13. Метеорологиялық радиолокаторлардың көмегімен бақылау
189. Метеорологиялық радиолокаторлармен (МРЛ) жабдықталған әуеайлақтарда бұлттардың құралуына, найзағай ошақтарының, жауын-шашын аймақтарының кеңістікте таратылуына және олардың ауысуы мен дамуына бақылау жүргізіледі.
190. Ұшу барысында МРЛ көмегімен бақылаулар сағат сайын, ал басқа уақытта әр 3 сағат сайын жүргізіледі. Найзағай қауіпті будақ жаңбырлы бұлттардың және (немесе) нөсер жауын шашын, бұршақ, дауыл ошақтарын анықталған әуеайлақ ауданында бақылаулар 100 километр радиусымен әр 30 минут аралықпен «ШТОРМ» мерзімінде жүргізіледі. Автоматтандырылған радиолокация жүйелерімен жабдықталған әуеайлақтарда, бақылау жиілігі 30 минуттан кем болуы мүмкін және жүйенің өз мүмкіндіктерімен анықталады.
191. Сағат сайын бақылаулардың нәтижелері радиолокация жағдайының картасы түрінде рәсімделеді. Аталған ақпарат кезекші синоптикке, сондай-ақ ӘҚҰ диспетчерлеріне жіберіледі.
Найзағай ошақтары туралы ақпарат компьютер жүйелері, сондай-ақ тікелей дауыс арналары және телефон арқылы жіберіледі.
192. Әуеайлақтан 100 километр радиуста ошақтар пайда болған кезде олардың орналасуы туралы ақпарат ATIS хабарламаларына енгізіледі. Аталған ақпаратқа мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) ошақтың сипаттамасы;
2) әуеайлақтың бақылау нүктесіне қатысты ошақ орталығының орналасу жері (азимут және жою);
3) сегіз румбадағы бағыт және ошақтың ауысу жылдамдығы (с/км).
193. Ошақтардың арасындағы қашықтық 50 километрден кем, бір ошақтың диаметрі 20 километрден астам, бұрыш өлшемдері 10-нан астам бірнеше ошақ (ошақтардың) пайда болған кезде ошақтардың шектері немесе ошақ аймағы бойы таңдалған нүктелер бойынша қашықтық және азимуттер туралы (сағат тілі бойынша) деректерді тарату арқылы ошақ аймағының шектері көрсетіледі.
194. МРЛ-мен жабдықталмаған әуеайлақтарда метеорологиялық радиолокациялық ақпаратты алу үшін:
1) метеорологиялық органның үй-жайында орнатылған әуеайлақ радиолокаторларының жылжымалы индикаторлары;
2) басқа метеорологиялық органдар пайдаланатын әуеайлақтан 50 километр радиуста орналасқан МРЛ пайдаланылады.
195. Әуеайлақта найзағай пеленгаторы болған жағдайда оның деректері найзағай ошақтарын нақтылау үшін пайдаланылады және МРЛ деректермен радиолокациялық картаға енгізіледі, болжанатын немесе нақты бақыланудағы найзағай қызметінің барысында найзағай пеленгаторы үздіксіз тәртіпте жұмыс істеуге тиіс.
196. Автоматтандырылған қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы алынған радиолокациялық мәліметтерді пайдалану метеорологиялық уәкілетті орган бекіткен арнайы нұсқаулықта анықталады.
14. Метеорологиялық бақылау жүргізудің автоматтандырылған жүйелері
197. ИКАО II, III (А, B) санаттарының минимумдары бойынша жұмыс істейтін әуеайлақтарда нақты ауа райын бақылау белгіленген тәртіпте сертификаттаудан өткен автоматтандырылған жүйелер арқылы жүргізіледі.
