Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 шiлдедегi
№ 830 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 ж.
26 сәуiрдегі № 514 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 19 тамыздағы № 918 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 88 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
"Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптау жүргiзудiң тәртібі мен Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жанындағы Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау департаментi туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 шiлдедегi № 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 30, 346-бап) № 1 қосымшасына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тәртiп "Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы" және "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрленген және сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына ведомстводан тыс сараптау жүргiзудi белгiлейдi, ол құрылыстағы инвестициялардың техникалық-экономикалық негiздемесiн, құрылысқа арналған жобаларды, жұмыс жобаларын, объектiлер мен кешендердi қай жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтау және күрделi жөндеудi (бұдан әрi-құрылыс құжаттамасы) қамтитын сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына ведомстводан тыс сараптау жүргiзудi реттейдi;
бiрiншi абзацқа берiлген сiлтеме алынып тасталсын;
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жанындағы Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау департаментiн, оның облыс орталықтарындағы, Алматы және Ленинск қалаларындағы аумақтық басқармаларын (бюроларын) (бұдан былай - Мемсараптама)" деген сөздер "Жобалардың мемлекеттік ведомстволардан тыс сараптамасын (бұдан былай - Мемсараптама) оның облыстар орталықтары мен Алматы қаласындағы еншiлес кәсiпорындарын деген сөздермен ауыстырылсын";
3-тармақтың екiншi абзацындағы "сәулет пен қала құрылысы құжаттамалары" деген сөздер "құрылыс құжаттамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Мемсараптау органдары немесе мемлекеттік емес сараптау органдары" деген сөздер "Мемсараптама (олардың еншiлес кәсiпорындары) немесе мемлекеттік емес сараптама субъектiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "Министрлер Кабинетінің" және "Министрлер Кабинетi" деген сөздер тиiсiнше "Үкіметінiң" және "Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн толық немесе iшiнара мемлекеттік бюджет, арнаулы мемлекеттік қорлар, банк кредитi, мемлекеттік валюта қаражаты мен инвестициялық кредиттер есебiнен, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаттары есебiнен салынатын объектiлер мен кешендер құрылысының құжаттамасын мемлекеттік сараптауды (қажет болған жағдайда министрлiктерден, мемлекеттік комитеттерден мамандар тарта отырып):
базалық бағада сметалық (есептiк) құны 10 млн. теңгеге дейiн болатын объектiлер мен кешендер бойынша - Мемсараптаманың еншiлес кәсiпорындары;
үлгiлiк, эксперименттiк, қайта бекітілген жобалар және үлгiлiк жобалық шешiмдер бойынша - Мемсараптама жүзеге асырылады";
9-тармақтағы "Мемсараптама органдары ... объектiлер мен кешендердiң жобаларының (жұмыс жобаларының) ТЭН-iн, ТЭС-iн... қарастырады) деген сөздер "Мемсараптама...объектiлер мен кешендердiң құрылыс құжаттамасын... қарастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік инвестицияларды тартусыз қаржыландыратын объектiлер мен кешендердiң құрылыс құжаттамасы сараптау жұмыстарын орындауға мемлекеттік лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi сараптауына жатады";
11-тармақтағы "ТЭН-i, ТЭС-сi және жобаларды (жұмыс жобаларын)" деген сөздер "құрылыс құжаттамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "органдарының" деген сөз алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi