246) салық, кеден және бюджет саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
247) Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
248) бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
249) шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының болжамдарын жасайды;
249-1) ерекшеліктер бөлігінде Республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдерді жоспарлау мен ерекшеліктер бойынша және аумақтар бөлігінде ағымдағы болжамдауды жүзеге асыру;
250) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша қорытындылар дайындайды;
251) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы бойынша уәкілетті органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын келіседі;
251-1) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының құрамында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттарға, стратегиялық бағыттардың міндеттеріне өзара байланысы тұрғысынан қарау;
ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен 251-2) тармақшамен толықтырылды
251-2) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін олардың республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
252) Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларының жобаларын әзірлейді;
253) төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлейді;
254) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнінде ұсыныстар енгізеді;
255) бюджет түсімдерін бюджет деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шоты арасында бөлу кестесін әзірлейді және бекітеді;
256) ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
257) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін әзірлеуге қатысады;
258) үш жылдық кезеңге арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасында жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуге қатысады;
258-1) 3 жылдық кезеңге арналған республикалық және облыстық бюджеттердің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына жергілікті бюджеттік кірістерін болжамдау;
ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен 259) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
259) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
260) заңнамамен белгіленген тәртіпте техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуге немесе түзетуге және техникалық-экономикалық негіздемелерге қажетті сараптамалар жүргізуге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін қорытындылар қалыптастыру;
261) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады;
262) мемлекет кепілгерлігін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады;
263) ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
264) ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
265) ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
266) үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін анықтайды;
ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен 267) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
267) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың ахуалын және алдағы жоспарлы кезеңге арналған болжамын жыл сайын бағалауды жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен 268) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
268) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу;
269) бюджеттің атқарылуы кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бағалау жүргізеді;
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 452 Қаулысымен 270) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
270) мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын әзірлеуге қатысу;
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 452 Қаулысымен 271) тармақшамен толықтырылды
271) ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
272) жаңа объектілерді құру (салу), бар объектілерді қайта жаңарту кезеңінде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мониторингін жүзеге асыру;
273) жаңа объектілерді құру (салу), бар объектілерді қайта құру кезеңінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін жүзеге асыру;
274) республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік инвестициялар мониторингін әдіснамалық қамтамасыз ету;
275) бюджет қаражатын басқаруды бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
276) қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенциялар қорытындылары бойынша жұмыс жүргізу;
277) салалық органдармен бірлесіп кәсіпорындарды жүйе құрайтындарға жатқызу өлшемдерін бекіту;
278) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
279) автономды білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің басқару органдарында министрлік өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен 280) тармақшамен толықтырылды
280) гендерлік саясатты іске асыруға қатысу;
281) «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу міндеттілігіне қатысты бөлігіндегі талаптарын аудиторлық ұйымдардың орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және осы талаптарды бұзған аудиторлық ұйымдарға шара қолдану.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
12. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекітілген тәртіппен:
өз құзыреті шегінде атқаруға міндетті болатын нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
мемлекетті органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамамен бекітілген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.
13. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.
14. Министр Министрліктің басшылығын жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап береді.
ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Министр:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрліктің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
6) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының Президентіне Кеден органдарының қызметкерлеріне жоғары басшылық құрамының арнайы атағын беру туралы ұсыным енгізеді;
7-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құзыреттерді іске асырады.
16. Министрлік қабылдайтын шешімдер министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.
17. Министрліктің аппаратын басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы жүзеге асырады.
18. Үкіметтің, министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттіктерінің тоқтауына әкеп соқпайды.
19. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
20. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын реттелетін мемлекеттік басқару салаларындағы саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді және өз тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алудың өткізілуін ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің және басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомстволар басшыларының тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын Министрдің тағайындауын келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылғандарды қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру, оларды көтермелеу, оларға сыйлық беру, үстемақы төлеу және сыйлық беру мәселелерін шешеді;
12) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылғандарды қоспағанда, Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Министрі бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жоспарының және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептің әзірленуін қамтамасыз етеді және Министрліктің басшысына бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін дайындауды және Министрмен келіскеннен кейін бекітуді қамтамасыз етеді;
17) регламенттерді және мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары жөніндегі қорытындыларды дайындауды ұйымдастырады;
20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті білдіреді;
21) Жауапты хатшыға Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне міндетті орындалуға тиіс тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан Жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
22. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.
23. Министрліктің Министрдің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының арасынан Министр бекітеді.
24. Министрліктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, лауазымды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыретін және өкілеттігін, жауапты хатшы бекітетін Министрліктің жұмыс регламенті және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер белгілейді.
4. Министрліктің мүлкі
25. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет тапсырған мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптастырылады.
26. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолдармен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта құру және тарату
28. Министрлікті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 17 қазандағы № 962 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.23.12. № 1228 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.26.02. № 139 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.16.07. № 724 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.30.03. № 295 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.04. № 465 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.28.10. № 1224 Қаулысымен (бұр. ред. қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
«Оңалту және активтерді басқару компаниясы» | акционерлік қоғамы |
«Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» | акционерлік қоғамы |
«Ақпараттық-есептеу орталығы» | акционерлік қоғамы |
«Байқоңырбаланс» | мемлекеттік мекемесі |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың Тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 25-3-жол алынып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы № 1127 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 35, 376-құжат):
6-тармақтың 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтары алынып тасталсын.
3. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 364-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерінің тізбесінде:
І «Аса маңызды мемлекеттік объектілер» деген бөлімде:
1 «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының ғимараттары» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 40-жол алынып тасталсын;
«БАРЛЫҒЫ 636 объект» деген жолда:
«636» деген сандар «635» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген Тізбеге кестеде:
І «Аса маңызды мемлекеттік объектілер» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолдағы «636», «396» деген сандар тиісінше «635», «395» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жиыны» деген жолдағы «1078», «528» деген сандар тиісінше «1077», «527» деген сандармен ауыстырылсын;
«ТІЗБЕ БОЙЫНША БАРЛЫҒЫ» деген жолдағы «1346», «575» деген сандар тиісінше «1345», «574» деген сандармен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысының 2-тармағы алынып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 328-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
4 және 5-тармақтар алынып тасталсын;
15-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтары алынып тасталсын.
6. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 730 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 348-құжат) 3-тармағы алынып тасталсын.
7. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1377 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 652-құжат) 5-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 372 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 209-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы алынып тасталсын.
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы № 559 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 290-құжат) 1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
10. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 937 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 35, 487-құжат) 2-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 1063 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 542-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы алынып тасталсын.
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 25 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 26-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алынып тасталсын.
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8, 15, 18 және 19-тармақтары алынып тасталсын.
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы алынып тасталсын.
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 және 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 135 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 59-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1115 және 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 333 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 147-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
17. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 624 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларының 5-тармағы алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттері - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті және Жезқазған мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
2. Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтау қаласындағы «Каспий» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
3. Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
4. Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті және Арқалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай қаласындағы «Тобыл» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
5. Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті және Жетісу мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.