198. Бақылаулардың автоматтандырылған жүйесі әуеайлақтағы атмосфераның негізгі өлшемдері туралы метеорологиялық ақпаратты жинау және өлшеуді, осы ақпаратты өндеуді, метеорологиялық мәліметтерді қалыптастыру, ИКАО II, III (А, B) санаттарының минимумдары бойынша әуе кемелерінің ұшуларын және қонуларын қамтамасыз ету үшін байланыс арналары бойынша ақпаратты тіркеу және тарату қамтамасыз етіледі.
199. Әуеайлақта нақты ауа райын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі автоматты өлшемдерді жасау және мынандай метеорологиялық өлшемдер өңделеді:
1) жел (бағыты, жылдамдығы, екпіні);
2) көріну (көрінудің метеорологиялық қашықтығы - КМК);
3) ҰҚЖ көріну қашықтығы(ҰҚЖ басының, ортасының және шетінің нүктелерінде);
4) ағымдағы ауа райы;
5) бұлттылық;
6) ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы;
7) қысым;
8) қосымша ақпарат;
9) «тренд» түрдегі болжам.
ИКАО II, III (А, B) санаттарының минимумдары бойынша ұшуларды қамтамасыз ету барысында жоғарыда аталған метеорологиялық өлшемдер туралы ақпарат көрсету құралдарына 1 минуттан кешіктірмей хабарландырылу тиіс.
Көрсету құралдарына метеорологиялық ақпаратты тарату уақыты өлшемдерді өндеуді бітіргеннен кейін 15 секунд аспауы тиіс.
200. Әуеайлақта нақты ауа райын бақылаудың автоматтандырылған жүйесінде метеорологиялық өлшемдерді және туынды метеорология параметрлерді есептеу үшін қажетті ақпаратты және ауа райының мәліметтеріне дереу қосу және көрсету құралдарына тарату үшін деректерді қолмен іске қосу әдісі қамтамасыз етіледі.
201. Әуеайлақта нақты ауа райын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі метеорологиялық ақпаратты автоматты таратуды және оны БИ АИУ, метеодисплейде және басқа индикатор құралдарында көрсетуді қамтамасыз етеді.
202. Индикациялаудың жылжымалы блоктарында метеорологиялық ақпаратты жаңарту кезеңділігіне техник метеоролог 30 немесе 60 минут мәндерін орнатады. ИКАО II, III (А, B) санаттарының минимумдары бойынша ұшуларды қамтамасыз ету барысында 1-минуттық деректерді жаңарту кезеңділігі белгіленеді. Индикациялаудың жылжымалы блоктарында жергілікті арнайы мәліметтер де көрсетіледі.
203. Техник метеорологтың жұмыс орнындағы дербес электрондық есептеуіш машинасы істен шыққан жағдайда қосымша машинаға жедел (15 секундтан асырмай) ауысу қамтамасыз етіледі
4. Әуе кемелерінің борттарынан бақылау және жеткізу
1. Жалпы ережелер
204. Әуе кемелерінің борттарынан жүргізілетін метеорологиялық бақылау дағдылы жердегі бақылаумен толық жабдықталмаған аудандардың жағдайлары туралы ақпаратты алу үшін және орташа және қатты турбуленттік, орташа және қатты мұздану, желдің ауысуы және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне жағымсыз ықпал ете алатын басқа құбылыстар туралы ақпаратты алу үшін пайдаланылады.
205. Әуеайлақ метеорологиялық органдары әуе кемелерінің борттарынан бақылаудың деректері (басқа көздерден алынатын ақпарат кешенінде) бойынша метеорологиялық жағдайлардың өзгеруін бақылауды және ұшу бағдары және аудандары бойынша болжамдарға және ескертулерге түзетулер жасауды қамтамасыз етеді.
206. Әуе кемелерінің борттарынан бақылауға:
1) биіктікті алу және бағдар бойынша ұшу кезеңінде борттан тұрақты бақылау;
2) арнайы және ұшудың кез келген кезеңінде борттан тұрақсыз басқа бақылау жатады.
