“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерiс
пен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы № 559 Қаулысы
(2008.24.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдеріне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлімде реттік нөмiрi 123-69-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"123-69 АЛА-005277 "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-8-жолмен толықтырылсын:
"217-8 "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ";
3) ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |