Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі қосымша ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 227 Қаулысымен 47-тармақпен толықтырылды
47. Құрылыс мерзімі үш жылдан астам және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қыркүйектегі № 791 қаулысы қолданысқа енгізілгенге дейін іске асырылатын жылу-энергетика кешенінің техникалық жағынан күрделі объектілерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзету кезінде шығындар тәуелсіз техникалық аудит растаған орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес ескеріледі.
ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа
арналған жобалау алдындағы
(техника-экономикалық негіздемелер), жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамаға
сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік
инвестициялар есебінен
салынып жатқан жобаларды бекіту
ережелерiне қосымша
Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер),
жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу,
сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде қолданылатын
ҰҒЫМДАР
1. Конкурстық (тендерлік) құжаттама - тапсырысшының тапсырмасына сәйкес жасалған және мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) өткізудің тәртібі мен шарттары (шектеулерi), сондай-ақ құрылыс объектiлерiнiң негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi кiретiн құжаттама.
2. Құрылыстың есеп айырысу құны - құрылысқа арналған алдын-ала жобалау құжаттамаларын әзiрлеген кезде ірiлендiрiлген сметалық нормативтер бойынша анықталатын құрылыс объектiсiнiң (кешенiнің) құны.
3. Құрылыстың сметалық құны - құрылысқа арналған жобалау құжаттамаларын әзiрлеген кезде сметалық нормативтерге сәйкес анықталатын құрылыс объектісiнiң (кешенiнiң) құны.
ҚР Үкіметінің 02.12.04 ж. № 1250 (бұр.ред. қара); 2006.07.07. № 647 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Құрылыстың ықтимал қауіпті объектілері - функционалдық мақсаты, технологиялық өндірістік процесстері, пайдалану сипаттамасы бойынша адамның денсаулығы мен өміріне зиян, орны толмас залал келтіре отырып, техногендік және (немесе) экологиялық апаттар (авариялар), басқа объектілердің тұрақты жұмыс істеуіне қауіп туғызатын объектілер.
ҚР Үкіметінің 02.12.04 ж. № 1250 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Техникалық жағынан күрделi объектiлер (кешендер) жауапкершiлiгi бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) деңгейге жататын ғимараттар мен құрылыстар, олар үшiн құрылыс жобаларын сараптамалық бағалау заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретiне жатқызылған.
Техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жауапкершілігі үшінші (төмен) деңгейге жататын ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жауапкершілігі екінші (қалыпты) деңгейге жататын тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар (сыртқы инженерлік желілерді қоса алғанда) жатпайды, оның ішінде:
1) биiктігi:
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн, сондай-ақ сейсмикалық белсендiлiгі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн бейiмделген төменгi қабаттарсыз - қоса есептегенде жер үстіндегі 5 қабатқа дейiнгi;
сейсмикалық белсенділiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) жағдайдағы аудандар үшін - қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi (оның iшiнде бейiмделген бiрiншi қабатты) тұрғын үйлер (ғимараттар) мен жатақханалар;
2) биiктiгi:
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн, сондай-ақ сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн бейiмделген төменгі қабаттарсыз - қоса есептегенде жер үстіндегі 5 қабатқа дейінгі;
сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн - қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi (оның iшінде бейiмделген бiрiншi қабатты) саны 50-ден аспайтын нөмiрлері бар және жалпы сыйымдылығы 100 тұрғыннан аспайтын мейманхана кешендерi (мотельдер, туристiк базалар);
3) қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар:
орын саны қоса есептегенде 60 балаға дейiнгi мектепке дейiнгi балалар мекемелерi;
орын саны қоса есептегенде 250-гe дейінгі оқушыға арналған жалпы білім беретiн мектептер мен орта білім беретiн өзге де мекемелер;
биiктiгi қоса есептегенде екі қабатқа дейiнгi және сыйымдылығы 100 баладан аспайтын мектеп-интернаттардың, балалардың демалыс лагерлерiнiң жеке тұрған жатын корпустары;
қоса есептегенде 60 төсектiк ауруханалар, ауысымда 100 адам қабылдайтын емханалар;
ғұрыптарды мейлiнше жаппай орындаған сәтте бiр мезгілде 250 адам келетiн ғибадат ғимараттары мен құрылыстары;
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін биiктiгi - қоса есептегенде 5 қабатқа дейiнгi көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкiмшілiк, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттары (бiр мезгiлде 300-ден аспайтын адам болатын);