2. Әуе кемелерінің борттарынан бақылау
207. «Ауа - жер» деректерін тарату желісін пайдалану және автоматты тәуелді бақылауды (ADS) немесе S екінші шолу локаторының (ЕШРЛ) мерзімін қолдану барысында автоматты тұрақты бақылауларды бағдар бойынша ұшу кезеңінде әр 15 минут сайын, биіктікті алу кезеңінде ұшудың бірінші 10 минут ішінде әр 30 секунд сайын жүргізу қажет.
208. Әрбір ұшу эшелонында орналасқан әуе қозғалысының жоғары қарқындылығы бар бағыттарда әуе кемелері қатарындағы бір әуе кемесі осы Қағидалардың 207-209-тармақтарына сәйкес шамамен сағаттық арақашықтықпен үнемі бақылау жүргізу үшін тағайындалады.
209. Тікұшақтардың ұшулары барысында ашық теңізде орналасқан әуеайлақтарға тікұшақтардың борттарынан тұрақты бақылауларды уәкілетті метеорологиялық органдар мен мүдделі тікұшақ пайдаланушыларының арасындағы келісімде көзделген пункттерде және уақыт кезеңінде жүргізіледі.
210. «Әуе-жер» деректерін беру желі жабдығымен жарақтандырылмаған әуе кемелері экипаждары әуе кемесі бортынан тұрақты бақылау жүргізуден босатылады:
1) әуе кемесі RNAV жабдығымен жабдықталмаған;
2) ұшу ұзақтығы 2 сағ. немесе одан аз болатын болса;
3) әуе кемесі қонудың келесі пунктінен ұшу уақытының 1 сағат қашықтығында болған жағдайда;
4) ұшу 1500 метр (5000 фут) төмен биіктікте орындалса.
211. Арнайы бақылау мынадай жағдайларда әуе кемелерінің борттарынан жүргізіледі:
1) орташа және қатты турбуленттік;
2) орташа және қатты мұздану;
3) қатты таулы толқын;
4) бұршақсыз, жасырынды, ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша найзағай;
5) бұршақпен, жасырынды, ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша найзағай;
6) қатты шаңды немесе қатты құмды боран;
7) жанартау күлінің бұлты.
212. Осы Қағидалардың 211-тармағында көрсетілмеген, әуе кемесі командирінің пікірі бойынша, ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа әуе кемелерінің ұшу тиімділігіне ықпал ете алатын басқа метеорологиялық жағдайлар болған кезде әуе кемесінің командирі ӘҚҰ тиісті органын ол туралы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарландырады.
213. Әуе кемесінің командирі диспетчерге хабарландыратын метеорологиялық жағдайларға мыналар жатады:
1) турбуленттіліктің болуы;
2) мұзданудың болуы;
3) желдің ауысуы.
214. Әуеайлақтың және ATIS мәліметтерінде әуе кемелерінің борттарынан желдің ауысуы туралы ақпарат 30 минут бойы, мұздану және турбуленттіліктің болуы туралы ақпарат 2 сағат ішінде бойы сақталады, содан кейін олардың болуы туралы жаңа ақпарат болмаған жағдайда дереу түрде жойылады.
215. Биіктікті алу кезінде көрсетілген мәліметтер қауіпсіз биіктікке жеткеннен соң, қонуға бет алу кезінде қонудан кейін таратылады.
216. Әуеайлақтың метеорологиялық органы биіктіктің алдын алу немесе қонуға бет алу аймағында желдің ауысуы туралы ескертуді немесе мәліметті шығарған жағдайда әуе кемесінің командирі ол туралы тез арада әуе қозғалысын басқару диспетчеріне хабарлайды.
217. Әуе кемелерінің бортынан бақылау қажет болған жағдайда әуеайлақ метеорологиялық органының сұранысы бойынша жүргізіледі.
3. Әуе кемелерінің борттарынан бақылау деректерін тіркеу
218. Әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҚК органы арқылы әуе кемелерінің борттарынан бақылау деректері арнайы журналда тіркеледі.
219. Әуе кемелерінің борттарынан аталған бақылаулар «ауа-жер» деректер тарату желісі арқылы таратылады.
