Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 25 Қаулысы
(2014.23.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 25 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 45, 230-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы «Оқжетпес» санаторийі Көкшетау облысы, Бурабай поселкесі» деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Оқжетпес» санаторийі» АҚ».
3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік yлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен yлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Ақмола облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-9-жолмен толықтырылсын:
«13-9 «Оқжетпес» санаторийі АҚ»;
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-67, 21-68, 21-69-жолдармен толықтырылсын:
«21-67 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Сақшы-На страже» ЖШС
21-68 «Өрт сөндіруші» АҚ
21-69 «Өндірістік-пайдалану кәсіпорны» ЖШС»;
«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-101-жолмен толықтырылсын:
«123-101 «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ»;
«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-11-жолмен толықтырылсын:
«165-11 «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ»;
«Солтүстік Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-4-жолмен толықтырылсын:
«280-4 «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ».
4. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік yлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-4-жолмен толықтырылсын:
«20-4 «Өндірістік-пайдалану кәсіпорны» ЖШС»;
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы 217-9-жолмен толықтырылсын:
«217-9 АЛА-005430 «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ»;
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-9-жолмен толықтырылсын:
«238-9 «Оқжетпес» санаторий» АҚ»;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 266-5-жолмен толықтырылсын:
«266-6 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Сақшы-На страже» ЖШС»;
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 279-2, 279-3, 279-4-жолдармен толықтырылсын:
«279-2 «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ
279-3 «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ
279-4 «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ»;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетіне»
296 «Өрт сөндіруші» АҚ».
5. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)