сейсмикалық белсенділiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - биiктiгi осындай қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi;
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн - сыйымдылығы 300-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар;
сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн - сыйымдылығы 100-ден аспайтын көрерменге арналған осындай залы бар;
бiр мезгiлде келушілер мен қызмет көрсетушi персоналдың саны 100 адамнан аспайтын монша-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру немесе демалыс-ойын-сауық кешендерiнiң жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары мен жабық құрылыстары;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуiне арналған өндiрiстiк процестерi бар жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттар;
сыйымдылығы 100 отыратын орыннан аспайтын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары;
сауда алаңы 500 шаршы метрден аспайтын сауда кәсiпорындарының жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары;
саны 300 бiрлiктен аспайтын сауда орындары бар жабық базарлар;
4) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандарда құрылысқа арналған көлiк инфрақұрылымының азаматтық объектiлерi, оның iшiнде:
тәулiгiне қоса есептегенде 100 жолаушыға дейiнгi өткізу қабiлетi бар темір жол вокзалдары;
қоса есептегенде 75 адамға дейiнгi күту залдары бар сапаржайлар;
авиажолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, сағатына қоса есептегенде 75 жолаушыға дейiнгi өткізу қабiлетi бар әуевокзалдары мен әуежай терминалдары;
қоса есептегенде 75 адамға дейiнгі күту залдары бар теңiз және өзен вокзалдары (жүзетiн айлақтарды және дебаркадерлерді қоспағанда);
5) бір мезгiлде 10 бiрлiктен аспайтын көлiк құралдарына қызмет көрсететiн жеке тұрған автосервис пункттері;
6) сыйымдылығы 25 автомобильден аспайтын жеке тұрған бiр қабатты (жер үстіндегі немесе жер астындағы) гараж-тұрақтар;
7) құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап етпейтiн, өрт-жарылыс қауiпсiздiгiн, аэрацияның, ылғалдылықтың, температура режимiнiң белгiлi деңгейiн ұстау, вибрацияны шектеу және өзге де арнаулы талаптар жөніндегі айрықша жағдайларды қамтамасыз ететiн қойма (сақтау орны) үй-жайлары бар азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстар.
6. Мердiгерлiк жұмыстар (көрсетiлетiн қызметтер) - құрылыс үшiн инженерлiк iздестiрулер, талдау және ғылыми зерттеулер, тәжiрибе және эксперимент, нормативтiк шығармашылық жүргізу, жобалау, құрылысқа арналған құжаттамаларды сараптау, ғимараттар мен үйлер салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, қайта жаңғырту, қалпына келтiру), технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау және орнату, iске қосу-жөндеу жұмыстары, техникалық, авторлық және мемлекеттік қадағалауды жүргізу, салынған объектiнi (кешендi) пайдалануға беру, күрделі жөндеудi жүзеге асыру, өзiнің ресурстарын тауысқан құрылыс объектiлерiн уақытша тоқтатып қою және оны кейiннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар (көрсетілетiн қызмет).
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 791 қаулысымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Қайта есептеудің жоспарлық коэффициенті - 2001 жылдың айлық есеп айырысу көрсеткішіне қатысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында белгіленген тиісті жылдың айлық есеп айырысу көрсеткішінің өзгеру индексі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 19 тамыздағы
№ 918 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы ?кіметінің күшi жойылған кейбір шешімдерінің
тiзбесi
1. «Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптама жүргiзудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 шілдедегi № 830 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 30, 346-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 26 шілдедегі № 830 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 26 сәуірдегі № 514 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 17, 146-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөніндегi кейбір шешімдерiне өзгерістер енгізу және күші жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 сәуірдегі № 353 қаулысымен бекітілген сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлетiн 2-тармақ. (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 95-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегi № 651 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетін 6-тармақ. (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 22, 190-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 сәуiріндегі № 632 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 227-құжат):
3-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.