220. «Әуе-жер» деректер тарату желісі болмаған кезде немесе осы желіні қолдану орынсыз болып табылса, әуе кемелерінің бортынан бақыланған деректер ұшу уақытында дауыс байланыс құралдарының көмегімен хабарланады.
221. Бақылау мәліметтері борттан бақылаулардың деректері бақылаулар жүзеге асырылған сәтінде немесе оларды жасағаннан кейін ұшу кезінде таратылады.
222. Әуе кемелерінің борттарынан бақылаулар деректері борттан хабар түрінде беріледі.
223. Борттан жанартау күлінің бұлтын арнайы бақылау борттан осы Қағидалардың 224, 225-тармақтарында көрсетілген хабарлардың арнайы нысаны бойынша тіркеледі. Нысанның бір данасы уәкілетті және метеорологиялық органдардың пікірінше жанартау күлінің бұлттары тигізетін бағдарлар бойынша ұшулар үшін арналған ұшу құжаттамасына енгізіледі.
224. «Әуе-жер» деректерін беру желісін пайдалану кезінде борттан алынатын тұрақты және арнайы хабарламалар мынадай элементтерді қамтиды:
хабарлама түрінің көрсеткіші;
әуе кемесінің тану индексі;
1-блок: ендік және ұзақтық деңгейі және уақыты;
2-блок: (метеорологиялық ақпарат): желдің бағыты мен жылдамдығы, жел туралы деректер сапасының белгісі, ауаның температурасы, турбуленттілігі (деректер болса), ылғалдылық (деректер болса);
3-бөлік: Борттан (егер деректер болса) арнайы хабарламалар беруді талап ететін шарттар.
225. Дауыс байланысын қолдану кезінде борттан арнайы хабарламалар мынадай элементтерді қамтиды:
мәлімет түрінің көрсеткіші;
орналасу жері туралы ақпарат: әуе кемесінің тану индексі, орналасу жері немесе ендігі және ұзақтығы, уақыты, ұшудың эшелоны немесе эшелон диапазоны;
таратуды талап ететін жағдайлар тізбеден таңдалады:
1) SEVTURB;
2) SEVICE;
3) SEVMTW;
4) TSGR;
5) TS;
6) HYY SS;
7) VACLD;
8) VA;
9) MODTURB;
10) MODICE.
226. Әуеайлақ метеорологиялық органдары дауыс байланысының құралдарын қолдана отырып, әуе кемелерінің борттарынан алынған арнайы мәліметтерді жинауды және оларды АӘҚҰ метеорологиялық органдарына, авиаметеорологиялық деректердің банктеріне және ДААО жіберуді жүзеге асырады.
227. Дауыс байланысын қолдану кезінде орналасу жері ӘҚҰ органы хабарларды тарату пунктін көрсету арқылы берілген жағдайдан басқа, борттан хабарлармен алмасу қабылданған күйінде жүзеге асырылады және әуеайлақ метеорологиялық органы осы деректерді тиісті ендік пен ұзақтыққа ауыстырады.
228. Әуе кемесінің бортынан биіктікті алу және қонуға бет алу кезеңінде бақылаудағы желдің ауысуы туралы хабарларда әуе кемесінің түрі көрсетіледі.
229. Желдің ауысуы жағдайлары туралы хабарламаларда және болжамдарда биіктікті алу немесе қонуға бет алу кезеңінде хабарлану кезінде және олар нақты болмаған жағдайды қоспағанда, әуе кемесінің командирі, әуе кемелерінің бірі алдын ала осы туралы ӘҚҰ органын хабарлаған жағдайдан басқа, бұл туралы ӘҚҰ тиісті органы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарланады.
230. Әуе кемесі әуеайлаққа келісімен жанартау күлінің бұлты туралы хабардың толтырылған нысанын пайдаланушы немесе ұшу экипажының мүшесі әуеайлақ метеорологиялық органына береді.
