытша алынып отырған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу
1. Мемлекеттік орман қорының уақытша иеленiп отырған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды мақсатты түрде пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiру жөніндегі мiндеттердi орындамау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 287-бап толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 287-бап өзгертілді
287-бап. Шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, сондай-ақ орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты жинау
1. Орман қоры жерлерiнде шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Орманда және орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дәрiлiк өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты бұған тыйым салынған немесе орман билетi бойынша ғана жіберілетін учаскелерде заңсыз жинау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
288-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлерiне ағаш егудiң тәртібі мен мерзiмдерiн бұзу
Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлерiне ағаш егудiң тәртібі мен мерзiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 289-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 289-бап жаңа редакцияда
289-бап. Орман үшін пайдалы фаунаны құрту, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау және орман қоры жеріне өзге де залал келтіру
1. Орман үшін пайдалы фаунаны жою, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ормандардың қурап қалуына немесе ауруға шалдығуына не ластануына ұшырататын сарқынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсіптік және тұрмыстық төгінділермен, қалдықтармен және тастандылармен орманды бүлдіру, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Орман қоры жеріндегі орман құрғату жыраларын, дренаж жүйелері мен жолдарды жою немесе бүлдіру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші - үшінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 290-бап өзгертілді
290-бап. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру
1. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 291-бап өзгертілді
291-бап. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану
1. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
292-бап. Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын шығарудың белгiленген тәртібін бұзу
Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын шығарудың белгiленген тәртібін бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 293-бап өзгертілді
293-бап. Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындауға жол беру
Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындауға жол беру, -
лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 294-бап өзгертілді
294-бап. Өсiмдiк қорғау құралдары мен басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу
1. Осы Заңның 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өсімдік қорғау құралдарын, олардың өсуiн жылдамдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштарды және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге соқтырған немесе соқтыруы мүмкiн басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 295-бап өзгертілді
295-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру
1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн, жануарлардың өсiп-өну жағдайларын, орын ауыстыру жолдары мен шоғырланатын орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің сегізге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің сегізден он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 296-бап өзгертілді
296-бап. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елді мекендерді, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсімдіктер мен жануарларды қорғау ережелерiн бұзу
Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсімдіктер мен жануарларды қорғау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің сегізге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 296-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
296-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерінде жеке тұлғалардың болу тәртібін бұзу
Жеке тұлғалардың мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи саябақтардың аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшін белгіленген орындардан тыс жерлерде болуы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 297-бап жаңа редакцияда
297-бап. Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді бүлдіру немесе жою
Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді: артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың мұрағаттық клондарын, географиялық дақылдарды, популяциялар мен будандардың сынақ дақылдарын бүлдіру немесе жою, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 298-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 298-бап өзгертілді
298-бап. Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесін пайдалану
1. Аң аулау ережелерін, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру ережелерін қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ бұзу және осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген аң аулау ережелерін бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жарылғыш құрылғыларды, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданып заңсыз аң аулау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған аң аулау ережелерін бұзу, -
жануарларды аулау құралдары, көлік құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралдары болған өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
2-1. Заңсыз аңшылық, егер бұл әрекет елеулі залал келтiрiп жасалса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бір жүз және одан да көп есе асатын залал мөлшері елеулі залал деп танылады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 298-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 298-1-бап өзгертілді
298-1-бап. Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерiн бұзу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзiмдерде тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау), сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн өрескел бұзу, -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Балық қорғау құрылғысын орнатпай, балық шаруашылығы су қоймаларынан су алу,
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 299-бап өзгертілді
299-бап. Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту, пайдалану және қорғау тәртібін бұзу
Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту, пайдалану және қорғау тәртібін бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 300-бап өзгертілді
300-бап. Жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережелерiн бұзу
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 301-бап өзгертілді
301-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекітілген тәртібін бұзу
Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекітілген тәртібін бұзу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен ( бұр. ред. қара) 302-бап өзгертілді
302-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында рұқсат етiлген қызметтi реттейтiн лицензия шарттарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында рұқсат етiлген қызметтi реттейтiн лицензия шарттарын бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге- айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.