231. ӘҚҰ органы әуе кемелерінің борттарынан арнайы хабарламаларды алғаннан кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде оларды әуеайлақ метеорологиялық органына (бақылау органына) тапсырады.
5. Ауа райының авиациялық болжамдары
232. Кеңістікте және уақытта метеорологиялық элементтердің өзгеруіне, сондай-ақ кейбір элементтерді болжау және анықтау әдісінің жетілмегеніне байланысты болжамды алушы болжамда көрсетілген кейбір элементтің нақты мағынасын осы элемент болжамның әрекет ету кезеңі ішінде барынша ықтимал өлшем ретінде қарайды. Көрсетілген қандай да бір құбылыстың пайда болуы немесе элементтің өзгеру уақыты барынша ықтимал уақыт ретінде қаралады.
233. Пайдалану жағынан дұрыс болжамдардың нақтылығына қатысты тапсырмалар осы Қағидалардың 2-қосымшасында қамтылған.
234. Метеорологиялық орган жаңа болжамды шығару, мысалы әуеайлақ бойынша тұрақты болжам, бұрын бір типті сол уақыттың кезеңіне, сол жерге шығарылған кез келген болжам жаңа болжамның әрекет ету кезеңінің (немесе оның бөлігі) сәтінен бастап автоматты түрде жойылады.
1. Әуеайлақ бойынша болжамдар, ұшу және қону үшін болжамдар
235. Әуеайлақ бойынша болжамды уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органы жасайды.
236. Әуеайлақ бойынша болжам белгіленген уақытта шығарылады және уақыттың белгіленген кезеңі бойына әуеайлақ ауданында күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы қысқа мәліметтен тұрады.
237. Әуеайлақ бойынша болжамдар және оларға түзетулер TAF болжамдары түрінде шығарылады және көрсетілген тәртіппен мынадай ақпаратты қамтиды:
1) болжам түрінің сәйкестендіргіші;
2) орналасу жерінің көрсеткіші;
3) болжамды шығару уақыты;
4) жоқ болжамның сәйкестендіргіші, қолданатын жағдайда;
5) болжамның әрекет ету күні және кезеңі;
6) жойылған болжамның сәйкестендіргіші, қолданатын жағдайда;
7) жер бетіндегі жел;
8) көріну;
9) ауа райы;
10) бұлттылық;
11) әрекет ету кезеңі ішінде осы элементтердің бірі немесе бірнешеуінің ауа температурасы және күтілетін маңызды өзгерістері.
238. Әуеайлақ бойынша Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ұсынған TAF код нысанында шығарылады.
239. Осы Қағидалардың 238-тармағына сәйкес TAF болжамдарын таратуға қосымша TAF болжамдары мемлекеттер арасындағы екіжақты келісімдер негізінде таратылады.
240. TAF болжамдары және оларға түзетулер OPMET деректердің халықаралық банктеріне, Қазақстан Республикасы ақпаратты жинау және өңдеу орталықтарына таратылады.
241. TAF болжамдарын жасайтын метеорологиялық органдар болжамдарға үнемі бақылау жүргізеді және оларға уақытылы тиісті түзетулерді енгізеді. Болжамдар мәтіндерінің көлемі және оларды көрсетілген өзгерістер минимумға жеткізіледі.
242. Үнемі жаңартылмайтын TAF болжамдары жойылады.
243. TAF әуеайлағы бойынша тұрақты болжамдарының әрекет ету кезеңі кемінде 6 сағатты құрайды және 30 сағаттан аспайды, осы кезең пайдаланушымен жасалған келісімге сәйкес белгіленеді. 12 сағаттан кем кезеңімен TAF тұрақты болжамдары әр 3 сағат сайын, ал 12 ден 30 сағатқа дейінгі әрекет ету кезеңімен әр 6 сағат сайын шығарылады.
Жазылған әуеайлақтар бойынша ауа райы болжамының ұзақтығы 6 сағатты құрайды.
244. TAF шығару кезінде әуеайлақтың метеорологиялық органы әуеайлақта кез келген уақытта бір TAF қолданыстағы болжамынан артық болмауын қамтамасыз етеді.
245. Таулы әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамдарына 2000 метр биіктікте және одан кем әуеайлақ деңгейінде орта қабаттың бұлттылығы пайда болу күтілсе, барлық жағдайларда бұл туралы деректер енгізіледі.
CAVOK термині таулы әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамдарында қолданылмайды.
246. Синоптиктік бөлігі бар әуеайлақтың метеорологиялық органдары жоқ әуеайлақтар уәкілетті метеорологиялық орган мен ақпарат пайдаланушыларының арасындағы келісім бойынша жақын маңда орналасқан синоптиктік бөлігі бар әуеайлақтық метеорологиялық органының аудан (алаң) бойынша ауа райының болжамдарымен қамтамасыз етіледі.
247. Қосымша әуеайлақтар бойынша нақты ауа райы туралы ақпарат болмаған жағдайда болжам шамамен жасалады. Ауа райы мәліметі алынғаннан кейін шамамен болжам жасалған нақтыланады және тұрақты болжам жасалады.
Шамамен жасалған болжам әуеайлақтық метеорологиялық органның ұшу құжаттамасында көрсетіледі.
248. TAF болжамдарына өзгерту топтарын енгізу немесе оларға түзету енгізу кезінде мынадай өлшемдер пайдаланылады:
1) болжамға сәйкес жер бетіндегі жақын желдің орташа бағыты 600 орта жылдамдығы кезінде өзгертіледі және (немесе) өзгертілгеннен кейін 5 м/с немесе одан көп;
2) болжамға сәйкес жер бетіндегі жақын желдің орташа жылдамдығы 5 м/с немесе одан астамға өзгертіледі;
3) болжамға сәйкес жерге жақын желдің орта жылдамдығынан ауытқу 5 м/с ұлғаяды немесе орта жылдамдығы барысында және (немесе) өзгертілгеннен кейін 8 м/с өзгереді.
4) болжамға сәйкес жерге жақын желдің өзгеруі пайдалануға қатысты маңызды мәндерді арттырады; шектеулі өлшемдер, желдің өзгеруін ескеріп, ӘҚҰ тиісті уәкілетті органымен және мүдделі пайдаланушылармен келісіп, уәкілетті метеорологиялық орган белгілейді, бұл:
пайдаланылатын ҰҚЖ ауыстыруды талап етеді;
және ҰҚЖ бүйірден және жолшыбай компоненттерінің өзгерілуі осы әуеайлақта ұшуларды орындайтын типтік әуе кемелері үшін негізгі пайдалану шектері болып табылатын мағыналарды арттырады;
5) болжамға сәйкес көріну жақсарады және мынадай мағыналардың бірін немесе бірнешеуіне жетеді немесе арттырады немесе болжамға сәйкес көріну нашарлайды және мынадай мағыналардың бірінен немесе бірнешеуінен кем болады:
150, 350, 600, 800, 1500 немесе 3000 метр;
5000 метр - шолу ұшулардың Қағидалары бойынша ұшулардың маңызды саны орындалған жағдайда;
6) мынадай ауа райы құбылыстарының немесе олардың үйлесуінің кез келген қарқындылығының басталуы немесе тоқтатылуы немесе өзгертілуі:
мұзданатын жауын-шашын;
орташа немесе қатты жауын-шашын (соның ішінде нөсер түріндегі);
найзағай (жауын-шашынмен);
шаңды боран;
құмды боран;
7) ауа райының немесе олардың үйлесімінің мынадай құбылыстарының кез келгенінің басталуы немесе тоқтатылуы болжанады:
мұз кристалдары;
мұзданатын тұман;
шаңды, құмды немесе қарлы жаяу бұрқасын;
шаңды жаяу боран, құмды боран немесе қарлы жаяу боран;
найзағай (жауын-шашынмен немесе жауын-шашынсыз);
дауыл;
құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын);
8) болжауға сәйкес BKN немесе OVC ұзақтығымен төменгі қабаттың немесе бұлт алабының төменгі шетінің биіктігі мынадай мағыналардың бірін немесе бірнешеуінен арттырады немесе жетеді немесе болжауға сәйкес BKN немесе OVC ұзақтығымен төменгі қабаттың немесе бұлт алабының төменгі шетінің биіктігі мынадай мағыналардың бірін немесе бірнешеуінен азаяды:
30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200, 500 немесе 1000 фут);
450 метр (1500 фут) - шолу ұшулардың қағидалары бойынша ұшулардың маңызды санын орындау жағдайында;
9) болжауға сәйкес қабаттың немесе бұлттардың алабы 450 метр (1500 фут) өзгертіледі:
NSC, FEW немесе SCT бастап BKN немесе OVC дейін;
BKN немесе OVC бастап NSC, FEW немесе SCT дейін;
10) қою жаңбырлы бұлттардың дамуы немесе таралуы болжанады;
11) болжауға сәйкес тік көріну жақсарады және мына мәндердің біріне немесе бірнешеуіне жетеді немесе арттырады немесе болжауға сәйкес тік көріну нашарлайды және мына мәндердің бірінен немесе бірнешеуінен азаяды немесе кем болады;
30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200, 500 немесе 1000 фут);
12) осы әуеайлақтың пайдалану минимумында негізделген және уәкілетті метеорологиялық орган мен мүдделі пайдаланушы арасында келісілген кез келген басқа өлшемдер.
249. Болжамдар, оның басталуына дейін кемінде 1 сағат бұрын шығарылады. Болжамдардың әрекет ете бастауының стандартты уақыт Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) бойынша 00.00 сағаттан бастап белгіленеді.
250. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда, бірінші болжамның кезеңінің басталуы стандартынан ауытқуы мүмкін, ал шығарылу алды әрекеттің басталуына дейін кемінде 1 сағатты құрайды.
251. Әуеайлақ бойынша ауа райының болжамы ашық мәтінмен және қысқартулармен тарату үшін TAF, оларға түзетулер TAF AMD деп белгіленеді. TAF AMD әрекет ету кезеңі уақыт тобында көрсетіледі және қалған барлық әрекет ету кезеңіне таратылады.
252. Қону үшін болжамдарды тиісті уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған метеорологиялық орган жасайды. Мынадай болжамдар жергілікті пайдаланушыларды, сондай-ақ әуеайлақтан 1 сағат ұшу уақытының шегінде орналасқан әуе кемелері үшін арналған.
253. Қону үшін болжамдар «тренд» болжамдары түрінде жасалады.
254. «Тренд» түріндегі болжам осы әуеайлақта жергілікті тұрақты мәліметке немесе арнайы мәліметке немесе МЕТАR немесе SPECI мәліметтеріне қоса берілетін метеорологиялық жағдайлардың күтілетін өзгерістерді қысқаша мазмұндаудан тұрады.
255. «Тренд» түрінде қону үшін болжам әрекет ету кезеңі қону үшін болжамның бөлігі болып табылатын мәліметке жасалған уақыттан бастап 2 сағатты құрайды.
256. «Тренд» түріндегі болжамда ол қоса берілетін мәліметтегідей сол бірліктері және шкалалар қолданылады. «PROB» көрсеткіші «тренд» түріндегі болжамда қолданылмайды.
257. ӘҚҰ диспетчерлерінің және әуе кемелері экипаждарының сұрауы бойынша қону үшін болжамдар ашық мәтінмен таратылады.
258. Ұшу үшін болжамдарды тиісті уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған метеорологиялық орган жасайды.
259. Пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне сұраныс бойынша күтілетін ұшу уақытына дейін 3 сағат ішінде ұсынылады.
260. Ұшу үшін болжам белгіленген уақыт кезеңіне жатады және ҰҚЖ кешенінің ауданында күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты қамтиды. Ұшу үшін болжам жерге жақын желдің жылдамдығы, ауа температурасы, қысым (QNH) және жергілікті келісім жасалған басқа кез келген элементтер туралы ақпаратты қамтиды.
261. Болжам нысаны уәкілетті метеорологиялық орган мен тиісті пайдаланушы (пайдаланушылар) арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Ұшуға арналған болжамдарда қолданылатын элементтердің, терминологияның, бірліктердің және шкалалардың тұру тәртібі әуеайлақ бойынша мәліметтердің тиісті компоненттеріне баламалы болып табылады.
262. Ұшу үшін шығаратын болжамдарды метеорологиялық органдар болжамдарға үнемі бақылау жүргізеді және қажет болған жағдай бойынша оларға уақытымен түзетулерді енгізеді.
263. Ұшу үшін болжамдарға түзетулерді шығару өлшемдері уәкілетті метеорологиялық орган мен тиісті пайдаланушылар арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Осы өлшемдер нақты әуеайлақ үшін белгіленген арнайы мәліметтерді жасау өлшемдеріне сәйкес болады.
2. Ұшулардың бағдарлары және аудандары бойынша болжамдар
264. Ұшулардың бағдарлары және аудандары бойынша болжамдар жел, биіктіктегі ауаның температурасы, ауа райының ерекше құбылыстары, бұлттылық, көріну, сондай-ақ ұшулар сипаттамасына және орындалатын авиациялық жұмыстардың түрлеріне тәуелді басқа элементтер туралы ақпаратты қамтиды. Осы ақпарат ұшуларды жүргізуде қойылатын талаптарды көрсетеді, оларды қамтамасыз етуге ұшу уақыты мен биіктігін және бағдардың географиялық ұзақтығын ескере отырып, осы болжамдар арналған.
265. Ауа райының ерекше құбылыстарына мыналар жатады:
1) найзағай:
бүркемелі,
жиі,
дауыл желісі бойынша,
бұршақпен бүркемелі,
дауыл желісі бойынша жиі;
2) қатты дауылдың желісі;
3) 100 (немесе таулы аудандарда ұшу эшелонына дейін 150) эшелоннан төмен 15 м/с асатын жер бетіндегі жақын жел;
4) орташа немесе қатты турбуленттік (жаппай бұлттылық немесе ашық аспан кезінде);
5) аса суытылған жаңбырдың нәтижесіндегі бұлттардағы орташа немесе қатты мұздану;
6) таулы толқын;
7) ақ жауынды құмды (шаңды) боран;
8) 250 асатын ұшу эшелоны үшін 1) - 7) тармақшаларда аталған құбылыстарға байланысты түйдек-жаңбырлы бұлттар;
9) 100-250 ұшу эшелоны үшін 1) - 7) тармақшаларда аталған құбылыстарға байланысты бұлттылық;
10) жанартау күлінің бұлттары;
11) радиоактивті бұлттар;
12) 100 эшелоннан төмен ұшу үшін (немесе таулы аудандардағы 150 ұшу эшелонына дейін) тұман, жауын-шашын, сондай-ақ 5000 метр (таулы аудандар үшін 10 километр кем) мағыналарға дейін жер бетінде көрінуді нашарлайтын басқа құбылыстар (BR, DS, DZ, FG, FU, GR, GS, HZ, IC, PL, RA, PO, SA, SG, SN, SS, SQ, немесе VA).
266. АҰЕ бойынша ұшулардың бағдарлары мен аудандары бойынша болжамдарды ұсынудың негізгі нысаны ауа райының ерекше құбылыстарының болжам карталары, жел және биіктіктегі ауа температурасының картасы, қалған жағдайларда және осы Қағидалардың 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген ашық мәтін нысанында бағдарлар, ұшу аудандары және АХЖ бойынша ауа райы болжамдарының үлгілері және карталар мен кестелерді құрастыру жөніндегі талаптарға сәйкес, ШҰЕ бойынша ұшулар үшін - кестелер немесе ашық мәтін нысандағы болжамдар болып табылады.